Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 210217 / 210217 / РЭТ каз / ŠŽŽŒˆŠ€ ƒ.docx
Скачиваний:
28
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
46.73 Кб
Скачать

Кіріспе

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: “Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” терминің алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған. А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Буржуазиялық саяси экономияда “кәсіпкерлік” түсінігі XVIII ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек құрылу қорына (уставной фонд) ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде де кәсіпкерлікті шаруашылық искусствосы, экономикалық және ұйымдық творчество, еркін бастамаға, жаңалық жаңашыры, тәуекелге бас ұру арқылы түсіндіреді т.б. мұның бәрі пайда әкелу. Мұның өзі табиғи, әрі дұрыс: басқарудың өзі “мүмкіндік - искусствосы”. Оның үстіне әңгіме тауарлы және бәсекелі шаруашылықтың туумен байланысты өндірісті басқару және ұйымдастыру жөнінде болып отыр. Мұнда жеке бастың бейімділігі, қабілеті, батылдығы маңызды рөл атқарады. Бұған қосарымыз Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікке жол ашқан, оның құқы мен жауапкершілігі туралы алғашқы қабылданған заң актілірінің бірі “Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы” болды. Мұнда кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің жеке дара бастамасы, іс-қимылы, ол пайда алу мақсатын көздейді, тәуекелділік көрсетеді, өзгерістерге деген жауапкершілігі бар деп анықтама берілген.

Кәсіпкерлік мәні, мазмұны

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш – жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

Қоғам мен өндірістің даму үрдісінде адамдар әр түрлі ұйымдық-экономикалық қатынастар аясында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. Кәсіпкерлік тарихы орта ғасырлардан бері бастау алады. Сол уақыттың өзінде көпестер, саудагерлер, колөнершілер жаңадан қалыптасып келе жат- қан кәсіпкерлер ретінде таныла бастады. Сонымен қатар, кәсіпкерліктің даму тарихы айырбас қатынастарының, қоғамдық еңбектің болінісі мен жалпы нарықтық қатынастар даму тари- хымен тығыз байланысты.

Экономикалық әдебиетке «Кәсіпкер» түсінігі бірінші рет 1723 жылы Париж қаласында баспадан шыққан «Коммерңияның жалпыға ортақ сөздігінде» келтірілген. Мұнда кәсіпкер - өнім өндіру немесе құрылыс объектісі бойынша міндеттемесін оз мойнына алатын адам деген түсінік беріледі.

Ғылыми термин ретінде «Кәсіпкер» түсінігі белгілі агылшын экономисі Ричард Кантильонның XVIII ғасырдың басында жарық көрген «Коммерция табиғаты туралы жалпы мақала» кітабында келтіріледі. Автордың пайымдауы бойынша сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық нарық жағдайында кейбір субъектілерге тауарларды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағага сатуға мүмкіндік береді. Сондықтан, ол осы қарым-қатынастағы субъектілерді кәсіпкерлер деп атаған және француз тілінен аударғанда «делдал» деген мағына береді. Сонымен қатар, ол мұндай адамдар тек қана айналым саласында ғана емес, тауар өндіру саласында да қызмет атқаратындығына ерекше назар аударған және олар өндірістік құрал-жабдықтарға меншік иесі болуы міндетті емес деп санаған.

Ал ағылшынның атақты ғалымы Адам Смит кәсіпкер деп, өзінің қызметінің негізгі мақсаты кәсіпкерлік пайда табатын кәсіпорын иесі деп түсінген. XIX ғасырдағы Францияның экономисі Жан Батист Сэй, кәсіпкердің негізгі функңиясы өндірістің қызметін біріктіру және үйлестіру деген пікірді ұстанған. Альфред Маршалл мен жолын ұстанушылар кәсіп- кердің ұйымдастырушылық функңиясына ерекше көңіл бөлген. Олардың пікірінше әрбір қалаушы - кәсіпкер бола алмайды, оған ерекше қабілет керек деп есептеген.

Кәсіпкерлік туралы ерекше жұмысты үстанған Йозеф Шумпетер, кәсіпкер тек жеке адамдар болып қана қоймайды, ол адамдар тобынан да құрыла алады деген көзқараста болған. Сонымен қатар, оның пікірінше, кәсіпкерлікте ең басты - инноваңиялық қызмет, ал кәсіпорын меншігіне деген қүқық кәсіпкерліктің маңызды белгісі болып табылмайды деп есептеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлікке төмендегідей анықтама берілген: Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға жұмысталған жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) неғізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

Әртүрлі көзқарастарды талдай отырып, кәсіпкерлік қызмет - бұл инновациялық тәуекелді тәсіл негізінде, өндіріс факторларын оңтайлы үйлестіру тұрғысынан сипатталып, адамның ерекше қабілеттерін жүзеге асыру деген тұжырым жасауға болады. Кәсіпкер өндірісте жаңа техника мен технологияны қолданады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, жаңашылдық тұрғысынан басқарады. Ол өнім өндірудің шығындарының төмендеуіне әкеледі, оның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік қызметті максималды тиімді түрде ұйымдастырады. Ол нарықты басқалардан жақсы анықтайды, өндіріс құралдарын қандай нарықтық сегментте сатып алған тиімді екенін және дер кезінде өнімге деген тиімді төлем қабілеттілік пен сұраныстың болатындығын нақты анықтайды. Нәтижесінде ол әдеттегі шаруашылық жүргізушілерге қараганда көп пайда табады. Сонымен қатар, кәсіпкер үнемі тәуекелге барады. Ол әдеттегідей тәуекелден қашпайды, керісінше оған саналы түрде барады. Оның себебі басқалар сияқты осы тәуекел үшін өтемақы алудың орнына үлкен табыс табуға ұмтылады.

Кәсіпкерлік табыс деп ең алдымен, қосымша табысты, басқарудан түскен табысты, кәсіпкердің табиғи қасиеттері немесе сыртқы жағдайларга байланысты өндіріс факторларын жаңа тұрғыдан үйлестіру мен ерекше талдау қабілеттерінің арқасында түсетін артық қаражаттарды түсіну керек.

Кәсіпкерлік қызмет - белгілі бір функцияларды жүзеге асырумен байланысты екенін ескере отырып, мұндай қызметті пайда алу мен қоғамның (оның мүшелерінің) экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктерін қанагаттандыру мақсатында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз, үнемі жаңартылып отыратын ұдайы өндірісін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру үрдісі ретінде сипаттауға болады.

Кәсіпкерлік қызмет келесідей жолдармен жүзеге асырылады: 1) қандай да бір тауарды, өнімді немесе қызметті тікелей өндірумен; 2) продуценттен (өндірушіден) тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша делдалдық функцияларды жүргізу жолымен.

Кәсіпкерлік қызмет - өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделғен, пайда табуға жұмысталған, қызметтің ерекше түрі.

Кәсіпкерлік идея - қандай да бір нақты экономикалық нысандық көрінісі бар, ондірушінің айқындалған мүмкіндігі мен қызығушылығын сипаттайды. Мұндай қызығушылықты анықтау, кәсіпкер мүмкіндіктерін нарық қажеттіліктерімен сайкестендіру, немесе нарық қажеттіліктерін кәсіпкер мүмкіндіктерімен сәйкестендіру жолымен жүзеге асыруға болады.

Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі болып табылады, өйткені оның бастапқы сатысы, эдетте тек идеямен, ал кейіннен материалдық нысанға айналатын, ойлау қызметінің нәтижесімен байланысты.

Кәсіпкерлік жаңа тауар өндірісі, қызмет ету аясын ауыстыру немесе жаңа кәсіпорынды құру тұрғысынан болсын, инновациялық жағдайдың міндетті түрде болуымен сипатталады. Өндірісті, сапаны басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістері немесе жаңа технологияларды енгізу - бұл да инновациялық жағдайлар.

Кәсіпкерлікті құрамдас жүйе ретінде қарастырған дұрыс:

  • новаторлық инновациялық қызметті кәсіпкерліктің функциясы ретінде;

  • кәсіпкерлік іс-әрекет оның функциясын атқарушы және жүзеғе асырушы механизм ретінде.

Кәсіпкерлік қызметтің әрбір үлгісінің нәтижесі болып, кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаттары ретінде келесілерді айтуға болады:

  • кәсіпкерліктің қандай да бір объектісіне салынған капитал, қаржылық, ресурстық және материалдық қаражаттарынан пайда табу;

  • қоғам мүшелерінің, мемлекеттің немесе аймақтың нақты қажеттіліктеріне деген сұранысын қанағаттандыру;

  • өндірістік немесе делдалдық қызмет барысында мақсаттардың аясы ұлғаюы мүмкін. Мысалы, төмендегідей мақсаттар туындауы мүмкін:

  • жаңа нарықтарды жаулап алу және өндірісті дамыту үшін ақша қаражаттарын жинақтау;

  • ұйым қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсарту;

  • ұйым өніміне деген тұтынушылар сұранысын онтайландыру;

  • қоғамның моральдық және этикалық нормаларын жақсартуға, тұтыну мәдениетін жақсартуға және т.б. көмек корсету.

Кәсіпкерлер – коммерциялық мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операцияны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына жүктей алатын іскерлік әлемдегі адамдар. Кәсіпкерлік - бұл жаңа идеяларды жүзеге асыру мақсатында қандай да бір материалдық құндылықтарды толығымен немесе жартылай түрде қолдана отырып, оларды бизнесті ұйымдастыру үшін ұтымды пайдаланатын мүдделі және ынталы адамның интеллектуалды және іскерлік қарым-қабілеті. Кәсіпкерлік - бұл табыс әкелетін, кез келген өз бетінше жүргізілетін іс.

Кәсіпкерліктің мәні оның қағидаларымен жақсы сипатталады: адам мүддесіне жұмыстау, өнімді сатып алушыға сапалы қызмет көрсету, фирманың ішкі мәдени ортасын жақсы деңгейде ұстау және қорғау, серіктестік арасында өзара сыйласіық рухын үстану мен қолдау, үнемі алдыңғы қатарда жұмыс істеуге деген ұмтылыс. Кәсіпкерлік макро-мезо-микро деңгейлерде нақты элеуметтік-экономикалық ортада жүзеге асырылады. Демек, жоғарыда аталған ортада туындап, қалыптасады және дамиды. Оның ерекшеліктеріне байланысты жұмыс істейді, оған бейімделеді. Сондықтан, кәсіпкерлік осы ортаның өнімі болып табылады. Яғни, кәсіпкерлік - бұл өзіндік ынта-жігерге, жауапкершіл іс пен инновациялық кәсіпкерлік ортаға негізделген, экономикалық белсенділіктің (біз табыс табуға жұмысталған мақсатты қызмет деп сипаттайтын) ерекше түрі.

Осылайша, кәсіпкердің мақсаты тұтынушыны «жаулап алу», өзінің өнімін тұтынушыларының ортасын кұру қажеттілігі болып табылады.

Мақсаттарга қол жеткізу үшін кәсіпорынның ағымдық немесе болашақ саясаты шегінде кәсіпкерлік қызметтің нақты міндеттері анықталады және шешіледі. ¥йым саясаты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әдістері мен жұмысын, қоршаған ортаның қалыптасқан немесе оның өзгермелі жағдайларында ұйымның тиімді мінез-құлқын қамтамасыз ететін жағдайын, стилін анықтайды.

Кәсіпкерлік қызметтің міндеттері мен қойылған мақсаттарға қол жеткізуге септігін тигізетін шешімдерді екі жұмысқа бөлуге болады. Бірінші жұмыс - шешімі кәсіпкердің инноваңиялық қызметінің табысын қамтамасыз ететін міндеттер кешені, екінші жұмыс - шешімі жүзеге асырылған немесе енді ғана жүзеге асырылып жатқан өндіріс үрдісінің немесе делдалдық қызметтің тиімділігін қалыптастыратын міндеттер кешені.

Мысалы, пайданың өсуіне қол жеткізу үшін келесідей міндеттер кешенін шешуді талап етеді: өндіріс үрдісін оған қажетті факторлармен қамтамасыз ету, қаржыландыру көздерін іздестіру; бәсекенің өзгермелі жағдайларында кәсіпорынның түрақтылық деңгейін анықтау; өнім сатып алушылардың немесе клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру; онім сату көлемін көбейту; қызметкерлер санын төмендету; маркетингтік стра- тегияларды әзірлеу; жабдықтаушыны таңдау; бизнес бойынша серіктесті таңдау; ұйым отімділігін арттыру; қоршаган ортаны қорғау бойынша шараларды ұйымдастыру және т.б.

Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық мәні айқын немесе сұранысты толығымен қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының жаңа тұрғыдан үйлестіру (өнімді, технологияны, ұйымдастырушылық тәсілдерді жаңарту) әдістерін іздестіру мен жүзеге асыру болып табылады.

Соседние файлы в папке РЭТ каз