Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.59 Кб
Скачать

20. Әл-Фарабидің таным теориясындағы интеллект жөніндегі ойларына тоқталып өтіңіз

Әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары. 870 жылы Сырдария бойывдағы Фараб қаласында түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясат-ты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Ол Арис-тотельдің «Категориялар», «Герменевтика», «Аналитика. Софистика. Поэтика» сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ әл-Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылы-ми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы шықты.

Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет. Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде, парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады. Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика” деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған.

21. Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін Ғылыми білімсіздік деп атауының сырын айқындап беріңіз

Николай Кузанский (1401-1464 жж.) жас кезінде Падуя университетінде (Италия) оқып, соңынан діни қызметпен айналысады. Ол өзінің ой-өрісінде ортағасырлық философия мен Қайта өрлеу заманындағы гуманистік ой-пікірді ұштастырды. Ұлы ойшылдың діни еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы «Ғылыми білімсіздік» деп аталады.Енді сол «ғылыми білімсіздік» деген қайшылықты ұғымның мән-мағынасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз анықталмағанды анықталғанмен, белгісізді белгілімен т.с.с. салыстырамыз. Сондықтан бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде белгілі бір пікірлер айту онша қиын емес. Ал енді шексіздікті зерттеген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әрқашанда шектелген) ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н.Кузанскийдің ойынша, ғылыми білімсіздікті тудырады.