Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ргр кукык.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
42.64 Кб
Скачать

3. Қазақстан Республикасының конституциясының құрылыс негіздері

ҚР Конституциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi. ҚР Конституциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: ―Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген

Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз‖. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеололгиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды. Ӛйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ). Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет, Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi. ―Жалпы ережелер‖ деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе- теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар: Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi); Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi; Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы); мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi; адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы; мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т.б. Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемлекеттік билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады.

ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экон. негiздерден, әлеум. саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ҚРК-ның 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26- 12 баптарында тұжырымдалған. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында ―Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады‖, — деп жарияланған. Мұның өзi Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетiлгенiндей, ―Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет‖ екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi мынада: бiрiншiден, Президент мемл. билiк тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды; екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламентке тәуелсiз; үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол Конституцияға сәйкес мемл. билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне көмектеседi, олардың өзара қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады; төртiншiден, ұлан-байтақ қазақ жерi ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлiнбей, тек әкiмш.-аумақтық бөлiнiстерге — облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана бөлiнедi және олар жоғарыдағы бiр орталыққа бағынады. Демек, мемлекеттiң басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етедi. Президенттiк басқару нысаны елдегi саяси тұрақтылықты және қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етедi. Ал ―Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi‖ (2-бап, 2-тармақ). Қазақстандағы саяси құрылыс демократиялық болып жариялануына орай Ата Заңның 3-бабы халық егемендiгiнiң конституциялық қағидасына арналған. Мемлекеттік билiктiң бiрден-бiр бастауы — халық екендiгi былай баяндалған: ―Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.

Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар‖ (3-бап, 2, 3-тармақтар). Сонымен қатар ҚР-нда идеол. және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік 13 институттардың бiрiгiп кетуiне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. ―Адам және азамат‖ деп аталатын II бөлiмде адам мәртебесi, жеке бастың құндылығы ашып көрсетiлген. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған қағидалары мен қалыптарына тiкелей байланыстырылған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесiнен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылады. ―Президент‖ деп аталатын III бөлiм мемлекет басшысы ретiнде Президенттiң жаңа мәртебесiн толық бейнелейдi. Басқа мемлекеттік органдардың құрылуы мен қызметi IV — VIII бөлiмдерде көрсетiлген. ҚРК-ның құрылымында әр бөлiм өз қисынымен реттi орналасқан әрi баршаға түсiнiктi. ―Қорытынды және өтпелi ережелер‖ деп аталатын IХ бөлiмде жаңа Ата Заңды күшiне енгiзу нормалары бекiтiлген, бұрынғы Конституцияның қолданылу күшi қай кезден бастап жойылғаны нақтыланған. 1995 жылғы Конституция күшiне енгенге дейiн қолданылып келген заңдардың одан әрi қолданыста болу тәртiбi көрсетiлген. Ата Заңның мемлекеттік және қоғамдық органдардың өзге актiлерiне де, соның iшiнде басқа заңдарға да қатысты ең жоғары заңдық күшi бар. Мемлекеттік органдардың өзге актiлерi, барлық заңдар ҚРК негiзiнде және соған сәйкес, сол белгiлеген рәсiм бойынша қабылданады. Мемлекет жасасатын халықаралық келiсiмдер мен шарттар да ҚРК-на сәйкес болуға тиiс. Қолданыстағы нормалар конституциялық қалыптармен сай келмеген жағдайда соңғысы қолданылады, өйткенi басқа нормалар осыған сай келтiрiлуге тиiс.

Конституцияның қағидаларына қайшы келетiн заңдар мен өзге актiлердiң заңдық күшi болмайды. Яғни кез келген демократиялық құқықтық мемлекеттiң ағымдағы заңдары құқықтың базалық көзi болып табылатын Конституцияға негiзделедi және оның рухына сай келуге тиiс. Конституцияның нормалары ағымдағы заңдармен ұштастырылуы мүмкiн. Алайда, ағымдағы заңдар Конституцияның шеңберiнен шығып кетпеуге тиiс және конституциялық нұсқаулар мазмұнын өзгертпеуге тиiс. Кез келген құқықтық актiнiң Конституцияға сай келмеуi немесе оған қайшы келуi бұл 14 құқықтық актiнi заңды күшiнен айырып, жарамсыз етедi. Бұл Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды шарты. ҚРК-ның жоғары тұрғандығын арнайы мемл. орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚРК-ның 74-бабына сәйкес, КРК- на кереғар деп танылған заңдар мен халықар. шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды. ҚРК тұрақтылық нышанымен ерекшеленедi. Негiзгi заң ретiнде оған өзгерiстер енгiзу тәртiбi де ерекше сипатта болады, бұл тәртiп Конституцияның өзiнде белгiленген. Мәселен, 91-баптың 1-тармағына сәйкес ҚРК-на өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Республика Президентiнiң бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiм бойынша өткiзiлетiн республикалық референдумда жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер Президент өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Парламенттiң қарауына беруге ұйғарса, онда өзгерiстер мен толықтырулардың жобасы республикаық референдумға шығарылмайды. Бұл ретте Парламенттiң шешiмi Конституцияда белгiленген тәртiппен, яғни әр Палата депутаттары жалпы санының 3/4 дауысымен қабылданады (62-бап, 3-тармақ). Егер Президент Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерiн респ. референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, онда қос Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент осы өзгерiстер мен толықтыруларды Конституцияға енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Президент осы заңға қол қояды немесе референдумға 15 шығарады. Егер референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткiзiлдi деп есептеледi, егер олардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, заң қабылданды деп саналады. Нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай, Қазақстан Республикасы Конституциясы жоғары заң күшi бар сатыда тұрады. Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады.

Конституцияда адамның жеке бас бостандығы, жеке өміріндегі құндылығы, сондай-ақ билік тармақтарының қоғамдағы рөлі айқын тұжырымдалған. Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру барысында, басқа мемлекеттік органдармен қатар Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының қосатын үлесі зор. Атап айтқанда, 2002 жылдың 18 наурызында қабылданған «Әділет органдары туралы» заңына сәйкес, әділет органдары жергілікті өкілді және атқарушы және басқа да органдардың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және олардың заңды мүдделеріне қатысты ұсынған нормативтік құқықтық актілеріне заң сараптамасын жүргізіп мемлекеттік тіркеуді жүргізеді, заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын мемлекеттік тіркеуден өткізеді, зияткерлік меншік құқықтары жөнінде, яғни авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласында қызмет атқарады, діни бірлестіктермен байланыс жасайды, оларды тіркеуден өткізеді, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жұмысын жүзеге асырады сонымен қатар азаматтарды төл құжат және жеке куәлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуге алып тіркеуден шығарады, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүргізеді. Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Сонымен қатар қолданыстағы 16 заңнамаларға сүйене отырып өз құзыреті шегінде басқа да қызметтер атқарады. Дүние жүзілік тәжірбиеде көрсетілгендей адамға деген сыйласымдық, жеке өмірі мен бостандығының қорғалуы, қоғам дамуының айқын көрінісі. Сондықтанда құқықтық мемлекетіміздің азаматтарының мемлекет алдындағы жауапкешілігі алдынғы орындарда тұруы қажет. Сондықтан да Конституцияға сәйкес мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық болып табылады. Мемлекетіміздің қоғамдық жұмысына белсене араласқан ерікті азаматтар, мемлекетке өз үлесі мен пайдасына қызмет жасамаған азаматтардан беделі жоғары тұрады. Ӛз азаматтарының құқығы мен жеке бас бостандығын жоғары қойған мемлекет, күнделікті өмірде өзін барлық мемлекет арасында жоғары деңгейден көрсете алады.

Қазақстан мемлекетінде адам құқығы және бостандығының жоғары құндылығы құқықтық мемлекетінің негізгі қағидасын реттеп отырады. Қазақстан мемлекеттік–құқықтық даму бағдарламасын халықтың өмір сүру жағдайын, адам және азаматтардың құқығы мен бостандығының қорғалуы, мемлекеттің жоғары билік орандарынына қадағалау жүргізіп ,бақылау жүргізіп отырады. Адам құқығы туралы жалпы декларацияның мазмұнына сәйкес адам құқығын қорғау, біздің конституциямызда дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетіндігі бәрімізге мәлім. Конституция барлық азаматтардың теңдігіне кепілдік беріп қана қоймай, сондай-ақ барлық билік тармақтарының қызметіне бағыт беріп отырады. Елбасының белгілегеніндей конституция қоғамның дамуына зор үлесін қоса отырып, азаматтық қоғамның дамуына болашақта тұрақты қадағаланып отырады. Конституцялық нормаларды қадағалау біздің республика заңының мемлекеттің дамуына бағыталады. Қоғамның дамуы елімізге пенитенциярлық гуманизациялық жүйенің кіруі ықпалын тигізді. Жергілікті өзін-өзі басқару реформасында сайлау заңдылығының енуі 17

Конституцияның дүние жүзілік қауымдастыққа кіруінің негізі ретінде танылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейн мемлекетіміздің саяси жүйесі Конституцияға сәйкес қайта реттелді. Конституция халықтың еркіндігін жоғары қойып, жаңа мыңжылдықта құқықтық нигилизім бағытында тоторитарлық жүйені артта қалдырды. Еліміздің жаңа тарихында құқықтық ой-өріс пен құқықтық мәдениетіне құқықтық мемлекетіміздің жаңа қырларынан ашылып отыру керек. Бұл мәселе Президентің қазақстан халқына жолдаған 2004 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың бағыттары туралы жолдауында айрықша атап көрсетілген. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру барысында Конституциямыздың тарихы негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихын атай отырып, республикамыздың демократиялық және құқықтық жолында көптеген дәрежеге қол жеткендігімізді байқаймыз. Елбасымыздың да ең басты заңымыз Конституцияның жарыққа шығуына зор улесін қосқанын айта кеткеніміз жөн. Конституция біздің саяси, мәдени, рухани және эканомикалық дамуымыздың құқықтың қайнар көзі ретінде танылады. 2007 жылғы 21 мамырда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының № 254-III Заңы қабылданды. Осы заңмен Конституциямызға елеулі оң өзгерістер енгізілді. Атап айтатын болсам, 2- бапқа сәйкес «Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады» деп айқын көрсетілген. Астана, Республиканың әкімшілік-саяси орталығы болып табылады. «Астананың гүлденуі Қазақстанның гүлденуі» деген, осыған сәйкес айтылған болса керек деп ойлаймын. Сонымен қатар басқа да көкейтесті өзгерістер енгізілді. Ал соңғы енгізілген өзгерістер 2 ақпан 2011 жылда орын алған болатын.