Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Огюст Конт.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
156.16 Кб
Скачать

Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтеріне әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар жатады.

Қоғам әртүрлі топтардың: үлкен және кіші, реалды және номиналды, алғашқы және кейінгі топтардың жиынтығы. Топ адамзат қоғамының фундаменті. Әлеуметтік топ деп - әлеуметтік белгілері бар кез-келген адамдардың жиынтығын айтамыз (жынысы, жасы, ұлты, нәсілі, кәсібі, табысы, білімі т.б.). Әлеуметтік топ – жеке адам мен тұтас қоғамның арасындағы өзіндік байланыс. Сонымен қатар, топ ұжымдық процестер қалыптасып, дамитын орта ретінде де сипатталады.

Сонымен, әлеуметтік топ – жеке адамдардың бірлескен, ынтымақтасқан әрекетті жүзеге асыру қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың, олардың бірлестіктерінің әлеуметтік өзара әрекетінің негізгі бір формасы.

Ғалымдардың пайымдауынша, адамдардың көптеген ерекшеліктері – абстрактылы ойлау, сөйлеу, тіл, өзіндік тәртіп пен адамгершілік қасиеттері топтық әрекеттің нәтижесінен болады. Топтарда норма, ереже, дәстүр, әдет-ғұрып, рәміздер туындайды, яғни топтарда әлеуметтік өмірдің фундаменті қаланады. Әлеуметтік топтарды ауқымына, әлеуметтік белгілеріне қарай былайша жіктеуге болады:

1) номиналды топ – тұрғындарды статистикалық есепке алуға арналады. Бұндай топты әлеуметтік категория деп те атайды. Әлеуметтік категория - тұрғындарға статистикалық сараптама жасау мақсатында құрастырылған топ. Олар үлкен әлеуметтік топтарға жатады (мысалы: психдиспансерде есепте тұрғандар, көпбалалы, азбалалы отбасылар т.б.).

2) реалды топтар – үлкен және кіші болуы мүмкін. Олардың реалды аталуының себебі, бұндай топта адамдар нақтылы әлеуметтік белгілеріне қарай ажыратылады. Реалды топтардың өзін жеке таптарға бөлуге болады:

- стратификациялық: құлдар, касталар, жіктер, таптар;

- этникалық: нәсіл, ұлт, халық, тайпа, клан;

- территориялық: қалалық, ауылдық т.б.

Әлеуметтік топтарды қарастыру барысында әлеуметтік ұйым түсінігімен кездесеміз. Ұйым легитимді мақсаттарға жету үшін құрылған адамдар бірлестігі. Ұйымдар құрамына қарай үлкен де, кіші де болып кездеседі. Осыған орай әлеуметтік ұйымдар алғашқы және екіншілік (кейінгі) ұйымдар болып екіге бөлінеді.

Алғашқы топ – индивидтердің алғаш рет әлеуметттенуі жүретін, қарым-қатынастары, жеке дара, формалды емес сипатта болатын топ. Топ мүшелерінің негізгі мақсаты өзара араласу.

Екіншілік топ – мүшелерінің арасындағы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жеке емес сипатта болатын топ. Мұндай топ ортақ мақсатқа жету үшін құрылып, ондай қажеттілік жойылғанда тарайды.

Қоғамның келесі элементі әлеуметтік қаумдастық болып табылады. Әлеуметтік қауымдастықтарға – таптар, қабаттар, қоғамның ірі бірлестіктері жатады. Әлеуметтік қауымдастықтар – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, ынтымақтастық әрекетті іске асыруға деген олардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тұтас жиынтығы. Яғни, әлеуметтік қауымдастықтар өмірлік іс-әрекеттерімен, қандай да бір топқа қатысты өзара байланысатын индивидтерімен, тарихи қалыптасқан территорияға жатуымен, өзара іс-әрекет ететін индивидтердің, топтардың әлеуметтік институттарға қатысымен сипатталатын адамдар жиынтығы.

Әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасып, дамуы оның элементтері индивидтердің әлеуметтік байланысы мен өзара ықпалдасуының негізінде жүреді. Әлеуметтік байланыс негізі нақты бір әлеуметтік қауымдастықты құратын адамдардың іс-әрекетімен сипатталады. Әлеуметтік қауымдастықтар ұлттық, діни, мәдени, территориялық, этникалық, жыныстық, жастық т.б. белгілеріне қарай біріктіріледі.

Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар

Қоғам әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді. Ол әлеуметтік институттарды зерттей отырып, оның алты түрін сипаттап көрсетті. Олар: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, рәсімдік, діни, жанұялық. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.

Әлеуметтік институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Қоғамда институттар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) саяси институт – қоғамды басқарып, оның тұрақтылығын, тұтастығын, тәртібін қамтамасыз етіп, қауіпсіздігін сақтауға бағытталады;

2) экономикалық институт – қоғамның қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыруға, экономикалық жүйені дұрыс бағытта дамытуға негізделеді;

3) отбасы институты – қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етуге, ұрпақ жалғастырып, оны әлеуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда жақсы азаматтың қалыптасуына бағытталады;

4) діни институт – адамдардың рухани жан дүниесін байытып, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға, қиындық кезде дұрыс бағыт, қолдау көрсетуге арналады;

5) білім институты – жастарға білім беріп, тәрбиелеуге, білікті кадрларды дайындап қоғамды рухани дамытуға ат салысуға бағытталады.

Әрбір институт өздеріне тиесілі қызметтерді дұрыс атқарған жағдайда қоғам бекіп, тұрақтандырылып және үздіксіз дамып отырады.

Әлеуметтік ұйым – белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі, өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы ірі әлеуметтік топтар. Әлеуметтік ұйым қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі ретінде, қандай да бір топтың іс-әрекетінің түрі ретінде, әлеуметтік жүйенің элементтерін қалыптастырудағы ішкі тәртіп, келісімділік ретінде сипатталады.

Әлеуметтік ұйымның маңызды сипаттары:

1) ұйым табиғи мақсатта құрылады, яғни нақты бір мақсаттарды тез уақыт аралығы мен нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін қалыптасады;

2) ұйымдар әрдайым адамдар бірлестігінің қызметін қамтамасыз ететін құрал мен тәсілдерді қалыптастырады;

3) ұйымдар адамдар бірлестігінің қандай да бір мақсатты іске асыруға бағытталған іс-әрекеттерін реттеуге арналады;

4) ұйым мүшелері иерархиялық саты бойынша атқаратын рөлі мен мәртебесіне сай бөлінеді;

5) ұйым еңбек бөлінісі негізінде және функционалдық белгісіне қарай қалыптасады;

6) ұйым басқармасы барлық элементтердің іс-әрекеттерін бағыттап отыратын, оның бөліктері мен ұйымның алға қойған мақсаттан ауытқушылығын мүмкін деңгейден шығармайтын орган болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]