- •Асқазанның клиникалық анатомиясы
- •Асқазанның негізгі қызметі және шырышты қабатының құрылысы
- •Асқазан рагының эпидемиологиясы
- •Асқазан рагын қоздырушы себептер
- •Асқазанның ісік алды аурулары
- •Асқазанның интестинальды (ішектік) рагының патогенезі
- •Асқазан рагынан сақтандыру шаралары мен жолдары
- •Асқазан рагының патологиялық анатомиясы
- •Асқазан рагының гистологиялық құрылысы
- •Асқазан рагының өсу сатылары
- •Tnm жүйесі бойынша асқазан рагының жіктелуі
- •Асқазан рагының клиникалық белгілері
- •Асқазан рагының «шағын белгілер» синдромы
- •Асқазан рагын басқа аурулардан ажырату
- •Асқазан рагының асқынулары
- •Асқазан рагының диагностикасы
- •Асқазан рагына қауіпті белгілер
- •Асқазан рагы кезінде лабораториялық тексерулер
- •Асқазан рагын рентгенмен тексеру жолдары
- •Өңеш ұшымен ішек қабырғасы арасына салу (а), Ру бойынша көлденең эзофагоеюноанастомоз (механикалық тігіс пкс аппаратымен) ішек аралық анастомозбен.
- •Асқазан рагын емдеу жолдарының нәтижелері
- •Асқазан рагымен ауырған адамдардың еңбекке жарамдылығы мен реабилитациясы
- •Асқазан рагы бойынша сынақ тесттер
- •5.Асқазан рагы антральді бөлігін бітегенде жасалатын паллиативті емі?
- •13. Асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш бөгелме ісік береді?
- •1. Асқазан рагы қай жаста жиі пайда болады?
- •2. Асқазан рагының қай түрі баяу өседі, сирек және кеш бөгелме ісік береді?
- •1. Асқазанның дисталді бөлігінің рагына қайсы белгілер тән?
- •73. Менетрие ауруы - бұл:
- •1. Асқазан рагында операция жасауға болмайтын абсолютті белгілерінен басқасы қайсысы?
- •1. Асқазанның пилорикалық бөлімі ракпен бітелгенде қайсы қызметі бұзылады?
- •1. Асқазанның дистальды бөлігіне жасалатын типті операция қайсысы?
- •Тесттік сұрақтардың эталонды жауабы
- •Жауапты бағалау Жалпы 91 сұрақ. Студент барлық тесттік нұсқаларды шешу керек.
- •Ситуациялық есептер
- •Ситуациялық есептердің жауабы:
Асқазан рагының өсу сатылары
Бұрыннан қалыптасқан жіктеу бойынша асқазан рагының 4 өсу сатылары бар:
І- сатысы: ісік, 3 см-ге дейін, тек шырышты және оның астынғы қабатында орналасқан, немесе ойық жара ракқа ауысса, бөгелме ісігі жоқ.
ІІа- сатысы:: ісік, 3 см-ден үлкен, бұлшық еттеріне жетіп, бірақ сыртқы іш пердесін зақымдамаған, бөгелме ісігі жоқ.
ІІБ- сатысы: ісік, жоғарыдағы екі өсу дәрежесіндей, аймақтық лимфа бездерінің бір-екеуін де бөгелме ісігі бар.
ІІІа- сатысы:: кез келген көлемдегі ісік, бүкіл асқазан қабаттарын зақымдап, өңешке немесе ұлтабарға жеткен, Көрші мүшелердің байланыс жүйелеріне дейін жетіп, бірақ оларды әлі зақымдамаған.
ІІІб- сатысы: кез келген көлемдегі ісік, аймақтық лимфа бездердің бірнешеуінде бөгелме ісігі бар, немесе артерия тамырларының бойындағы лимфа бездерінде бөгелме ісік бар.
IV- сатысы:: кез келген көлемдегі ісік, көрші мүшелерге көшкен, немесе жергілікті жерде орналасқан, қимылдамайтын ісік, сылуға келмейтін жағдайға келсе, немесе алыстағы мүшелерде бөгелме ісігі бар.
Алысты аймақтар мен ағзаларда бөгелме ісік болса, онда хирургиялық әдіс қолданбайды.
Tnm жүйесі бойынша асқазан рагының жіктелуі
TNM жүйесі бойынша рактың өсу сатысы екі рет сыннан өтеді, алғашқыда клиникалық тәсілдердің нәтижесі бойынша, одан соң– морфологиялық зерттеулердің нәтижесін ескере отырып. Отандық жіктеуден айырмашылығы ісік түйінінің көлемі ескерілмейді, тек ісік асқазан қабаттарының қайсысына жеткенін анықтайды.
Т – ісік түйінін сипаттайды,
Тis- жайылмаған, эпителий ішіндегі рак,
Т1 – ісік шырышты қабатымен оның астыңғы бетін зақымдаған,
Т2 – ісік, терең сіңіп, анатомиялық бір бөліктің жартысынан асық емес жерін зақымдаған,
Т3 - анатомиялық бір бөліктің жартысына ісік толық жайылған, ал оның басқа анатомиялық бөлігіне жетпеген,
Т4 – ісік анатомиялық бір бөлігінен аса зақымдаған, немесе көрші мүшеге жайыла өткен.
N - аймақтық лимфа бездері.
Nо – аймақтық лимфа бездері білінбейді,
NХа –асқазан айналасындағы бездер зақымданған,
NХв - асқазанның барлық қан тамыр бойындағы лимфа бездері зақымданған,
NХс –қолқа айналасындағы, шарбы май мен мықын артериясының бойында орналасқан бегелме ісіктер, хирургиялық жолмен сылуға болмайды.
N1 -1ден 6-ға дейінгі лимфа бездерде бөгелме ісік бар,
N2– 7ден 15-ке дейінгі лимфа бездерде бөгелме ісік бар,
N3– 15-тен артық лимфа бездерде бөгелме ісік бар.
Мо – алыста бөгелме ісігі жоқ
М1- алыста бөгелме ісігі бар
Міне, осыларды ескеріп морфолог, ең аз дегенде лимфа бездердің 15-ін зерттеуі керек.
Асқазан рагын ТNМ жүйесіне байланысты топтастыру:
0- сатысы – ТisN0Мо
1а- сатысы – Т1 N0М0
1в- сатысы – Т1 - 2аб N0-1 М0
2- сатысы - Т1-2аб -Т3 N0-1 М0
3 а- сатысы - Т2аб,Т3-4,N0-2 М0
3 в- сатысы - Т3N 2М0
4 - сатысы - Т4 N 1-3 Мо Т1-3 N 3 М0, кезкелген Т мен N, М1
ҚАЖ-10 бойынша таңбалануы
Халықаралық ауруларды жіктеу бойынша асқазан рагы (онкология) С 16 боп белгіленеді (№11- сурет), ол гистологиялық дәлелденуі тиіс. Енді асқазан рагының анатомиялық бөлігіне қарай таңбалануы:
С 16.0- Кардиальды бөлігі
С 16.1- Асқазанның күмбезі
С 16.2 -Асқазанның денесі
С 16.3 -Антральды бөлігі
С 16.4 - Пилорикалық бөлігі
№ 11- сурет. Асқазан рагының анатомиялық бөлігіне
қарай таңбалануы