Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2011 ОК 1 курс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
143.01 Кб
Скачать

Қазақстан - әлемдік кеңістікте

Бүгін Қазақстан дүние жүзі мойындаған әлемдік қауымдастықтар мен ұйымдардың тең мүшесі. Олармен қарым – қатынас халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіпке негізделген. Қазақстан әлемдегі 215 елдің 170-тен астамымен сауда-саттық қатынаста. Оның тәуелсіздігін 180 ел мойындады, 130 елмен мәмілегерлік қатынас орнатты. Қазір Алматы мен Астанада 70-тен астам елдің елшіліктері жұмыс істеуде. Ал Қазақстанның көптеген таяу және шалғай шетелдерде елшіліктері мен консулдары бар.

Қазақстанның сыртқы саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық реформа негізінде басқа елдермен экономикалық, ғылыми техникалық, қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық сахнадағы жағдай республика үшін өте қолайлы.

Беделді халықаралық ұйымдармен Қазақстанның халықаралық қатынасы барған сайын ұлғая түсуде. Олар : Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропа қауымдастығы, Халықаралық және Еуропалық қайта құру банкі, Халықаралық валюта қоры, Ислам конференциясы ұйымы т.б.

Бұл қатынастар шекараның бұзылмауы, басқа елдің ішкі ісіне қол сұқпау, оларды мойындау және құрметтеу сияқты маңызды ұстанымдарды басшылыққа алады

3 - тапсырма. Мәтінді аударып, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстанның әлемдік кеңістікте беделі қандай?

  2. Қазақстан 215 елдің қаншамасымен сауда- саттық қатынаста?

  3. Оның тәуелсіздігін неше ел мойындаған ?

  4. Алматымен Астанада қанша елдің елшіліктері жұмыс істейді.

  5. Қандай беделді халықаралық ұйымдармен қатынас орныққан.

4 - тапсырма. Сұхбатта қамтылған сұрақтарға толық жауап беріңіз.

-Достым, егеменді елге басқа мемлекеттермен қарым- қатынас жасау керек пе ?

-........................................................

- Қарым- қатынас нәтижесінде әр мемлекет нені көздейді?

-........................................................

- Қазіргі деректер бойынша Қазақстан неше елмен мәмілегерлік қарым-

қатынас орнатты?

-.......................................................

- Таяу шетелде Қазақстанмен тығыз байланыс жасайтын қандай

мемлекетті білесің?

-......................................................

- Алыс шетелде қандай мемлекеттермен достық, экономикалық қатынас

орнықтырдық?

5 - тапсырма. Есімше жұрнақтарының қызметіне қарай төмендегі кестені толтырыңыз.

Қуанатын, жүгірген, жүрген, сөйлер, тазаламақ, оқыған, құлаған, сезетін, алатын, қозғалмақ, ашуланатын, қызығатын, құрайтын, жазар, басар, жуынар, байлаған.

өткен шақ есімше келер шақ есімше

----------------------- ------------------------

----------------------- ------------------------

----------------------- ------------------------

----------------------- ------------------------

ауыспалы шақ есімше

----------------------------

----------------------------

----------------------------

----------------------------

6 - тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, есімше, көсемше жұрнақтарын табыңыз. Мақал-мәтелдердің мағынасын талдаңыз.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Ұрыс - ырысты қашырар,

ынтымақ халықты асырар.

Ақылдассаң, шешерсің

Ақылдаспасаң, кең кесерсің.

Бір жеңнен қол шығар,

Бір жағадан бас шығар

12 – сабақ.

Лексика: Қазақстанның білім беру жүйесі.

Грамматика: Рай категориясы.

1- тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын қайталап жаттығыңыз.

ғылым – наука

ертеңі - будущее

білім жүйесі – система образования

қағида - цель

мемлекеттік емес – не государственный

міндетті - обьзательный

орта білім – среднее образования

тегін - бесплатно

өз еркі – своя воля

оқулық - учебник

әдістемелік - методический

ең маңызды мәселе – самая главная проблема

жеке меншік – собственность

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдаңыз, сізге таныс сөздер болса, қайталаңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]