Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хаттама.docx
Скачиваний:
152
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
42.44 Кб
Скачать

Орыс тілі, шет тілдері пән бірлестігінің хаттамасы

08.01.14 ж №3

Барлық қатысушы: 4

Қатыспағаны:1

Себептісі: 1

Күн тәртібінде:

  1. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Баяндамашы Абаканова А.С.

2.ҰБТ-ге дайындық, олимпиадалардың қорытындысы. Бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т

3 . I – ші жартыжылдықтың оқу қорытындысы. Бірлестік жетекшісі.

Тыңдалды:

Ең алғашқы сөзді бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т. алып жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібімен таныстырып өтті. Келесі кезекте ағылшын тілі пәні мұғалімі Абаканова А.С. алып «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің ағылшын тілі сабақтарында қолданылуы жайлы баяндама оқыды. Сабақтарын 7 модуль аясында құрып жүрген пән мұғалімдері жарысөзге шығып,өз сабақтарында қалай тиімді қолданып жүргендігі туралы айтты. Пән мұғалімдері онлайн олимпиадаға дайындық жөнінде сөз қозғап олимпиаданың қорытындысы бойынша оқушылардың жоғары балдар алып, келесі турға дайындалып жатқандығын айтып өтті. 3. I–ші жартыжылдықтың оқу қорытындысы бойынша бірлестік жетекшісі Ботаханова Д.Т сөз алды. Оқу қорытындысы талқыланып, себеп – салдары анықталды. Мектепішілік ҰБТ-ке дайындық жұмыстарын бекітілген кестеге сай жүргізілуі бойынша Ботаханова Д.Т. сөз алды. Пән мұғалімдерінің кестеге сай дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта келіп, қазан, қараша айларында жүргізілген тестілеу мониторингісіне тоқталды. Орыс тілі пәні бойынша ҰБТ –ге дайындықтың қалай жүріп жатқандығы туралы орыс тілі пәні мұғалімі Гатаулина Н.Ф. сөз алып, жалпы дайындықтың жақсы жүріп жатқандығын, бірақ әлі де болса дайындықты күшейте түсу керектігін айтып өтті. Ағылшын тілі пәнін IІ санатты ұстаз Ботаханова Д.Т; Абаканова А.С. жүргізеді. Оқу бағдарламасы бойынша ағылшын тілі пәнінің оқу жүктемесінің көлемі негізгі деңгейде типтік оқу жоспарына сәйкес әр оқу жылында 68 сағатты құрайды, аптасына 2 сағаттан. Жаратылыстану бағыты бойынша 10-11 сыныптарда 68 сағатты құрайды . Стандартта сәйкес оқу бағдарламасының орындалуында кедергілер болған жоқ . Мереке күндеріне түскен 15.10, 02.12, 17.12 сағаттар келесі күндермен біріктіріліп өткізілді. І- жартыжылдықтың оқу қорытындысы ағылшын тілі пәні бойынша төмендегідей: Ботаханова Д.Т. – 5-11 сыныптарда ағылшын тілі пәнін жүргізеді. ІІ санатты, жоғары білімді ұстаз.Сыныптардағы сапа көрсеткіші 44% көрсетті.

Абаканова А.С. - 5-9 сыныптарда ағылшын тілі пәнін жүргізеді. I санатты, жоғары білімді ұстаз.Сыныптардағы білім сапасы 58 % көрсетті.

Сатмаганбетова С.Н. 3-9 сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнін жүргізеді. ІІ санатты, жоғары білімді ұстаз. Сыныптарда сапа көрсеткіші 60 % көрсетті.

Гатаулина Н.Ф. – 5-11 сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті пәнін жүргізеді. І санатты, жоғары білімді ұстаз. Сыныптарда сапа көрсеткіші 64% көрсетті.

Жетістіктері:

Бірлестіктегі жүргізілген жұмыстардың жетістігі деп айтуға болатын жұмыстарға пән мұғалімдерінің интерактивті сабақтар өткізуге деген құлшынысы биылғы оқу жылында көңіл қуантарлық дәрежеде. Ағылшын тілі сабақтарында «Сындарлы оқыту теориясы »АКТ- ны қолдану, СТО технологиясы, «Блум таксономиясы» сынды инновациялы технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу өз жүйесін тапқан. Биылғы оқу жылында бірлестіктен ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ботаханова Д.Т., Харшинбай М. білім жетілдіру курсынан өтті. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері «Болашақ» университеті ұйымдастырған проблемалық курсқа қатысып, сертификаттар алды.

Шешімі:

1.Орыс тілі , шет тілдері пәндері бойынша олимпиадаға дайындық жұмыстары күшейтілсін. Пән мұғалімдеріне жүктелсін.

2. 10- 11 сыныптарда пән мұғалімдерінің ҰБТ –ға дайындық жұмыстары жандандырылсын. Бақылау Ботаханова Д.Т- ға тапсырылсын.

Бірлестік жетекшісі: Ботаханова Д.Т.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]