Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Қазақ тілі 12-13.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
47.07 Mб
Скачать

2.2.12. «Анасына қарап, қызын ал» деген мақалды қалай түсінесіз? деген сұраққа жазбаша жауап беріңіз.

2.2.13. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Қалыңдықты … күйеу жігіт бас құдамен, достарымен, туыстарымен келеді.

А) көруге;

Ә) алып кетуге;

Б) кездесуге;

В) сөйлесуге.

2. Қыз баланың тәрбиесіне … ықпалы көп.

А) анасының;

Ә) әкесінің;

Б) құрбыларының;

В) мектептің.

3. Келінді жігіттің туыстарымен таныстыратын - … .

А) үй көрсету;

Ә) беташар;

Б) келіннің үйге түсуі;

В) келіннің жеңгесімен сөйлесуі.

2.2.14. Отбасылық бюджет туралы.

О тбасылық экономика, ең алдымен, жоспарлауды қажет етеді. Отбасының бюджеті неғұрлым қарапайым болса, солғұрлым оны жоспарлау тиянақты болғаны жөн. Жоспарлауды қалай жүзеге асыруға болады?

Поляк авторлары Б.Киселевская мен Г.Сарновская шаруашылық кітабын жүргізуді ұсынады. Кітап үш бөліктен тұрады: кіріс, шығыс және төлемдер, қаржыны жинау. Отбасы мүшелерінің айлық жалақылары, стипендиялары тағы басқа табыстар кіріс бөліміне, пәтерге, электроэнергияға т.б. төленетін ақша шығыс бөліміне жазылады. Оларды уақтылы төлеп тұру қажет. Шығынның ең маңыздысы – тамақ үшін жарататын ақша болып есептеледі. Күнделікті тамаққа кететін ақша белгілі, соны 30 күнге көбейту керек. Сондай-ақ санитария мен гигиена заттарына кететін шығындарды да естен шығармаған жөн. Егер жұбайлар жас нәресте күтіп отырған болса, оған қажетті төсек орын, арба, киім-кешектер жайлы да ұмытпау керек.

Кассалық кітапшадағы «қаржыны сақтау» бөлімі бос болып қалмау керек. Оған ақша салу үшін көңілге ұнаған заттарды сатып ала бермей, қажеттілерді ғана алып, әзірге қажетсіз болып саналатындардан бас тарта білген жөн.

2.2.15. Төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын салыстырып оқып, ұғып алыңыз.

Отбасылық экономика – мемлекет экономикасы

Отбасының бюджеті – мемлекеттің бюджеті

Шаруашылық кітабы – оқушының кітабы

Бақылаудың жақсы түрі – есептеудің жақсы түрі

Айлық жалақы – аз немесе көп жалақы

Уақтылы төлеп тұру – жылдам төлеп тұру

Жас нәресе күту – баланың тууын күту

Бос болып қалу – ақша салмау

Көңілге ұнаған заттар – жақсы заттар

Қажетсіз болып қалу – ұнамай қалу

2.2.16. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.Отбасылық бюджет неден құралады деп ойлайсыз?

2. Отбасылық бюджетті жоспарлау деген не?

3. Шаруашылық кітабы не үшін керек, ол қандай бөлімдерден тұрады?

2.2.17. Анықтауыштық мағыналы сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Менің анам әдемі – Моя мама красивая

Менің ағам – қаржыгер – Мой брат – финансист

Сенің ұлың адал – Твой сын добросовестный

Сіздің оқушыңыз ұқыпты – Ваш ученик прилежный

Оның үйі үлкен – Его дом большой

Ленаның үйі алыс – Дом Лены далек

Қазақтың жері кең – Земля казахов просторна.

2.2.18. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.

Үлгі: Мынау сенің кітабың ба? Жоқ, бұл менің кітабым емес, Омардың кітабы.

1. Сіздің отбасыңызда ақшаны әкеңіз ұстай ма? (анам)

2. Сіздің отбасыңызда кіріс ақша көп пе әлде шығыс ақша көп пе? (шығыс)

3. Алманың көйлегі қызыл ма, қоңыр ма? (қызыл)

4. Жазда Алматыға барасың ба, бармайсың ба? (барамын)

5. Сіз жазғы демалысқа баруға ақша жинадыңыз ба әлде жоқ па? (жинадым)

БОӨЖ тапсырмасы:

«Жаңа дәстүр, жаңа салт» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

3. Қазіргі тұрғын үй