Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
топики.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
30.76 Кб
Скачать

Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері

Дүние жүзі мәдениетінің қазынасына үлкен үлес қосқан әйгілі классиктер – Рудаки, Фердауси, Омар Һайам, Сағди, Хафиз, Жәми, Науаи, Низами, Мақтұмқұлы, Абай – поэзия алыптары. Абулхасын Рудаки – иран-тәжік әдебиетінің негізін салушы. Ол данышпан ойшыл, ақын, асқан әнші, сазгер болған. Шығыс поэзиясының жарық жұлдызы - Әбілқасым Фердауси (910-1030). Оның «Шахнама» эпопеясы тәжік-парсы поэзиясында ғана емес, күллі әлем әдебиетінен орын алады. Әлемге аты жайылған математик, философ, ақын Омар Һайамның (1030-1132) «Алгебра туралы трактатының» маңызы өте зор. Парсы-тәжік әдебиетінің аса ірі өкілі, дүние жүзі әдебиеті лириктерінің бірі – Шамсаддин Мұхаммед Хафиз (1300-1380). «Хафиз» ақынның бүркеніш аты (псевдоним). Өйткені сол заманда құранды басынан аяғына дейін жатқа айтқан адамды «Хафиз» дейді екен. Ақын өз кезінде сол атаққа ие болады. Оның «Ғазал», «Шираз бұлбұлы» деген жырлары өте жоғары бағаланады. Әбдірахман Жәми (1414-1422) парсы-тәжік классикалық әдебиетінің ең соңғы ұлы шайыры (ақыны). Жәмидің көп өлеңдері ғашықтық тақырыбына арналған: «Жібек шаш», «Көз жасының меруерті», «Махаббат тұтқаны», «Ләйлі – Мәжнүн» - жиһанға мәлім шығармалары.

Алтынның аралы

Швейцарияның бейтараптығының өзі Екінші дүниежүзілік соғысты айтпағанда, Бірінші дүниежүзілік соғыстан бір ғасыр бұрын жарияланды.

Қол қойылған жері – Париж, қол қойған мемлекеттер – Австрия, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Португалия, Пруссия. Үш ғасыр бұрын, осы ел басшыларының басты назарды банк ісін дамытуға бағыттаған көрегендігіне таңқалуыңызға болады. Алақандай ғана ел жер бетіндегі жеке капиталдың үштен бірінің сақтаушысы болып отыр. Банктердің берекелі жұмысы бейбіт заман тұрмақ, сұрапыл соғыстың кезінде баршаға керек көрінеді. 1713 жылы Швейцарияда алғаш рет «банк құпиясы» ұғымы қағазға түсіпті. Банк құпиясының сақталатындығы бар әлемнің ақшасының осы алақандай елге ағылуына мүмкіндік берді. Осы саясат Швейцарияны бүкіл әлемнің банкир елі етті. Бұл елдің бір өзінде төрт жүзден астам банкі бар. Сонымен әлемнің қай елі болмасын Швейцарияның тыныштығы мен тұрақтылығына мүдделі. Оның бейтараптығын құрметтейді, сақтайды. Оған ешқандай саяси қысым жасай алмайды. Осындан үш ғасыр бұрынғы дана билеушілерінің көрегендігімен Еуропаның ең ортасындағы оймақтай ел әлемнен ойып тұрып өз орнын алды.

Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Шоқан Уәлиханов - қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы және зерттеуші. Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерінде туған.«Шоқан» - деген аты әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды өте жақсы көрді.

Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде орысша бір ауыз сөз білмей келген Шоқан, екі-үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Ол сол кезде оқуға тыйым салынған кітаптарды оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.Шоқан Уәлиханов Семей, Аягөз, Капал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинады. Оның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т.б. зерттеулері бар. 1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озық ойлы ғалымдары П.П.Семенов - Тянь-Шанскиймен, Ф.М.Достоевскиймен дос болды. Ф.М.Достоевский Шоқанды туған бауырындай көрді. Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Алматыда, Көкшетауда ескерткіштер орнатылды. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]