Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (2).docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
339.87 Кб
Скачать

Начало формы

Конец формы

Қазақстан – менің Отаным

Қазақстанның рәміздері

Қазақстанның астаналары

Республика Президенті жайында

Тарихи кезең

Қазақстан тарихы ескерткіштер мен суреттерде

Уақытқа саяхат

Ермұхан Бекмаханұлы (1915 — 1966 жж.)

Дүниеге келгені: 1915 ж. ақпанның 15 (1915—02—15) (96 жыл)

Павлодар облысы Баянауыл ауданы

Қайтыс болғаны: 1966 ж. мамырдың 6

Ұлты: қазақ

Мансабы: ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946), профессор (1949), Қазақстан ҒА-ның корреспонденттік-мүшесі (1962)

Бекмаханұлы Ермұхан (1915.2.15, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 1966.5.6, Алматы) — Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы ақпанның 15 жұлдызында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946–1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген «XIX ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты.

Е. Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е. Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.

Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты. ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А. М. Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі «Наука» баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.

Е. Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді.

1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше- корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.

Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — «XIX ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қазақстан» ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары «Қазақ университеті» (қазіргі «Санат») баспасынан жарық көрді.

Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: «Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан.

1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ҒА-ның басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады».

Ермұхан Бекмаханұлы

1915Ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспонденттік-мүшесі

Бекмаханұлы Ермұхан (1915.2.15, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 1966.5.6, Алматы) — Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы ақпанның 15 жұлдызында Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған. 1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды. Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған. Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымов бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды. Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды. Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты. ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді. Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше- корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда. Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді. Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ҒА-ның басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады"

Еңбек жолы[өңдеу]

1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.

1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.[4]

Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды.

Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тыңалыстағы лагерінің біріне айдалды.

Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.

ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.

Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.

Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді.

Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ҒА-ның басшысы Вавилов Сәтбаевқа телефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады".[5]

Отбасы[өңдеу]

Ермұхан Бекмаханов әйелі Халима Бекмұхаммедовамен

  • Бірінші әйелі: Әмина Зәріпқызы Губеева (-1979), қыздары: Найля (1940), Нурия (1946), Нәдия (1947)

  • Екінші әйелі: Халима Адамбекқызы Бекмұхаммедова (1925), ұлдары: Ермұхан, Сермұхан, қызы: Қарлығаш (1956)

Қайтыс болуы[өңдеу]

Сібірде айдауда өткізген жылдары Ермұханның денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймады. Өкпесіне суық тигізіп алған Ермұханның денсаулығы жыл сайын нашарлай берді. 1966 жылы өзінің емдеуші дәрігерінің табанды кеңесімен Министрлер Кеңесінің ауруханасына жатады. Алайда Ермұхан өкпе ісігінің соңғы кезеңінде еді. Сонымен қоса, астма ауруы да асқынып кеткен болатын. Ол өзінің өлетінін білген және өмірінің соңғы күндері ғалымның жағдайын сұрауға келген жерлесі, медицина ғылымдарының докторы Хамза Жұматовқабылай деген: "Менің жағдайым мүшкіл, алайда абыроймен өлу керек". Дәрігерлер де Ермұханның жағдайының мүшкіл екенін түсініп, өмірінің соңғы күндері ең жақын адамдарынан басқа ешкімді палатаға кіргізбеген. Алайда дәрігерлер Ермұханның әйелі Халима Адамбекқызының өтінішімен мамыр айының алғашқы күндерінің бірінде Бауыржан Момышұлынапалатаға кіруге рұқсат еткен. Жағдайын сұрап келген Бауыржан Момышұлына Ермұхан: "Бауке, ер адам үшін 50 жас деген түк емес қой. Армандарым мен жоспарларымда орындай алмай кетіп барамын. Кешіріңіз мені" депті. Кейінрек Бауыржан Момышұлы өз естелігінде: "Ол меннен өзінің тарих бойынша жазып үлгермеген ғылыми еңбектері үшін шынайы кешірім сұрады" деп жазады. Сөйтіп 1966 жылдың 6 мамырында Ермұхан Бекмаханов дүниеден озады. Ғалыммен қоштасу рәсімі бір күннен кейін болады. Кандидаттың және докторлық диссертациясының тақырыбын Кенесарыға арнаған Ермұханның жаназасына ғалым, геология-минереология ғылымдарының докторы, Кенесарының ұрпағы Нәтай Әзімханұлы Кенесарин арнайы Ташкенттен келіп, қаралы жиында сөз сөйлеп, өзінің досын ақтық сапарға шығарып салады.

Ермахан Бекмаханов Алматы қаласының Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Жұбанов жерленген Орталық зиратына жерленеді.

Еңбектері[өңдеу]

  • Казахстан в 20–40-е годы ХІХ веке, М., 1997;

  • Присоединение Казахстана к России, М., 1957;

  • Очерки истории Казахстана ХІХ в., А.-А., 1966.

Бекмаханов жайында[өңдеу]

  • Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер. Құраст. Х.Адамбекқызы, А., 2005.

  • Медеу Сәрсеке. Ермахан Бекмаханов. — 2010. 533 бет, 5000 дана, ISBN 978-5-235-03414-3.

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Медеу Сәрсеке. Ермахан Бекмаханов. — 2010. 533 бет, 5000 дана, ISBN 978-5-235-03414-3.

  2. ↑ Медеу Сәрсеке. Ермахан Бекмаханов. — 2010. 533 бет, 5000 дана, ISBN 978-5-235-03414-3.

  3. ↑ Медеу Сәрсеке. Ермахан Бекмаханов. — 2010. 533 бет, 5000 дана, ISBN 978-5-235-03414-3.

  4. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

  5. ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

  6. Ермұқан бекмахановтың қуғындалуы хақында

  7.  Астана. 10 қазан. BAQ.KZ – Қазақтың көрнекті ғалымы, тарихшы Ермұқан Бекмаханов кезінде Кенесары Қасымұлының көтерілісіне феодалдық-монархиялық қозғалыс емес, ұлт-азаттық көтеріліс деп баға бергені үшін талай қуғын көргені тарихтан белгілі. Тарихшы-ғалым осы үшін сотталып, өмірінің бір жарым жылын абақтыда да өткізуге мәжбүр болған.

  8. Бекмахановтың өмірін зерттеп жүрген тарих ғылымдарының докторы Данагүл Махаттың айтуынша, қазақ ғалымына саяси шабуыл 1948 жылы да жасалған, А.Лихолат дегеннің мақаласы арқылы. Бұл оқиғаның мән-жайын «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы директорының орынбасары қызметін атқарып отырған Данагүл Ахметкәрімқызының өзінен сұрағанды жөн көрдік.

  9. Данагүл махат, «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы:

  10. - 1946-1947 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институты директорының орынбасары қызметін атқарған Ермұқан Бекмаханов «Большевик Казахстана» журналының 1947 жылғы №9 санында Қазақстандағы тарих ғылымының жағдайы және міндеттері жайлы көлемді мақала жариялаған болатын. Автор мақаласында тарих ғылымының өзекті мәселелерін талдап, ғылыми методологиялық ойларын ортаға салды.  Осынау еңбек тарих ғылымындағы кейбір пікір-талас тудыратын мәселелерді талдаудан басталған. «Төңкеріске дейін жазылған Қазақстан тарихы туралы тарихи әдебиеттердің кеңес тарихшысы үшін құндылығы жоқ деп бір жақты қарауға болмайды, бұл мәселені тек шенеуініктер ғана емес, академиктер Вельяминов-Зернов, Радлов, Бартольд, Левшин, Аристов, Потанин және басқа да көрнекті орыс ғалымдары зерттеген, олардан қалған ғылыми мұраларда аса бай деректік материалдар бар және бірқатар мұрағат құжаттары алғаш ғылыми айналымға енгізілген, осы жағынан алғанда аса құнды» деп бағалаған. Ол аталған авторлар еңбектеріне сыни тұрғыдан қарау қажеттігін де ескертті. Қазақ тарихшылары арасынан көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың Шығыс Түркістан мен Жоңғария, қазақ және қырғыз халықтары тарихы жайлы еңбектерінің құндылығы, Құрбанғали Халид, Омар Қарашевтің қазақ тарихына, этнографиясы мен мәдениетіне қатысты еңбектерінің маңыздылығы аталды. Бекмаханов Қазан төңкерісіне дейін қазақ тарихына қатысты еңбек жазған қазақ зиялылары есімін белгілі себептермен толық атамағанымен, осы кезеңде жазылған тарихи еңбектерге: «Егер төңкеріске дейінгі орыс тарихшылары еңбектерінің ғылыми методологиялық жағы әлсіз және оларға ұлыдержавалық орыс шовинизмі рухы тән болса, төңкеріске дейінгі қазақ тарихшыларында деректерге сын көзімен қарамаумен қатар буржуазиялық ұлтшылдық пиғыл күшті әрі ашық көрінді» деген сипаттамасын берді. Бұл мақалада 1943 жылы КСРО Ғылым академиясы тарих институтының Алматыдағы тобы мен КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының және Маркс-Энгельс-Ленин институтының қазақ филиалы ғылыми қызметкерлері бірігіп құрастырған «Қазақ ССР тарихы» еңбегі туралы жазылған. «Кеңестік Шығыс халықтарының бірі тарихын марксистік тұрғыда жүйелеуге арналған алғашқы талпыныс, кітапқа деген ғылыми қызығушылықтың тууы, қазақ халқы тарихы туралы тұңғыш аяқталған еңбек» деп тарихшы өз бағасын бағасын берген. Кітаптың басты құндылығы Қазақстан тарихының көнеден бүгінге дейінгі тарихына қатысты бай деректік материалдарды бір жүйеге келтіруі деп бағалаған автор, кітап авторлары «Қазақстан тарихын өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар дамуы, таптар мен тап күресі тұрғысынан талдап көрсетудің орнына қазақтардың өз тәуелсіздігі жолындағы күресі тұрғысынан қараумен шектелді», «Қазақ ССР тарихын» жазу барысында кеткен кейбір «қателіктер» мен «дәлелсіз пікірлер» үшін авторлар ұжымы қатал да әділ сын алды» деді.  Бекмахановтың осы бір мақаласы баспасөз бетінде жариялана салысымен-ақ сынға алынды. «Культура и жизнь» газетінде және «Большевик Казахстана» журналының 1948 жылғы №1 санында А.Лихолат деген біреудің «Путаная статья о задачах исторической науки» деген мақаласы жарияланған еді. Автор «тырнақ астынан кір іздеп», Бекмаханов еңбегіне қарсы өзінше «дәлелдер» келтірген. Лихолат өз сынын 1943 жылы жарық көрген «ҚазақССР тарихы» кітабынан бастайды. Ол Бекмахановты осынау кітаптың құндылығын айтқаны үшін, бүгінгі күні «ғылыми қызығушылыққа» ие болып отырғандығын дәлелдеуге тырысқандығы үшін кінәлады. Бір қызығы, «сыншы» өз мақаласында «Қазақ ССР тарихындағы» қате пікірлердің бастамасы болған М.П. Вяткиннің «Очерки по истории Казахской ССР» (1том, 1941г.) кітабындағы қателіктер мен кемшіліктер жайлы ауыз ашпайды.  А.Лихолаттың пікірінше, Бекмаханов мақаласындағы «қазақ мемлекеттігі құрылар алдындағы бірқатар мемлекеттер мен халықтар» тарихынан, «ерте орта ғасырдағы түрік қағанатының пайда болуы мен дамуынан», «Шыңғыс хан империясы құрамына кірген» бірқатар мемлекеттер тарихынан монографиялық еңбектер жазу, ХУ ғасырда Қазақстан территориясында құрылған мемлекеттер тарихын зерттеу, қазақтардың Қытай және Жоңғариямен ертедегі қарым-қатынасы, «халық және мемлекеттілік», «Қазақстандағы құлдық, төленгіттер, батырлар, байлар, билер туралы», «көрші мемлекеттердің әлеуметтік категориялары» тарихын зерттеу «аса маңызды» және «өзекті мәселе» деп көрсетуі оның басты кемшілгі болып табылды.  Ермұқан Бекмаханов мақаласында «Қазақ ССР тарихы» кітабының жағымды жақтарын жазумен қатар алғашқы басылымында Қазақстан тарихын кезеңдеуде кеткен кемшіліктердің де орынды сыналғанын айтты. Кітаптың алғашқы басылымында: 1) Қазақстан халықтары тәуелсіздік кезеңінде (көне дәуірден - ХІХ ғасырдың 60-жылдарына дейін) 2) Қазақстан – отар (ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан – Қазан социалистік революциясына дейін) деп кезеңделген болатын. Ал, оған авторлар ұжымы түзетулер енгізгеннен кейін алты кезеңге бөлінді: 1) Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс; 2) Қазақстан территориясындағы ежелгі тайпалық одақтар; 3) Феодализмге дейінгі варварлық мемлекет; 4) Қазақстанда феодалдық қатынастардың дамуы, алғашқы феодалдық мемлекеттер; 5) ХУІІІ ғасырдың екінші жартысынан – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі кезең, феодалдық-отаршылдық езгі жүйесінің қалыптасуы; 6) ХІХ ғасырдың екінші жартысынан – Ұлы Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Кеңестік Қазақстан тарихын кезеңдеуде бұл кезең тарихынан әлі бірде-бір монография жазылмағаны, кеңестік кезең тарихын жүйелі зерттеу барысында өзгерістер болу мүмкіндігі және «қателіктер, ұлтшылдық бұрмалаушылықтар» жіберіліп жүр деген партия сыны ескере отырып кезеңдеуді алғашқы нұсқасында қалдыруды ұсынды.  Ұлы Отан соғысы жылдары мұрағат материалдары негізінде жазылған М.П. Вяткиннің Сырым батырға арналған, Б.С. Сүлейменовтың – Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалар туралы, Апполованың Қазақстаннның Ресейге қосылу тарихы жайлы, Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметін тұңғыш зерттеген Х. Айдарова еңбегі және Бекмаханов өзінің ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді зерттеуге арналған «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында», С.Н. Покровскийдің «Исследование о гражданской войне в Семиречье», В.Ф. Шахматовтың «Внутреняя Букеевская орда и восстание Исатая Тайманова» тағы басқа зерттеулер мен монографиялардың «Қазақ ССР тарихының» екінші басылымын дайындауда көп жеңілдік келтіргенін Е. Бекмаханов ерекше атап көрсетті. Аталған жұмыстардың барлығын да Қазақстан тарихынан біздің білімімізді кеңейтетін дербес ғылыми зерттеу деп бағалады.  Ең алдымен тарихшылар алдындағы міндет қазақ халқының шығу тегі мен Қазақ мемлекеттігі мәселесін зерттеу. Бұл мәселенің дұрыс шешім табуы қазақ мемлекеттігі құрылғанға дейінгі мемлекеттер мен халықтардың әлеуметтік- экономикалық және саяси даму деңгейін анықтап алуға тікелей байланысты. Сондықтан да ерте орта ғасырдағы түрік қағанатының пайда болуы мен дамуын, Орта Азияда өмір сүрген ірі мемлекеттер тарихын тиянақты зерттеу қажет. Қарахан мемлекеті, Қыпшақ мемлекеті, Шағатай ұлысына қатысты монографиялар жазу, ХУ ғасырдағы қазақ мемлекетінің негізін салған Жәнібек пен Керейдің, Тәуке, Әбілхайыр және Абылай хандардың мемлекеттік қызметтерін зерттеу қажет. Қазақ халқының басқа халықтармен мәдени, экономикалық және саяси байланыстары, қазақ мемлекетінің көрші елдермен дипломатиялық қарым - қатынасы мүлде зерттелмеген. Қазақ мемлекеттігі мен халық болып қалыптасуы барысында Қытаймен, Жоңғариямен, Орта Азия хандықтарымен, башқұрт, қырғыз, қалмақ және ұйғыр халықтарымен қарым-қатынасын зерттеу өзекті деп атап көрсетті.  Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесін зерттегенде: қазақ даласына орыс мәдениетінің қалай енгені, оның қазақ мәдениеті мен тұрмысына ықпалы, алдыңғы қатарлы қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы орыс мәдениетімен араласуы және басқа мәселерге назар аударуды ұсынды Жоғарыда аталған А.Лихолат мақала соңында өз ойын тарихшылар Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін анықтаудағы Е.Бекмаханов кеңестерін басшылыққа алатын болса, кеңестік кезең тарихын жазуға бірнеше он жыл өткен соң ғана кірісулері мүмкін, Қазақстан К(б)П Орталық Комитеті органы «Большевик Казахстана» журналы бетінде мұндай былық мақаланың басылуы оқырманға түсініксіз деп түйіндеген.  «Большевик Казахстана» журналы редакциясы «Культура и жизнь» газеті бетінде (1947 жылғы 20 желтоқсан № 35 саны) жарияланған А.Лихолаттың «Путаная статья о задачах исторической науки» деген мақаласы сынының орынды екендігін, журналдың жақындағы сандарының бірінде Қазақстан тарихы ғылымы алдында тұрған міндеттерді көрсетуде кеткен кемшіліктерін түзейтіндігін айтып уәде берді.  БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары, «Драма театрларының репертуары және оны жақсарту шаралары», «Үлкен өмір» кинофильмі туралы қаулы-қарарлары, сондай - ақ БК(б)П Орталық Комитетінің қоғамдық ғылымдар академиясын ашу, БК(б)П Орталық Комитетінің жанындағы жоғарғы партия мектебін қайта құру, одақтас республикалардың астаналарында және бірнеше ірі облыс орталықтарында екі жылдық партия мектептерін ұйымдастыру жөніндегі шаралары партияның идеологиялық жұмыстарын онан сайын жандандырып, қоғамдық ғылымдар алдына партиялық саясат пен идеологияны насихаттап жазу және бұқара халыққа тарату талаптарын қатаң қойды. КСРО-да қоғамдық-саяси ахуал ушығып, соғыс жылдары қайта түлеген ұлттық рухты басып-жаншу кезеңіне тарихшы ғалым Ермұқан Бекмахановтың тарих ғылымының докторы атағын алу үшін диссертациясын қорғауы тұспа-тұс келді. 1946 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғаған Е. Бекмахановтың, жалпы редакциясын М.П. Вяткиннің басқаруымен «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» монографиясы 1947 жылы Алматыдағы Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасынан басылып шықты. Ғалымның осы іргелі еңбегі үш қайтара талқыланды. Алғашқы талқылау Мәскеуде – КСРО Ғылым академиясының тарих инситутында 1948 жылдың 28 ақпанында болды да, екінші талқылау осы жылдың маусым айында Алматыда Қазақ КСР Ғылым академиясының Төралқасында өтті. Келесі талқылау осы жылдың 14-19 шілдесінде Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында болды 538, 336 б.. Осы талқылаулар негізінде 1949 жылы «Вопросы истории» (№4), «Большевик Казахстана» (№9), журналдары мен осы жылдың шілдесінде «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде Қ. Шариповтың «Қазақстан тарихы марксистікпен баяндалсын» деген сын мақаласы басылды. «Социалистік Қазақстан» газетінің бір жарым бетіне басылған бұл көлемді мақаладан кейбір үзінділер келтірейік: «...Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасындағы өзгерістерді қарастырғанда Е.Бекмаханов қазақ қоғамының феодалдық қалыпқа көшуімен және соған байланысты қауымдық жердің тартып алынуымен, халық бұқарасын қанаушылықтың күшеюімен қатар тап қайшылықтарының және тап күресінің күшейгенін жеткілікті көрсетпеген. ...Қазақ халқының тарихы ең алдымен қазақ еңбекшілерінің езушілерге-хандарға, сұлтандарға, билерге, байларға қарсы күресінің тарихы деген идея оның кітабының желісі болып отырмайды. ...Қазақтардың орыстармен қарым-қатынасының езуші халық езілуші халықпен қарым-қатынасы түрінде көрсетуге тырысқан қазақ ұлтшылдарын әшкерелей отырып, тарихшылар Орынбор және Сібір өлкелеріндегі орыс шаруаларының ауыр халін мысалға келтіріп, орыс халқы мен қазақ халқының тағдырының бірлігін және тарихи қалыптасқан достығын көрсетуге тиіс... Бекмахановтың ең үлкен принциптік қатесі 1837-1846 жылдардың қозғалысындағы ішкі тап қайшылықтарын ашып көрсетпеген». Профессор Е.Бекмахановтың «Социалистік Қазақстан» газетінің 1949 жылғы 2 қазандағы және «Коммунист» журналының 1949 жылғы №10 санында Қ. Шарипов мақаласына жауабы жарияланды. Ол жауабында үш мәселеде методологиялық қателік жібердім деп соларға жеке-жеке талдау жасаған. Бекмаханов мақаласынан үзінділер келтірейік: «Бұл методологиялық қателердің мәнісі неде? Біріншіден, қазақтардың 1837-46 жылдардағы қозғалысына марксистік толық талдау жасалмады. Қазақтардың 1836-1846 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының бұқаралық сипатын айқындай келіп, біз мұның өзі негізінде отаршылдыққа қарсы қозғалыс болып қоймай, сонымен қатар езілген қазақ еңбекшілері бұқарасының езілушілерге қарсы тап күресі болғанын атап көрсетпедік, ашпадық. Менің «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» деген кітабымда көтерілісшілер лагеріндегі тап мүдделерінің қайшылығы талдап көрсетілмеді. Бұл-менің бірінші және басты принциптік қатем.  Екіншіден, қазақ халқының ұлттық-азаттық қозғалыстары мәселесін Россияның тарихымен тығыз байланысты зерттеу қажет. Қозғалыстың қандайының болса да тарихи ролін сонда ғана дұрыс анықтауға болады, өйткені орыс халқы мен қазақ халқының тағдыры тарихтың барысы бойынша тығыз байланысты. ... Бірақ, Қазақстанның Россияға қосылуының прогрестігін көрсете келіп, мен кітабымда мұның маңызын толық ашпадым, Россияға қосылуының прогрестік сипаты қазақ халқы үшін ең алдымен, оның орыс халқымен бірігіп самодержавиеге қарсы, сол сияқты өздерінің феодалдарына күресуіне жол ашылғандығында болғанын көрсетпедім. ...Бұл – кітабымыздың аса елеулі екінші методологиялық қатесі.  Үшіншіден, Кенесарының феодалдық басқыншылығы кітапта қазақ халқының ұлттық-азаттық қозғалысының қажетті кезеңі түрінде көрсетілді.  Хан ретінде Кенесарының өз басын дәріптеу, оның мемлекеттік реформаларын асыра бағалау сияқты басқа қателерді туғызған басты-басты үш методологиялық қате осылар».  Ғалым Ермұқан Бекмаханов кітап талқылауынан кейін де қазақ халқының ұлт- азаттық қозғалысы тарихына қатысты бастапқы пікірінде қалды. Мерзімді басылымдарда жарияланған мақаласында да: «Қазақ еңбекші бұқарасының көтеріліске кеңінен қатысуы әлеуметтік жоғарғы топтар өкілдерінің қозғалысқа қатысуына бөгет болған жоқ. Қазақтардың көтерілісіне феодалдық топтың өкілдері- сұлтандар, билер қатысты. Көтерілістің белгілі бір кезеңінде олар көтерілісші қалың бұқарамен бірге болып, сыртқы агрессия хаупіне қарсы күресті. Мұның бір себебі патша өкімет орындары феодалдардың белгілі бір бөлігінің мүдделеріне нұқсан келтіргендігі болды. Кенесары Қасымов осындай феодалдардың қатарында болды. Ол патша өкіметінің қазақ еңбекшілерін отаршылдықпен қанауына қарсы халық ызасының күшін ескеріп, қазақ еңбекшілерінің қозғалысына басшылық етті. Ол қазақ шаруалары арасында – патша өкіметі және Орта Азия хандықтары тартып алған қазақ жерлерін қазақтың өзіне қайтару ұранын тастады. Мұның өзі қазақ халқының тіршілік мүдделеріне сай келді. Көтерілістің кең өріс алуының, он жылға таяу уақытқа созылуының себебі де осыдан. Сондықтан да Кенесары қазақтардың 1837-1846 жылдардағы ұлттық- азаттық қозғалысында прогрестік роль атқарды» деп дұрыс баяндаған өз пікірін өзгеріссіз қалдырды.  Х.Айдарова, С.Толыбеков, Т.Шойынбаев, Б.Сүлейменов және тағы басқа да тарихшылардың 1837-1846 жылдардағы көтерілістің прогрестік маңызы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жөніндегі сын пікірлеріне: «Ал, Қазақ КСР Ғылым Академиясындағы жеке тарихшылар ( Х. Айдарова, С. Толыбеков, Т. Шойынбаев, Б. Сүлейменов жолдастар) қазақтардың 1837-1846 жылдардағы көтерілісінің бұқаралық, прогрестік сипатын танымады. Бұл патша өкіметінің реакциялық отаршылық саясатын ақтауға әкеліп соғады. «Біз Қазақстанды Россияға қосудың прогрестілігі туралы тезисті дұрыс түсінуіміз керек. Бұл фактының прогрестік маңызы қазақ хандарының патша өкіметімен одақ жасағандығында емес, одан гөрі Қазақстан Россияның неғұрлым алдыңғы қатарлы экономикасына, прогрестік орыс мәдениетінің қайнар бұлақтарына қоян-қолтық келтірілгендігінде, оның маңыздылығы – қазақ еңбекшілері бұқарасының Россия еңбекші бұқарасымен бірге, оның басшылығымен, оның үлгісімен, өздерінің ортақ жауы – орыс және қазақ қанаушыларына қарсы күресуге мүмкіндік алғандығында. Демек, бұл тұрғыдан қарағанда, Қазақстанның Россияға қосылуы, патша өкіметінің және Орта Азия хандықтарының отаршылдық қатал саясатынан туған қазақ халқының ұлттық - азаттық қозғалыстарының прогрестік маңызын тіпті де кеміте алмайды».  «Социалистік Қазақстан» газетіндегі «Қазақстан тарихы марксистікпен баяндалсын» деген Қ.Шариповтың мақаласында да «Қазақ ССР Ғылым Академиясындағы айтыс кезінде кітапты дұрыс сынаумен қатар, жеке жолдастар 1837-1846 жылдардағы қозғалыстың қалың бұқаралық сипатын және оның прогрессивтік маңызын беталды жоққа шығарғысы келді» деп жазды.  1949 жылы «Вопросы истории» (№4), «Большевик Казахстана» (№9) журналдары мен «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» сияқты бірнеше партиялық мерзімді басылымдарда қатар басылған Қ. Шариповтың «Қазақстан тарихы марксистікпен баяндалсын» мақаласына қанағаттанбаған Т. Шойынбаев, Х. Айдарова, А. Якунин «Кенесары Қасымовтың іс-әрекеті мен жеке тұлғасына сын пікірлер айтқанымен, Шарипов ол басқарған реакциялық қозғалысты ақтап алғысы келді. ... Шариповтың мақаласы қазақ тарихшыларын толғандырған мәселені шешуге көмегін тигізе алмады. Сондықтанда Бекмахановтың қателіктері кейбір басқа да жұмыстарға кіргізілді. ... 1949 жылы жалпы редакциясын И.О. Омаров пен А.М. Панкратованың басқауымен шыққан «Қазақ ССР тарихының» екінші басылымында да Кенесары қозғалысына дұрыс баға берілмеген» деп 1950 жылы 26 желтоқсандағы «Правда» газетіне сын мақала жазды. Аталған мақала жарияланбас бұрын газеттің редакциялық алқасында бірнеше рет талқылынып, бөлім меңгерушсінің орынбасары В. Озеров Алматыға арнайы екі рет келген. Сол кездегі БК(б)П Орталық Комитетінің хатшысы М. Сусловқа жазған жолдамасында газет редакторы Л. Ильичев, Ж. Шаяхметов пен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы І. Омаровтың бұл мақаланың жазылуына үзілді-кесілді қарсы екендіктерін, Ж. Шаяхметов Кенесарыны қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі деп танйтындығын мәлімдеген. Жоғарғы жақтың осындай қысымынан кейін, Ж. Шаяхметов мақала жарияланған күнде де, оның барынша жұмсартылуын өтінген. Алайда, 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының Орталық Комитеті осы мақалаға байланысты қаулы алып, Е. Бекмахановтың буржуазияшыл ұлтшылдық көзқарастарын айыптады. Е. Бекмахановты «буржуазиялық ұлтшылдықты насихаттады» деп айыптаған мерзімді басылымдар науқаны, қазақ халқының ұлттық рухын өшіруді мақсат еткен тұтас саяси науқанға ұласты.  Қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын усында ұстаған өктем саяси жүйе, қазақ халқының рухани-мәдени мұраларын қайта қарап, таптық-партиялық тұрғыда баға беруін жалғастыра берді. Аталған кезеңде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына және оның жеке тұлғасына қатысты үлкен айтыс басталды. Коммунистік партияның рухани-мәдени салаға қатысты бұл «маңызды» шарасын ұйымдастыруға партияның ұжымдық насихатшысы, ұжымдық үгітшісі, сонымен қатар ұжымдық тәрбиешісі болған мерзімді басылымдар ерекше үлес қосты. Партиялық басылымдарда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске «реакциялық қозғалыс» деген саяси баға берілді. КСРО-да қоғамдық-саяси ахуал ушығып, соғыс жылдары қайта түлеген ұлттық рух басып-жаншылды.

  11.  

  12. Әзірлеген Серғали балажан

  13. Халима Бекмұхамедова: хіх ғасырды зерттеу арқылы Ерекеңнің (Ермұхан Бекмаханов) басы айықпас дауға қалған еді

  14. Жарияланған уақыты: 27.04.2009

  15. Элеонора ЯКИЯ

  16. Белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың жұбайы Халима Бекмаханова. Алматы, 17 сәуір, 2009 жыл.

  17. Совет тарих ғылымында доктор атағына алғаш ие болған қазақ азаматы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болған Ермұхан Бекмахановтың туғанына биыл 95 жыл толады. Тарихшының жары Халима әжей Азаттық тілшісіне арнайы сұхбат берген еді.

  18. Ғалым бақыты

  19. Халима әжеймен сұхбатымыз қайтыс болғанына да қырық жылдың жүзі болған қазақ ғалымының мұралары жөнінде басталды.

  20. — Ерекеңнің қайтыс болғанына да 43 жыл өтті. Ол 50 жасында өмірден өтті, содан бері әр он жыл сайын біздің интеллигенция, тарихшылар қауымы ол кісінің мерейтойларын атап өтіп келеді, Бекмахановтың есімін есте қалдыру мақсатында жасалып жатқан шаралар үшін мен басымды иіп, ризалығымды білдіремін. Әл-Фараби атындағы ұлттық университетте Ерекеңнің атындағы аудитория бар, онда диссертациялық кеңестер, түрлі дәрежедегі қорғаулармен қоса жыл сайын Бекмаханов оқулары өткізіліп тұрады.

  21. Өзі қайтыс болғаннан кейін «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді, бұл кітапты Ерекеңнің шәкірті марқұм Әбу Тәкенов деген азамат шығартып еді. Туылғанына 90 жыл толған кезде Павлодардағы С. Торайғыров атындағы университет 7 томдық шығармалар жинағын шығарды. Жалпы алғанда Ерекең ғалым ретінде бақытты деп айтуыма болады, өйткені оның еңбектері іздеусіз қалып жатқан жоқ.

  22. Ермұханмен өткізген әр күніме ризамын

  23. Алғашқы танысқан кездеріңіз есіңізге түсіріңізші?

  24. — Мен ол кезді өмірі ұмытпайтын шығармын. Бізді таныстырып, табыстырған да, мәңгілікке ажыратқан да мамыр айы. Бұл сұрағыңа толық жауап бермес бұрын кішкене шегініс жасай кетейін, оқырманға түсінікті болсын.

  25. Менің анам Айша Зайсан көпесі Пидахмет деген кісінің қызы, ал әкем Алашордашы Адамбек Бекмұхамедов. Күйеуі қайтыс болғаннан кейін «байдың қызы, Алашордашының әйелі» ретінде қуғын көрген анам жалғыз қызы мені алып, Семейден Өзбекстанға қашып барған.

  26. Сөйтіп біз Өзбекстанда 16 жыл тұрдық. Мен Ташкенттегі Орталық Азия мемлекеттік университетінің (САГУ) филология факультетінде оқып жүрдім. 1946 жылдың мамыр айында университетті тәмамдайтын болып, «Лев Толстойдың «Қажымұрат» шығармасындағы шығыс сөздері» тақырыбында диплом жұмысын жазып жүрдім, қажетті материалдар іздеп, күнде кітапханаға баратынмын.

  27. Бір күні өзім ылғи баратын Әлішер Науаи атындағы кітапханада «Туркестанский сборникті» бар ынтасымен оқып отырған сымбатты да сұлу қазақ жігітіне көзім түсті. Ол кезде, әрине, бұл жігіттің өмірлік жарым боларын білген жоқпын, бірақ Ерекеңнің кескін-келбетінің әдемілігі сонша, оны байқамау мүмкін емес. Белгілі композитор Е.Брусиловскийдің бірде маған «Ермұхан сырт бейнесі кинематографияға лайық жігіт» дегені бар, ол расымен де ақылына көркі сай азамат еді.

  28. Екеуміз танысқанда ол маған «докторлық диссертация жазып жүрмін» деген. Мен алғашында сенген жоқпын, өзінің жасы отызда ғана, жап-жас жігітке қайдағы докторлық, маған мақтанып айтқан болар деп ойладым.

  29. Бір көргеннен-ақ ол менің көзіме бұрыннан таныс адам сияқты жылы ұшырады, сонымен таныстығымыз сыйластыққа, сіз-бізіміз қыз-жігіт боп қол ұстасып қыдырған күндерге ұласты. Ерекеңнің ең алғашқы кездесуге шақырғаны да күні кеше сияқты, жадымда сайрап тұр.

  30. Табиғатынан кешігуді ұнатпайтын ол асықпай келген мені күтпестен, кітапханаға кетіп қалыпты. Оның қайда баратынын білетін мен артынан іздеп бардым. Сәл кейістік білдірген ол мені «Фархад-Шырын» операсына шақырды. Театрдағы антракт кезінде сыртқа шықтық, Ермұхан маған сол кезде жарық көрген «Абай жолының» орысша кітабын сыйлады, бұл оның алғашқы сыйы еді және Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын» ыңылдап айтып берді, кейін бұл ән біздің махаббатымыздың символына айналды, қазіргі күнге дейін Ерекеңді сағынғанда мен ылғи осы әнді айтамын.

  31. Бір күні мен де оны үйге шақырдым, анаммен таныстырдым, олар ортақ тіл табысып, ұзақ әңгімелесті. Танысқалы бері қанша сөйлестік, бір-бірімізге айтпаған әңгімеміз де қалмағандай, бірақ сонда да маған Ермұханның жасырған сыры бардай көрінетін. Қоштасарда ол мені Мәскеуге, докторлық диссертациясының қорғауына шақырды.

  32. Ермұханнан шақырту келген соң, соғыстан соңғы уақыттағы қиыншылыққа қарамастан, анам мені Мәскеуге жіберді. Мен орысша оқығанмын, киім киісім мен жүріс-тұрысым жергілікті өзбек қыздарынан мүлде бөлек, сондықтан ба екен, маған өзбек жігіттері көп сөз айтатын. Бұл, әрине, анама ұнамайтын. Өзіне қатты ұнаған қазақ жігітімен тағдыр қосуыма анамның еңбегі зор болды.

  33. Сонымен, тамыздың бірінде Мәскеуге келіп түстім, содан екі жарым ай Ерекеңнің қасында болдым. Ол кісі кешке дейін Ленин атындағы кітапханада жұмыстарымен шұғылданады, кешке театрға барамыз. Ленинградта тұратын Ерекеңнің оппоненті М.Вяткиннің үйіне де бірге баратынбыз.

  34. Осы кезде ғана мен аңғарған сырдың түйіні шешілді. Ол маған өзінің әйелі, екі қызы барын айтты. Бұдан соң «ештеңеге алаңдама, қалай болғанда да, біз бірге болуымыз керек, бірақ ол үшін саған көп қиындыққа төзуге тура келеді» деп ескертті.

  35. Қиындығы мен қызығы аралас 20 жыл ерлі-зайыпты боп өмір сүрдік. Ерекең айтқандай, екеуміз қосылғаннан кейін расымен де небір қиындықтарға төзіммен қарауыма тура келді. Өзі 1952 жылдың қыркүйегінен 1953 жылдың ақпанына дейін айдауда болды.

  36. Осы аралықта жалғыз өзім балаларды бағып-қағып, түрмеге ақша жіберіп жүрдім. Әйелі Әмина 8 жыл бойы ажырасуға келісім бермегендіктен, біз 1954 жылға дейін заңды некеге де тұра алмадық, сол себепті екі ұлымыз да менің фамилиямда болды.

  37. Ол кісі менен он жас үлкен еді, сондықтан өмір бойы Ереке дейтінмін. Ол кісінің арқасында мен оқулықтардың авторы атандым, кандидаттық диссертация қорғадым, 19 аспирантқа жетекшілік еттім, өмірге үш бала әкеліп, ана болдым. Ел көріп, жер танығаным да сол кісінің арқасында.

  38. Отбасылы болғаннан кейін де ол мені жанынан қалдырмайтын, Мәскеу ме, Ленинград па, қайда барса да ертіп жүретін. Егер мен Ерекеңді кездестірмесем, өмірім мүлдем басқа арнамен ағар ма еді деп те ойлаймын, осындай қазақтың марқасқа азаматымен өткізген өмірімнің әрбір күніне ризамын, екеумізді табыстырған тағдырға басымды иіп өтемін.

  39. Барған жердің бәрінен тек рухани байлық жинайтын

  40. Ол кісіні ғылымнан басқа не қызықтыратын еді?

  41. — Мен сүйген Ерекең ғылымға берілген, өте мәдениетті, өнерге құрметпен қарайтын адам еді. Театрға баруды өте жақсы көретін, операны сүйіп тыңдайтын. Онымен бірге жер- жердің кітапханасын, театрларын, сурет көрмелерін аралағаным күні кешегідей есімде.

  42. Саяхаттауды, теңізде демалуды ұнататын және сұмдық кітапқұмар еді, бір жаққа қыдырып бара қалсақ, саяхатты кітап дүкенінен бастайтынбыз, алып қайтатын базарлығымыздың да көбі кітап болатын. Ол букинистік дүкендерді сағаттап аралайтын.

  43. Осындай дүкендердің бірінен Шоқанның 1904 жылы шыққан кітабын тауып алып балаша қуанғаны есімде. Талай шет мемлекеттерді көрген ол Қытайға баруды армандайтын, «біз орыстың, Еуропаның кітапханасын ақтарып жүрміз, қазақтың талай тарихы Қытайда жатыр» дейтін, бірақ ол арманына жете алмады. Өмірде қанша қиындық көрсе де мойымайтын қайсар еді, табанды болатын.

  44. Ұлтшыл атанып, қудалаудың түр-түрін көрсе де «мен саясатпен емес, ғылыммен шұғылданып жүрмін, ғылым бүгін де, ертең де керек» деген ұстанымынан айныған жоқ. Оған көре алмаушылардың тарапынан «өзі жазбайды, біреулерден ұрлап алған» деген жала да жабылды.

  45. Ғылым жолындағы күрес пен аяқтан шалулар және отбасындағы мазасыздық оның жүйкесін жұқартқан еді, оның үстіне жастайынан көрген жоқшылық пен жетіспеушіліктің салдарынан денсаулығы өте нашар еді. Өкпесі ауыратын, ақыры 1966 жылдың 5 мамыры күні бар-жоғы 50 жасында рактан қайтыс болды, жүзеге аспаған армандары да көп еді, амал қанша, ғұмыры қысқа болды.

  46. Ол кісі өте ұқыпты адам еді, хатты да, керекті адрестерді де мұқияттап сақтап жүретін. Ерекең қайтыс болғаннан кейін екеуара жазысқан хаттарымыз бен фотосуреттерді жинап, бірге өткізген өмірімізді бейнелейтін «Вместе 20 лет» атты естелік кітап жасадым. Ол өмірден өткеннен кейін көзін көргендердің естеліктерін жинап жүруші едім, сол отыз жылдай жинаған естеліктерді қамтып, 90 жылдығының қарсаңында кітап етіп шығардым.

  47. Бір тәубе дейтінім, өмірден өткеніне 40 жылдан асса да, ол кісінің еңбектері елдің қажетіне жарап, ғылым жолына түскен жастар үшін қызмет етіп келеді, ал кезінде оның сыртынан жала жапқандардың аты-жөні де ешкімнің есінде жоқ.

  48. Мұны неге айтып отырмын, қазақтың «біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле» деген ғажап сөзі бар, ол кісілер біреудің ізіне түсіп, өнбейтін дауды қуғанша, еңбек жазып қалдырғанда ғой, елге анағұрлым пайдалы болған болар еді.

  49. Ерекең үнемі «біз талантты халықпыз, қазақтан ғалым да, өнер қайраткері де көп шығуы тиіс, әлі-ақ біздің халықтың болашағы жарқын болады» деп отырушы еді, қазіргі шетелдерде білім алып, шетелдің тілінде өз тілінен кем сөйлемейтін жастарды көріп, Ерекеңнің ойы орындалуда деп ойлаймын, ол өз халқының адал ұлы еді, сондай-ақ қазақтың келешегі үшін қатты алаңдайтын.

  50. Кенесары қозғалысын халықтық көтеріліс деп бағалағаны үшін қуғындалды

  51. Бекмахановтың тарихи көзқарасы мен ғылыми еңбегі үшін 25 жылға сотталғаны белгілі, осы жайында тарқатып айтып беріңізші?

  52. — Ерекең Воронежде білім алған, 1935 жылы оқуын бітіріп келіп, Алматыдағы № 28 М.Мәметова атындағы мектепте сабақ береді, қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы академияда директор болған.

  53. Соғыс басталған тұста Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайларға байланысты ондағы тарихшы оқымыстылардың бір тобы Алматыға эвакуацияланады, Ерекең солармен бірге жұмыс істеп, бір жарым жылда үлкен зерттеу еңбегін жазып шығады. Осы еңбектің негізіндегі докторлық диссертациясын 1946 жылы Мәскеуде қорғады.

  54. Көп ғалымдар қорғаған соң бірден кітап шығармайды, ал ол кісінің кітабы 1947 жылы шығып қойды, бұл кітаптың төңірегінде 4 дискуссия өтті, ал аттестациялық комиссия (ВАК) 1948 жылы ғана докторлық дипломын берді.

  55. Ол дискуссиялар Ерекеңді сынап, кітапты қаралап, Кенесарының көтерілісі халықтың емес, феодализмнің қозғалысы, бұл орыстарға қарсы ұйымдастырылған күресті дәріптеу деп ол кісіні түрлі қуғынға ұшыратты. Осылайша ХІХ ғасырды зерттеу арқылы Ерекеңнің басы айықпас дауға қалды.

  56. Сол уақытта өзі бір түсініспеушілік жағдайлар көп болды, «ұлы орыс халқына қарсылық» деген сылтаумен жүргізілген сол науқанда тарихшылар ғана емес, әдебиетшілер мен тілшілер де қуғынға ұшырады.

  57. Ал Ерекең үшін көптеген қиыншылықтардың соңы 1952 жылғы сотпен түйінделді, сот оны 25 жылға түрмеге жіберді. «Аққа құдай жақ» болып түрмеде отырғанына 2 жыл болған кезде Сталин қайтыс болып кетті, сөйтіп ол кісі абақтыдан үйге оралды.

  58. Ерекең түрмеде болған кезде де, одан кейін оның босатылып шығуына да үлкен үлесін тигізген, жақсылығын аямаған адам сол уақыттың білгір тарихшысы Анна Михайловна Панкратова еді. Ол кісінің 1949 жылы Ілияс Омаровқа былай деп хат жазғаны бар:

  59. «...Среди ряд историков существует непременное стремление ухудшить историю казахского народа, вопреки исторической правде. Я совершенно не понимаю, почему грузинские цари или узбекские ханы могут считаться при аналогичных исторических условиях прегрессивными деятелями, а казахи должны чернить Аблая и Кенесары Касымова? Я ни в коем случае не могу стать на антиисторический путь оценки этих виднейших деятелей казахской истории, тем более, что наши критики не подтверждают своих выводов решительно никакими документами и историческими фактами».

  60. Ерекең елге келген соң 1957 жылы «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты тағы бір кітап жазып шығарды, осы еңбегі үшін екінші мәрте докторлық атақ берілді. Партиялық билетін қайтып алып, қуанып, Мәскеуде монографиясын шығарды. Университетте жұмыс істеп, кафедра меңгерушісі болды, аз уақыттың ішінде 20 аспирант дайындап шығарды.

  61. Орнында бар оңалар...

  62. Оқырман қауым атақты тарихшының ұрпақтары жайында да білгісі келеді...

  63. — Ол кісінің бәйбішесінен үш қызы бар, үлкен қызы Неля тарих ғылымының докторы, екінші қызы филолог, үшінші қызы биолог, ол да ғылым докторы. Менің екі ұлым, бір қызым бар. Үлкен ұлым әкесімен аттас Ермұхан математик, кино саласында да жұмыс істеді, ол 57 жасында қайтыс болды.

  64. Үш қыздан кейінгі зарығып көрген ұлы болғандықтан ба, менің аяғым ауыр кезде іште жатқан баласын қатты еркелететін, сол кезде неге екені белгісіз, оны ылғи Ермұхан деп атайтын. Ұлымыз өмірге келгеннен кейін де солай атадық. Екінші ұлымызды Сермұхан деп атадық, ол қазір транспорт академиясында сабақ береді.

  65. Халима Адамбекқызы құдай қосқан қосағы, тарихшы ғалым Ермұхан Бекмаханов туралы айтудан, ол кісінің жақсылығы мен ізгі қасиеттерін дәріптеуден еш жалыққан емеспін, жалықпаймын да. Алла қанша өмір берсе, сол ғұмырымның бәрін осы азаматты бақытты қылуға жұмсармын деген сертім болды дейді. Бұл күнде Бекмахановтар әулетінің түтінін түтетіп, алты немере мен олардан тараған шөберелердің әжесі болып отырған Халима әжей әңгімесін түйіндей келе, сөзінің соңында ел болашағы – жастарға арнайы тілек білдірді:

  66. — Менің жасым 84-ке келді, талай қиындықты да, қуанышты да күндерді бастан өткерген тірі тарихпын десем де болады. Ермұхан сияқты мықты қазақпен бір шаңырақта жиырма жыл ғұмыр кешу дегеннің өзі қандай бақыт десеңізші. Ол кісіден үйренгенім көп.

  67. Өмірдің де талай қиыншылығын кешірген, шынығып, шымыр болған адаммын мен. Осы тұрғыдан өзімнің немере, шөберелеріммен замандас жастарға сөз арнасам сөкеттігі болмас. Қазір, Аллаға шүкір, оқимын, адам боламын деп алға ұмтылған жастарға мүмкіндіктер жеткілікті.

  68. Біздің көрген қиындығымыз жастарды айналып өтсе екен деп тілеймін. Қазақ деген елдің көшін алға сүйрейтін жастарға тілерім, рухтарың мықты болсын, сонда ғана өмірдің қиындықтарын жеңе аласыңдар. Бүгін бар да, ертең жоқ жалт-жұлт еткен дүниеге емес, адамды қайда жүрсе де, кіммен жолдас болса да сатып кетпейтін, өлсең өзіңмен кететін рухани байлыққа құмар болыңдар.

  69. Біз тарыдай шашыраған аз ғана халықпыз, жан-жағымыздағы алып мемлекеттермен салыстырғанда теңіздің тамшысындаймыз, бірақ бірлігіміз мықты болса, бізді жау да, дау да ала алмайды. Ол үшін жастар мықты, саналы болсын, ал үлкендер оларды құр кінәлаудан аулақ болып, үлгі көрсете білейік. Ең бастысы еліміз аман, заманымыз тыныш болсын!

  70. Әңгімеңізге көп рахмет, Халима әже!

  71. Қосымша мақалалар МӘДЕНИЕТ

  72. 0 Comments

Қазақ тарихының геродоты

Жәрдемші

Танымал тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдыры туралы жары Халима апай әңгімелейді Кеңес Одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйе қырқыншы жылдардың соңы мен елуінші жылдардың басында өзінің шарықтау шегіне жетті. Елде Сталиннің жеке басына табыну белең алды. Интеллигенцияға қатысты еркін ойды қудалайтын саяси қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі басталды. Ахмет Жұбанов Қажым Жұмалиев, Бек Сүлейменов т.б. зиялы қауым өкілдері де қуғын-сүргінге ұшырады. Көрнекті ғалымдар Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезовтер қудалауға ұшырап, Қазақстаннан кетіп қалуға мәжбүр болды. Ленинград пен Мәскеуде "Ленинградтық іс", "дәрігерлер ісі" "қолдан жасалып" жатқан кезде, Қазақстанда "Бекмаханов ісі" пайда болды.

«Танысуымызға сеп болған - кітапхана»

Тарихшы Ермахан Бекмаханов (1915-1966) соғыс жылдарында Алматыда болған белгілі тарихшылар А.П.Кучкин, А.М.Панкратова, В.Д.Греков және т.б. бірігіп 1943 жылы "Қазақ ССР" тарихын әзірлесе, ал 1947 жылы "Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында" атты монография дайындаған еді. Оның Кенесары Қасымұлының көтерілісіне қатысты көзқарасы ұлтшылдық сипатта-саяси зиянды деп саналды. Сөйтіп, Е.Бекмаханов 1952 жылдың 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды. Тек Сталин  қайтыс болғаннан кейін 1954 жылдың 16 ақпаны күні Бекмахановқа КСРО ішкі істер министрлігі оның үстінен қозғалған істің тоқтатылғанын мәлімдеп, бостандыққа шығарады. Содан бастап 16 ақпанды Бекмахановтар отбасы Ермұханның туған күні деп тойлауды үрдіске айналдырды. Әрине, дәл осы айтулы датаға орайластыра алмасақ та, біз тарихшы Ермұхан Бекмахановтың жұбайы Халима Адамқызын арнайы іздеп барып, әңгімелескен едік: - Ерекең - тарихта үлкен із қалдырған тұлға. Небары елу жыл ғана өмір сүрсе де, артына мол мұра тастап үлгерді, - деп бастады әңгімесін Халима апа. - Ол кісі Омбы, Орынбор, Мәскеу, Ташкент жеріндегі бай мұрағатта күні-түні отырып тынбай ізденетін. Екеуміздің танысуымызға сеп болған да сол кітапхана. Мен өзім Ташкентте тұратынмын. 1946 жылы мен дипломдық жұмысымды жазуға сондағы Науаи атындағы кітапханаға барғанымда, Ерекең ғылыми ізденіспен сол жерде жүр екен. Көрікті тұлғасына сай көп ізденетін жан екені көрініп тұрды. Танысқаннан бастап тез тілтабысып кеттік. Ол кісі менен ешқандай сыр жасырған жоқ, бірден өзінің жары, үш баласы барын, бірақ жұбайымен аралары онша жақсы емес екендігін айтты. Біз сегіз жыл заңды тіркеуден өтпей бірге тұрдық. Себебі жұбайы ажырасуға келісім бермеді. Тек Ерекең репрессияға ұшырап, түрмеге жабылғанда барып, балаларына зияны тиіп кетпесін деп,  еріксіз келісімін берді. Сөйтіп Ермұхан ақталып шыққаннан кейін, яғни 1954 жылы заңды некеге отырдық. Мен Ерекеңнен он жас кіші болғандықтан, ол кісіге қашанда арқа сүйедем, басымды иіп  бағындым. Талантты адамның  қашанда мінезі ерекше болады ғой. Ерекең де сондай қатал, шыншыл, ешқашан өтірік сөйлемейтін, сондықтан өтірік сөйлейтіндерді де ұнатпайтын кісі еді. Өз дегенін тура айтып, нақты істейтін. Бірде-бір бастықтың алдында кезек күтіп отырмайтын. Кіріп кетеді де, өзіне керегін айтатын. Адамдар арасындағы сүйкімі керемет болатын да, бір кісі оған қарсы келмейтін. Екеуміз бірге өмір сүрген жиырма жылда мен де бірде-бір рет ол кісінің бетіне қарсы келіп, «сен» деген емеспін. Үнемі «сіз» дейтінмін. Оқуға берілген, кітапқұмар еді. Ленинградта жүргенімізде үш-төрт сағаттап букинистік дүкендерді аралап, тарихи кітаптап іздейтін. Сондай күндердің бірінде  Шоқан Уәлихановтың 1904 жылы шыққан кітабын тауып алып, баладай қуанғаны есімде.  Өнерге жан-тәнімен ғашық еді. Үйіміз театрдың жанында болды да, үнемі кешкісін «аздап таза ауа жұтып келейін» деп кетеді де, содан бір-екі сағат өткеннен соң бір-ақ оралады. Сол арада бір қойылымды көріп үлгереді екен ғой. «Біржан-Сара» операсын сондай жақсы көруші еді. Өзі де домбыра тартып, пианинода ойнайтыны бар-ды. «Мен егер ғалым болмағанда, әртіс болар едім» деп күлуші еді.

«Кенесарыны зерттеуге Халел бағыт берген-ау... »

Өмірбаяны «1915 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында Жасыбай деген жерде кедей шаруа Бекмахан Бегенұлының шаңырағында дүниеге келді» деп келетін Ермұхан Бекмахановтың Абылайханның ұрпағы екені кейінгі кездері ғана ашық айтыла бастады. Әкесі Ермұхан алты жасқа келгенде дүние салса, анасы Бәпіш мен қарындасы ашаршылықта көз жұмып, денелерінің қайда қалғаны да белгісіз қалыпты. Содан сүйеу болар ешкімі жоқ Ермұхан оқу-білімге бас қойып, алдымен Баянауылда жетіжылдық мектепті, одан кейін Семейдегі жоғары оқу орнына даярлайтын бір жылдық курсты тәмамдайды. 1933 жылы Қазақ АКСР оқу-ағарту халық комиссариатының жолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа қабылданып, 1937 жылы сондағы тарих факультетін бітіреді. Осы оқу орнында оқып жүргенінде Бекмахановтың қазақтың соңғы ханы Кенесарыны зерттеуге кірісуіне түрткі боларлық бір оқиға орын алады. Осы жөнінде ғалымның жұбайы Халима апа былай деді:     - Воронежде жүргенімде үнемі бір қазақ кісіні көретінмін, -  дейтін Ерекең. «Осы кісі шынында да қазақ болса ғой шіркін» дейтінмін. Шет жерде қандасыңды ұшырату қандай керемет! Көпке дейін бата алмай жүрдім де, бір күні ақыры жанына барып, «аға, сіз қазақсыз ба?» деп сұрадым. Ана кісі «Иә балам, мен қазақпын» демесі бар ма?!». Сөйтсе, ол Воронежге жер аударылған алаш ардақтыларының бірі Халел Досмұхамедов екен. Солайша екеуі үнемі кездесіп, әңгімелесіп тұрады. Халел Досмұхаммедов өзі дәрігер болса да, тарихты жақсы білген зиялы адам. Ал, Ерекең ол кезде ауылдан енді ғана шыққан, өзі орысша оқыған студент. Сондықтан Ерекеңе Кенесары  ханды зерттеуге  бағыт берген  де  сол Халел Досмұхаммедов шығар деймін кейде.   Хан Кене жайлы зерттеу жұмысына кіріскелі жүргенде соғыстың қаралы хабары жетеді.  Сол тұста ҚазКСР Оқу халық комиссариатында мектептер басқармасының бастығы болған Ермұхан Бекмахановтың майданға аттанбақ болған. Бірақ бала жастан серігі болып келе жатқан өкпе ауруы оның алдын кес-кестейді. Ер-азаматтың барлығы Отан үшін от кешіп жүргенде,  елде әйел, бала-шағамен қала беруді ар санаған ғалым қару алып жауға қарсы соғыспаса да, соғыс жүріп жатқан жерлерді аралап, сол кездің тарихын қағаз бетіне түсіру жұмысымен айналысты. Соғыс жағдайына байланысты Қазақстан жеріне келіп жұмыс істеген Анна Панкратова, Николай Дружинин, Михаил Вяткин секілді орыстың мықты ғалымдармен бірге Ермұхан Бекмаханов та Қазақстан тарихын жазуға кіріседі. Соның ішінде бір бөлімі Кенесары хан жайлы болады. Сол оқулықтың жазылуы мұң екен, аяқ астынан дұшпандар пайда болып, «бұл ұлтшылдықты насихаттайтын, байлар мен хандарды мадақтайтын кітап» деп аяқтан шалуға тырысады. Әйтсе де тарихшы оған бола сағын сындырмай, бастаған ісін әрі қарай жалғастыра береді. Орталық Комитеттің өзі тарихшының дарыны мен ерен еңбегін бағалап, кандидаттығын қорғауға үш айға іссапарға шығарады. Ондай бұрын-соңды тарихта болмаған оқиға екен. Соның арқасында Ермұхан Бекмаханов  1943 жылы Мәскеуде Кенесары хан жайында ғылыми диссертациясын сәтті қорғайды.

«Байшыл Бекмаханов»  және 25 жыл...

Ғылым жолына шындап берілген Ермұхан Бекмаханов араға үш жыл салып  1946 жылы «Қазақстан 19 ғасырдың 20-40 жылдарында» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғауға Мәскеуге қайта барады.  - Ерекеңнің осындай сәтін көзбен көріп, қасында болуға Мәскеуге мен де бардым, - деп Халима апа сол бір шақты көз алдына келтіргендей бір сәт. үнсіз қалды. Сонан соң: - Сол жерде тұңғыш рет Мәлік Ғабдуллин ағамызды көрдім, - деп әңгімесін қайта сабақтады. - Батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы да қатысуға арнайы барды.  Диссертация қорғалатын залға Қазақ Ғылым Академиясының негізін қалауға күш салып жүрген атақты ғалым Қаныш Сәтбаев кіріп келгенде, орыс ғалымдары орындарынан атып тұрып сәлем берді. Сондай беделі биік тұлғаның өзі Ерекеңнің қорғауына қатысып, біткеннен соң «Біздің қазақ салтында мұндай жағдайда міндетті түрде дастархан жайып, той жасайды. Сен де сол салттан аттағандай болма» деп ақша бергені бар. Ерекеңнің үш ай Мәскеуде жүріп, қаражаттан тарыққанын айтпай-ақ біліп, өзгелердің алдында еңсесі түсіп қалмауын ойлаған Қанекеңнің көрегендігі әрі ұлт намысын ойлағандығы ғой.  Солайша Ермұхан Бекмаханов қазақ тарихшыларының ішіндегі тұңғыш ғылым докторы болып елге оралды. Ежелгі дәуірден сол кезге дейінгі кезеңді қамтитын тұңғыш «Қазақ ССР тарихы» Алматыда жарыққа шықты. Кеңес республикаларының тұңғыш дербес тарихын жазудың бастамасы болғандықтан және оған соншама беделді ғалымдар күш салғандықтан, бұл кітап бірден көзге түсті. Басылым Сталиндік сыйлыққа ұсынылып, сарапшылардың алғашқы сынынан сүрінбей өтті. Бірақ авторлардың қуанышы көп ұзамай, керісінше, бірнеше жылға созылған бітпес дауға, ал Бекмаханов үшін трагедияға ұласты. «Бекмаханов – феодалдықты мадақтайды, байшыл, тіпті диссертацияны өзі жазбаған, Рязановтан көшіріп алған» деген секілді неше түрлі жала жауып, аяқтан шалушылар әр-әр жерден бас көтере бастады. Соған байланысты қоғамда, баспасөз беттерінде айтыс-тартыс жүріп, ғылыми еңбек жоғарғы аттестациялық комиссия екі жылдай тіркеуге алмай қояды. Сонан соң 1951 жылы желтоқсан айында «Правда» газетінде жарияланған Бекмахановты жерден алып, жерге салған мақала жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді. Одан кейін Бекмахановтың бүкіл дипломдарын сыпырып алып, КазГУ-де сабақ беріп жүрген кафедрасынан жұмыстан босатып, партия қатарынан шығарады. Жер аударып, сонау Қытаймен шекарадағы ауылға қарапайым мұғалім етіп жіберсе де, қыңқ демей, соның бәріне төзіп, соңын баққан Ермұхан Бекмахановтың мықтылығы емей немене?!. Айдауда жүрсе де Қазақстанның Ресейге қосылуы атты еңбегінің қолжазбасын Мәскеуге апарып, қолдауға ие болғанда ғалым өзін елде «үштіктің» құрығы күтіп тұрғанына мүлдем бейхабар еді.  - Ерекең Мәскеуден сондай көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Ғалымдардың ынта-ықыласы оған қанат бітіргені соншалықты, ол кісі өзінің айдауда жүргенін ұмытып кеткендей әсерде жүрді. Бірақ, онысы ұзаққа бармады, - осылай деген Халима Адамқызының өңі бұзылып, үнінде діріл пайда болды.  Сонан соң қалтасынан беторамалын алып, көзіне келіп қалған жасын сүртті де әңгімесін әрі қарай жалғады. - Тамыздың отызында жұмысқа кіріскеннен небары бес күн сабақ беріп үлгерді, алтыншы күн дегенде сабақ беріп жатқан сыныбына «үштіктің» жендеттері кіріп келеді де, Ерекеңді абақтыға алып кетеді. Содан үш ай тергеуге алып, ақыры сот 25 жылға қамауға үкім шығарып, Үлкен Бадайба лагеріне жібереді. Мен де қарап қалмай жоғары жаққа хат жазып, арыздандым, ол кісінің ұстазы Анна Михайловна Панкратова да менің жазған арызымды қарап шығып: «Ермұхан ешкімге жау емес, бұл - әділетсіздік. Сондықтан Ермұханды шығаруға  қолымнан келгенше көмектесемін» деді. Өзім ЖенПИ-де сабақ беретінмін. Ерекеңді ұстағаннан кейін мен үшін Алматыда қалудың еш мағынасы қалмады. Сосын өзімнің ата-анам, туыстарымды паналап Ташкентке кеттім. Сол жақта жұмыс істей жүрып, Ерекеңе посылка мен хат жіберіп тұрдым. Мәскеуге үздіксіз арызданумен болдым. Ерекең де түрмеде қарап жатпай, Хрущевке, Шаяхметовке хат жазып, жағдайды түсіндірумен болды. Маған жазған хаттарының әрбірінде абақтыда жатқан өзін емес, мені аяп, ертеңнен үміт үзбеуге шақыратын. Сөйтіп жүргенде 1953 жылы Сталиннің  қайтыс болуы  кеудедегі үміт отын  үрледі десе болғандай. Көп ұзамай Ермұхан ақталып, бостандыққа шықты.

«Үлгере алмай кетіп барам...»

Жақсы адамның көкірегінде тек ізгілік ұялайтындықтан, кекшілдікке, күншілдікке орын жоқ. Ермұхан Бекмаханов қамаудан шыққан соң кезінде өзінің балағына жармасып, аяғынан шалғандарға кек қайтаруды қаперіне де алған жоқ. Ғылымда өзінің бастаған ісін әрі қарай жалғастырып, қалайда содан бір нәтиже шығаруды ғана мақсат етті. Онысы шынында жемісті болып, аз ғана уақытта бұрынғы атағы, өзінің қолынан тартып алынғанның барлығын қайтарып алды. «Қазақстанның Ресейге қосылуы» деген тақырыпта тағы бір рет докторлық диссертация қорғап, екі мәрте тарих ғылымдарының докторы атанды, 1957 жылы оқулық шығарды. Ғалым әсіресе, өмірінің соңғы жеті жылында жанталаса жұмыс істеді. Ежелгі дәуірден бастап бері қарай жазып келе жатқан тарих оқулығын жалғастырып, «Қазақ КСР тарихының хрестоматиясын»,  «Очерки истории Казахстана ХІХ века» атты оқу құралын, көптеген мақалалар жазып үлгерді. 1962 жылы Бекмаханов Қазақ КСР Ғылым академиясына коореспондент мүше болып сайланды. Қазақстан тарихын барлық ЖОО-на енгізу арманына қол жеткізгеннен кейін бір-екі жылдан соң асыл азамат Ермұхан Бекмаханов 1966 жылы небары 51 жасында ауыр науқастан қайтыс болды. Оның Бауыржан Момышұлымен қоштасарда айтқан сөзі: «Үлгере алмай кетіп барам, кешіріңіз!» болса керек. Ал осыған халық атынан кешірім сұрап жауап бергендей Баукең былай деп жазыпты: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, деп боздар сорлы қазақ мен өлгенде». Осы сөзімді Қанышқа, Мұхтарға арнап жазып едім. Інім едің – сенімен қоштасып, басыңа қойып тұрмын. Жатқан жерің торқа болсын. Әрқашан да есімдесің, бауырым. Жылаушы Б.Момышұлы». Тарихшы, қайраткер тұлғаның қайтыс болғанынан бері де міне қырық екі жыл өтіпті. Қазақ тарихының ғылыми іргетасын қалау жолында қуғын-сүргінге ұшыраған  Ермұхан Бекмахановтың өз өмір тарихы да балдай тәтті болған жоқ. Алты жаста әкесінен айрылған жас бала аштық уағында анасы мен қарындасынан да көз жазып қалды. Атадан жалғыз қалған ғалымның бағына Құдай алты бірдей перзент берді. Әкелерінің көп оқитыны, көп ізденетіні балаларына үлгі болып, тұңғыш қызы әке жолын қуып, тарихшы болса, өзімен аттас Ермұхан атты ұлы талай жылдар қазақ киномотографиясына  қызмет етіп, бүгінде әкесінің артынан бақиға аттаныпты. Бірақ ең бастысы, ұлыдан ұрпақ қалды, ұлт тарихында мәңгі өшпес ізі қалды.

 

 

Мәриям ӘБСАТТАР.