Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет.docx
Скачиваний:
80
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
324.09 Кб
Скачать

Билет №8

#1)Ғұндар Қазақстан жеріне қоныстануына байланысты Шығыс-Иран тайпаларының,қаңлы тайпаларының түркіленуі басталады.Ғұндар туралы археологиялық қазбалар Қытайды жазба деректерінен алынған. Ғұндар халықтары Ұлы қоңыс аударуына негіз себеп болды.Ғұн тайпаларының басшысы Шаньюй деп аталған.Ғұндар көне түрік тілінде сөйлеген.Б.З.Д III ғасырда ғұн тайпаларының басшысы болып Моде шаньюй сайланды. Ғұндарды қазақ жерінде оларды шаньюй Чжи-Чжи басқарған.Чжч үсіндерге қарсы соғысу үшін қаңлылармен одақ құрды. Чжи-чжи шанью өз қаласын қорғаған кезде римдік қолбасшы Марк красстың жауынгерлерін пайдаланды.Ғұн әскерлері нің негізі –атты әскерлер болды.Ғұн қоғамын ақсақалдар басқарған 24 руды біріктірді.Ғұн қоғамында мемлекеттік істі талқылау мақсатында жылына 3 рет жиналыс өткізілген. Ғұндардың қазақ жеріне екінші рет қоныс аударуы б з.93 жылы басталды. Ғұңдарқоғамында құлдар үй қызметшісі,бақташы, қолөнерші ретінде пвйдаланылды.III-IVғасырда полихромдық стиль деп аталатын сәндік өнер өркен жайды.

#2)Әбіқайыр хандығы Қазақстанның далалық аудандарында Ақ орда құлағаннан кейін қалыптасты. Шайбанилік әбілқайыр 1428 жылы хан тағына отырды. Әбілқайыр хандығы туралы Османкухистанидың Тарихи-Әбілқайырхан атты шығармасы бар.Әбірқайыр хандығы Жайықтың шығысында балқашқа дейін, оңтүстік төменгі сырдария мен арал теңізінен солтүстігінде тобылдың орта ағысы мен ертіске дейін жетті.1446 жСығанақ Әбілқайыр хандығының астанасы болды.хан ОрдасыТараз бен орда –базарда болған. 1468 жылы әбілқайыр хан қайтысболып оның мемлекеті құлады. Әбілқайыр хандығы 1428-1468 жжөмір сүрді.Әбілқайыр хандығы тарихи көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталады.көшпелі өзбектер мемлекетінің билеушісі Әбілқайыр хан болды. Сығанақ қаласының маңында Шайбани әулетінің қорымдары болған. Әбілқайыр хан көк кесенде жерленген.

Ноғай ордасының оқшаулануы Едіге тұсында басталады. Едіге 1419ж өлтірілді. Ноғай ордасы едігенің ұлы нұрадинның кезінде күшейіп XVғ ортасында дербес бөлініп шығады. Ноғай ордасында ұлыстарды мырза басқарды. Олар өз ұлыстарында шексіз билік жүргізген. Ноғай ордасы бірнеше жеке ордаларға бөлініп кетті.Қазақ жеріндегібір бөлігі Кіші жүз құрамынаенеді.ноғай ордасы бөлінген соң оның шығыс бөлігі Үлкен ноғайлы елі деп атайды.

#3)Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.

Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті.

Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді.

Билет №9

#1) Түрік қағанаты 552-603 жж өмір сүрген. Астанасы – Суяб қаласы. Мекендеген халқы: Түркілер, Үйсіндер, Дулулар, Нушибилер (Жетісуда) ұйғырлар (Шығыс Түркістанда), телелер (Алтайда), қидандар (Маньчжурияда), Енисей қырғыздары (Енисей жағалауында), соғдылар (Орта Азияда), қыпшақтар (солтүстікте, Қазақстанда, Батыс Сібірде). Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары СолтүстікМонғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түрік тайпасының әулеттік Алшын руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдыңдағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты. «Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты. 551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді. 552—553 жылдары түріктер «батыста идті (эфтал) бағындырады». Орта Азия: эфталиттері туралы болып отыр. Оларды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мемлекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметтер бізде жоқ. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерің 563—567 жылдары, яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан «батыста идті талқандады» деген сөзді география тұрғысынанАлтай аумағымен шектеу керек. Түріктерді кара эфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді7. VIII ғасырдың орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан. Сөйтіп, батысқа түріктердіңБумын мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан (соңгыга Жетісу түріктері қаганатының кұрамына кіретінін көрсететін «Он тайпа» атагы берілген болатын), нақ осы ауданды түріктердің 552 жылғы әскери экспедицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек.

Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.

Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған.

Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді.

555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

#2) Сырым датұлы бастаған ¥лт-азаттық қөзғалыс (1783-97) - Кіші жүздегі патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған азаттық күрес. 18 ғасырдың 80-жылдарының басына қарай Кіші жүздегі жағдай қиындай түсті. Ресей өкіметі тарапынан отаршылдық режім күшейтілді. Саяси шектеулер мен көпе-көрінеу тонау арқылы жүргізіліп отырған саясатпен қатар, Ресейдің өкімет орындары кешпенділердің дәстүрлі шаруашылық құрылысын жоюға барынша күш салды. Бұл Жайықтың арғы бетіндегі ішкі жаққа қазақ- тардың өтуіне тыйым салынып, көші-қон өрістерінің күштеп бұзылуынан көрінді. Оның үстіне хан билігі енді патша үкіметінің іс-шараларына қарсы әрекет ете алмады. Саяси сахнада билердің, батырлардың салмағы арта түсті. 1783 жылы Жайықтың арғы бетіне өткен қазақтардың 4 мың жылқысын орыс-қазақтар айдап әкетті. Осындай жағдайда Кіші жүзде халық толкуы стихиялы түрде басталды. Көтерілісшілер бұқарасының басшысы Сырым Датұлы болды. Ол Верхнеуральск бекінісі мен Елек қалашығы арасындағы шепке шабуыл жасады. Осы шабуыл барысында Сырым батыр Орал казактарының түтқынына түсті. Оны Нұралы хан 70 жылқы жэне 350 сом толеп босатып алды. Нұралы ханның мұндай қадамға баруына Сырым батырдың халық арасындағы беделі ықпал етті. 1784 жылғы қарашаға қарай Сырым батыр Сағыз өзінде 1000 адамнан тұратын ірі жасақ жинады. Сырымның өз бетімен әрекет етуі Нұралы ханмен алшақтасуды туғызды. Сырым батыр Кіші жүздегі қазақ руларының денін өз жағына тарта білді.

1785 жылдың басында Сырымды қолдаған Барақ батырдың жасағында 2000, Тіленші батырдың жасағында 1500 адам болды. Осы жылдың көктемінен бастап Кіші жүздің барлық рулары тарапынан өкімет орындарына қарсы қимыл оріс алды, ал байбақты, табын және тама рулары қоныстанған жер қарсыласу орт-на айналды. Патшалық Ресейдің Әскери коллегиясының төрағасы Г.А.Потемкиннің Кіші жүз қазақтарының көтерілісін басу туралы бүйрығымен 1785 жылы ақпанда ген. Смирнов әскер- лерімен Орынбордан Елек бағытына аттанды. Олармен бірге бір мөз гілде Оралдан Жемге қарай екі зеңбірегі, 1250 казағы бар әскер старшиналары Колпаков пен Пономаревтің отрядтары шықты. Бірақ патша әскерлері қөзғалысты баса алмады, өйткені котерілісші ауылдар Жемнен шалғай көшіп кеткен еді. Смирнов пен Колпаковтың отрядтары көтерілісшілердің шогырланған жерін іздеп жүрген көз де Сырым батыр 500 жігітімен олардың тылына өтіп кетті. 1785 жылдың наурызында ол Антонов форпосына, содан ке- йін Жайықтың том. бойында орналасқан Сахарная қамалына шабуыл жасады. Бекіністердің гарнизондары шабуылды тойтаруға дайын еді. Котерілісшілердің түтқиылдан тиісуі ақталмай, олар шегінуге мэжбүр болды. Бірақ Сырым батыр басқа форпостар мен бекіністерге шабуыл жасап, патша жазалаушыларын кері оралуға мәжбүр етті. 1785 жылы 3 наурызда Нұралы хан Орал әскерінің атаманы Донсковқа табын руының кейбір ауылдары өзіне дұшпандықпен қарайтынын хабарлап, оларды жазалауын отінді. Сахарная бекінісінің Каршинск форпосты ауданында көшіп жүрген ауылдарға ханның өтініші бойынша м-р Назаров бастаған эскери команда жіберілді. Жазалаушылардың көрсеткен жәбірі халықтьщ ашу-ызасын күшейтті. Сол көзге дейін көтеріліске қатыспаған көптеген ауылдар көтерілісшілерге қосылып, Нұралы ханнан халық сырт айналып кетті.

1785 жылдың көктемінен бастап қөзғалыс кеңейе түсті және шын мәнінде бүкіл Кіші жүзді қамтыды. Сол көз де-ақ танымал басшы болған Сырым батырға шекті, табын, шеркеш, таз рулары белсене қолдау көрсетті. Генерал-губернаторО.А.Игельстром көтерілісшілерге өзінің өкілі ахун Құсайыновты жіберді. Ол ру- басыларына егер күресті тоқтатса, көтеріліске қатысушыларға кешірім беруге уәде еткен хат әкелді. 1785 жылдың жазында котерілісшілердің кеңінен қатысуымен болған рубасыларының съезі патша өкіметі орындарының үндеуін талқылап, генерал-губернаторға өз өкілдері арқылы жауап қайтарды. Рубасылары қазақтарға Жайық пен Еділ арасындағы қоныстарды беруді, Жайық казак әскерінің «әскери әрекеттерін» тоқтатуды талап етті. Котерілісшілердің басты талаптарының бірі Нұралы ханды тақтан тайдыру болды. Бұл шешімге елуден астам ру басшылары қол қойды. Мұндай талаптан кейін патша өкіметі 1786 жылы Кіші жүзді басқарудың жобасын жасап, оны жүзеге асыра бастады. Бірақ бұл реформа Кіші жүзге «тыныштық» әкеле қоймады. Патша өкіметінің Нұралы ханды биліктен шеттетіп, Уфаға жөнелтуіне туыстары наразы болды. Соның нәтижесінде 1786 жылдың тамыз айында Ералы сұлтан өзіне бірігуге келген Сырым батыр мен оның 106 серігін тұткынға алды. Ералы Сырымды Нұралы ханға айырбастағысы келді. Бірақ Игельстромның араласуымен Сырым батыр тұтқыннан босатылды.

1786 жылдың күзінде қазақтардың Еділ-Жайық ортасына көшуіне рұқсат берілді. Патша өкіметі мұндай шара Кіші жүзде «тыныштык» орнатуға ықпал етеді деп үміттенді. Алайда өкімет ойластырған «тыныштық» орнамады, қазақтар өз қимылдарында дербестікті нығайтуға және Орынбор әкімшілігінен тәуелсіз болуға ұмтылды. Сырым батыр мен оның жақтастары Кіші жүздің бүкіл аумағында рулық құрылымның күшті бірлестігін құру жолында әрекеттенді. Ол Орынборәкімшілігіне қарсы іс-қимылдарын қолдау туралы Хиуамен келіссөз жүргізе бастады. Мұндай келісімді Осман сұлтандығымен жасауға да талпыныс білдірді. Ал Орынбор әкімш. отарлау саясатын бұрынғысынан да күшейте түсті. 1790жылы қыркүйекте Сырым батыр Екатерина ІІ-ге казак атаманы Донсковтың 1500 әскерімен қазақтарға шабуыл жасап, 150 адамды өлтіріп, сан- сыз көп малды айдап кеткені жайлы мәлімдеме жолдады. Бұған жауап болмағаннан кейін қазақтар Орал шебінің жекелеген учаскелеріне шабуыл жасай бастады. Орынбор экімшілігінің жаңа басшы- сы А.Пейтлинг халықты тыныштандыру үшін Кіші жүзде жаңа хан сайлау қажет деп тапты. Оның таңдауы Нұралының інісі Ералыға түсті. Сырым Ералының хан сайлануына наразы болып, Бұхар әмірімен келіссөз жүргізді. 1792 жылдың қыркүйегіне қарай Сырым тікелей карулы күрес жолына түсіп, Ресейге соғыс жариялады. Қарулы күрес Сырым батырдыңЕлек қорғанына шабуыл жасауымен басталды, бірақ көтерілісшілерге тойтарыс берілді. Сонан соң Сырым Красногор бекінісіне шабуыл жасауға әрекеттенді, бірак бұдан да ешнәрсе шықпады, оның үстіне Сырым Бүхар әмірінен уәде етілген қолдауды ала алмады. Ресейге соғыс жариялағанға дейін Сырым өзімен келіспеген ақсақалдарды жазалауға әрекет жасаған еді. Енді олар патша әскерлерімен бірлесіп, біріккен күштермен Сырымға қарсы шыға бастады. 1794жылы Ералы хан қайтыс болып, Орынбор әкімшілігі Нұралының баласы Есімді хан етіп тағайындады. Сырым бір көзде белгілі бір дәрежеде оны өзінің одақтасы деп санаған еді, ал өзіне Есімнің қолдау көрсетпейтіні аныкталған көз де ымырасыз күрес жүргізді. Бұл көтерілісшілердің Есім ханды өлтіруіне әкеліп соқты. Орынбор әкімшілігі жаңа хан сайламай, Кіші жүзді Хан кеңесіне тапсыруға әрекет жасады.

1797 жылдың тамызында Хан кеңесі жұмысын бастады, оның төрағасы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды. Алайда сұлтандар өз бетімен, халық өкілдерін қатыстырмай Қаратай сұлтанды хан етіп сайлады, бұл қайтадан наразылық туғызды. Осы көз де Сырым ақсақалдармен татуласуға ыңғай танытып, Сырдарияның төм. ағысына көшіп барды. Кейіннен бұл арадан оны Қаратай сұлтан жасақтарымен ығыстырып, Хиуа жеріне өтуге мәжбүр етті. Осылайша бұл қөзғалыс жеңіліспен аяқталды. Дегенмен Сырым датұлы бастаған ¥лт-азаттық қөзғалыс ұлттық сана- сезімнің артуында өзіндік терең із қалдырды.[1]

1843-57 жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған сырдария қазақтарының Қоқан хандығына қарсы көтер/с. 1843 ж Ж. Нұрмұхамедұлы басшылығымен Сырдария қазақтары Куәндариядағы бекіністі бұзады. Бекіністі қалпына келтіруге келген Хиуа отряды талқандалады. 1857 ж 9 қаңтарда Жанқожа қазақтары мен генерал фитингоф отрядының арасындағы Арықбалықтағы шешуші шайқасында көтерілісшілер жеңілді.

1856-57 жж Д. Нұрмұхамедов бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі Жаңақала деген жерде болған балған. Көтеріліс себебі: Ресей өкілдерінің қазақтарға бекіністерді күштеп салғызу болды.

1858 ж Оңт. KZ мен Сырдарияның Қоқан хандығына қарсы болған ең ірі көтерілісі. Көтерілістің қозғаушы күші: қазақ және қарғыз шаруалары. Көтерілістің нәтижесі: Қоқан басшылары көтерілісті тоқтатты.

1870 ж жұмыскерлер бастаған Маңыстаудағы көтеріліс. Катысқан ру: Адай. Көтеріліс басшылары: Иса Тіленбайұлы және Досан Тажиұлы. Адай руының көтерілісшілері округтегі Рукин отрядына соққы берген. Маңыстаудағы шаруаларды жазалаушы отряд Ресей сотының шешімімен Тобыл губерниясына бір офицер ссылкаға жіберілген. Адай руы 160000 рубль және 90000 қой контрибуция төлеуге мәжбүр болды. 3000 отбасы жеңілістен кейін Хиуа хандығының территориясына көшіп кеткен.

#3) 1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:  1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды.  2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.  3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.

Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.

Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.

Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:  1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.  2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.  3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.  4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.

Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.

1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.

Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.  Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды:  1. 1930 жылы – 313 мың адам;  2. 1931 жылы – 755 мың адам;  3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды.  4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.

1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.

Онда көтерілген мәселелер:  1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.  2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.  3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.  4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.

1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы.

Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді.

Ақтөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.

Аштық зардаптары:  1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.

Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.

Билет №10

1) Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар.

Батыс түрік қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тай-па» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Андхой) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.

Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірініңХазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті. Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік каганатының) халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуындаСоғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды. Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.

Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.

Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзіңде шығыс түріктері де ездерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.

Суябқа жақын жазғы резиденция — Цзедань қағанның ордасы болған. Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді. Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер кеп болды. Кәшпелі коғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжымдарының көшіп-қонып жүруі қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар қарсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді. VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны Ябғудың ордасында болған будда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, — дейді ол. — Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аңтерісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол.

Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар — ябғу, шад және елтебер — қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды.

2) Патша өкіметінің аграрлық саясатының ажырамас бөлігі қоныстандыру саясаты болды. Помещиктер мен империалистік буржуазияның мүдделеріне сай келген қоныс аудару мәселесіне патша өкіметі XIX ғ. екінші жартысынан бастап қатты назар аударды. Өйткені, Ресейде басыбайлықтың (крепостниктік) жойылуы және әлеуметтік-әкімшілік жөніндегі реформалар аграрлық мәселені толық шешкен жоқ, Ресейдің орталық аудандарында шаруалардың толқулары тоқмады. Осындай жағдайда патша өкіметі шаруалардың назарын революциялық қозғалыстан аудару үшін бірқатар шаралар қолданды. Қоңыс аудары саясаты сол шаралардың бірі еді. Сібірді, Қазақстанның солтустік, батыс, орталық және оңтустік шығыс аудандарын отарлау арқылы патша өкіметі Орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудартып, жаңа жерлерде солар арқылы өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

Әскери-әкімшілік отарлау саясаты Ресейден шаруалардың қазақ жеріне ағылып келуіне жол ашты. Қазақ даласын отарлау саясатын іске асыру жолында Жетісудың бірінші әскери-губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бастауымен 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережелер» бекітілді. Осы ереже бойынша қоныстанушы әр жанға 30 десятина жер беріліді. Қоныс аударушылар 15 жыл мерзімге алым-салықтан, рекруттық (әскери міндет) міндеткерліктен босатылды. Мұқтаж отбасыларына «керек-жарақтар алу үшін» ақшалай (100 сом) көмек берілді.

1883 жылы Жетісу облысының Дала генерал-губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік «Шығыс Түркістаннан Жетісуға қоныс аударған ұйғырлар мен дунгендерді орналыстыру» туралы ереже шығарды. Жаңа документ 1885 жылы 1 мамырда бекітілді. Бұрынғыларымен салыстырғанда жаңа «Ережелерде» қоңыстанушыларға берілетін артық- шылықтар біраз қысқартылды: енді жер улесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеткерліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтейтін болды.

Патша өкіметі 1889 жылғы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» туралы арнаулы ереже бекітті. Бұл ережеде жерді бекітіп берудің тияқты мөлшері белгіленген жоқ, жергілікті өкімет орындарына оның өз қалауынша белгілеуге ерік берілді. «Ережеде» ішкі істер және мемлекеттік мүліктер министрлері алдын ала рұқсат еткен жағдайда ғана қоныс аударуға болатыны көзделді. Қоныс аударатын басты аймақтар – Жетісу, Ақмола, Семей, Тобыл, Томск губерниялары ңақтылы белгіленді.

Сонымен, «Село тұрғандары мен мещандардың өз еркімен қоныс аударуы туралы» 1889 жылғы ереже Ресейдің орталық губернияларынан Қазақстанға қоныс аудару қозғалысын ішінара ашып берді және самодержавиенің жалпы аграрлық саясатының мәнді жақтарының бірі болды.

Аграрлық саясатты жүзеге асырушылардың бірі-Сібір темір жол комитеті болды (1892 ж. құрылды). Елдің шығысындағы бірсыпыра аудандар темір жолмен байланысқаннан кейін, шаруалардың қоныс аударуы кең өріс алды. Қазақстанда шаруаларды қоныстандыру алдымен Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Төрғай облыстарында жұргізілді.

Тек 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 халқы бар 24 жаңа селолар пайда болды. Семей облысында бұл кезде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егістік жер тартып алынды. 1884-1891 жыл аралығында мұнда 3324 отбасы қоныстанды. Шеттен шаруаларды әкеліп қоныстандыру Сырдария облысын, Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін кеңінен қамтыды.

Қоныс аударушылар Ресейдің Европалық бөлігінен ғана емес, сондай-ақ басқа облыстардан да келді. Мәселен, 1900 жылғы халық санағы бойынша тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Төрғай, Семей, Жетісу) ғана 3463598 адам болса, оның ішінде европалық Ресейден келгендер 247 мыңдай адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Польшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Финляндиядан – 72, басқа жерлерден 3557 адам келді. Сөйтіп, 1900 жылы 5 облыс бойынша сырттан келушілер өлкенің барлық халқының 10,5 процентін қамтыды. Оларға 44 миллион гектар жер таратылды.

Сөйтіп, патша самодержавиесінің Қазақстан территориясын отарлауға бағытталған және дамып келе жатқан Ресей капитализмнің мүдделерін бейнелеген аграрлық саясаты XIX ғасырдың екінші жартасында осылайша жүзеге асырылды.