Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Политехникалық колледжіндегі ішкі тәртіп ережел...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
147.46 Кб
Скачать

7. Жұмыстағы және қызметіндегі табыстары үшін ынталандырулар

7.1. Өзінің еңбек міндеттемелерін үлгілі орындағаны, жарыстағы табыстары, ұзақ және мінсіз жұмысы үшін, бастамашылдығы, шығармашылық еңбегі және жұмысындағы басқа да жетістіктері үшін, оқу орынның оқытушылары мен қызметкерлеріне келесі ынталандырулар қолданылады:

  1. Алғыс жариялау

  2. Құрмет грамотасымен марапаттау

  1. Құнды сыйлықпен марапаттау

  2. Сыйақы беру.

Ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен сондай-ақ басқа да ынталандырулар ескерілуі мүмкін.

Ынталандыруды қолдану оқу орнының кәсіподақ комитетімен бірге іске асырылады.

Ынталандырулар бұйрықпен жарияланады, барлық ұжымға жеткізіледі және қызметкердің еңбек кітапшасына жазылады.

Ынталандыру шараларын қолдану кезінде материалдық және моральдық ынталандырулар қамтамасыз етіледі.

  1. Өз еңбек міндеттемелерін табысты және ұқыпты орындайтын қызметкерлерге бірінші кезекпен әлеуметтік-мәдени және тұрғын үй –тұрмыстық қызмет көрсету саласында басымдылықтар және жеңілдіктер беріледі. Мұндай қызметкерлерге қызмет бойынша жылжуда басымдылықтар ұсынылады.

  2. Оқу орын қызметкерлерінің ерекше сіңген еңбегі үшін, жоғары да тұрған органдарға ордендермен, медальдермен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен, төс алқа белгілерімен, Құрметті атақтарды иелендірумен марапаттауға ұсынылады.

7.4. Сабақтағы жақсы үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін оқушыларға ынталандырудың келесі шаралары қолданылады:

  1. Алғыс жариялау.

  2. Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен марапаттау.

7.5.3 Құрмет кітабына, Құрмет тақтасына енгізу.

7.5.4. Құнды сыйлықпен, ақшалай сыйақымен марапаттау.

Оқушыларды ынталандыру студенттік өзін өзі басқару органдарының, сынып жетекшілерінің және бөлім меңгерушілерінің ұсынысы бойынша қолданылады.

Ынталандырулар бұйрықпен жарияланады, барлық топ оқушыларына жиналыста жеткізіледі. Ынталандыру туралы бұйрықтың үзінді көшірмесі оқушының жеке парағында сақталады.

7.5 Оқуда және қоғамдық өмірде көрсеткен табыстары үшін оқушыларға, белгіленген тәртіп бойынша стипендияның мөлшері көтеріледі.

7.6. Үздік оқуын көрсеткен және қоғамдық өмірде үздік табысқа қолы жеткен оқушылар колледжде бір семестр мерзіміне белгіленген атаулы стипендияның тағайындалуына ұсынылады.

8. Еңбек және оқу тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық

8.1. Еңбек тәртібін бұзу, яғни оған жүктелген еңбек міндеттемелерінің қызметкердің кінәсі бойынша орындалмауы және дұрыс орындалмауы, тәртіптік немесе қоғамдық әсер ету шараларын қолдануға әкеледі, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен ескерілген, басқа шараларды қолдану.

8.2. Оқу орынның әкімшілігі еңбек тәртібін бұзғаны үшін, келесі тәртіптік ескертпелерді қолданады:

8.2.1. Ескерту

8.2.2. Сөгіс

8.2.3. Қатаң сөгіс

8.2.4. Еңбек келісімін бұзу

8.3.Тәртіптік ескертпелерді қолданып жұмыстан шығару, қызметкердің еңбек келісімімен жүктелген міндеттерін ешқандай себепсіз жүйелі түрде орындамағаны үшін, кәсіподақ комитетімен келісіп қызметкерге қолданылуы мүмкін. Егер қызметкерге ешқандай себепсіз жұмыста болмағаны үшін (соның ішінде жұмыс күні бойы үш сағаттан артық бойы жұмыста болмаса) тәртіптік немесе қоғамдық ескерту шаралары бұрын қолданылса, сондай-ақ жұмысқа мас күйінде келсе қолданылады.

8.4 Жұмыс күні бойы ешқандай себепсіз жұмысқа келмеуі себепсіз кешігу деп есептеледі.

Ешқандай себепсіз жұмыс күні бойы үш сағаттан артық бойы жұмыста болмаған қызметкерлер себепсіз кешігушілер деп есептеледі және оларға да сол себепсіз кешігуге белгіленген жауапкершілік шаралары қолданылады.

8.5. Тәртіптік ескертпелер оқу орнының директорымен орынбасарларының жеткізуімен қолданылады.

Оқу орнының әкімшілігі тәртіптік ескертпелерді қолданудың орнына, кәсіподақ комитетінің қарауына еңбек тәртібінің бұзылуы туралы сұрақты тапсыруға құқығы бар.

8.6. Кәсіподақ комитеті еңбек міндеттемелерін ұқыпсыз орындайтын қызметкерлерге қатаң талап қояды: еңбек тәртібін бұзғаны үшін ұжым мүшелеріне қоғамдық ескертпелер шараларын қолданады; еңбек тәртібін бұзушыларға заңнамада ескерілген ықпал ету шараларын қолдану туралы мәселені қояды.

8.7. Ескерту шараларын қолдануға дейін, еңбек тәртібін бұзушыдан жазбаша түрде түсіндірме талап етілуі тиіс. Қызметкердің өз жағдайын түсіндіруге қарсы болуы, ескертуді қолдануға кедергі болмайды.

8.8. Тәртіптік ескертпелер қызметкердің бұрыс қылығын әкімшіліктің тікелей байқауымен, бірақ оны байқаған күннен бір айдан кеш емес, қызметкердің ауырған немесе оның еңбек демалысында болған уақытын есептемей қолданылады.

8.9 Тәртіптік ескертпелер бұрыс қылық жасаған күннен бастап, алты айдан кеш қолдануы мүмкін емес.

8.10 Әр еңбек тәртібін бұзғаны үшін, тек бір ғана тәртіптік ескертпе қолданылады, оны қолдану туралы бұйрық үш күндік мерзімде қызметкерге қолхатпен хабарланады.

8.11 Тәртіптік ескертпенің әрекет ету мерзімі бойы, осы Үлгілік ережеде көрсетілген ынталандыру шаралары қызметкерге қолданылмайды.

8.12. Оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін оқушыларға келесі ескертпелер қолданылуы мүмкін:

  1. Ескерту

  2. Сөгіс.

8.12.3. Қатаң сөгіс

8.12.4. Оқу орнынан шығару

Тәртіптік ескертпе оқу орны директорының бұйрығымен жарияланады.

8.13. Оқу орнынан шығару нашар үлгерімі және тәртіпті дөрекі бұзуы үшін жазалаудың ең соңғы шарасы ретінде қолданылуы мүмкін.

Оқушыны оқу орнынан шығару жөніндегі шешімді студенттік басқару органының пікірін ескеріп директор шығарады, ал кәмелетке толмаған оқушыларды қалалық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша комиссиямен келісіп шығарады.

Оқушыларға тәртіптік ескертпелер бұрыс қылығын байқаған кезде тікелей, бірақ оны байқаған күннен бір айдан кеш емес, (оқушының ауырған немесе жазғы демалыста болған уақытын есептемей) қолданылады, бірақ ол бұрыс қылық жасаған күннен бастап, алты айдан кеш қолданылмайды.

Егер оқушы тәртіптік ескертпе қолданған күннен кейін жыл бойы, жаңа тәртіптік ескертпе қолданылмаса, онда ол тәртіптік ескертпеге тартылмаған деп есептеледі.

8.14. Оқушылардың еңбек кітапшаларына оқудан шығару себептерін көрсетпей колледждің күндізгі бөлімінде оқығаны уақыты туралы жазу жазылады.

Ішкі тәртіп ережелері әр қызметкерге және оқушыға жеткізіледі және колледждің бөлмелеріндегі ең көрінетін жеріне ілініп қойылады.