Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК каз яз.doc
Скачиваний:
100
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Жаңа сөздер

тіршілік ету-существование

қолайлы-удобные

қолайсыз-не удобные

әрекет-действие

мұнай-нефть

көмір-уголь

кен-руда

өнеркәсіптік-промышленный

ауылшаруашылық-селькое хозяйствено

табиғат өзгерістері-природные изменение

мәселе-проблема

теңіз-море

егістік-поле

Тапсырмалар

  1. Мәтінді оқып, әрбір абзацқа тақырып қойыңыз.

  2. Экологиялық терминімен бірнеше сөз тіркесін құрастырыңыз.

Экологиялық

  1. Мәтінге жазбаша 5 сұрақ дайындаңыз.

  2. Сын есімді тіркестерді теріп жазыңыз.

  3. Табиғат, жануар деген сөздерді септеңіз.

  4. Мәтінді мазмұндаңыз.

  5. Берілген шағын мәтіндерді сөздіксіз аударыңыз.

Арал теңізі

Арал теңізі Қызылорда облысының батыс жағында орналасқан. Теңіз 1950 жылдан бері тартылып келеді, бұл дүниежүзілік мәселе. Қазір теңіздің жойылып кету қаупі бар, осыған байланысты «Арал ұйымы» ашылған, оған М.Шаханов төрағалық етеді. Аралдан жыл сайын мыңдаған тонна тұз тозаңдары ұшады. Бұл адамдар денсаулығы үшін өте зиян. Сондықтан әр адам Арал экологиясының түзелуіне өз үлесін қосуға тиісті.

Семей - Невада қозғалысы

1949 жылы Қазақстан Республикасының Семей облысында ядролық жарылыс жасалды. 1952 жылы термоядролық бомба сыналды.

1955 жылы сутегі бомбасы сынақтан өткізілді. Мұндай сынақ түрлері 40 жыл бойы Семей жерінде өткізіліп келді. Осыған орай, ядролық жарылысқа қарсы 1989 жылы ақпан айында Семей - Невада қозғалысы құрылды. Халықтың қолдауымен, О. Сүлейменовтің басшылығымен 1991 жылы Семей полигоны жабылды. Еліміздің экологиялық тазалығын сақтау үшін, халқымыздың денсаулығын қорғау үшін – Қазақстан жерінде ядролық жарылысқа жол бермеуге тиіспіз.

Туған өлкенің өзен-сулары

Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі таңда су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі. Біздің экологияға жауапсыз қарауымыздың нәтижесі қаншама теңіз, тұщы суларды бүлдіріп, өзендер мен көлдердің суын уландырып жатыр.

Сусыз тіршілік жоқ. Егер бейнелеп айтсақ, суды жердің қаны деп атауға болады. Жаралы адамға қан жоғалуынан өлім қаупі жиі төнеді. Тағы бір жағы қан өзінің негізгі қызметін орындау қабілетінен айрылғанда тіпті қауіпті.

Қазір су мәселесінде де осындай жағдай байқалып отыр. Біріншіден, кейбір аймақтарда жеткіліксіз, екіншіден ластанудың түрлі формаларының ықпалымен су «дертке» ұшырайды, сөйтіп қолдануға жарамсыз болу қаупі арта түседі.

Жер шарындағы судың жалпы көлемі орасан көп - 1,5 миллиард текше километрдей. Бірақ мұның 94,2 проценті мұхиттарда шоғырланған. Жер шарының үштен екісі - су. Оның 97 проценті ішуге жарамсыз тұзды суынан тұрады. Демек, ішуге жарамды су ресурстары көп емес.

Планета халқының үштен бірі қазірдің өзінде-ақ су тапшылығына ұшырап отыр.

Елді мекендер, фабрика, зауыттар мен егістікке жақын маңнан ағатын өзендер өндіріс қалдықтары, канализация және егістік дәрілерімен ластанады. Мұндай су түрлі жұқпалы ауруларға жол ашып, өлімге себеп болатынын айтпаса да түсінікті.

Қазақстан жер асты су қоры 7 триллион текше метрге тең. Былайша айтқанда 25 Азов теңізінің немесе 70 Балқаш көлінің суының қорындай су бар деген сөз.

Қазақстанның байтақ жерінде көл саны - 4900, жалпы ауданы 4500 шаршы шақырым. Балқаш көлі - жер үстіндегі табиғи тұйық су қоймаларының бірегейі.

Республикамыздың жер асты суларының ішінде адамның денсаулығына шипалы және термальды (ыстық) сулар мол. Атап айтқанда, Сарыағаш, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының қойнауларындағы Алма-Арасан, Қапал-Арасан бұлақтары адам денсаулығын шыңдауға көмектеседі. Сондай-ақ, Орталық Қазақстандағы Жосалы, Шалқия, Мойылды, Шалқар, Маңқыстау минералды су көздері, шығыстағы Рахман бұлағы денсаулыққа өте пайдалы. (Баспасөз беттерінен)

Балқаш көлі. Балқаш көлі оңтүстік шығыста орналасқан. Ұзындығы - 614 шақырым, ені -74 шақырым.

Балқаш көліне Іле, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Қаратал, Мойынты сияқты өзендер құяды.

Балқаш көлінің орташа тереңдігі - 6 метр, кейбір жерлері - 27 метр.

Соңғы жылдары көлдің жалпы аумағы 2000 шаршы метрге азайды, деңгейі 3 метрге түсті. Тұздану арта түсті. Балық азайып жатыр. Арал апаты бәрімізге сабақ. Үкімет Балқашқа назар аударуы қажет. Ресей мемлекетінде «Байқал көлі туралы» заң бар. Парламент «Балқаш көлі» туралы заң қабылдаса, артық болмас еді. Себебі Балқаш көлі еліміз үшін аса маңызды.

АҚШ үшін Мичиган, Ресей үшін Байқал, Қырғыз үшін Ыстықкөл, ал біз үшін Балқаш соншалықты қасиетті, теңдессіз ұлттық және табиғи байлығымыз.

Балқаш көлінің ластану себептері көп:

а) Техногендік ластану жоғары;

ә) Балқаш кен-металлургия комбинатының қалдықтары Балқашқа ағып келеді;

б) Сарышаған әскери полигонының да әсері көп.

Көлді апаттан құтқару үшін қоғамдық қор құру керек, аймақтық бағдарлама жасау керек. Экологиялық мәселені шешу үшін қаржы керек, сондықтан заң жобасын талқылау кезінде осыған ерекше назар аудару керек.

Жаңа сөздер:

қазіргі таңда - на сегодняшний день

өзекті мәселе - актуальная проблема

жауапсыз қарау - отнестись безответственно

бүлдіру - портить

тіршілік - жизнь

бейнелеп айтсақ - если сказать образно

қауіп - опасность

ластану - загрязнение

дерт- болезнь

тұзды су - соленая вода

апаттан құтқару - спасать от катастрофы

қаржы керек - нужны финансы

аймақтық бағдарлама - региональная программа

комбинат қалдықтары - выбросы (отходы) комбината

су тапшылығы - дефицит воды

1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

а) Сусыз тіршілік бар ма?

ә) Жер шарындағы су көлемі қандай?

б) Қанша проценті жарамсыз?

в) Су тапшылығы бар ма?

г) Қазақстандағы қандай көлдерді білесіздер?

ғ) Балқаш қайда орналасқан?

д) Балқашқа қандай өзендер құяды?

е) Балқаш суы таза ма?

ж) Балқашта балық көп пе?

з) Балқаш көлі тұзды ма?

2. Су сөзіне анықтауыш сөздер жазыңыздар.

Үлгі: тұщы су, суық су...

3. Балқаш көлі сөз тіркесін септеңіздер. Сөйлем құраңыздар.

4. Салалас құрмаластың түрлеріне назар аударыңыздар:

а) Ол әжесінің Балқаш туралы аңызын сүйсіне тыңдады, оның әңгімесін қайта-қайта есіне алды (Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем).

ә) Мен бүгін балық аулауға барамын, сондықтан үйде болмаймын (Себеп-салдар с.қ.с.)

б) Біз оны суға түсірмек болдық, бірақ ол оған көнген жоқ (Қарсылықты с.қ.с.)

в) Табиғатта тыңайтқыштың екі түрі бар: бірі - органикалық тыңайтқыш, екіншісі – минералды тыңайтқыш (Түсіндірмелі с.қ.с.)

г) Егер көлге түсуші болсаң, менен жақсылық таппа (Шартты с.қ.с.)

ғ) Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар (Салыстырмалы с.қ.с.)

д) Біз не көлге барамыз, не тауға шығамыз (Талғаулы с.қ.с.)

5. Антуан де Сент Экзюперидің су жайында жазған шағын мәтінін жаттап алыңыздар.

«Су, сенде дәм де, түс те, иіс те жоқ, сені бейнелеп жазудың өзі қиын. Сенің не нәрсе екеніңді білмей тұрып-ақ жан рахатын табасың. Сені өмірге қажетті нәрсе деп қана қою жеткіліксіз: сен өзің өмірсің, тіршіліксің».

6. Мәтінге 5 сұрақ дайындаңыздар. Мәтінді әңгімелеңіздер

7. Мәтіннен және бесінші тапсырмадағы сөйлемдерден шылауларды тауып, қай түрі екенін анықтаңыз.

Сұхбаттар:

1. - Бүгін күн өте ыстық екен. Шөлдеп тұрмын.

- Не ішесіз? Минералды су ма, әлде шырын ба?

- Балмұздақ жегім келіп тұр.

- Жақсы, онда балмұздақ сатып алайық.

2. - Әсем, жүр, қыдырайық. Бүгін ауа райы өте жақсы .

- Бүгін күн суық емес пе?

- Жоқ, жылы.

- Онда қыдырайық.

Сұхбат-мәтін.

Экологпен әңгіме

- Қазіргі кезде Қарағанды қаласының экологиялық жағдайы қандай?

- Қазір барлық жерде экологиялық жағдайға көңіл бөлуді қажет етеді.

- Онда не істеу керек деп ойлайсыз?

- Экологиялық мәдениетке аса көңіл бөлу керек. Таби-ғатты ластамау керектігін балабақшадан бастап насихаттау керек.

Табиғатқа серуенге бару

- Біздің топ студенттері жазғы сессиядан кейін табиғатқа серуендеуге бармақшы.

- Қай жерге барасыңдар?

- Қарамұрын тауына.

- Оның табиғаты қандай?

- Өте әдемі, таудың етегінде өзен бар. Өсімдіктерге де бай.

- Жақсы, сәтті сапар тілеймін.

Шаңғы жарысы

- Шаңғы жарысы қашан болады?

- Ауа-райының қолайсыздығына байланысты келесі аптаға ауыстырылды.

- Сен шаңғы жарысына қатысасың ба?

- Иә, қатысамын. Өйткені шаңғы тебуді ұнатамын.

Тапсырмалар:

1. Сұхбаттарды рольге бөліп оқыңыз.

2. Еркін сұхбаттасыңыз.

Тақырып: Тіршіліктің сан алуандығы және рухани байлық

(Пресс-конференция. Симпозиум)

Жүргізушінің сөзі. ХХІ ғасырды адамзат өте ауқымды экологиялық қауіппен қарсы алуда. Өйткені, адамзат тіршілігінің көзі – табиғи жүйелер өз қасиеттерін жойып барады, ал олар планетамызда ғажайып құбылыстар арқасында пайда болған.

Алғашқы газдың қабаты жойылып, планетамыздың беткі қабаты суынып, қатая бастады. Бұл үрдіс су буы мен көмірқышқыл газы және молекулалық азот бөлінуімен жүрді. Бұл Жердің жаңа атмосферасы еді, онда бос оттегі болмады. Алғашқы қарапайым тіршілік формаларына, бұдан шамамен 4 млрд. жыл бұрын оттегі тіпті зиянды у тәрізді еді...

Н.Майерс мырзаның сөзі. Өсімдіктер өздері өсіп тұрған жерде тіршілік үшін күреседі. Сол үшін өз мүшелерінде, ұлпаларында әртүрлі химиялық заттарды өндіреді. Шөлдерде өсімдіктер қатаң сыртқы ортамен, ал ылғалды тропиктік ормандарда аз ғана территориядағы көп түрлер бәсекесіне араласады. Ғалымдар ерекше өсімдік текті химиялық заттарды іздегенде, көбінесе джунгли немесе шөлге сапар шегеді.

Вуаханги Разаунах мырзаның сөзі. Солтүстік Мадагаскар ертегі-аңызында хасина-дракон ағашы ерекше орын алады. Осы ағашты олар ерекше қастерлеп, оны ешқашан кеспейді, шаппайды. Ал, бамбук ағашын олар отбасы символы деп есептейді. Мәңгі жасыл бамбук – мәңгілік жастықтың белгісі, оның көкке созылған діні – сұлулықтың нақты үлгісі. Егер кімде-кім бұл ағаштарды кесіп, бұтағын сындырса, ол бақытсыздыққа, өлімге душар болады деп есептеледі.

Х.А.Исеновтің сөзі. Биогеохимиялық цикл барысында көпшілік химиялық элементтер атомдары тірі зат арқылы сан жет пес рет айналып өтеді. Мысалы, атмосфера оттегісі тірі зат арқылы 2 000 жылда,

Сұрақ: Студенттер бірнеше сұрақ дайындайды.

Сұрақ-жауап.

Пікіржарыс.