Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саяси режимдердi трлерi.doc
Скачиваний:
89
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
101.89 Кб
Скачать

Саяси режимдердiң түрлерi

Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.

1. Демократия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Демократия– сөзі (гр.demosхалықжәнегр.kratos– билік) деген сөздерінен шыққан, яғни“халық билігі”деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

  1. Мемлекеттүрі.

  2. Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

  3. Қоғамдыққұрылымның мұраты.

Әр жерде демократияәртүрлі рең алған. Олар мынандаймемлекеттідемократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұндаконституциябилік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерінсайлауарқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілікболуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатарбостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен,демократиядепхалық билігі,теңдік,құқық,әділдік,еркіндікпринциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.[1]

2. Авторитаризм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Авторитаризм- (гр.'autoritas'- билік, ықпал ету) - саяси тәртіп түрі. Авторитарлылық - біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі. Түрлері: абсолюттімонархия,диктатура, теократиялық және посттоталитарлық тәртіптер.

Әртүрлі саяси мәселелерді шешу тәсілдері (реформалар, қоғамды қайта құру), сондай-ақ төңкерістерменсоғыстаравторитаризмге әкеліп соқтыруы мүмкін. Тоталитарлы тәртіптен елеулі түрде ерекшеленеді: оларда шектеулер едәуір дәрежеде аз және жеке адамның еркіндіктері мен құқықтары емес, саяси еркіндіктер мен құқықтар шектеледі; тәртіпсаяси партияларменидеологияғасүйенбей, әскер күші мен дәстүрлі діндерді арқа тұтады;қоғамғажаңақұндылықтаржүйесін құрып, енгізуге талпынбайды; азаматтық қоғам құруды мақсат етпейді.[1]

Ал экономикалық (жекеменшік түрлерінің көптігі, еркін нарық, кәсіпкерліктің қолдау табуы және т.б.), саяси (кәбіне партиялық одақ немесе қозғалысқа сүйенеді), әлеуметтік (бір-біріне жау таптарды, жіктерді жоюды көздемейді), идеологиялық (дәстүрліден басқа да құндылықтар жүйесінің шектеулі және жасырын өмір сүруіне жол береді) салаларда билігі едәуір шектеулі.

Дәстүрлер- авторитаризм билігінің негізгі шектеушісі. Дегенмен, оныңтоталитаризмменортақ белгілері де бар: мемлекеттік биліктің мирасқорлық жайы заңдастырылмайды; азаматтардың демократиялық құқықтары мен бостандықтары шектеледі; оппозициядағы партиялар мен қозғалыстардың біразына немесе барлығына тыйым салынады; мемлекеттік органдарға сайлану шектеледі жәнепарламенттіекінші дәрежелі, арзан қол органға айналдырады; басқарушыпартиямемлекеттік органмен ұласып, тұтасып кетеді;жергілікті өзін-өзі басқару және билік органдарының өкілеттілігі шектеулі әрі іс-әрекеті ресми түрде болады;оппозициялықбағыттағы баспасөзге қатаң тыйым салынады; қарсыластарымен күресте лаңкестік әдісті пайдаланады. Басқаруда мемлекеттік билікті қатаң орталықтандырып, әміршіл әдісті қолданады.[2]

Барлық мемлекеттік билікті бір адамның немесе адамдар тобының қолына шоғырландыру арқылы, саяси бостандықтардыбарынша жоғары немесе аз деңгейде шектеуді білдіретінсаяси режимтүрінің бірі.[3][4]