Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

1. Түсіндірме жазба

«Теледидар» пәніне арналған үлгілік оқу бағдарламасы қазақстан республикасының (№ 150 24 сәуір 2013 жыл) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және 1306000 «радио-электроника және байланыс» мамандықтарының орта буынды 1306113 «техник-электроник» біліктілігіне арналған білім беру бағдарламасы негізінде әзірленді.

«Теледидар» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының рөлі мен маңыздылығы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, бейнетехника және аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану құрылғылары мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету жүйесінің негізгі түсінігін қалыптастыру.

Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері әзірлеген «теледидар» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы оқу жұмыс бағдарламасын жасауға негіз болып табылады.

«Теледидар» пәні алдағы алған білімдерін бекіту үшін мына пәндерге жүгінеді:

  • электроника;

  • электрорадиоматериалдар және радиоэлементтер;

  • электрорадиоөлшеуіш;

  • электроника және импульсті техника;

  • есептеуіш техника;

  • қорек көздері;

  • күшейткіштер құрылғылар т.б.

Теориялық білімдерді бекіту үшін теориялық және зертханалық -тәжірибелік сабақтардың өткізілуі үлгілік оқу бағдарламада қарастырылған.

Пәнді жетік меңгеру мақсатында сабақта алған өндірістік инновациалық технология және ғылым мен теледидар болашағын ескеру қажет.

Білім алушылардың оқу материалын сапалы игеру үшін техникалық және аудиовизуалды, мультимедиялық оқыту құралдарымен өткізу, автоматты технологиялық жүйелердің өндірістегі жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін, техникалық жабдықтар мен машиналардың құрылысын анықтауда анықтамалық, техникалық, нормативтік құжаттар мен әдебиеттерді, виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық программаларды кеңінен қолданылуы керек.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

-циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ №1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттер

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Студенттер келесідей құзыреттіліктерге ие болады

Базалық құзыреті

БҚ1 Жұмыс орнын ұйымдастыру

БҚ2 Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

БҚ3 Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау;

БҚ4 Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату;

БҚ5 Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау;

БҚ6 Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру;

Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттерге ие болады:

біледі:

- теледидар қондырғыларының жалпыланған құрылымдық схемалары;

меңгереді:

- теледидар қондырғыларын зерттеуге арналған қажетті өлшеу қондырғылар дұрыс қолдану;

құзыретті:

- теледидар қондырғы-ларының істен шыққан функционалды түйіндерін анықтау;

дағдысын қалыптастырады:

таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру

Кәсіби құзыреттілік:

КҚ 3.11.1 Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу;

КҚ 3.11.4 Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыздандыру қолдану;

КҚ 3.11.5Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу;

біледі:

-теледидарлық қондырғылардың және сигналдардың негізгі сапа параметрлері;

меңгереді:

- олардың жұмыс дұрыстығын бағалау,

құзыретті:

-теледидар құрылғыларының функционалдық түйіндерінің ақауларын

дағдысын қалыптастырады:

жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу