Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KZ_zhastar_sayasatyny_zhosparyn_bekitu_KAZ.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
79.36 Кб
Скачать

V. Басқару органдары

Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік басқаруды өз құзіреті шегінде мыналарды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамындағы тиісті құрылымдар жүзеге асырады:

  1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:

  • министрліктер мен өзге де орталық атқару органдарының жастар саясаты саласындағы қызметтік салааралық үйлестіруді;

  • жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру жөніндегі әр түрлі қоғамдық жастар ұйымдарымен байланысты жүзеге асыруды;

  • Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігімен, Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып жас ұрпақтың азаматшылдығы, отансүйгіштігі мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізуді, патриоттық бірлестіктердің қызметін қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;

  • мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік – құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуды;

  • жастармен жұмыс істеудің озық нысандары мен әдістерін зерттеуді және жинақтауды, жастар саясатының түрлі бағыттары мен проблемалары жөнінде мемлекеттік органдарға арналған әдістемелік материалдар әзірлеуді және басып шығаруды;

  • мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөнінде жұртшылықты хабардар етіп отыруды қамтамасыз етеді;

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

- жас азаматтарды еңбекпен қамтуда жағдай жасауға жәрдемдесетін мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды;

- жастарды еңбекпен қамту проблемалары жөнінде зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды, еңбек рыногын басқаруға және жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту жөнінде алдын алу шараларын қабылдауға арналған ұсыныстар әзрлеуді;

- жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді одан әрі дамытуға жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;

3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі:

- жастардың шығармашылық, интеллектуалдық, ғылыми – техникалық дамуына, жас таланттарды іздеп табуға және қолдауға жәрдемдесетін бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, олардың одан әрі шығармашылық және кәсіби жағынан өсуіне қажетті жағдайлар жасауға қатысуды;

- мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіруді, салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде қоғамдық жастар ұйымдарымен бірлесіп әрекет етуді, жастардың денсаулығын нығайтуға және күш- қуатын арттыруға жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:

- кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламаның ішкі істер органдарына қатысты бөлігіндегі тармақтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:

- мемлекеттік жастар саясаты саласында заң шығару негіздерін дамытуды және жетілдіруді;

-нормативтік-құқықтық актілердің жастарға қатысты бөлігін сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді.

Жергілікті деңгейде мемлееттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметті биліктің жергілікті атқару органдары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен, оқу орындарымен бірлесе отырып аймақтық жастар бағдарламалары жасалып, іске асырылады.

Ұжымның едәуір бөлігін жас азаматтар құрайтын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарында, мекемелерде, оқу орындарында жастармен жұмыс жөніндегі тиісті қызметтер, органдар, комитеттер құрылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]