Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК тоталитаризм и демократия на каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
23.08.2019
Размер:
447.49 Кб
Скачать

2 Тақырып. Демократиялық процесс және оның акторлары

Тапсырмалар:

1. «Демократиялық процестердің акторы» дегеннің не екенін анықтау.

2. Демократиялық процестердің акторына не жататынын анықтау.

3. Тақырып бойынша терминологиялық сөздік құрастыру.

ОСӨЖ өткізу түрі:

«Ми арқылы шабуыл» («мозговой штурм») әдісі арқылы тақырыптың өзекті тұстарын ортаға салып, талқылау.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:

Дайындық барысында «демократиялық процестердің акторы» деген ұғымның мәнін түсіну керек және оның белгілерін анықтап, қызметтерін көрсете білу керек.

Демократиялық процестердің дамуы барысындағы акторлардың қызметіне сипаттама беру керек.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 15, 18, 20, 24, 26

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5, 8, 9, 10, 12, 16, 21, 22, 26, 28,

31, 34, 38

3 Тақырып. Демократия және демократиялық прициптер

Тапсырмалар:

Сіз машинамен жолда келе жатырсыз. Бұл жол Сізді демократиялық қоғамы мықты қалыптасқан мемлекетке апарады. Сіздің жолыңызда мінсіз демократияға қол жеткізуге кедергі келтірген көптеген қауіптерден өтуге тура келеді. Бірақ жолда Сізге бағыт беретін көрсеткіш-белгілер (указатель) кездеседі. Олар Сізге демократиялық қоғамның негізгі принциптерін атайды және шынайы демократиялық мемлекетке әкеледі. Сіздің әрекетіңіз:

Демократияның көрсеткіш-белгілері:

Демократиялық мемлекеттерде тұратын адамдарды ортақ принциптер біріктіреді. Біз бұл принциптерді демократияның указателями атаймыз.

Олар көбінесе Конституциялардың құрамдас бөлімі немесе құқықтар туралы Билльге айналады. Бірақ бірдей ұқсас екі демократиялық мемлекет жоқ. Адамдарға негізгі принциптер ортақ, олардың да өз мемлекетінен күтетіні сондай игі.

Төменде түсініктердің мысалы берілген демократияның указателями.

Елді басқаруға азаматтардың қатысуы

Демократияның көріністерінің бірі азаматтардың елді басқаруға қатысуы. Бұл демократиялық қоғамдағы азаматтың негізгі функциясы. Мемлекетті басқаруға қатысу тек қана құқық емес, әрі міндет. Ол әртүрлі формада көрініс табуы мүмкін. Мысалы, сайлауға өзінің кандидатурасын ұсыну, қоғамдағы толғандыратын мәселелерді талқылауға қатысу, жиындар мен митинглерге қатысу, үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс жасау, салық төлеу, тіпті қарсылық таныту. Азаматтардың басқаруға қатысуы демократиялық қоғамды нығайтуға жағдай жасайды.

Екі топқа бөлініп, тапсырманы орындаңыздар:

1. «Демократияға жол» картасынан өзіңіздің демократиялық мемлекетіңізді табыңыз және оған ат беріңіз. Оны сол картада көрсетіңіз.

2. Жеке параққа негізгі демократиялық принциптерді жазыңыздар. Енді жол бойына орналастырылған тік бұрышты формаларға белгілерді жазыңыз.

3. Нағыз демократиялық қоғамға қол жеткізу үшін кедергі келтіретін факторларды атап шығыңыз. Белгілерді жазыңыз: қате бұрылыстарды көрсететін (шеңбер түріндегі белгі); кедергілер (жоғары қараған үшбұрыш) және қауіптер (төмен қараған үшбұрыш). Бұл белгілер демократияға баратын жолдағы қиындықтарды көрсетеді.

4. Жолдың аяғында – нағыз, шынайы демократиялық қоғам. Адамдардың гүлденуі мен дамуына қажетті игіні атаңыз және картадағы орында көрсетіңіз.

5. Өз тобыңызда орындалған картаны екінші топтың орындаған картасымен салыстырыңыздар.

ОСӨЖ өткізу түрі:

ОСӨЖ интерактивті әдістердің бірін («ми арқылы шабуыл», шағын топтарда жұмыс, презентация) қолдану арқылы орындалады.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:

Төменгі курстарда үйренген әдіс дағдыларды қолдану керек.

Негізгі әдебиеттер: 1, 6, 7, 8, 11, 15, 18, 20, 24, 26

Қосымша әдебиеттер: 3, 4, 5, 8, 9, 10, 12, 16, 21, 22, 26, 28,

31, 34, 38