Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаухазын курс.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
19.93 Mб
Скачать

3 Стратегиялық мақсат. Туристік кластермен басқаруды ақпараттық және ғылыми қамтамасыз ету.

Ақпарат ролінің еленбеуі әлі күнге дейін жиі түрде біздің еліміздің басқару органдарына ғана тән. Қайта дәл осы сапалы ақпарат және оның тиімді пайдаланылуы инновациялық (жаңашылдық) өтудің бірінші шарты болып табылады.

Дәл осы бірегей ақпарат басқару органдарына дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді, сондықтан кластерді қалыптастырудың бастапқы кезеңінде саланың бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату үшін ақпараттың тиімді пайдаланылуы мен жинақталуын қамтамасыз ету керек. Ақпараттың тиімдірек пайдаланылуы мен таратылуы кластердің барлық келешектегі қатысушыларына, мемлекеттік органдарға, кәсіпке, қоғамдық ұйымдарға нақты мәселелерді шешуде өзінің қатысуын жоспарлауға мұмкіндік береді.

Труизм статистикасы БҰҰ статистикалық комиссиясының нұсқауларымен, сонымен қатар кең аясы бар шетелдік тәжірибемен үйлесу мақсатында жүзге асырылуды қажет етеді.

Кластер құрастырудың негізгі артықшылықтарына тоқталатын болсақ. Туризмнің дамуы үшін қандай да бір қызметті жүзеге асыруды қажет ететін сияқты үш шарты бар:

  • тұтынушы тарту;

  • тұтынушыға сапалы қызмет көрсету;

  • болашаққа тұтынушы сенімін қалыптастыру.

Осы шарттарға сәйкес келесідей артықшылықтар қалыптастыруға болады:

  • территорияның мамандандырылған туристік брендің қалыптастыру және алға жылжыту;

  • туристік қызметтерді ұсынудың дамуына әлеуеттік (келешек) кәсіпкерлерінің қызығушылығын жоғарылату;

  • туризм инфрақұрылымын дамыту;

  • туризм дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Тұтынушыны тарту. Павлодар облысының туристік өнімін қалыптастыру мен ұсынуда туристерді тарту ішкі туризмді дамыту мүмкіншіліктерін жоғарылату үшін қажет. Сонымен қатар, Қазақстанның инфрақұрылымы және туристік беделі дамыған басқа да аймақтарының жоғары бәсекелестігін ескеру қажет.

Дегенмен бұл Павлодар облысы осы бәсекелестіктен жеңледі деген сөз емес. Кіріспе бөлімде аталып өткендей, жақсы бір ұсыныс тауып, оны квалификациялы және мақсатты түрде алға жылжыту қажет. [21].

Павлодар облысының туристік өнімінің негізгі идеясын анықтай отыра, туристердің әлеуетті сұрақтарынан қорытынды жасауға болады. Бұл жерде нені қалауларының арасындағы айырмашылықты нақтылап ескеру қажет. Кестеде еуропа елдерінің маркетологтарымен зерттелген қалауларының салыстырмасы келтірілген.

Павлодар облысының территориясы үшін қалалардағы жұмыспен қамтылудың жоғарғы шоғырлануымен қоса ауылдық туризм ауылдағы жұмыспен қамтылуды дамытудың жақсы тәсілі бола алар еді. Мысалы, қазіргі уақытта Венгриядағы фермалық шаруашылықтың 40% туристерді орналастыру орындарымен қамтып, олардың келуінің бағдарламаларын құрастыру арқылы ауыл туризмінің ұйымдастырылуында ат салысуда. Австрияда тау-шаңғы, мәдени-танымдық немес сауықтыру туризмімен салыстырғанда ауыл туризмінің ролінің маңыздылығы аз болғанымен, фермалық шаруашылықтың 10% ауылды жерлерді туризмді ұйымдастырғаны үшін қосымша табыс алады. Альпі аудандарында бұл үлес 31,6% құрайды [22].

Жалпы алғанда Павлодар облысы үшін перспективті болып аз қоныстанған орындардағы демалысқа балама экономикалық өмірінің үлкен тығыздығы бар жоғары урбандалған елдердің тұрғындарына көрсетуге және көшпенділердің тұрмысы мен мәдениетін «экологиялық таза» жағдайларда көрсетуге бағытталған жұмыстар табылады.

Павлодар облысының «ұсыныстарын» іздестіру мен анықтау үшін инновациялық жобалардың сайыстарын ұйымдастыру қажет. Сайыстық тәсілді жарнамалық стратегияны қалыптастыруда да пайдалануға болады.

Туризмді дамытудың маңызды шарты болып дамыған демалыс инфрақұрылымының – орналастыру орындарының, тамақтану және транпорт пен байланыс жүйелерінің кәсіпорындарының болуы табылады. Қазіргі уақытта сапалы қызмет көрсететін қабілеті бар орналастыру және тамақтану кәсіпорындарының көбі облыстың қалаларында орналасқан. Қайта әлеуетті туристік нысандардың көп мөлшері облыс айдандарында орналасқан. Бұл осы инфрақұрылымның ауылдық жерлерде дамыту күштерін тартуды талап етеді.

Ерекше назарды транспорттық жүйенің дамуына аудару қажет. Ең алдымен автомобиль жолдарына, сонымен қатар, жол бойындағы қызметтің үлеспелі жүйелері – техникалық қызмет көрстеу станциялары, тамақтану және демалыс орындарына, ақпараттық көрсеткіштерге, байланыс жүйелеріне көңіл бөлу керек. Су транпортының круиздік рейстерін қалыптастыру мүмкіншіліктерін қарастыру керектігі жайында да атап өту керек [21].

Келешек үшін тұтынушының сенімін қалыптастыру. Өкінішке орай біздің көз алдымызда аймақтың тұрақсыз туризмінің дамуының теріс мысалы дамып отыр – бұл Баянауыл ұлттық саябағындағы жағдай. Мұндағы тіркелметйін, дұрыс ұйымдастырылмаған және өсіп келе жатқан туристік ағым территорияның рекреациялық сыйымдылығынан артып, оны деградацияға ұшыратты. Ал рекреациялық территорияның деградациясынан кейін тұтынушылардың көңілі қалады да, кейін ешкім бармайтын жағдайға ұшырайды.

Туризмнің тұрақтылығын қалыптастыру үшін өзіне тәуекелдерді анықтау мен оларды өткерудің стратегияларын қалыптастыруды қарастыратын ғылыми тұрғыда шешу қажет.

Тұрақты дамудың маңызды екі шарты болып экологиялық тұрақтылық және кадрлармен қамтамасыз ету жатады.

Экологиясы нашар аймақ ешқашан демалушылардың көп ағымын тарта алмайды. Квалификацияланған мамандарсыз келешекте квалификациялық туристік қызметтерді көрсету мүмкін емес болады, аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауы туристік саланы тұтынушыларсыз қалдырады.

Павлодар облысында туристік саланың кластер ретінде дамуы өзінің қалыптасуын енді бастады, сондықтан бұл кезеңде ең бастысы болып табылатындары:

  • саланың әлеуетті қатысушылары арасында өзара түсінушілікті тез арада қалыптастыру;

  • жалпы стратегияны қалыптастыру.

Жоғарыда аталып өткен стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесідей тапсырмаларды орындау қажет:

1-стратегиялық мақсат. Ішкі және кіру туризмді дамыту. Осы мақсаттарға жету үшін келесідей тапсырмалар қатарын іске асыру қажет:

- Аймақтық бағдарламалар арасында бөлініскен (Мәдениет, Жастар) туристік өнімді дамыту бойынша күштердің интеграциясы. Мысалы, «Жастар» бағдарламасы шегіндегі оқушылар мен жастарға арналған «айырбасталған келулер» және «өз өлкеңді таны» атты турлардың дамуы патриоттық сезімге тәрбиелеу, бос уақыт ұйымдастыру, аз қамтылғандарды қолдау мақсаттарын көздейді (жергілікті турфирмаларға турларды қалыптастыру және ұйымдастыру сайыстарын жариялау).

- Павлодар облысы үшін мамандандырылған туристік брендті қалыптастыру және алға жылжыту.

- Туроператорлық іс-әрекетті дамыту бойынша шаралар кешенін қалыптастыру (нормативті-құқықтық негіз, инвестиция саясаты және т.б.).

- Туристік инфрақұрылымның дамуына үлес қосу;

- Туризм индустриясының кәсіби кадрлармен қамтамасыз етілуі.

2-Стратегиялық мақсат. Аймақтың экологиялық саулығын қамтамасыз ету.

  • Павлодар облысындағы қорғалатын табиғи территориялардың жүйесін дамыту;

  • Әлеуетті туристік нысандардың территориясы үшін рекреациялық салмақ деңгейін және экологиялық ережелерді қалыптастырумен қамту;

  • Туристік сала кәсіпорындарын экологиялық таза технологияларды енгізумен қамтамасыз ету;

  • Білім беру және қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларымен интеграциялануда халықтың және кәсіпкерлердің экологиялық мәдениетін дамыту.

3- стратегиялық мақсат. Кластермен басқарудың ақпараттық және ғылыми қамтылуы.Ішкі туризм бөліміндегі статистикалық есептеу жүйесінде Қазақстан Республикасы мен Павлодар облысы үшін мөлшерлік есебін бөлу қажет. Туристік іс-әрекет туралы ақпараттың жиналуы тек статистикалық есеппен шектелмеу керек, өйткені облысқа келетін көптеген туристердің санаты туристік фирмалардың қызметімен пайдаланбайды және статистикалық есепте тіркелмейді. Міндетті түрде БНПП мәліметтерін және кіретін тұлғалар жайында көші-қон қызметінің мәліметтерін пайдалау қажет [23].

Туристік қызметтердің дамуының әлеуетті секторларын анықтау үшін маркетингтік зерттеу жұмыстарын зерттеу қажет.

Туристік кластерді дамытудың мақсатты көрсеткіштерін қалыптастыру қажет.

Кластерлік тұрғыдағы стратегия көп мөлшерде инновациялық тәсілдерге тірелетінін ерекше атап өту керек, сондықтан да Павлодар облысының туристік әлеуетін зерттеу және оны пайдалану бойынша ғылыми ізденістерді дамытуды қамтамасыз ету қажет.

3.3 Баянауыл ұлттық паркінде туристік кластер дамыту жолдары

Баянауылға үлгі ретінде Қарқаралы курортын мысал етуге болады. Курортты қалада бүгінде бай тәжірибе жиналып қалған. Ондағы аты аңызға айналған «Шайтанкөл», тау сілемдері жайлы мағлұматтар интернет беттерінде мол. Жергілікті туристік операторлар өздерін кеңінен насихаттай біледі. Қарқаралыда небәрі 6 туристік маршрут бар. Олардың арасында жаяу және велосипед маршруттары кездеседі. Туристік өнімдердің бағалары да біркелкі. Киіз үйді жалдап тұруға жан басына 2000 теңге төленсе, қонақ үй – бір тәулікке 2500 мың теңге алады. Гид маманның көмегін пайдалану үшін бір топтан сағатына 2 мың теңге төленеді. Дастарқанның сәнін келтіретін ұлттық тағамдарды жергілікті тұрғындардың өздері әзірлейді. Ондағы әрбір тұрғын – мейман жанашыры. Саяхаттап келген туристерге үйлерінен орын ұсынып, ішер астарын қамдап береді. Әрине, барлығы ақылы түрде. Қала тұрғындарының басым бөлігі негізінен туристерді күтуді кәсіп қылған.

Тиімді экотуризмнің талабы бойынша, мемлекеттік ұлттық парк қызметшілері жергілікті тұрғындар мен қоғамдастықтардың жетекшілерімен, сондай-ақ туристік индустрияның түрлі өкілдерімен, оның ішінде туроператорлар әрі турагенттіктермен тығыз байланыста жұмыс істеуге қабілетті болуы керек. Қорғалатын аймақтардың қызметшілері дау-жанжалды жағдайларды да басқара алуы керек. Кейбір жағдайларда үкіметтік емес ұйымдарды да қатыстырған пайдалы.

Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдар экофорумының төрайымы, ИнЕУ-дің ғылыми қызметкері Светлана Могилюктың сөзінше, Баянауыл ауданы аумағында қоныстанған жергілікті тұрғындардың туризм саласындағы білімдерін көтеру тұрғысында семинарлар өткізіліп, курстар ашу қажет болады. Себебі туризмнің дамуы тұрғындар талабына тікелей байланысты. Ал мемлекеттік органдар қаржыландыру көздерін іздеп тауып, жасалып қойған бағдарламаны жүзеге асыруы тиіс. Тұрғындар қатыса алатын турөнімдердің жалпы түрлері келесі тізіммен белгіленуі мүмкін:

- туристердің орналасуы үшін жергілікті тұрғындардың үйлері мен қонақ үйлер базасын пайдалануға беру;

-туристердің орналасқан жерінде тамақтану мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

-көліктік қызмет көрсету;

- кәдесыйларды, халықтың қолөнер бұйымдарын және тағы да басқа тауарларды сату;

- экскурсия жетекшілері, туризм нұсқаушылары мен саяхат жетекшілерінің қызмет көрсетулері;

- туристерге арналған мәдени-сауық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру тағы басқалары.

Баянауыл талай ақын-шайырлардың жырларында көрініс тапты. Ол – тарихи жәдігерлер мен аңыздарға толы мекен. Осы күні сол асыл мұраларымыздың толықтай пайдаланылмай келе жатқандығы өкінішті. Таулы өлкенің ландшафтында небір тарихи жер атаулары, қоныстар, ескерткіштер мол. Сабындыкөл мен Жасыбай көлінен басқа Баян тауларында «Кемпіртас», «Қоңырәулие» үңгірі, «Ат басы», «Көгершін тау», «Найзатас», «Бақа тас», «Бүркіт тас», «Екі суыр», «Жылан бас», «Ұйқыдағы балапан», «Батыр тоғай», «Тастағы туфли», «Шахматтағы ат», «Маймыл тас», «Жабулы қазан», «Торайғыр» көлі мен ондағы жартастар, «Біржанкөл» тағысын тағы сұлу жерлер келушілердің көзін еріксіз тартатыны анық. Табиғи тастан «жасалған» небір таңғажайып-бейне сәулеттерді кездестіреміз. Тасқа біткен үңгір – «Қоңыр әулиені» адам баласы ерте заманнан кие тұтады. Қазірде көпшіліктің қасиетті жер санап, жиі баратын орындарының біріне айналуда. Келешекте заманға сай туристік маршруттар құрылып, инфрақұрылымдар тартылып жатса, әрбір жер атауы мен қысқаша тарихы үш тілде жазылып, тақтайшаларға ілініп қойылғаны дұрыс. [24]

Ондағы мемлекеттік ұлттық паркі аймағындағы туризмді дамыту мәселесі қаржыға кеп тірелген уақытта инвесторлардың да көмегі ауадай қажет болуда. Табыс көзі саналатын туризм, туризм кластері жайлы әңгімелер енді-енді ғана ортамызға ене бастады. Сұлу табиғат аясында тарихи, экологиялық, спорттық және экстремалды туризмнің бірнеше түрін шоғырландырып, дамытуға толық мүмкіндік бар екеніне көзіміз жетеді. Жалпы, еліміз бойынша кенжелеп қалған туризм саласын баянауылдықтар дер кезінде қолға алып, ұтымды пайдаланған кезде ғана тоз-тозы шыққан ауыл жолдары жөнделіп, мәдениет үйлері қалыпқа келтіріліп, таза ауыз су мәселесі шешіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрмыс деңгейі біршама көтерілер еді. Өкінішке қарай, осы күнге дейін аудан тарапынан аталмыш саланы өрге бастыратындай нақты шаралар жасалған жоқ. Осы жыл басында Баянауылдағы туризмді дамытуға байланысты мәселе облыстық әкімдікте бірнеше мәрте талқыланған болатын. Бастапқыда өңірдегі туризмді дамыту жан-жақты қарастырылғаны да рас. Сонда облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев: «Өңірдегі барлық туристік әлеуеттерді бірден іске қосамыз деу ойға сыймайды. Бренд біреу ғана болуы керек. Ол меніңше, Баянауыл болуы тиіс. Себебі біздің облыс Баянауыл өңірі арқылы сыртқа жақсы таныс. Бірақ көп азаматтар жазғы уақытта көрікті өлкеге тек суға шомылып, табиғатын тамашалау үшін ғана барады. Олардың басым бөлігі – өзіміздің аймақ тұрғындары. Адамды қызықтыратындай нысандар мен тиімді инфрақұрылымдар ұйымдастырылмаған. Туристік маршруттар жолға қойылмаған. Жасыбай көлінің демалыс аймағы ретсіз, қалай болса солай пайдалануда. Ұлттық парк арқылы бұл мәселе толығымен шешілмейді. Мемлекеттік органдар тарапынан нақты қолдау көрсету үшін бір-біріміздің жұмысымызды әбден түсініп алайық. Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы бұл бағытта жұмыстар жүргізуі керек.

Жоба өңірдегі туристік әлеуеттерді анықтап, стратегиялық тұрғыдан дамуға негіз болады деуге сенім мол. Туристік өнімдерді бәсекеге қабілетті ету, инвесторларды қызықтыратындай әлеуеттерімізді байқату – басты мақсат. Туризм бизнесіндегі турфирмалар, туристік қызметтер, инфрақұрылымды дамыту және осының барлығына мемлекеттің қолдау көрсетуі үлкен бір жүйені қажет етеді. Оны қалыптастыру үшін бағдарламаларды әлі де болсын жетілдіріп алған жөн», деген болатын.

Аймақ басшысының тапсырмасымен облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, сондай-ақ бір топ ғалымдар бірлесіп Баянауылға барар жолдың туристік маршруттарының жобасын жасап, мақұлданған да болатын. Бүгінде осы бағдарлама негізінде біршама жұмыстар атқарылуда. Бағдарламада межеленген мақсат орындалса, аудан жазғы демалыс уақытында тәулігіне 12 мың туристке дейін өткізе алу қабілетіне ие болмақшы. Өңірлік бренд болып қалыптасатын Баянауылда туризм дамыса, жергілікті экономика өсiп-өркендеп, әлеуметтiк ахуалдың жақсаруына ықпал етедi. Айта кету керек, табиғи парк 1985 жылы құрылған. Оның жалпы аумағы жетпіс мың гектарға жуықтайды. Аудан орталығы орналасқан тұста елу мың гектар жер паркке тиесілі. Қалғаны Күркелі, Қаратомар, Жаяу Мұса ауылдарындағы бөлімшелер. Оның үстіне алпыс мың гектардан тұратын ерекше қорғалатын аймақ – Қызылтау қорығы бар. Ондағы сирек кездесетін тау жануары – арқардың да саны жыл санап көбейіп келе жатқандығы көңіл қуантады.

Демалушыларды тартып тұрған негізгі «магнит» - Жасыбай көлі екенін ескерген жөн. Баянауыл десе, Жасыбай көлі қатар аталады. Себебі жаздың ыстығында салқын да мөлдір су іздейтіндер жанына қажет рахатты осы көлден табады. Дегенмен көл айналасындағы демалыс аймағының мәселесі де күрделі қалпында қалып келе жатыр. Жасыбай аймағында шешілмей тұрған басты проблема – орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ. Демалыс үйлерінен шығатын қалдық судың барлығы көлге түседі. Көл суы ластанса, жұрттың келмейтіні анық. Көл жағасында 30-ға жуық жеке меншік субъектісі жағалай қоныс теуіп, демалыс үйлерін тұрғызған. Жаздың күні біздің облыс пен Қарағанды және басқа аймақтардан келіп жататын демалушылар осы үйлерді жалдап тұрады. Бірақ олардың қызметі нағыз туристік қонақүйлерге татымайды. Кәсіпкерлер бұл жерде аз уақыттың ішінде мол пайда табу үшін ұмтылады. Ең танымал «Кристалл», «Ата Баян», «Факел» қонақ үйлеріндегі жал ақының шарықтап кететіндігі де белгілі. Сондай-ақ бұл мейманханалар ірі кәсіпорындардың еншісінде болғандықтан, сырттан қыдыра келгенді жолата бермейтін қылықтары тағы бар. Қорыта айтқанда, Жасыбай маңындағы демалушыларға қажетті жағдайдың барлығы жасалмайды. Келушілер суға түсіп, құмарын қандырғанымен, арнайы гид мамандардың жоқтығынан сұлу табиғатттың сырына қаныға алмайды. Саусақпен санарлық ондай мамандарды көл жағалауынан сирек көрудің өзі арман.

Бүгінде Жасыбай демалыс аймағын дамытудың бас жоспары бекітіліп қойылған. Ендігісін оған инвестиция тарту мәселесі шешілмей жатыр. Облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Ертіс меридианы» республикалық туристер сайысы өңірдегі спорттық туризмнің дамуына өз септігін тигізуде. Биыл жазда спорт басқармасы көл маңайында екі футбол, екі волейбол алаңын жасады, жаңадан орындықтар орнатып, жағалауды көріктендірді. Келушілер қатарын көбейту мақсатында Жасыбай көлінің жанынан жалпы құны 2 миллион АҚШ доллары тұратын мәдени-тарихи орталық салу жоспарда тұр. Жаздың күні саңырауқұлақша қаптап шыға келетін кафелер мен мейрамханалардың қызметін талапқа сай етіп, санитарлық қадағалауды күшейту қажет. Жоба шеңберінде көлдің жағажайы алдағы жылдары заманға сай көріктендіріледі, қолайлы пляж жасалады. Демалыс аймағында шаштараз, сұлулық салондары, сауна қызмет ететін болады деп жоспарлануда. Жазда көл бетінде желкенді қайықтар жүргізсе, одан да көп пайда табуға болады. Бүгінде Жасыбайдағы катамарандардың барлығы ескіріп кеткен, сонау кеңес заманынан келе жатқан құралдар. Заманауи қайықтарды енгізетін уақыт жетті. Мамандар жылдам жүргіш квадроцикл, су мотоциклі секілді қайық құралдарын көлде пайдаланбаған абзал дейді. Себебі су айдыны шағын, жылдамдығы шапшаң құралдар шомылушыларға зор қауіп төндіреді [17].

Бір қызығы, ауданда бұрын аспалы жол болғандығы таяуда ғана анықталды. Ол қаржы жоқтығынан осыдан біраз жылдар бұрын пайдаланылмаған күйінде жиналып қойылған. Егер аталмыш құрал алдағы уақытта пайдалануға берілсе қысқы туризмнің де тамырына ептеп қан жүгіртудің амалы табылар еді.

Аталмыш мекенде көлік тұрағы - әлі күнге шешілмей отырған шаруа. Суға шомылу маусымы басталған сәтте көлге жақын маңда автокөліктерімен әрлі-берлі ойқастап, көл жағалауы ауасын бұзатындар жиі кездеседі. Сондықтан автокөліктің көлге жақын жіберілуіне тыйым салынуы тиіс. Осыдан екі-үш жыл бұрын арнайы қаржы бөлініп, демалыс аймағына кіре беріс аумаққа 300 көлік бірден сыйып кететін автотұрақ салынған болатын. Өкінішке қарай, автотұраққа темір тұлпарын тізгіндеп қоятындар аз. Көбісі қызмет мансабын пайдаланып, не тамыр-таныстықты арқау етіп көл жағасына өтіп кететіні жасырын емес. Осы жағымсыз әрекетке тосқауыл қою парктегі өткізу пунктінің негізгі жұмысы болуы тиіс. Парк директоры Т.Қасеннің айтуына қарағанда, аталмыш тұрақ келесі жылдан бастап парк иелігіне біржола бекітіліп беріледі.

Тағы бір мәселе – демалыс аймағына жақын орналасқан қосымша туристік әлеуеттерді талапқа сай ету. Олар – «Қоңыр әулие» үңгірі, «Кемпіртас», «Найзатас», «Торайғыр» көлі, «Қызылтау» қорығы және тағы да басқа белгілі орындар. Бұның сыртында Мәшһүр Жүсіп пен Бұқар жырау кесенелері, көрікті жерлердің қатарынан саналатын Біржанкөл бар. Бұл орындар келушілерді қызықтырмай қоймайды. Сондықтан жобада көзделгендей, әрбір белгілі орынға қажетті инфрақұрылымдар тартылып, уақытша аялдайтын үйлер тұрғызылуы тиіс. Биыл жазда ұлттық парк аумағында жалпы саны 16 туристік маршрут жұмыс істеді. Бірақ оларға қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі дұрыс шешілмеді. 2009 жылы «Қоңыр әулие» үңгіріне алты мыңдай адам барса, соның небәрі үштен бірі ғана парк ұйымдастырған автобустарды пайдаланған. Т.Қасеннің сөзінше, жыл сайын Екібастұз қаласындағы автобус паркі қоғамдық көліктерді демалыс орнына жіберіп тұрады. Бұл ынтымақтастық арнасы алдағы уақытта кеңейе түсетініне сенім мол. Аудан орталығындағы бұрынғы шағын әуежайды қалпына келтіру де өзекті мәселе. Көңілі қалағандар курортты аймаққа ұшақпен ұшып жете алатындай жағдай тудыру керек. Бұған қоса, демалыс аймағы ішінде велосипед және жаяу жүретін маршруттар ұйымдастырылса, қызықтырақ бола түседі.

Көптеген елдердің тәжірибесінен байқағанымыздай туризм кең етек жайған аймақтарда экологиялық мәселелердің туындайтыны барлығына мәлім. Мен табиғаты көп бұзылмаған Баянауыл аймағына экологиялық қонақ үй және демалыс үйлерін салуды ұсынамын. Экологиялық қонақ үйлер туристер «өркениетті ауа» мен қала ауыртпалығынан шаршай бастаған кезде, ал олардың жаны табиғатқа ұмтыла бастаған шақта пайда бола бастады. Экологиялық отельдерді шөлді жерлерде, қорықтарда, елдің керемет табиғат зоналарында салуға болады. Қазіргі таңда эко-отельдер барлық дамыған елдерде бар. Қонақ үй бизнесі көптеген жылдар бойы бизнестің ең тұрақты әрі қауіпсіз түрі болып келеді, сондықтан да, қонақ үйді ашу аса тиімді болады. Әрине, үлкен қонақ үйді ашу, оған қоса оны ірі қалада салу тек ірі компаниялардың қолынан келеді, сол себептен мен шағын қонақ үйді ашудың болашағы туралы мәселе қарастырамын.

Туристерді көркем табиғат аясында қызықтыратын туристік нысан болып тематикалық парктер салу. Тематикалық парктер – бұл жанұяға арналған демалыс пен ойын сауық орталығы. Олар түрлі жастағы адамдарды біріктіреді. Үлкендерді өзінің ақпараттық танымдық сипатымен, балаларды қызықтырумен. Алғашқы тематикалық парк АҚШ-та 50 жылдардың ортасында пайда болады. Бұл кезде дәстүрлі парктер құладырау кезеңін бастан кешіреді. Олар туристік нарықтан бірітіндеп ығысып, олардың орнын Диснейленд немесе Сикс Флэгс сияқты қазіргі заманғы тематикалық парктер басады. Диснейлендтегі экспозициялар Американың тарихы және басқа да халықтардың мәдениеті туралық айтып береді. Калифорния штатындағы Си Уорлд паркнен су асты әлемімен танысуға және теңіз жәндіктерінің қатысуымен қойылған қызықты шоуларды көруге болады. Сонымен қатар, олар дельфиндерді, касаткаларды, тюлендерді жаттықтыру кезінде алынған құнды ғылыми мәліметтерге де ие.

Тематикалық парктерді салынуындағы табысты сектордың бірі жоғарғы технологияның қолданылуы. Диснейленд және Дисней Уорлд парктері өздерінің атракциондарында ең бірініш болып компьтерлік басқару жүйесімен мультипликациялық эффекті қолданды, осының арқасында паркке келушілер таңғажайып әсер алып кетуде. Қазіргі кезде Диснейленд паркі өздерінің келушілеріне космостық саяхат жасауды ұсынуда. Аттракционның әр креслосы арнайы компьютерлік аудиожүйемін жабдықталған, бұл космота жүрген сияқты әсер тудыруда (сурет 7). Тематикалық парктерге деген қызығушылық жыл өткен сайын жоғалмас үшін, атракциондарды әркез жаңарту қажет [25].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]