Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Земельное право РК.docx
Скачиваний:
195
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
169.15 Кб
Скачать

36.Жерге ақы төлеуді құқықтық реттеу түсінігі. Олардың түрлері мен мазмұны. Жердің нарықтық құны.

Қаз/да жерге ақы төлеудің бірнеше нысаны бар – жерді жеке меншікке сатып алу кезінде төленетін ақы, жерге жалға беру ақысын төлеу, жер салығы,т.б.

Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусiз жер пайдаланудағы жер учаскелерiне ҚР/ң салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады. Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскелерiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке беру өтеулi негiзде, өзінің жер учаскелерін беру жөніндегі құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының , аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің шешiмi бойынша ақысы бiрден төленiп нe төлеу мерзiмiн ұзартып сату арқылы жүргізіледі, бұған: 1) ҚР/ң азаматтарына - тұрғын үй-жайлардың меншiк иелерiне кондоминиум объектiлерiндегi мiнсiз үлесi ретiнде; 2)ҚР/ң азаматтарына өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшiн; 3) ҚР/ң Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға; Өзiндiк қосалқы шаруа¬шылық, бағбандық жүргізу , жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн , Жер Кодексінде жер учаскелерін ақылы түрде беру көзделген өзге де мақ¬саттар үшін өтеусiз берiлген жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда жер учаскесiнiң меншiк иесi жер учаскесiнiң өзгерген нысаналы мақсаты үшiн ҚР/ң заңында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең болатын соманы бюджеттiң кiрiсiне төлеуге мiндеттi. Меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттiк емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн кейiнгi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде, жер учаскелерi үшiн төлемақының мөлшерi, мерзiмдерi мен нысаны ҚР/ң азаматтық заңдарына сәйкес сатып алу-сату немесе мүлiк жалдау шарттарымен айқындалады.

37.Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдерінің ерекшеліктері. Олардың түрлері. Егеменді тәуелсіз жер қатынастарының дамуына жеке тоқталыңыз.

ҚР Жер заңдарының тарихы ҚРның 1991 жылғы16желтоқсандағы (ҚРның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы) конституциялық заңын қабылдау күнімен басталады.Бұған дейін қолданыста болған Қазақ КСРның 1990ж 16 қарашадағы Жер кодексі мемлекет дамуының жаңа жағдайларындағы қоғамның талаптарына жауап бере алмады.Содан кейін 1991ж 28 маусымда « Жер реформасы туралы» заң қабылдады. Жер реформасының міндеті болып жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі нысандарының тиімді қызмет етуі үшін құқытық, экологиялық, әлеуметтік жағдайлар жасау, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету табылады. Жер нарғын жүзеге асыру мақсатында ҚР Президентінің 1994ж 24қаңтардағы « Жер қатынастар реттеудің кейбір мәселелері туралы» және 1994ж 5 сәуірдегі « Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы» жарлықтары қабылданды. ҚРның 1995ж жаңа конституциясы алғашқы рет жерге жеке меншік құқығын орнықтырып, жерге мемлекеттік және жеке меншікті мемлекеттің танып, теңдей қорғайтынын бекітті. Конституция нормаларының негізінде ҚР Президентінің 1995ж 22 желтоқсандағы « Жер туралы» жаңа жарлығы қабылданды. Бұл жарлық жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығына қатысты туындайтын жер қатынастарын жаңаша реттеп, алғашқы рет сервитут институтын қарастырды.Қоғам нарықтық экономикаға жаңа жол ашты.2001ж 24 қаңтарда « Жер туралы» заң қабылданды.Бұл акт жаңа нормаларды көздеді: жер учаскелерін оралмандарға беру туралы, шартты жер үлесі туралы. ҚР Жер заңдарын одан әрі жетілдіру 2003ж 20 маусымда ҚРның жаңа Жер кодексін қабылдауға дейін

38.Жерге жеке меншік құқығының түсінігі. Олардың түрлері. Жерге меншік құқығының объектілері. Жерге меншік құқығын табыстау.

Жерге меншік құқығының түрлері болып мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк болып табылады. Меншiк құқығының субъектiлерi: республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi – Қазақстан Республикасы; жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады Жерге мемлекеттік меншік деп мемлекеттің меншік иесі ретінде өзіне тиесілі жер учаскелерін иелену, пайдалану жəне билік етуін заңда көрсететін тəртіп жағдайында.

Мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне мыналар жатады (обьектілер): 1. мемлекет билік органдары. мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген жерлер. 2. қорғаныс қажеттіліктеріне пайдаланылатын жерлер. 3. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан тарихи, мəдени, сауықтыру мақсатындағы жерлер. 4. орман жəне су қорлары жері. Егер орман мемлекет қаражаты арқылы өсірілсе ол мемлекеттің жері, ал егер жеке қаражат арқылы өсірілсе ол жер жеке меншікте болып табылады. Егер жер учаскесінде сумен қамтамасыз ететін құрылғылар, коммуникациялар орналасқан болса. 5. елді мекендердегі жерлерді ортақ пайдаланудағы жерлер. Мысалы, көшелер, скверлер, бульварлар жəне т.б. 6. Босалқы жерлер. Оның ішінде арнайы жер қорының учаскелері. 7. Кенттер, ауылды мекендердегі жайлымдық жəне шабындық алқаптар, жеке меншікке берілмейтін жайылым жəне басқа да жерлер. Субьектілері. Мемлекет атынан жерге мемлекет билікті жүзеге асырады.Органдар жалпы құзіреті бар. Олар: Парламент, Президент, Үкімет, Жергілікті өкілді жəне тқарушы органдар. Арнайы құзіреті бар. Бұл жер ресурстарын басқару агенттігі. Функционалды құзіреті бар органдар. Бұл сот органдары жəне т.б. Жерге жеке меншік құқығы деп белгілі біртұлғаның өзіне тиесілі жер учаскесін заңда көрсететін тəртіпте иелену, пайдалану жəне билік ету құқығы болып табылады. Дүние жүзінде абсолюттік түрде жерге жеке меншік құқығы жоқ. Қазақстанда жерге жеке меншік құқығы шектеулі нысанда жүзеге асырылады ҚР жеке меншік құқығының обьектілері болып: 1 ҚР азаматы үшін: шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжайқұрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкесқызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi. 2. Қазақстанның заңды тұлғалары үшін: тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi. 3. шетелдік тұлғалар үшін: үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi барлық мемлекеттік жерлер меншікке берілмейді. Мемлекет жердің меншік иесіне көптеген талаптар қоюға құқылы. Мысалы, жерді ұтымды жəне нысаналы пайдалану. Тауарлы ауылшаруашылығы өндірісі деп ауылшаруашылығы мақсатына арналған жерлерде ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды өңдеу жəне пайда табу мақсатында өткізу. Шетелдің тұлғаларына ауылшаруашылығы мақсатына арналған жер тек жалға беріліп отырады. Қаз/ң тұлғаларына бұл жерлер жеке меншікке тек ақылы түрде беріледі. Ақы екі түрде болады: жеңілдетілген (75 % төленеді) ; нақты бағасына сатады. Бұл жерде созып сатуға болады он жыл бойы.

Меншiк құқығының мазмұны1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiкетуге құқығы бар.2. Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын Жер Кодексте ж/е ҚР/ң өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiкоргандар жүзеге асырады.3. Жер учаскесiнiң меншiк иесi Жер Koдексте және ҚР/ң өзге де заңактiлерiнде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыраалад