Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дурысы.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
40.25 Mб
Скачать

«Kfc» мейрамханасының жылжыту саясаты

«KFC» мейрамханасының бір ғана өткізу каналы бар, ол-тікелей өткізу. Мұнда тауарлар тұтынушыларға тікелей, ешқандай делдалдарсыз жеткізіледі. Тауарлар мен қызметтер дистрибуциясы мыналарды қамтамасыз етеді: «тұтынушыдан тұтынушыға» принципі бойынша, тауарлар мен қызметтер тікелей тасымалданады; «KFC» мейрамханасы қызметтердің мынадай түрлерін де тасымалдайды: парковка, отыру, уйге жеткізу т.б.; «KFC» мейрамханасы сонымен қатар дөңгелектермен жүретін болған! Алғашында қозғалмалы объект ретінде тұтынушыға жүріп бара жатып қызмет көрсеткен. Яғни, кез келген жерде, кез келген уақытта мейрамхананың ас мәзірінен дәм тата алатын болған. Бұл қызметті жылдам әрі ыңғайлы етеді.

Енді, мейрамхананың сату процесіне келер болсақ, жылдам тамақтандыру орталығы сатуды ынталандырып, сату көлемін көбейту үшін көптеген маркетингтік коммуникациялық құралдарды қолданады. Сонымен қатар, «KFC» мейрамханасы өте көп тауарлар ағымының технологиясымен жұмыс жасайды.

«Жақсы оперативті менеджерлердің» - әсері «Жақсы таңдаулы топқа» - «Жақсы қызмет көрсетуге» - «Жақсы мақсаттарға» ықпал жасап - «Жақсы кірісті» қамтамасыз етеді. Пайда немесе кіріс келесілер арқылы жүзеге асады:

  • Дайындық

  • Мақсатқа ынталандыру

  • Жақсы жұмысты бағалау

  • Жұмысқа жасағанға бонус

  • Өткізу

«KFC» мейрамханасының жеткізу стратегиясы оның логотипінен басталады. Мейрамхананың логотипі әр тұтынушының ойында жылы естеліктермен есте қалады. Яғни, мейрамхананың брендке айналуы оның өткізу стратегиясына тікелей қатысты дамиды. Сондықтан, «KFC» мейрамханасы келесідей өткізу шараларын қолданады:

  • Жарнама

  • Өткізуді ынталандыру

  • Қоғаммен байланыс

  • Оқиғалар мен тәжірибелер

  • Купондар, дисконтты карталар және қосымша орамалар

Маркетингтік коммуникациялық шараларды жүргізу мақсатында «KFC» өзінің брендтік атауын пайдалана отырып, тұтынушыларға ынталандыру шаралары ретінде келесі тауарларды айтуға болады:

Сурет-4. «KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасының ынталандыру шаралары негізіндегі сувенирлік тауарлары

Кез келген фирманы бәсекелстерсіз елестету мүмкін емес. Нарықтық бәсекелестік қана фирманы одан әрі шыңдап, оның дамуына септігін тигізеді. Ешқандай кәсіпорын бәсекелестеріне салғырт қарап, оларға мән бермей қоймайды. Маркетинг бәсекелестердің ағымдағы жағдайы және олардың іс-әрекеттері туралы ақпаратты қажет етеді. «KFC» -дің басқа жылдам тамақтандыру мейрамханаларынан басты бәсекелік артықшылығы, оның тауық өнімдері бойынша бірегей стартегия қолдануында. Бұл мейрамхананың бәсекелестері өте көп, алайда ең басты қарсыласы – McDonald’s.

Кесте-2. «KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасының «McDonald’s» жылдам тамақтандыру мейрамханасымен салыстырмалы бәсекелік талдауы

KFC

McDonald’s

Дәмді күйдірілген өнімдер

Бургер және француздық фри-картоптары

Араб күріші және Зингер Бургер

Биг Мак

Тегін жеткізу қызметі

Үйлерге тасымалданады

Кез келген қоғам тауық өнімдерін тұтынады

Сиыр етін жеу кейбір қоғамдар үшін тиым салынған

Жергілікті персонал және Жоғары Маманданған жұмысшыларды ғана алады, өйткені жергілікті персонал жергілікті тұтынушылармен жақсы қарым – қатынаста бола алады

Мейрамхана персонладары студенттерді қабылдайды және оларды ұмыс барысында мамандандырады

Жоғарыдан төмен қарай және төменнен жоғары қарай басқару менедженті жұмыс жасайды

Жоғарыдан төмен қарай басқару менедженті жұмыс жасайды

«KFC» жылдам тамақтандыру мейрамханасының жалпы жағдайы мен маркетингін зерттей келе қорытындылар жасауға болады. Мейрамхананың әлемдік нарықта бизнесін тиімді жүргізуі оның стратегиялары мен басқарушылық менеджменті мен маркетингтік іс-шараларын оңтайлы қолданғанын көрсетеді. Франчайзингтік желі бойынша дамып отырған бұл мейрамхана үшін басты фактор – тұтынушылар. Оларға жайлылық сыйлау, қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру, олардың талғамдарының өзгерісіне сай икемді бейімделі – мейрамхананың негізгі табыс көзі деп айтсақ болады.

Сондықтан, мейрамхананың сапалы қызмет көрсетуі бұл жылдам тамақтандыру орталығының имиджіне де әсерін береді. Осы және өзге де қызмет сапасы жайлы мәселелерді келесі бөлімдерде қарастырамыз.