Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 д-ріс.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
169.39 Кб
Скачать

6.5 - Сурет. Шақыруды орнатудың сигналдық хабарламалары

Н.323 желілерінде шақырудың қызметтік сигналдарының тарату арнасын бағыттауды екі тәсілмен жүзеге асыруға болады: шеткі нүктелерінің шақыру сигналдарының тікелей таратылуы – DECS; GKRCS.

Түпкі нүктелердің сигналдарын тікелей тарату кезінде сигналдық хабарламалар екі түпкі нүктелер арасында тікелей жіберіледі. Бұл егер нөмірлердің орталықтандырылған жабық жүйесі қолданылған жағдайда түпкі жабдық жұмысына ыңғайлы.

GKRCS-ті пайдалану кезінде шақырудың сигналдық хабарламалары екі шеткі нүктелер арасында аймақ конроллері арқылы беріледі. Мұндағы шеткі нүктелер аймақ контроллерінің (RE) маршрутизация процессорына (мысалы, тұтынушы идентификаторы) жіберуші жайлы ақпаратты ұсынады, себебі шақыруды түрлі мекемелермен біріктіруі тиіс. Дегенмен шеткі нүктелер Re процессорынан алынған кез-келген тұтынушылық идентификаторды өшіруі қажет, себебі көрсетілген идентификаторға сәйкес қызмет шақыруын қамтамасыз етуі тиіс.

Н.245 (ресурстарды басқару және транспорт) логикалық арналарды басқару протоколы. Н.245 протоколы Н.323 объектілері арасында аралық басқару хабарламаларын бағыттайды. Н.245 процедурасы дыбысты, бейнені, мәліметтерді тарату және арнаның басқару ақпараттары үшін логикалық арналарды орнатады. Әр шақыру үшін шеткі нүкте қарама қарсы түпкі нүктеге бір Н.245 арнаны құрауы керек. Шақырудың сигналдық хабарламаларының алмасуы аяқталған кезде динамикалық тағайындалған TCP порты пайдаланатын IP желіде қорғалған басқару арнасы құрылады.

Осы басқару арналарымен логикалық арналардың жабылуы, ашылуы және мүмкіндіктері жайлы ақпарат алмасу және күтілетін режимдер туралы, басқарылатын хабарламалар ауысуы жүзеге асады.

Егер аймақ контроллері пайдаланылса, онда арналар екі тәсілмен басқарылады: екі түпкі нүктелер арасында тікелей жүзеге асырылатын Н.245 тікелей басқарылуы; түпкі нүктелер арасында аймақ контроллері арқылы жүзеге асатын Н.245 бағыттауымен басқару.

Н.245 басқаруына байланысты амалдарды жүзеге асыру үшін келесі хабарламалар мен рәсімдер қолданылады:

– мүмкіншіліктері жайлы ақпарат алмасу. Терминал деп аталатын екі түпкі нүктелері арасындағы мүмкіндіктер жайлы қорғалған хабарлама алмасудан тұрады. Бұл хабарлама терминал басқа терминалдан мәліметтерді және бейне, дыбыстарды қбылдауға және жіберуге дайын екендігін білдіреді;

– басқарушы – бағынушы қатынасы. Белгілі шақыруға бағынатын түпкі нүктелердің қайсысы негізгі екендігін анықтайтын рәсімдер. Бұл қатынастар шақыру уақытысы кезінде болады және түпкі нүктелер арасындағы қақтығыстарды шешуге мүмкіндік береді;

– десте өтуінің толық уақыты. Хабарлама кідірісті өлшеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Н.245 протоколының түпкі объектісінің рұқсат етілетіндігін тексереді;

– логикалық арна сигналдарының таратылуы. Логикалық арнаны ашады және жабады. Арна нақты таратуы кезінде орнатылады, терминалдар дайын және ақпаратты алуға, қайта кодтауға қабілетті екендіктерін кепілдейді.

Түпкі нүктелер арасында тарату ортасының арналарын орнатуға мүмкіндік беретін екі рәсім бар: Н.245 протоколы; жылдам қосылу алгоритмі. Бұл әдіс шақыру орнатуды жылдамдатуға мүмкіндік береді және Н.245 басқару хабарламаларын алмастыруды жеңілдетеді.

Н.225 шақырудың қызметтік сигналын таратудың ішкі арнасындағы Н.245 хабарламасын Н. 245 жеке басқаруарнасын қолданбай қабаттауға немесе туннель құруға болады. Бұл тәсіл шақыру орнатуды жылдамдатады, ресурстарды пайдалануды төмендетеді және шақыру және басқару сигналдарын таратуды синхронизациялайды.

Шақыруды аяқтауды кез келген түпкі нүкте орындай алады.

RTP протоколы Н.323 протоколдары үшін тарату ортасы транспортын қамтамасыз етеді. RTCP протоколы мәліметтердің жеткізілуін бақылайды және қызметті сәйкестендіреді. Тарату ортасының арнасы UDP протоколы көмегімен құрылады, мұндағы RTP ағыны көрсетілген нөмір портында жұмыс істейді, ал сәйкес RTCP ағыны біршама жоғары нөмір порттарында жұмыс жасайды.

Негізгі әдебиеттер: 2[23 – 30, 131 –146], 3[255 –268].

Қосымша әдебиеттер: 14[47 –48], 16.

Бақылау сұрақтары:

1. Н.323 ұсынысының базасына қандай желі элементі кіреді?

2. IP-телефония желісінде дабылдың жалпы принциптері қандай?

3. Н.323 ұяшығына қандай хаттамалар кіреді?

4. RAS, Н.323, Н.245 желілерінде қосынды басқару үдерістері нені қарастырады?

5. Привратник қандай қызмет атқарады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]