Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЕЖжжжжжжжжжжжжжжжжжжж.doc
Скачиваний:
28
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
268.8 Кб
Скачать

Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының кодексiн сәйкес әзiрлендi және медициналық ұйымдардың азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратынқұжаттарды беру тәртiбiн айқындайды.       2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:       1) уақытша еңбекке жарамсыздық – уақыт бойы қарапайым өндiрiстiк жағдайларда кәсiби жұмысты орындау мүмкiн болмайтын функцияның бұзылуы бар аурулармен немесе жарақаттармен түсiндiрiлетiн адам организмiнiң жағдайы және емдеудiң әсерiнен қайтымды, өтпелi сипатта болады;       2) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы – негiзгi мақсаты жеке тұлғаны еңбекке жарамсыз деп ресми тану және оны сырқаттану кезеңiнде еңбек мiндеттерiн орындаудан уақытша босату болып табылатын медициналық сараптаманың түрi;       3) медициналық-әлеуметтiк сараптама (бұдан әрi – МӘС) – организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындайтын тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн бағалау негiзiнде оңалтуды қоса алғанда, әлеуметтiк қорғау шараларында куәландыратын азаматтардың қажеттiлiгiн анықтау;       4) медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмi (бұдан әрi – МӘС бөлiмi) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бақылау және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң аумақтық органы;       5) дәрiгерлiк-консультациялық комиссия (бұдан әрi – ДКК) – медициналық ұйымдар ұйымдастыратын комиссия;      6) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы – осы ереже қосымшасындағы нысанға сәйкес азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын және оларды жұмыстан уақытша босатуды және уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуды растайтын құжат;      7) уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы – еңбекке жарамсыздықты куәландыратын, жұмыстан (оқудан) босату үшiн негiз болып табылатын және азаматтардың жәрдем ақы алмай жұмыстан босату құқығын беретiн құжат.      3. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы:      1) аурулар кезiнде;      2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттар мен уланулар;      3) жүктiлiктi жасанды үзу кезiнде;      4) сырқат балаға, мүгедек баланы бағу кезiнде;      5) жүктiлiк пен босану бойынша демалыс кезеңiнде;      6) жаңа туған нәрестенi асырап алу кезiнде;      7) санаторийлiк-курорттық ұйымдарда толық емделу кезеңiнде;      8) карантин кезеңiнде берiледi.      4. Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы:      1) жiтi немесе созылмалы аурулары асқынғанда, жарақаттар алу кезiнде немесе өзге де жағдайларда бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға;      2) алкогольдiк немесе есiрткiге мас болу жағдайда, сондай-ақ жiтi алкогольдiк немесе есiрткiлiк уыттану кезiндегi жарақаттар;      3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмдi, нашақорлықты емдеу кезiнде;      4) сырқат балаға, мүгедек баланы бағу кезiнде;      5) азаматтарға консультациялық-диагностикалық ұйымдарда тексеру жүргiзу кезiнде инвазивтiк тексеру әдiстерiн жүргiзу және тек осы күндерi ғана жұмыстан босату кезiнде;      6) Қазақстан Республикасына уақытша (демалыс, iссапар) келген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға берiледi.      5. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етiп жүрген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ мынадай адамдарға (бұдан әрi – азаматтар):      1) мемлекеттiк қызметкерлерге;      2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiндерге;      3) өндiрiстiк практика өткенде ақы төленетiн орынға оларды тiркелген кезiнде бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға берiледi.      6. Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында демалыста, iссапарда және т.б. жүрген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ мынадай адамдарға:      1) мемлекеттiк қызметкерлерге;      2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiндерге;      3) бiлiм беру ұйымдарында тәрбиеленушiлер мен оқитындарға берiледi.      7. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы және/немесе анықтамасын:      1) мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы медициналық ұйымдардың дәрiгерлерi, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен айналысатындар (бұдан әрi – денсаулық сақтау субъектiлерi) уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау жүргiзудi қамтитын медициналық қызметтiң түрiн жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда;      2) ауылдық жерде дәрiгер болмаған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (анықтаманы) фельдшердiң беруiне рұқсат берiледi.      8. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы:      1) уақытша еңбекке жарамсыздық белгiлерi анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтiнiш берген;      2) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетiндерге немесе әскери комиссариаттың жолдамасы бойынша емделетiн;      3) тұтқындағы немесе әкiмшiлiк қамаудағы;      4) асқынудан (нашарлау) тыс созылмалы аурулары бар, амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлi ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, тексеруден өтетiн азаматтарға берiлмейдi.      Көрсетiлген жағдайларда азаматтың өтiнiшi бойынша амбулаториялық (стационарлық) сырқаттың медициналық картасынан көшiрме берiледi.      9. Мынадай медициналық ұйымдарда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берiлмейдi:      1) қан қызметi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда;      2) сот медицинасы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда;      3) травматологиялық пункттер және стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлiмшелерiнде;      4) санаторийлiк-курорттық ұйымдарда;      5) апаттар медицинасы ұйымдарында;      6) салауатты өмiр салтын қалыптастыру және құнарлы тамақтану саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда;      7) дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерiнде;      8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарда.