- •2.«Төтенше жағдайлар» дегенге түсінік, зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.
- •3. «Тіршілік қауіпсіздігі» пəнінің міндеті қандай?
- •4.Табиғи қауіптер.Боран, Бұрқасын, дауыл,найзағай.Ғарыштыққауіптер.Астероидтар,Метеориттер,аспан денелерінің құлауы.
- •5. Әлеуметтік қауіптер.Олардың түрлері мен шығу тегі.Діни секталар, лаңкестік түсініктері.
- •7.Туберкулез ауруы:сипаттамасы, жұқтыру жолдары,салдары және емделу тәсілдері.
- •8. Табиғи қауіптер. Сел,су тасқыны,сырғыма, опырылма, қар көшкініні сипаты, пайда болу себептері.
- •9. Атмосфера, гидросфера, литосфера ластаушыларынан қорғану жолдары.
- •10. Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері, болдырмау шаралары.
- •11.Қазақстандағы Азаматтық қорғаныс:құрылымы мен қызметтері.
- •13. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар). Магнитудасы жəне қарқындылығы, өлшем бірліктері
- •14. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
- •15. Иондаушы сəулелер, олардың түрлері жəне сипаттамасы,ағзаға əсері, қорғану жолдары.
- •16. Радиоактивтілік .Радиоактивті заттардың шығу көздері? Адамның радияциялық зақымдалу ошағында болуының салдары.
- •17. Электромагнитті өрістің ағзаға əсері, олардан қорғану.
- •18. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация деген не, тж-да санитарлық тазалау және оны жүргізу.
- •19. Төтенше жағдай кезінде халықты жəне аймақты қорғау. Тж халықты көшіру (эвакуация) жəне қоныстандыру.
- •20. Шудың, дірілдің ағзаға əсері, олардан қорғану.
- •21.Жер сілкінісі кезінде үйде (пəтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлер. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-əрекеті.
- •22. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-əрекеті.
- •23. Халықтың су тасқыны кезіндегі іс-əрекеті.
- •24 Халықтың сел кезіндегі іс-əрекеті.
- •25 .Халықтың қар көшкіні,сырңыма,опырылма кезіндегі іс-әрекеті.
- •26.Секталар жөнінде түсінік,олардың түрлері.Секталардың адамдарды өзіне тартуы,ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •32.Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс әрекеті.
- •34.Аэс да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқа шықққанда халықтың іс әрекеті.
- •35. Радияциялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс-әрекеті
- •38 Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекеті.
- •40 Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-әрекеті.
19. Төтенше жағдай кезінде халықты жəне аймақты қорғау. Тж халықты көшіру (эвакуация) жəне қоныстандыру.
Төтенше жағдайда халықты қорғау.Бейбіт уақытында барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радияцияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты гараждарында және басқа да паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп сондайақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру; соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.Халық аймақтық және көлемді төтеше жағдайлар аймағынан қауіпсіз орынға авиациялық авиациялық және су көліктері арқылы, төтенше жағдайлар аймағынан көліктің әр түрін тарта отырып және жаяу жүру тәртібімен қауіпсіз аймақтың сыртына шығарылады; соғыс уақытында қарулы күштерін тасымалдауға жатпайтын авиациялық, темір жол, автомобиль және көліктердің басқа да түрлерімен тасымалданады, көлік құралдары жетіспеген жағдайда көшіру бекеттерінің аралығына дейін жаяу жүру тәртібімен ұйымдасқан түрде көшіріледі.Төтенше жағдай кезінде халықты көшіру (эвакуация) және қоныстандыру.Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс. Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда халықты қауіпті аймақтардан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.Қауіпті аймақта эвакуацияланатын халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы ( пункті) белгіленеді.Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі. Эвакуациялауды жоспарлау;1.Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың ,бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;2.Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;3.халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;4.көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;5.стансаларды,аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау,көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;т.б.