Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом дайын.docx
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

5.4 Еңбек заңдарының бұзылуын, қауіпсіздігін және еңбек қорғаудағы жауапкершілік

Республикамызда аса көңіл аударатын адам өмірін сақтау және өндірістегі адамның денсаулығына, еңбек қорғау, еңбек туралы заңдылықтарын бұзғанына қарай факт бойынша орнатылған жауапкершілікті ескертуге болады. Заңдылық жауапкершілік төрт түрлі бола алады: тәртіптік, әкімшіліктік, материалды және азаматтық.

Тәртіптік жауапкершілік жұмысшылардың әкімшілік алдында олармен тәртіпті еңбегінің орындалмағаны үшін жауапқа тартады. «ҚР Еңбек кодексі» 72 бабына сәйкес еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни жұмысшының өзінің кесірінен атқаратын еңбек міндеттемелерін орындамағаны үшін жұмыс беруші келесідей тәртіптік шараларды қолдана алады: ескертпелер жасауға; сөгіс беруге, қатаң сөгіс жасауға; кодекстің 54, 56 баптарға сәйкес еңбек келісімін бұзуға құқығы болады.

Әкімшілік жауапкершілікті түрлі әкімшілік жазалау түрінде көрсете алады – ескертулер, айып, т.б. Ескертулер мен айыптар еңбек қорғау аймағында мемлекеттік бақылаулар жүргізілетін міндеттемелі бейнелерге жүктеледі. Еңбек қорғау ережелерін және нормаларын бұзғаны үшін айып тек қана әкімшілікті – басқару тұлғаларға қатысты бола алады. Сонымен қоса, бұзушылық адам денсаулығына зиян келтірген кездерде ғана емес, еңбек қорғау жөнінде еңбек атқарушылардың басқа құқықтары бұзылған кезде ескерілетін болады.

Еңбек қорғау ережелерін бұзғаны үшін ҚР 30.01.01 №155-ІІ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 89 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырады.

89-бап. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау ережелерін бұзу.

1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасы еңбек қорғау заңнамасын және еңбек қорғау ережелерін бұзу, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, - лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскерлердің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, жазымға әкеп соқса немесе оның өмірі мен денсаулығына көріну қауіп төндірсе, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Мұндай бұзушылықтарды қарау Әкімшілік құқық Кодекстің 550 бап бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының міндеті болып табылады.

550-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары.

1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстің 87, 87-1, 89-94, 175 (екінші бөлігінде, жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушыларға қатысты), 396 (бірінші бөлігінде), 399-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстар, қалалар және аудандар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға; облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерде, лауазымды адамдарға – қырыққа дейінгі мөлшерде, заңды тұлғаларға – үш жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

Қазақстан Республикасы еңбек жөніндегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға – қырыққа дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға – төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;

Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік еңбек инспекторы жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі, лауазымды адамдарға – елуге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға құқылы.

3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына қатысты осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қарайды.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзғандықтан жазымға әлде басқа ауыр зардапқа әкелген үшін адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқызады. ҚР Қылмыстық Кодекстің 16.07.97 №167-І 152 бап бойынша жаза дәрежесі белгіленеді.

152-бап. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу.

1. Қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудың өзге де ережелерін осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауыртпалықтағы зиян келтіруге әкеп соқса - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан дәл сол әрекет – үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ҚР Еңбек Кодекстің 335 бап бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдерімен келіспеген жағдайда жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы. Шағымдану мемлекеттік инспекторлары берген актілердің орындалуын тоқтатпайды.

Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауапты болады.

Еңбек міндеттерін орындаған кезінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасы азаматтық Кодексі бойынша орындалады №409-II ҚР АК 01.07.99 ж. 939-946 бап.