Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уч.пракАхметов А 3-курс.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.09.2019
Размер:
326.14 Кб
Скачать

«Корпоративтік қаржы» бөлімі бойынша тапсырмалар

Тапсырма №1. Баланс активтерінің құрылымы мен құрамының динамикасын талдау. Бұл талдау кәсіпорынның бүкіл мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы өсу немесе кему мөлшерін анықтауға мүмкіншілік береді. Активтердің өсуі (кемуі) кәсіпорын қызметінің кеңейгенін (тарылғанын) көрсетеді. Активтерді талдауда қаржылық есептің негізгі элементі болып табылатын олардың құрамы, құрылымы және олардың өзгерістері. Активтердің жалпы және жекелеген баптары бойынша құрылымын талдау, оларды рационалды түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кесте 1 – Кәсіпорынның баланс активтерін құрамы мен құрылымы, үш жыл бойынша

Показатели

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

сомасы, мың тенге

Үлес салмағы, %

сомасы, мың тенге

Үлес салмағы, %

сомасы, мың тенге

Үлес салмағы, %

Активтердің құны барлығы соның ішінде

100

100

100

1.1. Ұзақ мерзімді активтер, оныңішінде:

Негізгі қаражаттар

Материалдық емес активтер

Басқа да ұзақ мерзімді активтер

Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар

1.2.ағымдағы активтер, оның ішінде:

Тауарлы-материалдық қорлар

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар

Ағымдағы салықтық активтер

Басқа да қысқа мерзімді активтер

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері

1 кестенің есептеулері бойынша тұжырымдама жасаңыз

Есептептеп тұжырымдама жасау керек:

  1. Қарыздарды жабуға арналған қаражаттардың үлесі ретінде сипатталатын кәсіпорын активтерінің мобильділік (жұмылдырылу) коэфициентін (А қосымшаны қараңыз).

  1. Шашыратылған (иммобилизацияланған) және жұмылдырылған қаражаттардың өзара қатынасы коэффициентін (А қосымшаны қараңыз). Ол ағымдағы активтер құнының ұзақ мерзімді активтер құнына қатынасымен анықталады.

  1. Айналым қаражаттарының (ағымдық активтер) жұмылдырылу коэфициентін (А қосымшаны қараңыз), ол жұмылдырылуы жоғары бөлігінің (ақша қаражаттары) ағымдағы активтер құнына қатынасымен анықталады.

Тапсырма № 2 Баланс активтерінің қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Бұл жерде кәсіпорынның мүлігінің түсуі, сатып алынуы және қалыптасуы, олардың қатынасы қаржылық тұрақтылықты анықтайтын, меншік және қарыз қаражаттары есебінен құрылуы мүмкін екендігін есепке алу керек

Кесте 2 – Үш жылдық мәліметтері бойынша авансталған капиталдың құрамы мен құрылымы.

көрсеткіштер

2009жыл

2010 жыл

2011 жыл

сомасы, мың. тенге

Үлес салмағы, %

сомасы, мың. тенге

Үлес салмағы, %

сомасы, мың. тенге

Үлес салмағы, %

Капитал мен міндеттемелер, барлығы

100

100

100

1.1. Капитал жиынтығы: оның ішінде

Жарғылық капитал

Бөлінбеген пайда

1.2. Барлық міндеттемелер: оның ішінде

1.2.1. ұзақ мерзімді міндеттемелер

Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

Кейінге қалдырған салықтық міндеттемелер

Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер

1.2.2. Ағымдағы міндеттемелер, барлығы

Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер

Қысқа мерзімді бағалық міндеттемелер

Салық бойынша міндеттемелер

Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер

2 кестенің есептеулері бойынша тұжырымдама жасау

Есептеп, тұжырымдама жасау керек:

  1. Тәуелсіздік коэфициентін (А қосымшаны қараңыз). Бұл коэфициент кәсіпорынның қарыз қаражаттарынан қаншалықты тәуелсіз екендігін және меншік қаражаттарын оңтайландыру қабілетін анықтайды.

  1. Авансталған капиталдың құрамындағы қарыздың үлесін сипаттайтын тәуелділік коэффициентін (А қосымшаны қараңыз),

  1. Меншік капиталдың тартылған капиталға қатынасымен сипатталатын қаржыландыру коэффициентін (А қосымшаны қараңыз)

  1. Тартылған капиталдың меншік капиталға қатынасын білдіретін қарыз қаражатардың меншік қаражаттарына қатынасы коэфициентін (А қосымшаны қараңыз) ), немесе, оны, инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды.

  1. Қаржылық тұрақтылық коэффициентін (А қосымшаны қараңыз),

  1. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің, меншік капиталы мен ұзақ мерзімді міндеттемелер қосындысына қатынасымен анықталатын қарыз қаражаттарды ұзақ мерзімге тарту коэфициентін (А қосымшаны қараңыз),

Тапсырма №3. Баланстың өтімділігін талдау. Қаржылық тұрақтылығын талдамай кәсіпорынның қаржалық жағдайын бағалау толық емес болып табылады. Кәсіпорынның балансының өтімділігін талдау арқылы активтердің жағдайы мен пассивтердің жағдайы салыстырылады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның өз қарыздарын жабу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Кесте №3 – Кәсіпорынның пассивтерінің төлену мерзімінің деңгейі бойынша және баланс активтерінің өтімділік деңгейі бойынша топтамалары

Актив

Сома

Пассив

Сома

2009жыл

2010 жыл

2011 жыл

2009жыл

2010 жыл

2011 жыл

А1. өтімді активтер

П1.Ең жедел міндеттемелер

А2.тез өтімді активтер

П2.қысқа мерзімді міндеттемелер

А3. Жәй өтімді активтер

П3.ұзақ мерзімді міндеттемелер

А4.өтімділігі төмен активтер

П4. Тұрақты міндеттемелер

Жиыны

Жиыны

Өтімділік деңгейіне байланысты, яғни ақша қаражатына айналу жылдамдығына байланысты, кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

  1. Өтімді активтер = Ақша қаражаттары + қысқа мерзімді қаржылық салымдар

  2. Тез өтімді активтер = қысқа мерзімді дебиторлық берешектер+басқа да қысқа мерзімді активтер;

  3. Жәй өтімді активтер = Қорлар−Болашақтағы шығындар+ҚҚС+Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар+Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер;

  4. Өтімділігі төмен активтер= «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінің жиыны –Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

Баланс пассивтері оларды төлеу мерзімінің деңгейіне байланысты топтарға бөлінеді:

  1. Ең жедел міндеттемелер = Кредиторлық берешектер+Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер;

  2. Қысқа мерзімді пассивтер=Қысқа мерзімді займдар, несиелер («Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінен);

  3. Ұзақ мерзімді пассивтер= «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» бөлімінің жиыны;

  4. Тұрақты пассивтер= «Капитал» бөлімінің жиыны−Болашақтағы шығындар (1-ші бөлімнен «Қысқа мерзімді активтер»+ «Болашақтағы табыстар» ( 3-ші «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінен )

Баланстың өтімділігін анықтау үшін активтер мен пассивтердің келтірілген топтарын салыстыру керек.

Баланс толық өтімді болып табылады, егер келесідей шарттар орындалса:

● Өтімділігі жоғары активтер ≥ Наиболее срочные міндеттемелер;

  • Тез өтімді активтер > Қысқа мерзімді пассивтер;

  • Жәй өтімді активтер > Ұзақ мерзімді пассивтер;

  • Өтімділігі төмен активтер < Тұрақты пассивтер.

Егер кейбір теңсіздіктер келтірілген шектеулермен сәйкес келмесе, онда баланс өтімділігінің абсолюттік деңгейден айырмашылығы жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бір топтамадағы қаражаттардың жетіспеушілігінен (артықшылығынан) екінші топтамадағы өтімділігі төмен активтер басқа топтамадағы өтімді активтерді алмастыра алмайды және керісінше. Өйткені ең жедел міндеттемелер өтімділігі төменірек активтер есебінен жабыла алмайды.

3 кестенің есептеулері бойынша тұжырымдама жасау

Есептеп, тұжырымдама жасау керек:

  1. Ұйымның барлық өтімді қаражаттарының барлық төлем қаражаттарының сомасына қатынасын көрсететін баланс өтімділігінің жалпы коэфициентін(см. Приложение А).

  1. Ағымдағы өтімділік коэфициентін. Бұл ағымдағы пассивтердің ағымдағы активтермен жабылу деңгейін көрсетеді. Бұл шама қаншалықты жоғары болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі соншалықты жоғары болады.

Ктл = (қысқа мерзімді активтер-болашақтағы шығындар)/қысқа мерзімді міндеттемелер

  1. Мерзімді өтімділік коэфициенті (Коэффициент срочной ликвидности) бұл коэфициент ағымдағы өтімділік коэфициентіне қарағанда ағымдағы активтердің аз бөлігі қамтылады, яғни материалдық өндірістік қорлар есептелмейді. Мерзімді өтімділік коэфициенті кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерді тартылған қаражаттар есебінен, қысқа мерзімді қаржылық салымдар және шоттағы қаражаттар есебінен (дебиторлық берешектер) жабу әдістерімен сипатталады.

Кликв. = (Ақша қаражаттары+Қысқа мерзімді салымдар+Қысқа мерзімді дебиторлық берешектер)/Қысқа мерзімді міндеттемелер

  1. Абсолютті өтімділік коэфициенті кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтімділігі жоғары активтердің және қысқа мерзімді қаржылық салымдар есебінен жабу қабілетімен сипатталады. Ол қысқа мерзімді қарыз міндеттемелердің қай бөлігі тез арада жабылатындығын көрсетеді.

Кабс.ликв.=( Ақша қаражаттары + Қысқа мерзімді қаржылық салымдар)/ Қысқа мерзімді міндеттемелер.

  1. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті - компанияның жиынтық активтеріндегі таза активтерінің үлесі.

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті компанияның меншікті капитал есебінен қаржыландырылатын активтердің үлесін көрсетеді. Ол, меншікті қаражаттары мен ұзақ мерзімді несиелер мен зайымдардың қосындысын актив жиынтығына бөлу арқылы анықталады. Бұл коэффициент үшін стандарт ретінде 0,5 - 0,7 аралығындағы интервалдағы мағына қолданылады.

  1. Автономия коэффициенті кәсіпорынның жалпы қаражаттарының құрамындағы меншік қаражаттарының қайнар көзінің үлесін көрсетеді және ол былай анықталады:

Автономия коэффициенті = меншік және оған теңестірілген қаражаттар көзі/ баланс жиынтығы

Тапсырма№4 Кәсіпорынның табыстары мен шығыстарын талдау.

Кесте 4 – Үш жылдық табыстары мен шығыстары*

көрсеткіш

2009жыл

2010 жыл

2011 жыл

Сомасы

өзгеріс

Сомасы

өзгеріс

Сомасы

өзгеріс

тенге

%

тенге

%

тенге

%

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтерден түскен табыс

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

Жалпы пайда

Қаржыландырудан түскен табыс

Басқа да табыстар

Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтер бойынша шығындар

Әкімшілік шығындар

Қаржыландыру шығындары

Басқа да шығындар

Салық салғанға дейінгі пайда(залал)

Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар

Уақыт соңындағы жиынтық пайда(залал)

4 кестенің есептеулері бойынша тұжырымдама жасау