Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Elek_negizderi_kaz.doc
Скачиваний:
84
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
24.87 Mб
Скачать

Үй тапсырмасы

  1. Санауыштың қызметі мен әртүрлі құрылымдағы түрлерінің жұмысын меңгеру.

  2. Санауыштың ішкі байланыстарының құрылуына байланысты сигналдардың кешігуін анықтау әдістері.

  3. JK- триггерлерімен құрылған 4-разрядты азайту арқылы жұмыс істейтін санауыштың схемасын құрып, диаграммасын тұрғыз.

  4. Қосу және азайту режимінде жұмыс істейтін санауыштың көрсетуін уақыт диаграммасының кез-келген мерзімінде табу.

  5. Санауыштың жалпылай схемасын осы жұмыста қарастырылған түрлерімен салыстыру.

  6. Орындалған жұмыс бойынша есепті дайындау.

  7. Бақылау сұрақтарына жауаптар іздестіру.

Бақылау сұрақтары

  1. Автоматты және цифрлы құрылғылардағы санауыштардың атқаратын ролі.

  2. Санау модулі дегеніміз не?

  3. Санауыштың разряды неге байланысты?

  4. Санауышты қандай триггерлермен құруға болады?

  5. Қарыз алу және жоғарғы разрядқа тасымалдау сигналдарының туындау себебі неде және олар санауыштың шығуында қалай байқалады?

  6. Кезекпен және параллель тасымалданатын санауыштардың ерекшеліктері?

  7. Санауыштың ішкі байланыстары қалай ұйымдастырылады?

  8. Мағлұмат алдын-ала орналастырылатын санауыштың жұмысы?

  9. Санауыштың разрядтарының санын қалай өткізуге болады?

  10. - және триггерлерімен құрылған санауыштардың ерекшеліктері?

  11. Екілік – ондық санауыштың екілік санауыштан айырмашылығы?

Әдебиеттер

  1. Мукашев К.М., Шадинова К.С. Основы электроники и схемотехники. Алматы, 2008.

  2. Мукашев К.М. Основы цифровой электроники. Алматы, 2002

  3. Прянишников В.А. Электроника. - С.-Пб.: Корона -принт.1998.

  4. Эндерлайн Р. Микроэлектроника для всех. - М.: Мир. 1989.

  5. Партала О.Н. Цифровая электроника. -С. -Пб.: Наука и техника. 2000.

  6. Лачин В.И., Савелов Н.С. Электроника. - Ростов н/Д.: Феникс. 2000.

  7. Мукашев К.М., Шадинова К.С., Андаспаева А.А. Основы автоматики и микроэлектроники. Лабораторный практикум. Алматы, 2003.

  8. Угрюмов Е.П. Цифровая схемотехника. – Спб: БХВ – Петербург, 2002.

12. ЫғыстыруШы регистр

Қажеттілігі: Регистр (ағыл. - register) дегеніміз түрлі автоматты және электрондық есептеу құрылғыларының тізбектеріндегі цифрлы мағлұматты жазу, сақтау және олармен әртүрлі микроамалдарды орындауға арналған электрондық құрылғы.

Регистр барлық арифметикалық- логикалық, жедел жадылық құрылғылардың және аналогты- цифрлы түрлендіргіштердің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл тақырыпты ұғып түсінудің автоматтық құрылғылардың қызметін, құрылымын және пайдалану әдістерін меңгеру барысында маңызы зор.

Жұмыстың мақсаты: К155ТМ2 және 155ИР13 микросхемаларымен құрылған 4 және 8 разрядты универсал ығыстыру регистрінің жұмысын түсініп, оны құрып, негізгі көрсеткіштерін зерттеу.

Студент білуі тиіс:

  1. Регистрлердің қызметі мен топталу түрлерін;

  2. Әр түрлі мақсаттағы регистрлердің құрылу принципін;

  3. Регистрлердің ішкі тізбектері бойынша сигналдың жүру жолдарын;

  4. Регистрге мағлұматты параллель кодпен қабылдаудың әдістерін;

  5. Регистрдегі сақтаулы мағлұматты тура және кері кодпен шығару әдістерін;

  6. Параллель кодпен берілген мағлұматты кезектесіп келетін кодқа түрлендіру жолдарын;

  7. Регистрде жинақталатын мағлұматтың көлемін ұлғайту жолдарын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]