Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тех регл ондиристик талаптар.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
578.05 Кб
Скачать

4.6. Белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерді өндіруде қолданылатын лак-бояу материалдарына, жабындарға және сигналдық және қарама-қарсы түстердің басқа материалдарына қойылатын талаптар

      58. Лак-бояу материалдары және жабындары сигналдық және қарама-қарсы түстердің қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулердің түріне және орындалуына, оларды орналастыру шарттарына сәйкес келуге тиіс.

      59. Жабын мен материалдың беттері тегіс, біртекті болуы керек, құрамында бөтен қосылыстар мен ластанулары болмауы керек. Көпіршіктердің, қопсулардың, сызаттардың, кратерлер мен үзілулердің болуына жол берілмейді, жабынның қабаттануына жол берілмейді.

      60. Жабын созымтал болуы және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкес тасымалдаушы-материалдың бетіне 2 баллдан аспайтын тұтасуы болуға тиіс.

      61. Лак-бояу жабынының тасымалдаушы-материалдың бетінде кебу деңгейі сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін реттеп салу мүмкіндігі болатындай болуы керек.

      62. Колометрлік сипаттамалары техникалық регламенттің 2 және 3-қосымшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар мен жабындарды сигналдық және қарама-қарсы түстерді салу мен сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін жасау үшін пайдалануға тыйым салынады.

      63. Жарық қайтарғыш материалдар мен жабындардың сыртқы ортаның әсерінен қорғалған элементтерінің жабық жүйесі болуы керек.

      64. Фотолюминесцентті материалдар мен жабындар мөлдір полимер қабаттың көмегімен ылғалдың әсерінен қорғалуы қажет.

      65. Сигналдық және қарама-қарсы түстердің лак-бояу материалдары мен жабындарының жарыққа жақсы тұрақтылығы болуға тиіс.

4.7. Климаттық факторлардың әсеріне тұрақтылығы бойынша белгілеулер мен қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар

      66. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері мына температура аумағында:       минус (40 + 2) о С бастап плюс (60 + 2) о С дейін - сыртқы орналастыру үшін (1 санат);       плюс (5 + 2) о С бастап плюс (60 + 2) о С дейін - ішкі орналастыру үшін (4 санат) және ауаның 98% салыстырмалы ылғалдылығында УХЛ климаттық орындауында орындалуы қажет.       67. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес ауа атмосферасының жегіделік агенттерінің ықпалына шыдауы қажет.       68. Сыртқы орналастыруға арналған сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері атмосфералық жауын-шашынның (қар, шық, жаңбыр), күн сәулесінің, сор тұманының, шаңның әсеріне тұрақты болуға тиіс.

4.8. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін таңбалау мен орауға қойылатын талаптар

      69. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерін таңбалау және орау Қазақстан Республикасының "Орауға, таңбалауға, этикеткілеуге және оларды дұрыс салуға қойылатын талаптар" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.

      70. Орналастыру орындарында жинақтаған кезде (орнатқан) қауіпсіздік белгілерін бағдарлау үшін оның жоғарғы қалпына тік жазықтықта таңбалауды орындау ұсынылады.       Жоғарғы қалпын таңбалауға Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес "Жоғары" деген манипуляциялық белгіні қауіпсіздік белгісінің кері бетіне салу жолымен орындауға рұқсат етіледі.

      71. Ішкі және сыртқы электрлік жарық беруі бар сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қосымша таңбалаулары болуы қажет.

      72. Сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері жалпы салмағымен 25 кг-нан аспайтын тақтай, картон немесе фанер жәшіктерге салынуы керек.       Орауда сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілерінің өзара орын ауыстыруы және беттерінің қажалуы болмауы керек.       Сигналдық белгілеулер мен жарық қайтаратын қауіпсіздік белгілерін жәшікте тек қана тік орналастыру қажет.

      73. Өздігінен желімденетін материалдар негізіндегі сигналдық белгілеулер мен қауіпсіздік белгілері желім қабатының кеуіп қалуынан аулақ болу үшін полиэтилен орауларға салынуға тиіс.

      74. Сигналдық белгілеулер мен жарық қайтаратын қауіпсіздік белгілерін орау беткі жағын балауыз жағылған қағазбен және пенопласт қалқандардан жасалған төсемдермен орай отыра орындалады.

      75. Ішкі немесе сыртқы электрлік жарық беруі бар сигналдық белгілеулер мен жарық қайтаратын қауіпсіздік белгілерін орау Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес орындалуы қажет.

      76. Тасымалдау ыдысын таңбалау, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес "Ылғалдан сақтаңыз" және "Жоғары" деген манипуляциялық белгілермен орындалуға тиіс.