Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІДРІС.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
335.1 Кб
Скачать

3.2.5. Түйістіргіштер

Түйістіргіштер, күштік электрлік тізбектерді алыстан қосуға және ажыратуға арналған. Түйістіргіш деп басқару тізбегі қайыра қосқанда бос тізбекті қайыра қосылу болатын электромагниттік ажыратқышты айтады. Крандық электржетектерінде тек қана электрманиттік жетекті түйістіргіштер қолданылады.

Сурет -2.8 –де түйістіргіштің схемалық құрылғысы көрсетілген айырушы панелге электрмагниттік 1 бекітілген, ал оған басқару тізбегіне қосылған. Қашан басқару тізбегі кнопканың көмегімен тұйықталғанда, электрмагниттің өзегі магниттеледі де бұрылмасы якорды 5 өзіне тартып алады.

1-электромагнит; 2-орама; 3-қозғалмайтын түйіспе; 4-қозғалатын түйіспе; 5-бұрылмалы якорь; 6-иілгіш өткізгіш; 7-қосалқы түйіспе.

Сурет -2.8. Түйістіргештер.

Якорьға, мыс пластинасы түріндегі жылжымалы түйіспе 4 қатырылған, бұрылған кезде, ол якорь бұрылған кезде сол өзіндей тек қана жылжымайтын түйіспемен 3 тығыздалып түйіседі де, бас тізбекті жалғайды. Жылжымалы түйіспеге токты жеткізіп беру, мыс фольгадан тұратын, иілгіш өткізгіштің көмегімен жүзеге асырылады. Күштік тізбектерді тікелей жалғауға арналған басты түйістіргіштен басқа түйіспелер блокты деп аталатын қосалқы (жанама) немесе блокировтаушы түйіспелері де 7 бар. Олар, қосалқы электрлік тізбектері әртүрлі қайыра қосу жұмыстарын орындауда пайдаланылады.

Түйістіргішті ағытып тастау үшін тартушы катушканы токсыздандыру жеткілікті. Аппараттың жылжушы бөлігі, электрлік тізбекті, серіппенің әсері арқылы немесе жеке өзінің массасы арқылы ажыратылады.

3.2.6. Магниттік іске қосқыштар

Магниттік іске қосқыш, қажуға орнатылған, екіполюстік жылулық релелі немесе релесіз құрылған айнымалы тоқтық үшполюстік түйістіргішті көрсетеді. Магниттік іске қосқыштар, кернеуі 500 В дейінгі, 150А дейінгі ток күшіне ие, күштік тізбектерді басқаруға арналған. Олар конвейерлердің, талдардың, монорельстік арбашалардың қозғалтқыштарын басқаруда қолданылады.

4.2.7. Командалық бақылауыштар

Командалық бақылағыштар, крандық механизмдері біруақытта көп сандағы айнымалы және тұрақты ток басқару тізбектерін қайыра қосу жолымен алыстан басқаруға арналған. Олар электрмагниттік аппараттардың қосушы орамаларын (түйістіргіш және реле), түйістіргіш құрылғылардың басқару тізбектерін, реттегіштер және басқада соған ұқсаған тізбектерді коммутациялау үшін қолданылады.

Крандық командалық бақылағыштар екі түрге бөлінеді, олар: түйіспелік элементтер негізінде орындалған және түйіспесіз элементтер (сельсиндік командабақылағыштар) негізінде орындалған команда бақылағыштар болып. Командалық бақылағыштары, жетекші білікті бұрғанда, берілген тізбек бойынша түйіспелерді тұйықтаушы немесе ажыратушы көптізбекті аппарат болып табылады. Крандық электржетектерінде ККП-1000, арнадағы командалық бақылағыштары қолданыс тапты. Олар конструкциялық жағынан ККТ және КВ1 сериядағы кулачоктық командалық бақылағыштарға ұқсаған. Түйіспелердің тұықталу тәртібі кулачоктық барабандық шайбаның пішіні бойынша анықталады.

3.2.8. Магниттік бақылағыштар

Магниттік бақылағыштар, фазалық және қысқатұйықталған роторлы және тұрақты токты крандық механизмдердің қозғалтқыштарын іске қосуға, бұрыштық жылдамдығын реттеуге, тежеуге және ажыратып тастауға арналған.

Магниттік бақылағыштарда басты тізбекті коммутациялау, электрмагниттік жетектің түйістіргіштердің көмегімен атқарылады. Бас қосу командасын, командалық бақылағыштардың немесе кнопкалық постардың көмегімен беріледі.

Күштік кулачоктық бақылағыштармен салыстырғанда, магниттік бақылағыштар мынадай артықшылыққа ие: -басқаруға оператор тарапынан аз энергия жұмсайды; -командалық аппараттардың тұлғасы кішкентай; -қолданылу мерзімі үлкен; -қозғалтқышты іске қосу және тежеу процесстері автоматтандырылған; -айтарлықтай коммутацйялану қабілеттілікке ие.

Тізбектемелі қозғалтқышты тұрақты токты қозғалтқыштарды басқару үшін, П-типтегі арбашаның және көпірдің жылжыту механизмдері, сондай-ақ бұрылу механизмдер үшін; ПС-типтегі көтеру механизмдері үшін; ДП-типтегі, арбашанң, көпірдің жылжыту механизмдері және екі қозғалтқышты жетекті пайдаланып, бұрылу механизмі үшін; ДПС-типтегі көтеру механизмдері үшін магниттік бақылағыштар қолданылады.

Айнымалы токта істейтін магниттік бақылағыштардың, мына төмендегідей сериялары кеңінен қолдана бастады. Олар: -арбаша және көпірді жылжытуда, сондай-ақ бұрылу механизмдерінде; -ТА, ТАЗ, К, ДАТ сериялары; -көтеру механизмдерінде –ТАС, ТСАЗ; КС сериялары. Олар фазалық роторлы асинхрондық қозғалтқыштарды басқаруға арналған. Бұл бақылағыштардың көмегімен қозғалтқыштың роторлық тізбегіндегі резистордың қарсылығын өзгертудің арқасында бұрыштық жылдамдықтарын реттеудің ең бір жетілген түріне, ТСД және КСДБ сериядағы магниттік бақылағыштары арқылы жүзеге асады. Бұл бақылағыштарда жылдамдықтарды реттеуде өздігінен қыздырумен динамикалық тежеу принципі пайдаланылған.

Әдебиеттер: [1] (27-46 бет), [2] (140-142бет), [3] (201-208бет),[4] (194-203).

Бақылау сұрақтары:

  1. Крандардың механизмдердің қосымша критерияларын өзгешеліктерің бағалаудың ерекшеліктеріне не жатады?

  2. Крандардың қалаған механизмдерінің электржетектерін таңдағанда қандай факторларды ескеру қажет?

  3. Асинхрондық қозғалтқыштардың полюстарының жұмыстарының санын өзгерткенде, олардың қандай параметрлері реттеледі?

  4. Асинхрондық қозғалтқыштардың бұрыштық жылдамдықтарын реттеу қанша әдістермен жүзеге асырылады?

  5. Якорлық тізбекті қоректендіруге арналған транзисторлық түзеткіштердің күштік схемалары қандай түрлерде орындалады?

  6. Тиристорлық түзеткіштердің күштік схемасының түрлері графиктік немен ерекшеленеді?

  7. Тиристорлық түрлендіргіштер неге арналған?

  8. Берілген заңдылық бойынша тиристорлық түрлендіргіштер электр энергиясының қандай параметрлерін реттейді?