Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akusheria.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
697.09 Кб
Скачать

5. Аналық безінің кистасы

212. Науқас 28 жаста, құрсақ қуысына қан кетуге байланысты лапароскопия жүргізіліп, оң жақ сары дененің кистасының жарылуы анықталды. Хирургиялық емнің көлемі: 1

1. Оң жақ аналық безінің резекциясы

2. Оң жақтық цистэктомия

3.Оң жақтық овариоэктомия

4. Оң жақтық аднексэктомия

5. Құрсақ қуысын дренаждау

213. Науқас құрсақ қуысына қан кету симптомдарымен жедел гинекология бөлімшесіне келіп түсті. Етеккірі 2 күнге кідірген. Қойылған диагноз: Жатырдан тыс жүктілік. Дәрігердің тактикасы:3

1.Динамикалық бақылау

2.Қынаптың артқы күмбезі арқылы құрсақ қуысының пункциясы

3.Жедел лапаротомия

4.Жедел лапароскопия

5.Жатыр қуысын қыру

214. Лапароскопия кезінде оң жақ аналық безінің 4,0*5,0 см өлшемді кистасы анықталды. Сіздің тактикаңыз:1

1.Оң жақтық цистэктомия

2.Овариолизис

3.Аналық без кистасының құрамын аспирациялау

4.Аналық бездің резекциясы

5.Оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау

215. Дисфункционалды жатырдан қан кетуі бар репродуктивті жастағы науқасқа көрсетіледі:

1.Гормональді гемостаз

2.Гемостатикалық терапия

3.Циклды витаминотерапия

4.Утеротоникалық терапия

5.Жатыр қуысын қыру диагностикалық қыру+

216. 15 жастағы науқаста 3 ай етеккірінің кідіруінен кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер 10 күнге созылған. Жыныстық қатынаста жоқ. Ректо-абдоминальді зерттеу кезінде патологиялар анықталмайды. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

1.Аналық безінің ісігі

2.Үзілген жатырдан тыс жүктілік

3.Жатыр фибромиомасы, қан кету

4.Ювенильді дисфункциональді жатырдан қан кету+

5.Өзіндік ерте түсік

217. Науқас 50 жаста, бір жыл бойы менструальды циклы 2-3 ай кідіргенін, бұзылуын байқайды. Екі апта бұрын жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болып, жалғасуда. Гинекологиялық статус: жатыр мойны таза, жатыр және қосалқылары ауытқусыз, кіші жамбас қуысында инфильтраттар жоқ.

Сіздің болжама диагнозыңыз:2

  1. Жатыр денесінің эндометриозы

  2. Дисфункциональды жатырдан қан кету

  3. Жатыр фибромиомасы, қан кету

  4. Жатыр денесінің қатерлі ісігі

  5. Жатыр мойнының қатерлі ісінгі

218. Науқас 50 жаста, бір жыл бойы менструальды циклдың 2-3 ай кідіргенін, бұзылуын байқайды. Екі апта бұрын жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болып, жалғасуда. Алдын-ала қойылған диагноз –климактериялық дисфункциональды жатырдан қан кету

Дәрігер тактикасы:2

  1. Жатыр мойнының биопсиясы және гистологиялық зерттеу

  2. Цервикальды канал мен жатыр қуысын бөлек-бөлек қыру және гистологиялық зерттеу

  3. Гемостатикалық, утеротоникалық терапия

  4. Қосалқыларымен бірге жатыр ампутациясы, гистологиялық зерттеу

  5. Қосалқыларымен бірге жатыр экстирпация, гистологиялық зерттеу

219. Субмукозды миоманың бір белгісі:1

  1. Гиперполименорея

  2. Аменорея

  3. Диспареуния

  4. Жанаспалы қанды бөліністер

  5. Көп мөлшерде ақ бөлінділер

220. Эндометриоздың кіші формаларына жатады:3

  1. Аденомиоз

  2. Жатыр мойнының эндометриозы

  3. Кіші жамбас гетеротопиясы

  4. Кіндік маңы эндометриозы

  5. Аналық бездерінің эндометриозы

221. Ішкі эндометриозға жатады:3

  1. Құрсақ, жатыр түтіктерінің ампулярлы және истмикалық бөлімдерінің эндометриозы

  2. Ішек, несепағар эндометриозы

  3. Аденомиоз, жатыр түтіктерінің интерстициальдыбөлімдерініңэндометриозы

  4. Жатыр мойнының эндометриозы, ретроцервикальды эндометриоз

  5. Аналық бездерінің эндометриозы

222. Экстрагенитальды эндометриозға жатады:2

  1. Жатыр түтіктерінің ампулярлы және истмикалық бөлімдерінің эндометриозы

  2. Ішек, кіндік эндометриозы

  3. Аденомиоз, жатыр түтіктерінің интерстициальді бөлімдерінің эндометриозы

  4. Жатыр мойнының эндометриозы, ретроцервикальды эндометриоз

  5. Аналық бездерінің эндометриозы

223. Жатыр денесінің эндометриозын диагностикалауда ең тиімді әдіс: 2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]