Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контрольная (отчёт)Кожевникова.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
247.71 Кб
Скачать
  1. Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мазмұны

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімі мен күнделікті мінез-құлықтарын қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанжандыру айрықша міндетті іс.

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқындауда А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский «қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамның мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шығармашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдып, өз мінез-құлықтарына қалыптастырады» деп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне идеялық маңыз беріп, мектеп тәжірибесінде кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.

Сондықтан, бүгінгі қоғамның талабына сай оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу процесінде мектеп алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі- оқу-тәрбие жұмысының барлық құрылымында құқықтық тәрбиеге айрықша мән беріп, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Себебі, мектеп-өскелең ұрпақты қоғамға даярлау процесіндегі негізгі бір әлеуметтік мекеме. Сол үшін де, ол бүгінгі жаңарған қоғамның құқықтық тәрбиеге қатысты талаптарын айқындап, соған сай баланың алғашқы мектеп табалдырығын аттаған күнінен бастап сана-сезімдерін қалыптастыру, мінез-құлық ережелерін меңгерту, адамгершілік қасиеттерін дамыту және келеңсіз жат-қылықтардан аулақ болуына, салауатты әрі дені сау өмір сүруіне қызмет етуі тиіс.

Олай болса, оқушы жастарға құқықтық білім беріп, олардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:

  1. Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және оларды сыйлау рухында тәрбиелеу.

  2. Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын болуға жаттықтыру.

  3. Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп жарғысы, оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Міне, осы қарапайым құқықтық нормалар төменгі сыныптан бастап жоғары сыныптарға дейін оқу-тәрбие процесінің барлық құрылымында түсіндіруден, білім беруден, оқытудан басталады.

  2. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе - бүгінгі таңдағы елімізді қайта құру кезеңінде парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімдерін және қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерін тәрбиелеу.

  3. Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, аадмгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу. Демек, құқықтық тәрбие арқылы оқушыларды күнделікті өмірде өздерінің жүріс-тұрысына басшылық жасауына дайындауы тиіс. Еліміздің өндіріс құралодары мен қорын қоғамдық меншік ретінде көздің қарашығындай сақтап, Отанымыздың қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарта түсуге талпынатын талапкерді тәрбиелеу.

  4. Біздің қоғамымыз гуманист-ұжымшыл, ол халық үшін қызмет жасайтын жан болуы керек. Ата-заңның 14-бабында «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп атап көрсетілген. Олай болса, адам баласы Қазақстан Республикасының азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне жұмсауға ат салысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті-жас-өспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу. Әр түрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.