Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ЭМ ЭТК пні емтихан сурактары

.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
17.14 Кб
Скачать

«Электромеханика және электротехникалық құрылғылар» пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1. Электр машиналарының халық шаруашылығындағы рөлі. XIX ғасырдың 20 жылдарына дейінгі кезеңдегі (М. Фарадейге дейінгі кезең) электр және магниттік құбылыстарды зерттеу саласындағы ғалымдардың ғылыми еңбектері және жаңалықтары.

  2. Электр машиналарының даму тарихы. М.Фарадейдің электромагниттік индукция құбылысына қатысты тәжірибелері және заңы. М.Фарадейдің қозғалтқышы. Электромагниттік өріс туралы тұжырымдамалары.

  3. П.Барлау, Г.Ом, Э.Ленц, Б.С. Якоби және Д.К.Максвеллдің ашқан жаңалықтары мен еңбектері. Ленц ережесі. Ом заңы. Кирхгоф заңдары.

  4. Екі және үш фазалы электр машиналарының даму тарихы. Г.Феррарис, Н.Тесла және М.О. Доливо-Добровольскийдің еңбектері. Трансформатордың және асинхронды қозғалтқыштың пайда болуы және олардың құрылысы.

  5. Электромеханикада қолданылатын негізгі құбылыстар мен заңдылықтар. Магнит өрісінің қасиеттері мен сипаттамалары. Био Савар заңы. Ампер заңы.

  6. Электр механикада қолданылатын негізгі құбылыстар мен заңдылықтар. Магнит ағыны. Магниттік қозғаушы күш. Ағын ілінісуі.

  7. Заттардың магниттік қасиеттері. Ферромагниттік материалдар. Гистерезис құбылысы.

  8. Толық ток заңы. Магнит тізбегі үшін Ом және Кирхгоф заңдары.

  9. Электр тізбегі үшін Ом және Кирхгоф заңдары. Джоуль-Ленц заңы. Қуаттар балансы.

  10. Индуктивтілік. Өздік индуктивтілік, өзаралық индуктивтілік. Байланыс коэффициенті.

  11. Электромагниттік индукция заңы. Өзіндік және өзаралық электр қозғаушы күштер. Ленц ережесі. Магнит өрісінде қозғалған өткізгіштегі Э.Қ.К.

  12. Үш фазалы симметриялы электр қозғаушы күштер жүйесі. Үш фазалы тізбектің «жұлдызша» және «үшбұрыш» сұлбалары. Желілік және фазалық кернеулер. Желілік және фазалық токтар. Үш фазалы тізбектің қуаты.

  13. Электромеханиканың зерттеу облысы. Қарапайым және күрделі электромеханикалық түрлендіргіштер. Электромеханиканың бірінші және екінші заңдары.

  14. Электромеханиканың екінші және үшінші заңдары. Күрделі электромеханикалық түрлендіргіштер.

  15. Электромеханикалық түрлендіргіштің жіктелуі. Индуктивтілік электромеханикалық түрлендіргіштер және олардың түрлері.

  16. Индуктивтік электромеханикалықты түрлендіргіштер. Ашық полюсті және ашық полюсті емес түрлендіргіштер. Сегментті және сызықты статорлы электр машиналары. Сыртқы рот0рлы және кері жасалған машиналар.

  17. Электромеханикалық түрлендіргіштердің қосылу нұсқалары. Мемлекеттік стандарттары бойынша жіктелуі. Трансформаторлар.

  18. Электр машиналарындағы айнымалы магнит өрісін тудыру тәсілдері.

  19. Жалпыланған электрлік машинасы, оның моделі. Тұрақты ток машинасының сұлбасы.

  20. Жалпыланған электрлік машинасының сұлбасы. Айнымалы токтың коллекторлы машинасының сұлбасы.

  21. Жалпыланған электромеханикалық түрлендіргіш моделін математикалық модель ретінде қарастыру.

  22. Энергияны электромеханикалық түрлендірудің теңдеулері. Фазалық түрленбеген және α,β координатар жүйесінде жазық электр (кернеулік) теңдеулер.

  23. Қозғалыс теңдеуі. Электр машиналарының параметрлері: активті және индуктивті кедергілер, инерция моменті. Салыстырмалы бірліктер жүйесі.

  24. Электр машиналарындағы шығындар, олардың пайдалы әсер коэффициенттері.

  25. Электр машинасын жасау саласында қолданылатын материалдар. Активті және конструкциялық материалдар.

  26. Статордың бір полюсты және көп полюсты айналмалы өрісін тудыру.

  27. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың құрылысы, жұмыс істеу принципі. Сырғанау. Қысқа тұйықталу және бос жүріс режимдері.

  28. Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі және негізгі сипаттамалары.

  29. Фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштың құрылысы және негізгі сипаттамалары

  30. Асинхронды қозғалтқыштың генераторлық режимде жұмыс жасауы. Негізгі сипаттамалар.

  31. Синхронды машиналар туралы жалпы мағлұматтар. Синхронды генератордың құрылысы, жұмыс істеу принципі.

  32. Синхронды генератордың жұмыс істеу принципі және негізгі сипаттамалары.

  33. Синхронды қозғалтқыштың құрылысы, жұмыс істеу принципі. Қозғалтқышты асинхрондық жүргізіп жіберу.

  34. Синхронды қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі, негізгі сипаттамалары.

  35. Турбогенератордың құрылысы, жұмыс істеу принципі және ерекшеліктері.

  36. Гидрогенератордың құрылысы, жұмыс істеу принципі және ерекшеліктері

  37. Тұрақты ток генераторының құрылысы, жұмыс істеу принципі.

  38. Тұрақты ток генераторын қоздыру тәсілдері. Генератордың негізгі параметрлері және сипаттамалары.

  39. Тұрақты ток қозғалтқышының жұмыс істеу принципі және қоздыру тәсілдері.

  40. Тұрақты ток қозғалтқышының негізгі сипаттамалары. Жылдамдықты реттеу тәсілдері

  41. Трансформатордың түрлері, құрылысы және жұмыс істеу принципі.

  42. Трансформатордың негізгі параметрлері, жұмыс режимдері және сипаттамалары. Транформатордағы шығындар.

  43. Орама туралы негізгі ұғымдар және оларға қойылатын талаптар. Орамалардың түрлері, оларды жасауға және орналастыруға қажет параметрлер.

  44. Коллекторсыз машиналардың статорының орамаларының түрлері және оларға қатысты параметрлер (орам қадамы, ойықтық бұрыш және т.б.). Статор орамаларының жайылған сұлбасын құрастыру.

  45. Тұрақты ток машиналарының орамаларының түрлері, жасалу принципі және жайылған сұлбасы құрастыру.

  46. Электр машиналарының қызуы. Номиналдық және жұмыстық режимдері.

  47. Электр машиналарын және трансформаторды суыту.

  48. Асинхронды машиналардың қозғалтқыштық режимде және генераторлық режимде жұмыс жасау принципі

  49. Синхронды машиналардың генераторлық режимде және қозғалтқыштық режимде жұмыс жасау принципі

  50. Тұрақты ток машиналарының генераторлық режимде және қозғалтқыштық режимде жұмыс жасау принципі