- •Тіл төңірегіндегі толғамдар
- •Замана талабы
- •Мәселе қайда жатыр...
- •Елбасы айтады
- •«Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестігін
- •Өткен ғасыр сабағы – бүгінге сын Мемлекеттік тілдер («Дала уалаяты», №13, 1891 жыл)
- •(Қазақ тілін мәһкәмаларда жүргізу туралы) Қазақстанның губірналық һәм ояздық сәуәт комитеттерінің төрағаларына
- •Жүз жыл бұрын жазылған құзырхат
- •1905 Жылғы 26 маусым,
- •Ұлылардан – ұлағат
- •Қазақ тілі жоғалмас
- •Міржақып Дулатұлы:
- •Мектеп қай тілде болуы керек?
- •Мұсадан хат келді
- •Олай емес «казахский язык!»
- •Перевод
- •Тіл үшін күрескен қайраткерлер
- •С.Оспанов, Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайының директоры. Сәкен сынды ұл қайда?
- •Қазақ Мырзажан атаған жанашыр
- •Қазақша хатқа орысша жауап бергені үшін жауапкершілікке тарту керек
- •Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің басшыларына хат
- •Үкімет тілге шындап бет бұра ма?
- •Пікір. Ұсыныс. Тілек. Ортақ тіл ортақ рухты қалыптастырады
- •2002 Жылғы 1 қазан. Тіл саясаты – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі
- •2002 Жылғы қыркүйек пен 2003 жылғы маусым айларындағы өсу үрдісі
- •Інжу-маржан тіл туралы мақал-мәтелдер
- •Ұлы ойшылдар – тіл туралы
- •Р.Эмерсон.
- •С.Малов.
- •Қазақ тілінің қалыптасу тарихы
- •Құжаттар сөйлейді
- •Деректер мен дәйектер
- •Тіл туралы:дұрыс сөздер мен бұрыс сөздер
- •Қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек.
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Мұхтар Әуезов.
- •Ғабит Мүсірепов.
- •Халел Досмұхамедов.
- •Ілияс Омаров.
- •Темірбек Жүргенов.
- •Бауыржан Момышұлы.
- •Ескертпе сөз
- •Гейдар Әлиев.
- •... Оларды таптап кетеді
- •Тәуелсіздіктің екі түрі немесе Рух пен Қарын егемендігі
- •Иманғали Тасмағамбетов,
- •Хасен Оралтай,
- •Нәмет Келімбетов,
- •Мұхтар Мағауин,
- •Амангелді Айталы,
- •Бекет Тұрғараев,
- •Владимир Козлов,
- •Ойлы оқиға
- •Тіл: іс-тәжірибе, ұсыныс, пікірлер
- •Елбасының Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті
- •Өткеннен үлгі
- •Бос сөзге орын қалмайды
- •Адымен мемлекеттік тілді дамытайық...
- •Таза қазақ мектептері көбейді
- •Менімен қазақша сөйлес...
- •Қазақ кодексі
- •Тілдің аяғына тұсау болған себептер
- •Бағдарлама ұсынамын
- •Сот үкімін орындауға «Комсомольская правда-Казахстан» мен «Известия-Казахстан» басылымдары да
- •Ахмет Байтұрсынұлы.
- •Оралхан Бөкей,
- •Алтын сөз:
- •Тіл тұтастығы туралы
- •Сұлтан Оразалинов,
- •Мемлекеттік тілдің мәселесін партизандық тәсілмен шешуге болмайды
- •Темірхан Медетбек,
- •Ұрымтал сөз:
- •Өзгені ғайбаттауды доғарып, істі ширатайық
- •Сенат селт етті...
- •Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты...
- •Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі...
- •Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі...
- •Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
- •Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
- •Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Тіл төңірегіндегі толғамдар
Ойлар, толғаныстар, пікірлер, ұсыныстар,
іс-тәжірибелер, деректер мен дәйектер
Астана қаласы, 2007 жыл
ТІЛ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ТОЛҒАМДАР
Баспасөз және басқа да басылым беттерінен іріктеп, жинақтаған
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері
Дүрәлі ДҮЙСЕБАЙ
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады...
А.Байтұрсынұлы.
(Суреті бар – клише, артынан жіберемін немесе алып барамын)
Алғысөз орнына
Қазақ тілінің маңайында жүріп жатқан дау-дамай, айтыс-тартыстардың өршіп-өршіп, жалындап жанып, саябырси бастағаны да тегін емес. Елбасымыздың сындарлы саясаты аясында соңғы кездері бұл мәселеге байланысты ізгі қадамдар жасалды.
Республика Президенті Н.Назарбаевтың «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығы, тілге қатысты шешімін күткен мәселелерді іске асырудың нақты жолдары мен бағыт-бағдарын көрсеткен «Ана тілі» газетіндегі Елбасының сұхбаты, Мемлекеттік хатшы О.Әбдікәрімовтің төрағалық етуімен барлық жоғары лауазымды мемлекеттік шенеуніктер мен мемлекеттік емес ұйымдар, мекемелер басшыларының қатысуымен өткен «дөңгелек үстел», сондай-ақ Үкімет басшысы Д.Ахметовтің тілдерді дамыту мәселесі бойынша өткен кеңесінің хаттамалық шешімі сияқты үлкен құжаттар қабылданып, тіл төңірегіндегі мәселелер түгел қамтылды.
Осылардың бәрі үстіміздегі жылғы 24 қазанда Астана қаласында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында ашық әңгіме тақырыбына айналды. Елбасымыз тиісті орындарға қадау-қадау тапсырмалар берді, олардың орындалу мерзімдерін нақты, шегелеп айтты. Ендеше «Бәрі жоспарлы келе жатыр, енді іс оңалады, бұл туралы сөз қозғаудың қажеті бар ма, өткен-кеткенді қазбалау керек пе?» деген заңды сұрақтар туындайды. Сонда бұл кітаптың мақсаты неде?
Біріншіден, тілдің кешегісі, бүгіні және ертеңі – тарих. Кешегісі – біздің жүріп өткен жолымыз, бүгіні – жүріп келе жатқан соқпағымыз, ертеңгісі – баратын бағытымыз. Ал ұрпағымыздың тіл төңірегіндегі тарихты біліп отыруы үшін оның айтылуы тиіс, жазылуы керек. Екіншіден, тіл – бір орнында тұрмайтын, үнемі дамуда болатын ауқымды үдеріс. Тілдік даму бүгінгі немесе ертеңгі күннің еншісінде ғана емес, ол – мәңгілік құбылыс.
Қолдарыңызға тиіп отырған жинақ сол тіліміздің бүгінгі ахуалға «мың өліп, мың тіріліп» жеткен, бастан кешкен қилы-қилы замандар мен сұрқылтай кезеңдерден өткен жолдарын «Елбасы айтады», «Өткен ғасыр сабағы – бүгінге сын», «Тіл үшін күрескен қайраткерлер», «Қазақ тілінің қалыптасу тарихы», «Тіл: іс-тәжірибе, ұсыныс, пікірлер», «Дерек пен дәйек», «Өзге ел тәжірибесі: күнгей мен көлеңке», «Жанайқай», «Қап, әттеген-ай», тағы сол секілді тақырыптар арқылы там-тұмдап жеткізу. Осы мүддеден шыға білсек, алға қойған мақсатымыз орындалды деп ойлаймыз.
Дүрәлі Дүйсебай.
Дауасөз