Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рлеу дайынды.docx
Скачиваний:
133
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
671.24 Кб
Скачать

«Білім берудегі басқару және көшбасшылық» модулі бойынша рефлективті есеп

Біліктілік курсында бағдарлама барысында үйренген әдіс-тәсілдерді өз тәжірибеме енгізе отырып сабақтар жалпы білім беруде жаңа идеялар, үлкен өзгерістер әкелетінін түсіндім. Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.

  • Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

  • Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

  • Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;

  • Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті.

Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады.

Топтық, жұптық жұмыстар кезінде оқушылар өзара әрекеттесе отырып жұмыс жасады. Сондай-ақ топ құрамы өзгерген сайын топтағы балаларға қарап кейбір үнсіз оқушылар белсенділік танытты. Өз идеясын қосып оған сыныптастары тарапынан қолдау тапқанына қуанып сабаққа белсене қатысты. Топтық жұмыстардың тиімділігі де осында бұл кезде балалар пікірлеседі, талқылайды және өзгелерді тыңдай білуге үйренеді. Бірінші бетпе-бет кезінде белгілі бір тақырыптарға байланысты таныстырылым жасап, қорғадық. Мысал үшін «Нан пісіру» рецептін жасау кезінде өз ойымызды қағаз бетіне түсіріп жай ғана нан пісіруді үлкен бір философиялық ойлармен оқу үдерісіндегі өз тәжірибемізбен байланыстыра отырып жеткіздік. «Инклюзивті мектеп» үлгісін жасау кезінде өз қиялымызға ерік беріп жауапкершілігі шектеулі балалар оқи алатындай мектеп үлгісін жасап шығардық. Сондай-ақ «Мінсіз оқушы», «Мәдениет», «Ұлттық құндылықтар» тақырыптарында топпен жұмыс жүргізе отырып әр топ мүшелері қорғап отырдық. Таныстырылым жасау шығармашылыққа, әсемдікке, пікірлесуге, талқылауға және өз ойын жеткізе алуға үйретеді. Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілдерінің шорқақ, сөздік қорлары аз және өз ойын жүйелі жеткізе алмайтындықтарын ескере отырып, келешекте осы кемшіліктерді жою мақсатында жоғарыдағы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қол жеткізбекпін. Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін: • Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға; • Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға; • Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға; • Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті. Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады.

-көшбасшылықты іске асырудағы қажеттілік көкейтестілігін оқыту үдерісінің субъектілерінің жеке тұлғалық, кәсібилік, коммуникативтік дамуының құралы ретінде қарастыру;

-көшбасшы ретінде даму мен біліктілікті қалыптастыруда тәжірибе алмасу;

«Білім берудегі басқару және көшбасшылық» модулін мен таныстырылым әдісінен көремін. Өйткені бұл әдісте таныстырылым жасаған оқушы өз тобының көшбасшысы болады. Өз тобы атынан шыққан оқушы өзін көшбасшысы ретінде сезініп ілгері ұмтылады, өз мүмкіндігіе риза болады.

Бірінші бетпе-бет кезінде әр-түрлі тақырыпта таныстырылым жұмыс жасадық. Бағдарлама бойынша үйренген әдіс-тәсілдерді қашықтықтан оқыту кезеңіндегі сабақтар топтамасында жүзеге асырдым. Таныстырылым жасау оқушыларды шығармашылыққа, әсемдікке, өз ойын қағаз бетіне түсіріп жүйелі түрде жеткізе алуға үйретеді.

Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі бойынша

рефлективті есеп

Қазақстанның көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды.ды орындаған оқушылардың тәжірибесі мен білім деңгейі әртүрлі; кейбіреулері терең білімге ие болып,ал кейбіреулерінің білімі ең төменгі деңгейде болуы мүмкін, кейбіреуінің құштарлығы жоғары болады. Іс- тәжірибе барысында зертеуге алған 5 «А» сынып оқушысы Айгүл ағылшын тіліне қызығушылығы бар, өзі ынталы және тіл үйренуге деген құлшынысы жоғары. Ағылшын тілін бірінші жыл оқып тұрғанымен қабілеті ерекше және тез меңгеріп кетеді. Осы мақсатта кеңейтілген, күрделі тапсырмалар бере бастадым. Тапсырмаларды орындау нәтижесінде ақы –ойы дамиды. Дарынды және талантты балаларға білім беруде едәуір күрделі мәселе ойлауда, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Әр мұғалімнің дарынды балаға сапалы білім беруге мақсатталған өз жоспарларын өзгерту, әдіс – тәсілдерін өзгертуді ұсынады. Ең алғашқы күннен бастап осы оқушыдан сынып жетекшісінен сауалнама алдым. Оқушының қызығушылығын, бос уақытында немен айналысады, қай пәндерді сүйіп оқиды, ақыл – ой қабілеттерін , қандай кедергілері бар екендігін анықтап алдым. Осы оқушыға әр сабағымда бақылай отырып неғұрлым күрделі, сыни ойлауға бағытталған, кеңейтілген тапсырмалар бере бастадым. Баланың мүмкіндігін ескере отырып жеке тапсырмалар мен жұмыстар бердім. Мысалы АВС сұхбатында осы оқушыға тапсырманың күрделісін бөлдім. Бұл кезде Айгүл 5 - сыныптағы қиындық туғызатын грамматикалық тапсырманы өз бетімен әрі дұрыс орындай алды. Келесі сабақты «Блум» таксономиясын қолдандым. Деңгейлік тапсырмалары күрделендіре отырып жасалған 4 кезеңін де Айгүл өз деңгейінде орындай алды. Бұл жұмысы арқылы өз қабілеттілігін дәлелдей алды. Мысал үшін «Талдау» тапсырмасы бойынша АҚШ пен Қазақстанның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы салыстырды. «Жинақтау» тапсырмасы тақырыпқа байланысты Қазақстанда қай өнім қай жерден әкелінетінін шағын Тұсаукесер ретінде жасап әкеліп өзі қорғап шықты. «Бағалау» тапсырмасына мен бұл оқушыға төмендегі сауал бойынша тапсырма берген болатынмын. «Егер сен келешекте үлкен кәсіпкер болсаң Қазақстанда қандай бизнесті өркендетер едің?», Осы тапсырма бойынша өзі шағын түрде жұмысын дайындап әкелді. Осы жерде дарынды және талантты балалармен жұмыста «Блум» таксономиясының өте тиімді екенін айта кеткім келеді. «Environment» тақырыбында «Джигсо» әдісін қолдандым. Бұл кезде Айгүл бақылаушыны таңдап алды, бұл әрекеті мені қуантты, себебі бақылаушы атқаратын жұмысы басқасына қарағанда күрделірек, мен оқушының алға ұмтылып, қиыннан қорықпайтындығына, ынтасына риза болдым. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушының сөздік қоры дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын болуы керек. Мәтін бойынша түсінгенін қорытындылап жеткізгенімен,әлі де болса сөздік қорының аздығы байқалып тұрды, көбінесе қағазға қарап жалтақтаумен болды. Осыдан мен оқушының сөздік қорын дамытуын, ойын еркін жеткізе алуын дамыту мақсатында тапсырмалар беру керектігін байқадым. Сондықтан да сабақ соңында оқушыға «Қоршаған ортаны ластанудан қорғау үшін не істер едің?», «Қоршаған ортаны ластаушыларға қандай шаралар қолданар едің», «Қоқыс мәселесін қалай шешуге болады?»,- деген сұрақтарға жауап іздеп келуге тапсырма бердім. Осы тапсырманы қорғау кезінде оқушы мынандай тамаша идея айтты «Қоқыс қалдықтарын әр түрлі контейнерлерге бөлек салу керек, осы арқылы қайта өңдеуге жіберіп экономикамызға пайда әкелеміз, сондай-ақ ауаны да ластанудан қорғай аламыз» Бұл тапсырма бойынша оқушыны шығармашылыққа, ізденуге, шешім қабылдай алуға және ұйымдастырушылыққа бағыттай аламын деп ойлаймын. Сабақтар топтамасында жүргізілген жұмыстар нәтижесінің оқушының ерекше қабілетін ескере отырып мүмкіндігін пайдалана білуге, оқушыны дамытуға , ой ұшқырлығына, ізденуге талпындырып, дарынын аша білуге ұмтылуымыз керек. Жасыратыны жоқ осы дарынды және таллантты балаларды оқыту модулі бойынша жұмыс менде ақсап жатқанын айтпасқа болмайды себебі әр түрлі мүмкін менің тәжірибем жетіспей ме әлде оқушылардың жалқаулығы ма, мүмкін мен өзім баланың бойындағы дарынын аш алмай жүрмін бе деген түрлі сауалдар мазалайтыны рас кейде. Бірақ осы сауалдың жауабын іздеп тауып кемшілігімді түзеп, толыққанды жұмыс жүргізу арқылы сабақтар топтамасында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушының ерекше қабілетін ескере отырып мүмкіндігін пайдалана білуге, оқушыны дамытуға , ой ұшқырлығына, ізденуге талпындырып, дарынын аша білуге ұмтылуымыз керек деп ойлаймын

Кембридж бағдарламасы үсынған білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.  Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету –мұғалімнің басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», -деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.  Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. нағыз ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Кәзір таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Мұғалаімнің білім беруі мен оқытудың кәзіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді: Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мұғалаімнің білім беруі мен оқытудың кәзіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:  Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.  Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.  Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.  Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.  Талантты және дарынды балаларды оқыту.  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.  Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Осы курста біз аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын қарастырдық.  Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер- бұл жеті модульда қарастырылатын білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, сонымен қатар «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль. Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушымен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл- диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс-әрекет жасауын қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету- оқушылардың да, мұғалімдердің де білім алу және білім беру процесінде кез-келген мәселені талқылауды, басқалардың идеяларын ой елегінен өткізіп, сыни тұрғыдан қарау. Сыни тұрғыдан ойлау- бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру, шешім қабылдамас бұрын саналы оймен қорытындылау дағдыларын дамытуды қарастыратын модульдің 1,3,5,6 түрлерін қамтыған. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау – оқыту процесінде балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, себебі ол оқыту барысында ілгері қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету үшін қажет ұғым болып табылады. Модульдің бұл түрінде – мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.  Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Сабақ процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің бүртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Мектептегі технологияларға мыналар жатады:  • Теледидар бағдарламалары; • Сандық теледидар; • Интернет; • Ұялы телефон; • Ұтқыр қондырғылар; • Компьютер/ ноутбук. Қазақстанның жан-жақты дамып, көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды. Талантты және дарынды балаларды оқыту – мұғалімдерден едәуір күрделі ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды табуға арналған бес өлшем: • Жады және білім – тамаша жады және ақпаратты қолдану; • Ақпаратты пайдалану – түйінді идеяларды анықтай білу, түрлі көздерден алынған ақпараттарды таңдай және тиісінше өңдей алу қабілеті; • Ойлау жылдамдығы – олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ шешімдерге тез келеді; • Проблемаларды шешу – олар ақпаратқа қосымшаларды енгізеді, сәйкессіздікті көрсетеді, мазмұнын тез түсінеді; • Қиындыққа қызығушылық – қызығушылықты арттыру үшін олар аса қиын ойындарға және тапсырмаларға ұмтылады. Оқыту барысында әр оқушыны жан-жақты зерттей келе мұғалім осы өлшемдерге дәл келетін оқушыны тауып, және де сол өлшемдерді өзгертуге, қолдануға болатын тиімді, әр қилы тапсырмалар қолдану керек.  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру – бұл модуль талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.  Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін: • Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға; • Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға; • Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға; • Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті. Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады.  Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың оқыту мен білім берудегі пікірлеріне назар аударылған. Мектептерге барған сайын «Оқушы үніне» көбірек көңіл бөлініп келеді. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады.  «Қалай оқудың жолын үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Бұл жобада оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер, соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша кеңесті. Сонымен қатар, топты жылдық жоспарлау: ата-аналарға арналған кештерді өткізу, сыныптағы оқуға ықпал ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды айқындау бойынша сұрақтар қойылды. Зерттеулер көпшілік оқушылардың сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқу мен оқыту туралы сақтықпен сөйлейтіндігін анықтады. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне түсінік беру «олардың жұмысы емес» деп санады. Алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті педагогикалық проблемалар мен бос сөзділікке жіктей отырып, нені өзгерткілері келетіні туралы өз пікірлерін жеткізді.  Оқушылармен пікірлесу басшылықтың дәстүрлі қатынасынан өзгеше және оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс болып табылады. Оқушылармен әңгімелесу барысында алалықсыз қарау қағидасын сақтау маңызды, барлық оқушылар әсіресе, «үндемейтін» және «дараланған» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс. Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуді шынайы, оқу мен оқытуға байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтарды қамтиды деп есептеуі маңызды.  Оқыту мәселелері бойынша оқушылармен пікірлесу оларда өзін-өзі реттеуді дамытуға ықпал етеді. Өз оқуына бақылауды жүзеге асыру, ол туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімділік сезімі мектеп пен сынып жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша оқушылармен пікірлесудің оң салдары болып табылады.  Бізде сыныпта әңгімелесуге болмайды деген түсінік қалыптасқан; мұғалімдерді әлі күнге қатаң кінәлайды (көбіне бірін-бірі кінәлайды). Сыныптағы әңгімелесуді бақылау энергиясы мол оқушыларды бақылаудың бір тәсілі болып табылады. Аталған бақылау түрі әрине көптеген мектептерге қажет. Бұдан басқа, мұғалімдер сыныпта әңгімені пайдалану маңыздылығын түсінетін, бұл сонымен қатар ана тіліне де қатысты білім саясатын әзірлеушілердің әртүрлі көзқарастарымен кездесуі мүмкін. білім беру бағдарламасының барлық нұсқаулығында барлық пән бойынша әңгімелесудің маңыздылығына және балалардың тіл дағдысын дамытуға сілтемелер бар. Алайда нұсқаулықта мынадай маңызды екі сәт: сыныпта білім беру сапасы өзара іс-қимыл үшін мұғалімдер мен оқушылардың әңгімелесуді пайдалану тәсіліне байланысты болатыны және егер оқушылар үшін бірлесіп оқудан пайда алу қажет болса әңгімелесу дағдысын тікелей оқыту талап етілетіні жеткілікті деңгейде түсіндірілмейді. Дегенмен мұғалімдер пәнді меңгеруде оқушылармен әңгімелесуді қолдану қажеттілігінен хабарсыз болуы мүмкін.  Біздер, мұғалімдер үшін әңгімелесу өз кәсібіміздің басты құралы болып табылады, алайда біз оқушылармен өзара әрекет жасауда осы құралды әңгімені пайдаланғандай (немесе одан да маңыздысы, олар қалай пайдаланатыны) ең жақсы тәсілмен толыққанды пайдаланбауымыз мүмкін. Зерттеулерден сыныпта «диалогтық стратегиялар» ауқымын пайдаланудың жақсы нәтижелерге әкелетіні белгілі болды. Деректер бойынша, мұғалімдер келесі тәсілдерді колданған кезде (немесе кей біреуін) оқушылардың белсенділігі артып және жақсара түскендігі анықталды. Мұғалім: • оқушылардың идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтарды пайдаланады. • олар өздерінің ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсететін кезде оқушыларды көтермелейді (сондай-ақ мұғалімдер жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорын ұсынады). • оқушылардың материалды өңдеуіне және өз көзқарастарын білдіруіне ұмтылады, мысалы, 'Сіз бұл туралы қалай білдіңіз?', 'Неліктен?', ‘Сіздің тағы бірдеме айтқыңыз келе ме?' деген сұрақтарға жауап бере алып. • Оқушыларға кезек бойынша өз ойларын білдіруге және жете түсінбеушілікті ашуға мүмкіндік береді. • Кейбір оқушылардың идеяларын тыңдағанша, сабақтың материалын түсіндіруді бастамайды (түсіндірулер айтылғанмен және олар көтерген проблемалармен байланысты болуы үшін)  • Оқушыларға олар күмәнданатын кезде тез қозғалудың орнына сұраққа мағыналы жауапты құрастыруы үшін жеткілікті уақыт береді. • Тақырыпты зерделеу мәні мен мақсатын оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылауды пайдаланады. • Оқушыларға түсіндірулер өткізуге, талқылау бағытын өзгертуге мүмкіндік береді (және, мүмкін, тіпті сабақ бағытын!). • Оқушылар үлгілерден үйренуі үшін орынды даулар барысында қарым-қатынасты және оны қолданудың үлгілік тәсілдерін қолданады.  Сыныптағы сөйлесуге оқушылардың барынша белсенді қатысу мүмкіндігін беру мұғалімдерге олардың оқуын бейресми бағалау үшін жақсы мүмкіндік. Алайда, егер мұғалім көбірек ашық сұрақтар беруге немесе сыныпта өте дәстүрлі әңгімелесу тәжірибесі ғана болатын сыныптан кеңейтілген жауаптар күтуге тырысатын болса, онда, мүмкін, күмәнді үнсіздікті ғана естиді (жақсы жағдайда). Сыныпта әңгімелесу үшін дұрыс жағдай жасау және жаңа, әртүрлі «негізгі ережелерді» анықтауға әртүрлі әңгімелесу пішіндерін қалыптастыратын мұғалімге байланысты болады. Бұнда уақыт, ептілік орын алады және кейбір табандылықты талап етеді. Онда бірақ оқушылар бір-бірінен әңгімелесу арқылы үйренуі мүмкін деген ойға келеді. Олар оқушылар жаңа өздерінің алдын ала идеяларын айта бастайды және жаңылысуға әкелетін мәселелер туралы айтуға сенімді болады. Осылайша, оқушылар сыныпта көмек болатынына толық сенімді болады. Қорыта айтатын болсақ. осы жоғарыдаа айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуын көмектеседі. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер! Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық.

Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. « Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді., алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдері тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді.(Barber and Moursahad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім.( Strong Ward & Grant 2011) Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орында да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі. Құзырлы мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы зерттеулерден білуге болады. Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі көңілге сай оқыту тұрады.(Frost, 2011) Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондай ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. Сонымен үшінші деңгей бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің қасиеттерін, икемдіктері мен жұмыс тәртібін дамытуға бағытталған болса, екінші деңгей бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша, өз әріптестеріне ықпал етуге қажетті тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді. Бұларға қоса Бірінші деңгей бағдарламасы әріптестеріне бүкіл мектеп жағдайында коучингті (сөзбе сөз дайындау, жаттықтыру; әріптестердің құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі) коуч іске асыруды үйрететін көшбасшыларды дайындауға арналған. Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жасөспірімдер мән жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сындарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Өз кезегінде, мектеп көшбасшыларына педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогикалық жаңа нысандарын игеруге мүмкіндік береді. Аталған теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Дайын білімді беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық түрде есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқыту мақсаты оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерге, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім берудегі мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістете алатындай етіп орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Егер де дайын білімді беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. 1. 2 Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Шульман ілімі бойынша Мұғалімнің көмекшілері Бас - Кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай ақ тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді Қол - Оқытудың тәжірибелік дағдылары Бұл ілім көрсету, таныстыру, түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. Жүрек - Кәсіби адамгершілік тұтастық Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұсынады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға сенімділік, құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден шығып жатады. Сапалы оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгеле бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Қорытынды: Сыни тұрғыдан ойлау қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау, немесе проблемаларды шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады. Сын тұрғысынан ойлау «Ойлану туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс тәжірибеде қолданылады деп болжанады.

Сабақ соңында: сабақтың қорытындысы

  • не cәтті өтті

  • сәтсіз өткені

Нені дамыта аласыз?

Сабақтың тақырыбы: «I want to swim»

Сабағымда «want» етістігін қолдану тақырыбы болды.Осы тақырыпты түсіндіру барысында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану», «Оқытуды үшін бағалау оқытуды бағалау» модульдерін, топпен жұмыс, кластер,диалог, тұсаукесер, топқа бөлу әдістерін қолдандым. Осы әдістерді қолдана отырып топпен жұмыстың оқушылардың ынтымақтастық, тілдің дамуына, ұжымшылдыққа үйрететініні мені өте қуантты. Біз дәстүрлі сабағымызда диалог әдісін қолданғанмен де АВС сұхбатын бірінші рет қолдандым. Осы сұхбатқа түскен оқушылар тапсырманы өте жақсы орындап шықты. Сұхбатқа түскен оқушылар Бекарыс пен Дильназдың және жазып алушы Нұрболат жұмысы күрделі болғанымен де өте сәтті шықты. Ең бірінші топқа бөлудің өзі оқушылардың қызығушылықтарын арттырды. Келесі кластер жасау арқылы оқушылар берілген тапсырманы жүйелей біледі және жасалған тапсырма көз алдында тұрады. Диалогты қолдану менің сабағымда өте жиі қолданылады. Диалогтың тиімділігі бұл жерде жұппен өзара әрекеттесе отырып жұмыс жасайды, сөздік қорлары дамиды, сұхбатқа түседі бұл өзге тілді үйренуші оқушылар үшін маңызды екенін байқадым. Одан кейін шағын Таныстырылым жасалды. Таныстырылым әдісінің оқушының ауызша сөйлеуі, тілдік қорының дамуы, ойын жүйелі түрде жеткізе алуында маңыздылығын білдім. Сонымен қатар Таныстырылым барысында оқушы өзін көшбасшы ретінде сезінді.Оқушылар бұл тапсырмада да қызығушылық танытып, белсене қатысты. Топ ішінде біреуі сурет салса, басқалары ойларын қосып,әркім өз пікірін ортаға салды. Бірінші топтың таныстырылымы сәтсіз шықты,себебі Санжар ойын толық жеткізе алмады, тілінің шорқақтығы сезілді. Ал жақсы қорғап шыққан Нұрболат өз мүмкіндігіне риза болып ынталана түсті. Оқушылар өзара әрекеттесе отырып жұппен және топта жұмыс істей алуды игеріп кете алды.Осы «Тұсаукесер», «АВС сұхбаты» әдіс-тәсілдерінің тиімділігінсезіне келе өз тәжірибемде ары қарай дамытып, жандандыра түскім келді.

Не сәтті өтті? : АВС сұхбатына түсу сәтті шықты, себебі оқушылар бұл жұмысты өзара әрекеттесе отырып, ынтымақтастық атмосферада жасады.Бұл тапсырмада Бекарыс пен Дильназдың және Нұрболаттың сұхбаты ерекшеленді. Тілдік қоры дамиды , белсенділігі артады, грамматикалық жағынан сөйлем құрылымын жасауға дағдыланады.

Не сәтсіз өтті? :шағын тұсаукесерде сәтсіздіктер болды.Оқушылар өз ойларын толық жеткізе алмады. Таныстырылымға жасауға көп уақыт жоғалтты. Оқушылар ойын ағылшын тілінде жеткізуге қиналды, менен көп көмек күтті.Осыдан барып алдағы уақытта таныстырылым яғни сөздік қорын молайту мақсатындағы жұмыстарды жиі қолдану керек деп түйдім.

Нені дамыта аласыз?:мен алдағы уақытта да осылай уақытты тиімді пайдалана алуын одан әрі дамытуым керек. Сондай ақ оқушылардың сындарлы сөйлеуін дамытуға тырысу және осы мақсатындағы жұмыстарды жандандыру.(диалог,таныстырылым,сұрақтар қою)

Бұнымен не істей аласыз?

Тәжірибе жинақтап жоғарыда айтылған өзгерісті жүзеге асыратын боламын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]