Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тер стом.docx
Скачиваний:
47
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
134.66 Кб
Скачать

Вариант 7

1. Азопирамды сынамамен стоматологиялық аспаптарда анықтайды:

A) Жасырын қан

B) Бактериялар

C) Вирустар

D) Хлорқұрамды тотықтырғыштар

E) Саңырауқұлақтар

F) Тат

G) Жуу құралдары

H) Қарапайымдар

{Правильный ответ} = A,D,F

2. Әмбебап стоматологиялық қондырғыға кіреді:

A) Медициналық құжаттарға үстел

B) Құралдарды сақтауға арналған шкаф

C) Стоматологиялық жарықшам

D) Гидроблок түкіргішпен

E) Стоматологиялық кресло

F) Пломбылайтын материалдарды сақтауға арналған шкаф

G) Медикаменттерді сақтауға арналған шкаф

H) Аспаптарды сақтауға арналған шкаф

{Правильный ответ} = C, D, E

3. Эмальді призманың сипаттамасы:

A) Жалғыз орналасады

B) 10-20 данадан топтасып орналасады

C) Бағыты дентиннен эмаль беткейіне қарай

D) Бағыты эмаль беткейінен дентинге қарай

E) Шаштәрізді құрылымнан тұрады

F) Эмальдің минералдануы төмендеген аймақ болып табылады

G) Гидроксилапатиттер кристалынан тұрады

H) Эмальді пластинкалардан тұрады

{Правильный ответ} = B,C,G

4. 20 жастағы қыз бала жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінде ақ дақ пайда болғанына шағымданып келді. Қарағанда: жоғарғы жақтың орталық күрек тістердің вестибулярлы беткейінде мойын аймағында ақ түсті дақ бар. Зондылау кезінде зонд дақ беткейінде сырғиды. Диагноз қою үшін дәрігер тексеру әдісін қолданды:

A) Перкуссия

B) Тіс қозғалмалылығн анықтау

C) Витальді бояу әдісі

D) Электроодонтометрия

E) Рентгенография

F) Оптикалық тығыздығын анықтау

G) Трансиллюминация әдісі

H) Термометрия

{Правильный ответ} = C,F,G

5. Бастапқы тісжегінің клиникалық белгісіне жатады:

A) Эмаль түсінің өзгеруі

B) Шұқып тексеру кезінде зонд тіреледі

C) Ақау эмаль деңгейінде орналасқан

D) Ақау жабынды дентин деңгейінде

E) Ақау ұлпа маңындағы дентин деңгейінде

F) Эмаль жылтырлығының жоғалуы

G) Шұқып тексергенде зонд еркін жылжиды

H) Дақ бояғышпен боялмайды

{Правильный ответ} = A,F,G

6. Реминералдаушы терапияда қолданылатын препараттар:

A) Натрий гипохлорит

B) Калий йодиді

C) Димексид

D) Йодинол

E) Кальций глюконаты

F) Натрий фториді

G) Натрий хлориді

H) Ремодент

{Правильный ответ} = E,F,H

7. Орта тісжегінің клиникалық белгісіне жатады:

A) Эмаль түсінің өзгеруі

B) Химиялық тітіркендіргіштерге ауырсыну

C) Эмаль аймағында ауру сезімі

D) Шұқып тексеру кезінде бұдырлар сезіледі

E) Тіс ұлпасының электрқозғыштығы қалыпты

F) Эмаль-дентинді қосылыста шұқып тексеру ауырсынумен

G) Тісжегі қуыс түбін шұқып тексеру ауырсынумен

H) Плащтық дентин аймағында дефект анықталады

{Правильный ответ} = E,F,H

8. Терең тісжегінің клиникалық көрінісі:

A) Эмаль түсінің өзгеруі

B) Химиялық тітіркендіргіштерге ауырсыну

C) Эмаль аймағында дефект анықталады

D) Температуралық тітіркенгішке реакция қысқауақытты

E) Тіс ұлпасы аймағындағы дентинде дефект анықталады

F) Эмаль-дентинді қосылыста шұқып тексеру ауырсынумен

G) Тісжегі қуыс түбін шұқып тексеру ауырсынумен

H) Плащтық дентин аймағында дефект анықталады

{Правильный ответ} = D,E,G

9. Емдік төсемдерге жатады:

A) Аргил

B) Силицин

C) Силидонт

D) Дайрект

E) Лайф

F) Дайкал

G) Пульпомиксин

H) Кетак моляр

{Правильный ответ} = E, F, G

10. Минералді цементтерге жатады:

A) Цинк-фосфатты

B) Силикатты

C) Силикофосфатты

D) Шыныиономерлі

E) Комбинирленген

F) Кальций гидроксиді негізінде

G) Кальций –салицилатты

H) Поликарбоксилатты

{Правильный ответ} = A, B, C

11. химиялық қасиетіне қарай минералді цементтер жіктеледі:

A) Цинк-фосфатты

B) Силикатты

C) Силикофосфатты

D) Шыныиономерлі

E) Комбинирленген

F) Кальций гидроксиді негізінде

G) Кальций –салицилатты

H) Поликарбоксилатты

{Правильный ответ} = A, B, C

12. 16 жастағы ұл бала төменгі жақтағы тісінің температуралық тітіркендіргішке уақытша ауру сезіміне шағымданып келді. Қарағанда: оң жақ төменгі бірінші премолярдың шайнау бетінде жұмсарған дентинмен толған ақау анықталады. Эмаль-дентинді қосылыс аймағында шұқып тексергенде ауру сезім байқалады. Дәрігер емдеу жоспарын құрды:

A) Кальций және фосфор иондарымен электрофорез

B) Тісжегі қуысты егептазалау

C) Тісжегі қуысты медикаментозды өңдеу

D) Фтор препараттарымен аппликация

E) Тісжегі қуысты пломбылау

F) «Ремодент» ерітіндісімен аппликация

G) Реминералдану терапия

H) Кальций препараттарымен аппликация

{Правильный ответ} = B,C,E

13. 18 жастағы ұл бала төменгі жақтағы тісінің температуралық тітіркендіргішке уақытша ауру сезіміне шағымданып келді. Қарағанда: оң жақ төменгі бірінші премолярдың мойын аймағының вестибулярлы беткейінде дентин маңында пішіні дұрыс емес ақау анықталады. Ақаудың табанын шұқып тексергенде ауру сезім бар. Дәрігер диагноз қойды:

A) Беткей тісжегі

B) Эндемиялық флюороз

C) Қарапайым тісжегі

D) Бастапқы тісжегі

E) Дентин тісжегі

F) Сынатәрізді ақау

G) Эмаль эрозиясы

H) Терең тісжегі

{Правильный ответ} = C,E,H

14. 54 жастағы ер кісі ауыз қуысын санациялау мақсатымен келді. Қарағанда: сол жақта төменгі бірінші молярдың медиальді-шайнау бетінде аздаған пигменттелген дентинмен толған терең ақау анықталады. Ақаудың табаны қатты, пигменттелген. Диагноз қою үшін дәрігер тексеру әдісін жүргізді:

A) Шұқып тексеру

B) Витальді бояу әдісі

C) Трансиллюминация әдісі

D) Оптикалық тығыздығын анықтау

E) Термометрия

F) Электроодонтометрия

G) Рентгенография

H) Перкуссия

{Правильный ответ} = A,E,F

15. 63 жастағы ер кісі соңғы жылдарда пайда болған тісіндегі косметикалық ақауға шағымданып келді. Қарағанда орталық және бүйір күрек тістердің вестибулярлы бетінде тіс сауыныңтын экваторы аймағында ұлпамаңындағы дентин созылған сопақ пішінді ақау анықталады. Ақаудың қабырғалары тегіс, шұқып тексергенде зонд сырғиды. Дәрігер келесі аурулармен дифференциальды диагноз жүргізді:

A) Орта тісжегі

B) Сынатәрізді ақау

C) Мойынаймақтық эмаль некрозы

D) Эндемиялық флюороз

E) Беткей тісжегі

F) Бастапқы тісжегі

G) Жүйелі гипоплазия

H) Терең тісжегі

{Правильный ответ} = B,C,H

16. 23 жастағы жас әйел соңғы уақыттарда пайда болған тісіндегі біртіндеп ұлғайып келе жатқан косметикалық ақауға шағымданып келді. Жүктіліктің 18-19 аптасы. Қарағанда орталық және бүйір күрек тістердің вестибулярлы бетінде тіс саутысының мойын аймағында ақшыл-қоңыр түсті тегіс дентин аймағы анықталады. Төменгі күрек тістердің мойын аймағында эмальдың бортәрізді өзгерген жолақтары анықталады, шұқып тексергенде беті кедір-бүдір. Диагноз қойылды:

A) Орта тісжегі

B) Сынатәрізді ақау

C) Эмальдың мойынаймақтық некрозы

D) Эндемиялық флюороздың эрозивті түрі

E) Беткей тісжегі

F) Тісжегі емес зақымдалу

G) Тіс шыққаннан кейінгі тісжегі емес зақымдалу

H) Терең тісжегі

{Правильный ответ} = C,F,G

17. 23 жастағы жас әйел соңғы уақыттарда пайда болған тісіндегі біртіндеп ұлғайып келе жатқан косметикалық ақауға шағымданып келді. Жүктіліктің 18-19 аптасы. Қарағанда орталық және бүйір күрек тістердің вестибулярлы бетінде тіс саутысының мойын аймағында ақшыл-қоңыр түсті тегіс дентин аймағы анықталады. Төменгі күрек тістердің мойын аймағында эмальдың бортәрізді өзгерген жолақтары анықталады, шұқып тексергенде беті кедір-бүдір. Емдеу жоспары:

A) Эндокринолог кеңесі

B) Эстетикалық реставрация

C) Жасанды коронка дайындау

D) Тіс ағарту

E) Тісті жұлу

F) Тістемді жонып тегістеу

G) Реминералдану терапия

H) Гигиеналық ұсыныстар

{Правильный ответ} = A,B,G

18. Жоғарғы жақтың орталық күрек тістің тіс қуысы ие:

A) мойын аймағында кеңірек

B) Ұршықтәрізді форма

C) Саңылаутәрізді форма

D) Бір жақсы өтетін түбір өзегі

E) Ең жақсы өтетің дистальды өзегі

F) Тіс қуысының табаны мойын аймақта орналасқан

G) Тіс қуысын ашуы таңдай бетінің ортасында жүргізеді

H) Тіс қуысын ашуы тіл бетінің ортасында жүргізеді

{Правильный ответ} = A,D,G

19. Төменгі оң жақ орталық күрек тісінің эндодонттық емі жүргізілуде. Тісжегілік қуыс вестибулярлы беткейінде мойын аймағында орналасқан. Эндодонттық ашу үшін дәрігер-стоматолог келесі емдік шараларды жүргізуді жоспарлауда: A) Тісжегілік қуысты препараттау және пломбалау

B) Тілдік беткей трепанациясы

C) Түбірлі канал сағасын кеңейту

D) Тісжегілік қуысты апроксимальды беткейіне шығару

E) Түбірлі каналдардың өтімділігі

F) Апикальды тесікті ашу

G) Түбірлі канал құрамын алып тастау

H) Тіс қуысын ашу және тіс ұлпасы ампутациясы

{Правильный ответ} = A, B, H

20. Дәрігер –стоматолог төменгі оң жақтың бірінші молярының эндодонттық емін жүргізуде: эндодонттық ашу жасалды, түбір өзектерінің сағасын құйғыштәрізді кеңейту жүргізілді. Түбір өзектерінің ішіндегі қалдықтарды жою үшін келесі эндодонттық құралдар қолданылды:

A) Н-файл

B) К-флексоример

C) Safety Hedstroem

D) Пульпоэкстрактор

E) Рашпиль

F) Профайл

G) К-файл

H) К-ример

{Правильный ответ} = D,E,G

21. Дәрігер –стоматолог төменгі оң жақ бірінші молярға эндодонттық ем жүргізуде. Тісжегі қуысы тістің медиальді-шайнау беткейінде орналасқан. Эндодонттық жол ашу үшін қандай емдік шаралар жасалды:

A) Тісжегі қуысын егеп тазалау

B) Тіс ұлпасын экстирпациялау

C) Түбір өзектерінің сағаларын кеңейту

D) Тісжегі қуысын шайнау бетіне шығару

E) Түбір өзектерін өту

F) Апикальды тесікті кеңейту

G) Өзек ішіндегі ыдырандыларды алу

H) Тіс қуысын кеңейту және тіс ұлпасын ампутациялау

{Правильный ответ} = A, D, H

22. Дәрігер –стоматолог төменгі оң жақ бірінші премолярға эндодонттық ем жүргізуде. Тісжегі қуысы тістің вестибулярлы бетінің мойын аймағында орналасқан. Эндодонттық жол ашу үшін жүргізілетін шаралар:

A) Тістің вестибулярлы бетінен

B) Тісжегі қуысы арқылы

C) Тістің апроксимальды бетінен

D) Тістің апроксимальды бетінің ортасынан

E) Тістің шайнау бетінен

F) Тістің шайнау бетінің ортасынан

G) Медиальды-дистальды бағытта тіс қуысын ашу

H) Тіс сауытының түбірге қарай тілдік бағытта қисаюы ескеріледі

{Правильный ответ} = E, F, H

23. Дәрігер тістің жұмысшы ұзындығын анықтағаннан кейін түбір өзегін аспаптармен өңдеді. Түбір өзегі ұшынан сағасына қарай өлшемдерін ұлғайта отырып К-файлдармен өңделді. Түбір өзектерін өңдеудің осы әдісі:

A) Step back

B) Crown down

C) Step down

D) сауыттан төмен қарай

E) Бір қадам кейін

F) Апикальды-корональды

G) Корональды-апикальды

H) Бір қадам артқа

{Правильный ответ} = A,F,H

24. Дәрігер тістің жұмысшы ұзындығын анықтағаннан кейін түбір өзегін аспаптармен өңдеді. Түбір өзегі ұшынан сағасына қарай өлшемдері кемитін К-файлдармен өңделді. Түбір өзегін өңдеудің осы әдісі:

A) Step back

B) Crown down

C) Step down

D) Стандартты техника

E) Стандартты техника әдісі

F) Апикальды-корональді

G) Корональді-апикальді

H) Бір қадам артқа

{Правильный ответ} = B,C,G

25. Гуттаперча штифттер құрамына кіреді:

A) α-гуттаперча

B) β- гуттаперча

C) Каолин

D) Цинк оксиді

E) Биологиялық бояғыштар

F) Кальций гидроксиді

G) Эпоксидті-аминді полимерлер

H) Кортикостероидтар

{Правильный ответ} = B,D,E

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]