- •1 Практикалық сабақ. Адам және қоғам Қоғамда өзін-өзі ұстаудың алтын ережелері
- •Әртістер отбасы
- •Шаттыққа кенелген шаңырақ
- •Досыңды бағалай білесің бе?
- •М.Шахановтың достық туралы бір үзік сыры
- •Манаш қозыбаев
- •Асханада
- •Дене мүшелері
- •Емханада
- •Дәріханада
- •Қазақстандык дизайнер Әлима Мұрзабекова
- •Киім және киіну мәселесі
- •Қазақстандык дизайнер Әлима Мұрзабекова
- •Бiздiң қаламыз
- •Менің өлкем. Солтүстік Қазақстан облысы
- •Петропавл қаласының өнер ошақтары
- •10 Практикалық сабақ.Адам және табиғат егіз
- •Қазақстанның тарихи орындары
- •13 Практикалық сабақ. «Қазақтың өнері мен мәдениеті. Өнер түрлері»
- •14 Практикалық сабақ. Қазақ елінің тарихы. Хандары. Билері. Батырлары. Халық тарихынан
- •Ұлы Жібек жолы.
- •Әйтеке би
- •15 Практикалық сабақ.
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Бізде бір ғана Отан бар. Ол тәуелсіз Қазақстан!
- •Н.Ә.Назарбаев.
- •Біздің президентіміз
- •Ел рәміздері – біздің мақтанышымыз
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Менің қазақстаным!
- •Мемлекеттік тілді білу – заман талабы
- •Қазақстан - әлемдік кеңістікте
- •Қазақстанның білім беру жүйесі. Білім жүйесіндегі реформалар. Қазақстанның білім беру жүйесі.
- •Білім жүйесіндегі реформалар
- •Ғылым мен техника
1 Практикалық сабақ. Адам және қоғам Қоғамда өзін-өзі ұстаудың алтын ережелері
Адамдардың таңғалуы мен құрметіне бөлену үшін белгілі кәсіптік құндылықпен қатар, жоғары білімді, жақсы мінез-құлықты адам болу керек. Сыпайы және мәдениетті адамдармен араласу жеңіл және тез. Сыпайы болу ғана емес, оны шынайы, ойланбастан жасау маңызды. Сыпайылығыңыздан ұялмаңыз, жақсы мінез-құлқыңыз адамдарды сізге тартады.
Сізге жолығуға рұқсат етіңіз
Танитын немесе танымайтын адаммен қарым-қатынасты біз тілдесуден бастаймыз. Қандай сөз айтсаңыз да, сөздеріңіз мейірімді және жылы болуы керек. Тілдесудің үш түрі бар: ресми, бейресми, жақсыз. Олар жағдайға байланысты қолданылады. Ресми жағдайда адамды жақсы танып тұрсаңыз да, бейресми түрді қолданбау керектігін естен шығармаңыз (атын атап, «сен» демеген жөн). Тілдесудің ресми түрі достық кешінде орынды емес (тегі, аты, әкесінің аты, атағы, лауазымы). Жақсыз түрі қоғамдық көлікте, дүкенде, көшеде танымайтын адамдармен сөйлескенде қолданылады.
«Сен» және «Сіз» есімдіктерін тілдесуде қолдану ерекшеліктері
Соңғы кезде, әсіресе, жастар арасында «сен» деп айту кең тарап кетті. Кезінде «сен» деген атауға өту үшін арнайы дәстүр болған. «Сен» деп тілдесуді қалағандар қолдарына шарап құйылған бокал ұстап, қолдарын айқастырып, түбіне дейін ішіп, беттерінен сүйіп, бір-біріне «сен» дей берген. Бұл рәсім «брудершафт» деп аталады.Қазір бұл рәсім өз күшін жоғалтқан.
Әдеп ережелеріне сай 18-ден үлкен танымайтын адамға «сіз» деп тілдесу қалыптасқан. Балаларға «сен» деп айта береді. Бірақ кей жағдайда өзін танымал етіп көрсете білген бала, мысалы, дарындыға үлкен адамдар сыйлы түрде «сіз» деген форма қолдануы мүмкін. «Сіз» деген сөз атау ресми салада танымайтын немесе аса жақсы білмейтін адамдарға, жасы үлкендерге немесе әлеуметтік сатыда жоғары тұрған кісілерге қатысты қолданылады. Жұмыс бабында әріптестер арасында достық қарым-қатынас орнағанша «сіз» деген атау қолданылуы мүмкін.
Жақсы достар, жақсы таныстар, туыстар арасында «сен» деп атау орныққан. «Сіз» деген атаудан «сен» деуге өтудің нақты ережесі жоқ. Жалпы бағыт ретінде мына ережелерді ұстаныңыз:
- «сен» деп атауға асықпаңыз;
- «сен» деп атауды жасы үлкен адам ұсыну керек;
- ер адаммен әйел адам арасында «сізден» «сен» деп атауға ұсынатын әйел;
- тілдесіп тұрған адам сізге жас ерекшелігіне немесе әлеуметтік деңгейіне байланысты «сен» деуге өз-өзіне рұқсат бере алмайтынын біле тұрып «сен» деген атауға көшуге асықпаңыз.
№2 тақырып: Отбасы. Отбасы дәстүрлері.
Әртістер отбасы
Сағи Әшімов атақты жанұяда дүниеге келген еді. Оның әкесі – халық сүйіктісі – Асанәлі Әшімов екенін барша жұрт біледі. Анасы - белгілі қазақ кино қоюшысы Шәкен Аймановтың қызы, опера әншісі Майра Шәкенқызы Айманова еді. Тәтесі – биші Шара Жиенқұлова, ағасы - Қаукен Кенжетаев. Жалпы алғанда еліміздің сегіз халық әртісі Сағидың туысқаны болып шыққан. Сол себепті Сағида басқа жол қалмаған. Ол театр өнері институтында оқыды.
-Осы өнерді таңдағаныма өте қуаныштымын. Маған өз кәсібім қатты ұнайды, ал менің атақты туыстарым менің әртіс ретінде аяққа тұруыма, әрине, көмектесті, – дейді Сағи.
Жалпы алғанда, ол әртістік өмірді де ерте, яғни төрт жасынан бастап білді. Неше түрлі көпшілік қатысқан көріністерге түсті. Демалыс кездерінде әкесі оны кино түсірілімдерге ала кететін. Сол себепті абитуриент кезінде әртіс деген мамандық иелерінің өмірін іс жүзінде білетін. Институтты Сағи өзінің қажырлы еңбегінің арқасында қызыл дипломмен бітірген еді.
– Мен келесі пікірге тоқталдым: нағыз әртіс дегеніміз – он пайыз бақ, жетпіс пайыз қажырлы еңбек, ал қалғаны құдай берген талант, - деп әңгімелейді Сағи.
№3 практикалақ сабақ. Туыстық атаулар