- •5В010900 – «Математика», 5в011000 - «Физика» мамандықтарына арналған
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Internet хаттамалары
- •Ip адресациясы
- •Internet-тің маршрутизациясы
- •I. Архивтеу
- •II. Архивке файлдарды қосу
- •Зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •5 Тапсырма
- •1 Тапсырма
- •3 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •4 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •5 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •6 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •7 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •8 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •9 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •10 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •11 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •12 Тапсырмаға әдістемелік нұсқау
- •Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •1 Тапсырма
- •3 Тапсырма
- •4 Тапсырма
- •Функционалдық пернелер
- •Файлдармен жұмыс
- •Каталогтармен жұмыс
- •Дискеттермен жұмыс
- •Nc менюі
- •Студенттердің өздік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Материалды меңгергендігін бағалауға арналаған тест сұрақтары
- •1 Кбайтта қанша байт бар?
- •5 Деген 10-дық санау жүйесіндегі санның екілік жүйесіндегі мәні:
- •Internet-ті қандай протокол қолдайды?
- •46. “Предварительный просмотр” кнопкасы:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Семей қаласының шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті
| ||
3 деңгейлі СМЖ құжаты |
ПОӘК |
ПОӘК 042-39. 1.ХХ/01- 2013 |
ПОӘК «Программалау» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар |
Редакция №____от_____ |
5В010900 – «Математика», 5в011000 - «Физика» мамандықтарына арналған
«Информатика»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
МАЗМҰНЫ
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық және зертханалық жұмыстар
Студенттің өздік жұмысы
ГЛОССАРИЙ
Алгоритм – қойылған мақсатқа жету жолында орындалатын қарапайым амалдардың санаулы жиыны.
Ассемблер тілі - ең төменгі деңгейдегі программалау тіліне жататын машиналық код түрінде жазылатын программалау тілі. Ассемблер тілі процессордың машиналық кодының әрбір командасын мнемоника деп аталатын арнайы шартты белгілермен көрсетеді.
Базистік аппараттық конфигурация – компьютердің жұмыс істеуіне қажет ең аз аппараттық комплектіні айтады.
Байт – адресі бар берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлігі.
Брандмауэрлер - қорғаныстық қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер.
Броузерлер - HTML пішімі түріндегі Web-құжаттарды оқу үшін арналған программа.
Диалогтық режимде – операциялық жүйе пайдаланушының командасын күтеді де, арнайы команда алған соң орындап, жауап қайтарады да, келесі команданы күтетін пайдаланушы интерфейсі.
Дискретті сигналдар - уақыт моменттерінің шектеулі санында тек шектеулі мәндер қабылдайтын сигналдар.
Желі топологиясы - жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі.
Желілік хаттама - компьютерлердің бір-бірімен байланыс жасау ережесі.
Идентификатор - тілдің кез-келген объектісінің атауы.
Команда есептегіш (счетчик комманд) – кезектегі орындалатын команда адресі сақталатын УУ регистрі, жадының тізбекті ұяшығынан программаларды автоматты теруге арналған;
Команда есептегіш (счетчик комманд) – кезектегі орындалатын команда адресі сақталатын УУ регистрі, жадының тізбекті ұяшығынан программаларды автоматты теруге арналған;
Компьютерлік программа – ол орындалатын инструкциялардың реттелген тізбегі.
Операциялық жүйе - жүйелік және қызметтік программалар пакеті.
Пайдаланушы интерфейсі - барлық операциялық жүйелер пайдаланушылармен жұмыс істеудің пакеттік және диалогтық режимдерін қамсыздандыру.
Пакеттік режимде – операциялық жүйенің берілген командалар тізбегін автоматты түрде орындайтын пайдаланушы интерфейсі.
Позициялық санау жүйесі – санның жазылуындағы цифрлардың орын ауыстыруына байланысты санның мәніне әсер ететін санау жүйесін .
Санау жүйесі – сандарды санаудың, жазудың ережелері.
Сигнал - информацияны беру тәсілі.
Сумматор – әрбір операцияны орындауға қатысатын АЛУ регистры; Тактілік жиілік (МГц) - процессордың негізгі сипаттамасы.
Транслятор-программалар - процессор тек қана машиналық кодтты түсінеді, сондықтан адам жазған программа мәтінін машиналық кодқа аудару керек. Осы жұмысты орындайтын арнайы программа.
Транслитерация - бір машиналық инструкцияны бір ассемблер командасына бірмәнді аудару.
Үздіксіз сигналдар - амплитудасы бойынша әр уақыт моментінде өзгеріссіз қалатын сигналдар.
Файл – дискіде ат қойылып, берілгендер сақталған облыс.
Файлдық жүйе – ОЖ берілгендерді дискіге сақтап, оларға қатынасты қамтамасыз ететін ОЖ-нің функционалды бөлімі.
Файлдар сақталатын таблицалар (FAT-таблицалар) - берілгендердің дисктің қай жерінде жазылғандығы туралы мәлімет орналасатын дисктің жүйелік облысы.
Шлюздер - бір желідегі деректерді басқа желідегі пайдаланушылар түсінетіндей форматқа аударып берету қызметін атқаратын программалар немесе компьютерлер.