Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Достар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
22.11.2019
Размер:
30.02 Кб
Скачать

2008 Жыл 14 ақпан, Чимкент, Имран кафесі, 18.00.

  • Ал екеу, қыз бен жігіт болып жүргендеріне 5 жыл болып қалды. Сол үшін, екеуіне арнайы өлен. – деп қуана Руслан айтты. Жан жақтағы қазақтар Русланға жалт қарады, себебі олар мұндай таза қазақша сөйлейтін орысты көрмеген болар.

Кафенің ішінде «Соледад» атты хит ойнай бастады.

Баха тұрып, өзің оң қолын Балгерімге ұсынды:

  • Miss, do you want to dance with me?

  • Yes, of course.

Екі жүрек билей бастады. Шетінен қарасан, екі жап жас бала. «Махаббат туралы не білсің?» - деген сұрақ туындау мүмкін. Бірақ мұндай махаббат туралы Шекспир өзінің Ромео мен Джульеттасында армандамаған да болатын.

Әң бітті. Баха қалтасынан кішкентай қорапшаны шығарып, ішінен соңғы ақшасына алған күміс алқаны Балгерімнің мойнына іліп берді. Балгерім Баханың ернінен сүйді.

  • Соған қарағанда, екеуіміз мәңгілік біргеміз, - деді Балгерім.

  • Мәңгілік және тағы да 15 жыл, - деді Баха.

  • Всё-Всё-Всё, обнимашки, целовашки потом, сейчас поехали в Туркестан, там нас ждут мои родители. Мы там проведем три дня на свадьбе моего брата. – деді Руслан ырза және қуанышты дауысымен.

  • Алло, Шоқан тәте, машинаны алып келесіз бе? Біз жылжыйық деп едік, - деді Баха ұялы телефонға. – Қазір келеді.

Үшеуі көлікке жайғасты. Шопыр жолды білмегендіктен, Баха алдыңғы, ал Руслан мен Балгерім артқы орындарға отырды.

  • Ал кеттік, - деді Шоқан.

Көлік жылдамдығы 100-ге жақындай келді. Қасымыздан машиналар ұшып өте берді. Машинаның іші Ашэр деген әңшінің әуендерімен толып отқан. Бір кезде машина алдында келе жатқан көлікті оза бастады. Алдында жол күрт астыға түсіп кететін. Сол жерден машинаның алдынан камаз ұшып шықты. Шопыр тежегішті бар күшімен басты. Баханың көз алдына камаздың жарығы шағылысып кетті. Мыжылған темірдің дауысы, Балгерімнің жан дауысының айқайлағаны. Уақыт тоқтап қалды. Баха соңғы рет артқа қарап үлгерді. Сосың ол есінен таңды...

2 Аптадан кейін ауруханада:

  • ААААААААА, - деп Баха айқайлады.

  • Доктор, доктор, бала оянды! – деп медбикелер жүгіре бастады.

  • Балам, тұрдың ау, - деді қасында отырған атасы.

  • Ата, қалайсыз, мен қайдамын? Сағат қанша болды? Тойға үлгеріп тұрмын ба? – деді Баха.

  • Той болмайды, қазір сағат азаңғы сегіз. Оянғанына рахмет, балам.

  • Атау.

  • Ау, алтыным?

  • Не болды?

  • Сендер жол апатына ұшырадыңдар...

  • Айтпақшы, Балгерім мен Руслан қайда?

  • Балам, олар қайтты.

Баха жылай бастады.

  • Шоқан ше?

  • Шоқан тірі. Пәле де болмаған.

  • Шынымен ба, ата?

  • Шынымен, балам. Ал енді демала тұр, міне ұялы телефонын, достарына қоңырау шал, кешке келіп қайтсын саған.

Жылап жатқан Баха:

  • Достарым жоқ қой. Неге ертерек оятпадыңыздар?

  • Сен 2 апта бойы комада болдың. Сені ояту мүмкін емес етін. – деді атасы.

  • Рахмет, ата. – Баха атасын құшақтау үшін тұрайын деп еді, тұра алмады. Себебі басы өте қатты ауырды.

  • Сенің басынның сүйегі жарылды. – деді Ата.

Баха ауруханадан 2 аптадан кейін шықты.

2010 жыл Ақпан, Алматы, Алатау санаторий, 10.00.

  • Мен бүгін ғылыми жобалардың жауабын естимін. Балгерім, Рус сендерге арнаймын! – деп бөлменің айнасына қарап Баха галстугын туралады.

  • Баха, кеттік, - деп Баханың сыныптасы Әсем жүгіріп келді.

  • Шықтым.

1 қабат, үлкен концерттік зал, гуілдеген жас бойжеткендер мен ер-азаматтар.

Сахнада Биология, Химия, Физика, Математика пәндерін марапаттап аяқтады. Жүргізүші Информатика пәнің атады. 3 орынды атады, 2 орын, 1 орын – уақыт тоқтап қалған сияқты болды:

  • Б. Көшербаев! Алтын медальға ие болады.

Баха қуанып Сахнаға жүгірді, оған КазГУның профессоры Бахаға Алтын медаль мен грамотаны берді. Баха Жамбыл облысының құрамасы отырған жаққа қайтты. Оны мұғалімі, сыныптастары, Жамбылдан достары құтықтай бастады. Баха өте қуанышты болды. Бұл орын Бахаға құрмет, авторитет, бітірген жұмысының қабылданғаның белгісі болды. Баха одан басқа КазГУ-ға грантының иегері болды.

Бахаға Қазақстандағы Нокия компаниясы жаңа ұялы телефон сыйға тартты, одан басқа жұмыс ұсынды...

2010 жыл Маусым, Тараз, ПедИнститут, 18.00.

Университеттің алдында ҰБТ нәтижелеріне күтіп отқан бір топ талапкерлер жүрді. Олардың арасында Баха болды.

Екі милиционер қағаздарді стендке іле бастады. Баха стендке жақындады. Көшербаев Б. – 120 балл, жүздің ішінен 98 балл.

2010 жыл Шілде, Алматы, ҚБТУ, 18.00.

...

  • Поздравляю тебя, ты выиграл грант КБТУ от КазМунайГаза, - деді Фуадбей , КБТУ деканы Бахаға қарап.

  • Спасибо, - деді қуанышты Баха.

...

Баха қазір КБТУ-да оқып жатқан жоқ. Ол басқа қалаға көшіп кетті. Сабағы жақсы, GPA 3.5. Өзі қуанышты бала екенің күніге көрсетіп, күліп жүреді. Бірақ әрқашан өзі қалғанда жүрегінің бір үлкен бөлшегін Балгерім мен Руслан алып кеткенің сезетін. Күніге оянғанда Аллаға, Русланға және Балгерімге рахмет айтады. Оның ойынша, қазіргі Баханың жақсы өмірі Балгерім мен Русланның әруақтарының көмегі.

Бауыржан, 2011/17/11. 2:00.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]