Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЛЕКТРОНИКА РГР.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
250.38 Кб
Скачать

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНС УНИВЕРСИТЕТІ

ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЭЛЕКТРОНИКА КАФЕДРАСЫ

ЭЛЕКТРОНИКА ПӘНІНЕН

№1ЕСЕПТЕМЕ-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

7-НҰСҚА

ОРЫНДАҒАН: Ералиева А

БАУк-09-4 тобы

ТЕКСЕРГЕН: НУСИБАЛИЕВА А.Б

АЛМАТЫ 2010

1 –ші тапсырма

1 –ші есеп.

Вариант бойнша берілген түзету схемасына арнап диодттарды таңдап алу керек. Түзеткіштің шығысындағы кернеудің мәні Ud, жүктемеге берілетін токтың максималдық мәні Idmax. Түзеткіштің жұмыс істеу ортасының температурасы t 0C-қа тең.

Тапсырмаға берілген вариант мұғалім нұсқауы бойынша 1.1-кестеден анықталады.

1.1-ші кесте. 1-ші есептің берілген варианттары

Түзеткіштің берілген схемасы

Ud, В

Idmax, А

t 0C

07

Бір фазалы көпірлі

12

1,5

60 0C

1 Берілгені.

Берілген вариант бойнша: түзету схемасының түрі - бір фазалы көпірлі түзеткіш; түзеткіштің шығысындағы кернеудің мәні Ud = 12,0 B; жүктемеге берілетін токтың максималдық мәні Idmax = 1,5 A; Түзеткіштің жұмыс істеу ортасының температурасы t = 600C.

2 Есепті орындау тәртібі

2.1 Түзеткіш жайлы шолу жасап, қысқаша түсінік келтіру.

2.2 Түзеткішке арнап диодты немесе диодтарды таңдау.

2.3 Диодттың негізгі параметрлерін анықтап, келтіру.

3 Есепті орындау барысы

3.1 Түзеткіш жайлы қысқаша түсінік

Бір фазалы көпірлі түзеткіш бір фазалық айнымалы кернеуді түзету үшін кеңінен қолданылады. Ол екі жарты периодты түзеткіш деп аталады. Түзеткіштің сұлбасы 1, а-суретте келтірілген. Ол трансформатор мен оның екінші реттік орамасына көпірлік сұлба бойынша қосылған төрт диодтан тұрады. Көпірдің бір диагоналына трансформатордың екінші реттік орамасы, ал екіншісіне жүктемелік резистор Rж жалғанады. Әрбір қос диод (VD1, VD3 және VD2, VD4) кезекпен жұмыс істейді. VD1, VD3 диодтары а нүктесінің потенциялы в нүктесінің потенциалынан жоғары болған кезде, яғни трансформатордың екінші реттік орамасындағы кернеудің U2 бірінші жарты периоды кезінде (0-Т/2 уақыт аралығы ) ашық болады. Бұл кезде жүктемелік Rж резисторда іж тоғы пайда болды (1,б-сурет ). Бұл уақыт аралығында VD2, VD4 диодтары жабық.

Екінші реттік орамадағы кернеудің келесі жарты периоды кезінде (Т/2-Т уақыт аралығы) б нүктесінің потенциалы а нүктесінің потенциалынан жоғары болады да, VD2, VD4 диодтары ашық, ал VD1, VD3 диодтары жабық болады. 1, ә суретінен көріп отырғандай, екі жарты период кезінде де жүктемелік резистордан Rж жүретін токтың бағыты бірдей болады.

а)

ә)

1-сурет. Көпірлік түзеткіштің сұлбасы (а) және кернеулер мен тоқтардың уақыттық диаграммалары (ә)

3.2 4 Берілген түзеткішттің сұлбасы бойынша диодттарды таңдау

Түзеткіштердің жұмысын талдауды жеңілдету мақсатында трансформатор мен диодты мүлтіксіз (өте оңды, идеал) деп қарайды, яғни трансформатордың орамаларының активті кедергісі, ал диодтың тура бағыттағы активті кедергісі нөлге тең; диодтың кері бағыттағы кедергісі шексіз; трансформатордың сейілу ағыны жоқ деп ұйғарылады. Мұндай жорамалдар жасалған кезде трансформатордың бірінші реттік орамасын айнымалы синусоидалық кернеу желісіне қосса, онда оның екінші реттік орамасында синусоидалы кернеу пайда болады.

Берілген түзеткішттің сұлбасы бойынша диодттарды таңдау үшін №1қосымшадағы кестені пайдаланып анықтауға болады. Бұл кесте бойынша берілген түзеткіштің схемасы және шығысындағы кернеудің мәні Ud = 12,0 B мен жүктемеге берілетін токтың максималдық мәні Iжmax = 1,5 A арқылы диодтарды негізгі көрсеткіштерін анықтаймыз:

1) Диодтағы түзетілген токтың тура мәні IТ = 0,33Iж = 0,33·6= 1,98 A;

2) Диодтағы токтың амплитудалақ мәні IТ,max = 0,58Iж = 0,58·6 = 3,48 A;

3) Диодтағы кері кернеудің мәні Uк,max = 2,1Uж = 2,1·24 = 50,4 B;

Түзеткіштерде диодтар сенімді жұмыс істеуі үшін IТ > Iж және Uк,max > шарттары шамамен 30 %-дық үстемдікпен орындалуы тиіс. Яғни диодтың негізгі көрсеткіштері: IТ = 1,3·0,33Iж = 2,574 А; Uк,max = 1,3·2,1Uж = 37,44 В.

Бұндай көрсеткіштері бар диодтың бірі 2Д201А –ны таңдауға болады.

Диодтағы түзетілген токтың тура мәні IТ = 5 A;

Диодтағы кері кернеудің мәні Uк,max = 100 В.