Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tolyk_fiz-lekcia (1).doc
Скачиваний:
88
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

§ 21. Радиоактивтік

dt уақыт ішінде ыдырайтын радиоактивтік заттың атом мөлшері бар атомның мөлшеріне пропорционал бо­лады да, төмендегідей қатынас арқылы анықталады:,

мұпдагы — радиоактивтік ыдырау тұрақтысы. Интегралдап мынаны аламыз :

мұндағы N t = 0 уақыт моментінде болатын атомдар саны, олардың t уақыт өткеннен кейінгі саны.

Жартылай ыдырау периоды Т және ыдырау тұрақтысы мынадай қатынас арқылы байланысады:

Ыдырау түрактысына кері шамасын радиоактивтік атомның өмір сүруінің орташа уақыты деп атайды.

Егер радиоактивтік А препараттың белгілі бір мөлшерін жабық ыдыстьщ ішіне ұстасақ және сол А заттың ыдырауы кезінде сондай-ақ радиоактивті В препараты пайда болса, онда осы ыдыстың ішіпде уакыт өткеннен кейіиВ заттың мөлшері мынадай формуламен анықталады:

мұндағы n — t = 0 уақыттағы А препараттың мөлшері, жәнеА және В препараттарының сәйкес ыдырау тұрақтылары. Егер А препараттың жартылай ыдырау пе­риоды В препараттың жартылай ыдырау периодынан айтарлықтай үлкен болса, онда кейінгі формула мына түрде болады:

Радиоактивтік тепе-теңдік болганда болады.

Радиоактивтік препараттың меншікті активтігі бір се­кунд ішінде ыдырайтын заттың бірлік массасына келетін ыдырау актысының сапымен анықталады.

§ 22. Ядролық реакциялар

Кез келген изотоптың ядроларының байланысу энергиялары мынадай қатынас арқылы анықталады: ,

мұндағы — ядроның құрастыратын бөлшектің мас­сасы мен ядроның өзінің массасының айырмасы. Шындығында, ,мұндағы Z — изотоптың реттік саны, М — массалық са­ны, Мп — протонның массасы, Мп —нейтронның масса­сы, ал Мя — изотоп ядросының массасы.

Мя = МА — Zm болғандықтан, мұндағы МА — изотоптың массасы, ал т — электронның массасы, ендеше алғашқы теңдеуді төмендегіше ауыстырып жазуға болады: ,

мұндағы сутегі изотопының массасы, ал МА — осы берілген изотоптың массасы.

Ядроның реакция уақытындагы энергияның өзгеруі мынадай қатынаспен анықталынады:

,

мұндағы— реакцияға дейінгі бөлшектердің массаларының қосындысы, ал — реакциядан кейінгі бөлшектердін массаларынын қосындысы.

Егер >болса, ондареакция өткенде энергия бөлініп шығады, ал < болса, онда реакция өткенде энергия жұтылатын болады. Ядролық байланыс энергиясын есептеп шығарғандағы сияқты кейінгі формулаға ядро емес, изотоптың массасын қоя алатындыгымызды ескертеміз, өйткені қабықтағы электрондардың массасына берілетін түзету әр түрлі таңбамен енеді, сондықтан да оны шығарып тастауға болады.

§ 23. Элементар бөлшектер. Бөлшектерді үдетушілер

Бұл параграфтың есептерін шығару жинақтың алдыңғы бөлімдерінде қаралып кеткен заңдылықтарға негізделген, атап айтқанда: бөлшектердің бір бірімен соқтығысуы, бөлшектердің электр және магнит өрістеріндегі қозғалысы т. б. Кейбір есептерді шығарғанда салыстырмалылық теориясының формулаларын пайдалану қажет.

Есеп шығаруда қажетті материалдар

7- кесте

Щама және оның белгілері

Бірліктерді

табуға арнал-

ған теңдеу

Өлшеу

бірліктері

Қысқаша белгілері

Шамалардың өлшемділігі

Негізгі бірліктер

Ұзындық l

-

метр

м

L

Масса m

-

килограмм

кг

M

Уақыт t

-

секунд

сек

T

Ток күші I

-

Ампер

А

I

Туынды бірліктер

Радиоактивті көздегі изотоптың активтігі (п)

бір секундтегі ыдырау

ыдыр/сек

T-1

Сәуле шығарудың интенсивтігі (J)

Ватт бөлінген

квадрат метрге

Вт/м2

MT-3

Сәуле шығарудың

жұтылынған дозасы Dж

Джоуль бөлінген килограмғa

Дж/кг

L2T-2

Сәуле шығарудың жұ тылынған дозасының қуаты Рж

Ватт бөлінген килограмға

Вт/кг

L2T-3

Рентген және гамма-сәуле шығарудың экспозициялық доза-сы Dэ

кулон бөлінген кило­грамға

Кл/кг

M-1TI

Рентген және гам­ма-сәуле шығарудың экспозициялық дозасы-сының куаты

ампер бөлінген килограмға

А/кг

M-1I

Е с к е р т у. Сәуле шығарудың жұтылынған дозасын өлшеуге және рентген және гамма-сәуле шығарудың экспозициялық доза-сын өлшеуге арналган бірліктердің анықтамасы.

Джоуль бөлінген килограмға деп, массасы 1 кг сәуле түсірілген затқа берілген иондаушы сәуле шығарудың кез келген түрінің 1 дж энергиясымен өлшенетін сәуле шығарудың жұтылынған дозасын айтады.

Кулон бөлінген килограмма деп, рентген және гамма-сәуле шығарудың экспозициялық дозасын айтады және осы уақытта құрғақ атмосфералық ауаның 1 кг-на түйіндес корпускулярлық эмиссия ауада әрбір электрлік таңбадағы 1 Кл-ға тең зарядты таситын иондарды туғызады.

19-кесте

Шама

Өлшеу бірліктері және оның ХБ жүйесімен байланысы

Радиоактивті көздегі изотоптың активтігі

1 кюри=3,7·1010 ыдыр/сек

Сәуле шығарудың жұтылынған дозасы

1 рад= 10-2 Дж/кг

Рентген және гамма-сәуле шығарудың экспозициялық дозасы

1 рентген (p)=2,57976 ·10-4Кл/кг

Е с к е р т у: рентген және гамма-сәуле шығару экспозициялық дозасының кулон бөлінген килограмға бірлігін, сондай-ақ жүйеден тыс бірлік рентгенді де, энергия кванты 5·10-13 Дж (ІІІамамен 3 Мэв) аспайтын сәуле шығаруды өлшеуге қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]