Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 9 кл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.09.2019
Размер:
303.1 Кб
Скачать
  1. Мәтінді оқып, аударыңдар, сұрақ қойыңдар. Астанадағы археологиялық мұражай.

Астанадағы археологиялық мұражайда көптеген құнды ескерткіштер сақтаулы. Мысалы, «Алтын адам» ескерткіші. Ол 1970 жылы Есік қорғанынан табылды. Оны қазақ археологі Кемел Әкішев тапты. «Алтын адамды» ғалымдар біздің заманымызға дейінгі 5-6 ғасырлар ескерткіші дейді. Оның киімі алтыннан жасалған. Ескерткіштен төрт мыңнан аса алтын бұйымдар табылды. «Алтын адам» ескерткішінің көшірмесі Алматыда Орталық мемлекеттік мұражайда тұр. «Алтын адам» ескерткішінен көптеген ыдыстар, қару-жарақ, әшекей бұйымдар табылды.

В архиологическом музее Астаны хранятся множество ценных памятников. Они найдены в 1970 г. в Иссыкском кургане. Его обнаружил казахский археолог Кемел Акишев. Ученые считают «Золотого человека» памятником V-VI вв н.э. Его одежда изготовлена из золота. В этом кургане было обнаружено более 4 тысяч изделий. Памятник «Золотому человеку» установлен в Центральном государственном музее г.Алматы. Из кургана было извлечено множество посуды, оружия, украшения.

1. Құнды ескерткіштер қайда сақтаулы?

2. Қандай ескерткіш?

3. Құнды ескерткіштер 1970 қайдан табылды?

4. Оны кім тапты?

5. Құнды ескерткіштер нешінші ғасырлар ескерткіші?

6. Оның киімі неден жасалған?

7. Ескерткіштің қасынан қанша алтын бұйымдар табылды?

8. «Алтын адам» ескерткіштің көшірмесі қайда тұр?

9. Алтын адам ескерткішінен қандай әшекей бұйымдар табылды?

2. «Қазақ халқыныңв салт-дәстүрлері» тақырыбына диалог құрастырыңдар.

  • Қазақ халқының қандай салт-дәстүрлерің білесің?

  • Қазақ халқының қырқынан шығару, шілдехана,бесікке салу,сүйінші қонақты қарсы алу,күту рәсімі; қалау тағы басқалар.

  • Салт дегеніміз не?

  • Салт дегеніміз атадан балаға, анадан қыз-келінге берілген болашақ ұрпақ саналы түрде өз бойына дарытуға тиіс әдет пен дағдылар деп білеміз.

  • Ата салты дегеніміз не?

  • Бұл салт қоғам және әулеттің міндеттері мен құқықтарын реттейді. Мысалы, билік айту, енші беру, үйлендіру, құда шақыру, ат-есім қою және т.б.

  • Ана және ене салты дегеніміз не?

  • Келінін, қыздарын бала тәрбиесіне баулу, ақ босағаға дайындау, сыр сандық – абысындар арасындағы сыр, қыз бен жеңге арасындағы сыр, шеше мен қыз арасындағы сыр, құдағилар арасындағы сыр т.б. ер адамдарға айтылмайтын сыр.

  • Әке салты дегеніміз не?

  • Мұрагерлік, отбасылық, тәлімгерлік, туысқандық – бұл салттар әкенің қоғам және өз ұрпағы алдындағы моральдік міндеттері мен құқықтарымен тығыз байланыста болады.

  • Жігіт салты дегеніміз не?

  • Жеке отау тігіп, отбасы аталғанға дейінгі менгеруге тиіс өнерлердің түрлеріне байланысты: бозбалалық, жігітшілік, сайып-қырандық, сарбаздық, атбегілік, құсбегілік, салсерілік т.б. салттар.

  • Қыз-келін салты дегеніміз не?

  • Неке салты, төркіндеу салты және т.б

  • Шілдехана дегеніміз не?

  • Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойнайды. Шілдехана думанды болса, сәби сергек, қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

  • Қырқынан шығару дегеніміз не?

  • Қырқынан шығару – нәрестенің туған күніне қырық күн толған соң, ыдысқа қырық бір қасық су құйып, соған баланы шомылдырады. Сәбидің қарын шашын, тырнағын алады. Ит жейдесін (алғашқы кигізілген жейдесі) шешіп алып, сақтап қояды. Мерекелік дастарқан жайылады.

  • Бесікке салу дегеніміз не?

  • Халқымызда бесік – қасиетті, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

  • Бесікпен отпен аластайды, содан кейін баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен дәстүрі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, сыйлы адамына жүктеледі. Мерекелік дастарқан жайылады, бесікке салған адамға кәде беріледі.

  • Тұсау кесу дегеніміз не?

  • Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, ала жіп есіп, екі аяғын тұсап, сүрінбей жүретін адамға тұсауын кестіреді, баланы қолынан ұстап, тез-тез жүгіртеді. Оған қуанысып, шашу шашылады, дастарқан жайылады, «тұсаукесер» кәдесі беріледі.

  1. Сөздерді құрамына қарай талдаңдар: табылады, заманымызға, мемлекеттік.

7 билет