Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3. жауап RESMI IS KAGAZDAR.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
51.91 Кб
Скачать

5. Алқалық ұйым іс қағаздары: анықтама, хабарландыру, аннотациялық парақ толтыру.

Анықтама – белгілі біреудің, адамның, тұлғаның бір нақты жайын (қызмет орнын, отбасы жағдайын т.б.) растау үшін берілетін іс қағаздарының бір түрі. Анықтама мекеме (ұйым) басшыларына беріледі.

Қағаздың сол жақ бұрышына мекеменің мөртабаны басылады да, онда анықтаманың берілген күні, шығыс қағазы ретінде тіркелу номері қойылады.

Басқа ресми іс қағаздар тәрізді, анықтама да аз сөзбен қысқаша жазылады, соңғы жағында анықтаманың қай мекемеге арналып, не үшін берілгені көрсетіледі, оны беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мөрі басылады.

Үлгі:

Анықтама

Бұл анықтама............... ауданы,.................

Кеңшар жүргізушісі ....................

..................................азаматқа беріледі.

Оның отбасында үш адам бар:

  1. Әйелі..........................19…ж. туған.

  2. Ұлы............................19..ж. туған.

  3. Қызы............................19...ж. туған.

Анықтама аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін беріледі.

Мөрдің орны. Ауылдық кеңес төрағасы:

..........................................(қолы)

Хатшысы:….............................(қолы)

Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне, жалпы көпшілікке алдағы уақытта болатын іс-шаралар туралы хабарлар жеткізетін іс қағаздардың бір түрі.

Үлгі:

Хабарландыру

05.06.12 жылы, сағат 15:00 –де сары залда Ақпараттық жүйелер мамандарының жиналысы болады.

НСО

6.Публицистикалық стильдің қызметтері.Жарнама,жарама тілі.Мысал келтіру.

БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады. Публицистика– қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады.

Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Бұл жағдай керісінше болуы тиіс. Алдымен қазақ елінде қазақ тілінде әзірлену керек. Сол тілдің ыңғайына жығылу, сол тілде қалай жазылса, үтір нүктесіне дейін қалдырмай, қазақ тілінде де солай жазу басым. Оған лайық балама немесе қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтау ұмыт қалғандай. Сөзбе-сөздіктің қазақ тілінің граматикалық құрылысына, қиыстыру жүйесіне қиянат жасаған жерлері баршыдық. Қиыны, міне осында. Небір жарнама аудармаларын оқып отырғанда, қарап отырғанда, не оқып, не түсінгенініді білмей қайран қаласың .Жарнамаға мысал

«Миллион - күн сайын!» жарнамалық акциясы туралы жалпы мәліметтер

Күн сайын 1 000 000 теңге ұтысқа салынады!

Әр жексенбі сайын 1 000 000 теңгелік қосымша жүлде ұтысқа салынады!

7 .Ресмик іс қағаздар тілінің стильдік ерекшеліктері мәселесін талдамас бұрын, ең алдымен оның тілдік тұрғыдан бастыдеңгейі мен жүйесін нақтылап алған жөн Ресми-іскерлік стиль деп ресми қатынастар, басқару мен құқықтық қарым-қатынастар салаларында қолданылатын сөйлеудің тілдесім ортасы, тілдің функционалды стилі аталады. Аталмыш салаға халықаралық қатынастар, заңнамалық құжаттамалар, экономика; әскери салаға қатысты құжаттар, жарнама, ресми мекемелердегі тілдесім, үкімет қызметі және т.б. жатқызылады. Оның негізгі кішірігім стильдеріне мыналардың қатысы бар: - заңнамалық (мемлекеттің басқару саласында қолданылады); - әкімшілік-кеңселік (мекеме құжаттары мен жеке іскери қағаздардың жүргізілуі); - дипломатиялық (үкімет пен дипломаттар арасындағы қатынастардың халықаралық деңгейдегі сипаты).

Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде оған төмендегідей анықтама келтірілген: «Ресми тіл– белгілі бір территорияда мемлекеттік заңдар, қаулы-қарарлар мен іс-қағаздарында қолданылатын құқықтық мәртебесі бар тіл.  Ресми-іскерлік стильдің ең басты белгісі ретінде оның көптеген сөйлеу стандарттары, яғни клишелері қабылданады. Егерде басқа стильдер үшін шаблонды құрылымдар стилистикалық жетіспеушілік болып саналса, ресми-іскерлік стиль үшін олар қалыпты, қажетті құбылыс ретінде қабылданады. Іскерлік құжаттардың басым көпшілігі материал берілуі мен баяндау формаларының жалпы қалыптасқан түрін айқындайды. Ал бұл өз кезегінде, оларды қолдану тәсілінің жеңіл әрі қарапайым болуын қамтамасыз етеді. Мәселен, іскерлік тәжірибесінің кейбір жағдайларында олардың тек толтырылуын қажет ететін дайын бланкілер қолданылады.      Жалпы алғанда, ресми-іскерлік стиль – бұл түрлі құжаттардың стилі: халықаралық келісімшарттар, мемлекеттік актілер, заңдар, үкімдер, жарғылар, нұсқаулықтар, қызметтік хаттар, іскери қағаздар және т.б. Ресми-іскерлік стиль өзінің түрлі жанрлары мен мазмұндарына қарамастан, барлығына бірдей бірнеше ортақ белгілермен сипатталад

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]