Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электрмеханика және электр техникалық жабдықтары Әдістемелік нұсақаулық.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
282.62 Кб
Скачать

Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика және байланыс университеті

Өнеркәсіп қондырғыларының электржетегі және

автоматтандырылуы кафедрасы

                                                                                                                                  

 

 

 

Электрмеханика және электр техникалық жабдықтары

5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының

барлық оқу түрлерінің студенттері үшін  есептеу – графикалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

 

Алматы 2011

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: М.А. Мустафин, Р.М. Шидерова, С.Б. Алексеев, Н.К. Алмуратова. Электрмеханика және электр техникалық жабдықтары. 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттеріне арналған есептеу – графикалық жұмысы .

– Алматы: АЭжБУ, 2011. - 12 б. 

 

Әдістемелік нұсқауда есептеу – графикалық жұмысын орындаудың жалпы жағдайлары, рәсімдеу және орындау реттері келтірілген.

Әдістемелік нұсқау 5В071800 – Электр энергетикасы мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттеріне есептеу – графикалық жұмысын орындауға арналған.

Сур.7, кес.7, әдебиеттер – 5 аталу

 

Пікір беруші: техн. ғыл. д-р., проф. К.К. Жумагулов

 

“Алматы энергетика және байланыс университетінің” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2010 ж. баспа  жоспары бойынша басылады.

 

 

 © “Алматы энергетика және байланыс университетінің” КЕАҚ, 2011 ж.

Электр механикасы

 

         Электр механикалық түрлендіргіштер өнеркәсіпте, ауыл шаруашы-лығында, авиацияда, көлікте, әскери істе, тұрмыста және қазіргі заманғы автоматты басқару жүйесінде және синхронды байланыс жүйелерінде өте кең қолданыс тапты. Осыдан байқайтынымыз, электр механикалық теория негіздері білімінің барлық электр техникалық мамандығының студенттері үшін маңыздылығы.

         Курстың негізгі бөлімдерін игеруді бастау алдында электрлік машиналар түрлерін және конструкциясын толығымен ұғып алу керек және жұмыс істеу принципін түсіндіре білу керек және де энергияның электрлік және электр механикалық түрлендірілу процесі негізделген электр техниканың негізгі заңдарын қайталау.

         Есептеу-графикалық жұмыс үшін тапсырмаларды құрастырғанда, электр механикалық түрлендіргіштердің әр түрлі түрлері үшін жалпы сұрақтарды қарастыру керек. Оларға электрлік машиналардың жұмыс істеу принципі мен құрылысы, қолдану өрісі және айнымалы ток машинасы теориясының жалпы сұрақтары қатысты.

 

1.1 Тапсырма

 

Есептеу-графикалық жұмыс екі бөлімнен тұрады:

а) тапсырмаға сәйкес электрлік машинаның жұмыс істеу принципі және қолдану өрісі;

б) ораманың сұлбасы.

 

Нұсқаны таңдау

 

Тапсырма нұсқалары келесі кестелерден 1.1, 1.2 және 1.3, студенттің фамилиясының бірінші әрпі мен сынақ кітапшасының нөмірі бойынша таңдалады.

 

а) тапсырмасының нұсқасы 1.1 кесте бойынша таңдалады

 

1.1 К е с т е

Фамилиясының

бірінші

әрпі

 

Нұсқалар

А,Б,В,Г

Трансформаторлар

Д,Е,Ж,З

Тұрақты ток машинасы

И,К,Л,М

Асинхронды машиналар

О,П,Р,С

Турбогенераторлар

Т,У,Ф,Х,Ц,Ч,Ш,Щ,Э,Ю,Я

Гидрогенераторлар

 

         б) тапсырмасының нұсқасы 1.2 және 1.3 кестелер бойынша таңдалады

1.2 К е с т е

Шифрының соңғысының алдындағы сан

Нұсқалар

0,2,3,4,5

Екіқабатты орам

6,7,8,9

Бірқабатты орам

 

 

          

         1.3  К е с т е

Шифрдың соңғы саны

р полюс

терінің саны

q фаза және полюске паза саны

Параллель орналасқан бұтақтардың саны  а

Бірқабатты орам

Екіқабатты орам

0

3

2

1

0,5

3

1

1

3

1

0,6

1

2

2

2

1

0,7

2

3

1

3

1

0,8

2

4

3

2

1

0,9

2

5

2

3

1

1,1

2

6

3

2

1

1,2

2

7

1

3

1

1,3

2

8

2

2

1

0,8

2

9

2

3

1

0,7

2