Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ Прог ЦТ лаб_каз_2012_последн вариант.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
4.19 Mб
Скачать

10.3 Жұмысты орындау тәртібі

10.1 кестесінде көрсетілген нұсқа үшін программа жазыңыздар. Теориялық түрде кешігу уақытын санаңыз, микробақылауыш жиілігі 12 МГц.

Программамен жұмыс істеу ерекшеліктері:

а) программаны жөндеу кезінде қадамдық режимде үзулер болмайды, сондықтан программаны жөндеу кезінде үзуді өңдегішті ішкі программа ретінде шақырамыз. Ол кезде Timerішкі программасын шақыруды өшіріп тастау қажет.Үзуді өңдегішті бас программадан шақыру қажет, Sum=2 болсын.Ол үщін фондық программада «;» белгісімен берілген программаларды ашу керек. Жөндеп болғаннан кейін оларды өшіру керек;

б) кнопкаконтактілерінің «дребезгі»қосымша үзулерді болдыруы мүмкін, сондықтан өңдегіште үзуге тыйым салу арқылы жойылады;

в) жөнделген программ автоматтырежимде жіберіледі.Бірнеше үзулерді орындағаннан кейінпрограммаHalt командасымен тоқтатылады. Event,Sum, _Work,W, _Status,Statusрегистрлерінің мәндері бақылау терезесінде көрсетіледіжәне есептеме кестесіне толтырылады.

10.1 кесте–Тапсырма нұсқалары

Нұсқа

Үзу көзі

Timer кешігу уақыты, с

Нұсқа

Үзу көзі

Timer кешігу уақыты, с

1

Кнопка ‘1’

1

6

Кнопка ‘6’

1

2

Кнопка ‘2’

2

7

Кнопка ‘7’

2

3

Кнопка ‘3’

3

8

Кнопка ‘8’

3

4

Кнопка ‘4’

4

9

Кнопка ‘Shift’

4

5

Кнопка ‘5’

5

10

Кнопка ‘Enter’

5

УМК-7 стендіндегі клавиатуражәне өткізгіштер қорғаушы экраны болмағандықтан барлық RD4..RD7 разрядтарына ‘1’ сигналын беру керек.Сонымен қатар клавиатураның барлық аяқшаларын PORTD аяқшаларына қосу керек.

Есептемеде 10.2 кестені толтырыңыздар.

10.2 кесте – Зертханалық жұмыс бойынша есептеме мәліметтері

Нұсқа

Үзу көзі

Timer кешігу уақыты, с

Sch3 санағышының мәні

Sch_out санағышының мәні

Sch_in санағышының мәні

10.3 Жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық ақпарат

Микробақылауышты әдетте шексіз цикл бойы қандай да бір жұмыс орындайтындай етіп программалайды: есептеулер, мәлімет беру, технологиялық процесті бақылау. Бірақ қандай да бір сыртқы немесе ішкі оқиға болғанда негізгі (фондық) программаның шексіз циклын үзіп қандай да бір әрекеттер орындау (үзуді өңдеу) қажет болады, содан кейін қайтадан фондық программа тоқтау нүктесінен қайта басталады. Сондықтан фондық программаны жалғастырғанда W, Status регистрлерінің мәні, тағы басқа регситрлердің мәні үзуді өңдеуге дейінгі күйінде болуы керек. Олардың мәнін сақатап үзуді өңдегеннен кейін қайта қалпына келтіру керек.

Зертханалық жұмыста фондық программа келушілердің санын санауға арналған. Программадағыүзулер турникет арқылы өткен келушілердің санын санауға қажет.

Сыртқы үзулер көзі PORTBрегистрінің RB0/INTаяқшасына жалғанады.Үзу болу үшін бұл клеммаға импульскелуі керек, содан кейін ғана МБүзу векторы арқылы h’04’ қайта қосылады[1, 2]. Зертханалық жұмыстабұл клемма К3 клавиатураның клеммасын жалғанады. PORTDрегистрі клавиатуракнопкасын басқанда К3 клеммасында сигнал пайда болатындай етіп орнатылады. Ол сигнал сыртқы импульстің имитациясын орындайды.