Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус интерн 6курс каз .rtf
Скачиваний:
32
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
848.37 Кб
Скачать

1.3. Пән саясаты:

Киім түрі: ақ халат, ауыстырып киетін аяқ киім болуы шарт.

Сабаққа қатысушылар міндетті түрде сабаққа кешікпей келуі қажет. Жіберілген сабақтар өтеледі. Сабаққа екі рет кешіксе бір рет сабақ жіберілген деп есептелінеді. Сабақта сағыз шайнауға болмайды, ұялы телефон сөндірлуі қажет. СӨЖ өз уақытында тапсырылуы шарт. Рефератты мәлімдеуде кімнің жұмысынан алынғаны туралы мәліметтер, яғни авторлары толық көрсетілсін. қажет. Мұндай болмаған жағдайда жұмыс плагиат деп есептеліп, қабылданбайды. .

Барлық тапсырманы тапсырудың срңғы уақыты – емтиханға 10 күн қалғанға дейін. Барлық тапсырмаларды орындамаған студент емтиханға жіберілмейді.

Оқу материалдарын игеру дәрежесі тесттік тапсырмалармен, жағдайлық есептерді шешумен, рефератты қорғаумен тексеріледі.

Ғылыми студенттік үірмеде жұмыс ісетегендер көтермеленеді (мадақталады).

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе

Медицина ғылымының дамуы, дәрілік құралдардың көп түрінің болуы (синтетикалық, өсімдік текті) қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі көз қарасынан дәрілік препараттарға қойылатын талаптардың өсуіне алып келуімен қатар науқастардағы дәрілердің фармакокинетикасын, фармакодинамикасын, бір-бірімен әсерлесуін және жанама әсерлерін зерттеу бойынша бірыңғай әдістемені құруға алып келеді. Бұл фармацевтіні дайындау бағдарламасына клиникалық фармакологияның элементтері бар фармакотерапия пәнін енгізуді негіздейді. Бұл алғашқы кезекте дәрілердің жекеленген қолдануы бойынша тәжірибенің, медико-биологиялық білім берудің көптеген аймақтарының интегрирленген тәжірибесі болып табылады.

Фармакотерапия курсын игеру процесінде студенттер патология бойынша білімдерін нақтылап, толықтырады, клиникалық пәндердің аймағында қажетті білімдер алады, аурудың негізгі симптомдарымен, синдромдарымен, сонымен бірге аурудың ағым ерекшелігімен, жіктелуімен танысады. Фармакотерапия бойынша бағдарлама нақты аурулар кезінде дәрілер қолдануын ескере отырып, нозологиялық принцип бойынша құрылған.

2.2. Пәннің мақсаты: ең тиімді және қауіпсіз дәрілерді таңдау әдістемесін немесе дәрілердің фармакодинамикасын және фармакокинетикасын, фармакогенетикасын, фармакоэкономикасын, бір-бірімен әсерлесу білімін ескере отырып, олардың қиыстырылуын жағымсыз дәрілік реакцияларын, дәлелді пән принциптерін үйрету.

2.3. Пәннің міндеттері:

  • фармакотерапиямен клиникалық фармакологияның жалпы принциптерін үйрету;

  • дәрілердің фармакокинетикалық параметрлерін бағалауды үйрету;

  • дәрілердің фармакодинамикалық эффектілерінің әдістемесін үйрету;

  • дәрілердің жанама эффектілерін болжауды және бағалауды үйрету;

  • дәрілердің фармакокинетикасымен фармакодинамикасының бір-бірімен қарым-қатынасымен бір-бірімен қамтылуын түсінуді үйрету;

  • дәрілік препараттардың бір-бірімен болуы мүмкін әсерлесуін бағалауды үйрету;

  • әртүрлі жасты топтарда (қарт, жас бала және жасөспірім жас), сонымен бірге жүкті әйелдерде қолданатын дәрілердің фармакокинетикасын және фармакодинамикасын бағалауды үйрету.

2.4 Студент үйреніп алуы қажет:

  • препараттың әсер ету механизміне және ағза функциясының жағдайына байланысты белгілі-бір ауруды емдеуге қолданатын дәрілердің тобын анықтауды;

  • негізгі симптомокешендерді емдеу үшін қолданатын ең тиімді және қауіпсіз дәрілерді таңдауды жүргізуді;

  • дозалаудың оптимальды режимін анықтауды;

  • препараттың дәрілік түрін анықтауды;

  • дәрілердің емдік және уытты дозасында препараттарды енгізу ұзақтығында ориенитирлене білуді;

  • емді жүргізу қауіпсіздігіне бақылау әдістерін таңдауды және дәрілердің жанама әсерлерінің даму қаупін болжамдауды;

  • дәріхана тізбелеріне түсетін жаңа дәрілердің фармакодинамикасы, фармакокинетикасы жөнінде дәрігерлерді хабардар ету, препарат жоқ мақсатында үнемді алмастыруды ұсыну;

  • аналогты алмастырудың тізімін, емдік мекеменің формулярын құрастыруды;

  • препараттың дәрілік түрін, дәрінің дозасын, жиілігін және ұзақтығын таңдауда дәрігерлерге ақпараттық-кеңестік көмек беруді.

Студент машықтануы қажет:

  • пациенттерге фармацевтикалық кеңес беруді жүргізу;

  • дәрілік препараттарды қабылдаумен байланысты жанама реакциялар дамығанда жедел көмек беру;

  • клиникалық фармакология және дәлелді медицина бойынша оқу, ғылыми, нормативті, анықтама әдебиеттерімен мәліметтердің компьютерлік базаларын қолдануын.

Компетенция «Тәжрибелік жұмыс» интерннің тәжрибелік жұмысы әр 2 күн сайын бағаланады

Компетенция «Коммуникативті дағды» міндетті түрде бағаланады

Компетенция «Өзін-өзі дамыту» оқу барысын да 10 СӨЖ бағаланады

Аппеляция мен аралық бақылау ережелері

- интерн аппелясияға беру құқығы бар: егер аралық бақылаудағы алған бағасына сенімсіз болып жоғарлату үшін

-аппеляция аралы бақылау немесе экзамен өткізген күннен бастап 18 саға ішінде

-аппеляция белгілі күн аралығында қаралу керек