Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Дезинфекциялық камералардың жұмысын бақылау

1.Термиялық бақылау - өлшеуіш аспаптардың көмегімен жүргізілді: психрометрмен булы – ауалы формалинді камералардағы ылғалдылық ережесін, манометрмен қысымды бақылап отырады.

2. Биологиялық бақылау – лабораторияларда арнайы дайындалған бактериялық тесттер қолданылады, ол бәтес және бөз бөлшегін алдын ала стерильдеп, кейін тест – микроб сіңіртіп дайындалады (алтынды стафилококк, антракоид споралары, микобактериялардың қышқылға төзімді сапрофиті – В5).

6.3.3. Асептика және антисептика.

Ауруханаішілік және әсіресе хирургиялық жұқпалардың алдын-алуда асептика және антисептика қолданылады.

Асептика - емдік, диагностикалық процедуралар және операция кезінде науқас ағзаларына, жараға жұқпа қоздырғышын түсірмеуге бағытталған шаралар кешені. Д.Листер (1867) негізін қалаған. Асептика тәсілдерін инфекция көзі науқастар мен бактериятасымалдаушылар болып табылатын экзогенді індеттермен күресуде қолданылады.

Жарамен жанасатын барлық заттар, қолғаптар, операциялық киім, таңу материалы, инструменттерді стерильдеу және стерильдігін сақтау, хирург қолын дезинфекциялау, операциялық алаң, аппаратура, арнайы киім, бетпердені (масканы) өңдеу асептикаға жатады. Операциялық бөлменің орналастыру жоспарын жасау да (этаж, бокстау, вентиляция, ауаны кондиционерлеу және т.б.) асептика шараларының біріне жатады.

Асептика тәсілдері микробиологиялық өндірістерде, тағам өнеркәсібінің мекемелерінде қолданылады.

Антисептика- қабыну процесін жою немесе алдын-алу үшін, организмде немесе патологиялық ошақта, жарада микробтарды жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Антисептиканың алғашқы элементтерін 1847 ж И.Земмельвейс ұсынған.

Антисептика тәсілдері: механикалық (бөгде денелерді, инфицирленген некрозды тіндерді жою т.с.с.), физикалық (жараны дренаждау, тампон енгізу, гигроскопиялық таңу салу), химиялық (антисептиктерді қолдану), биологиялық (антибиотиктер, бактериофагтар қолдану, тіршілікке қабілетсіз жасушаларды лизистеу үшін протеолитикалық ферменттер қолдану). Әдетте осы тәсілдерді кешенді түрде қолданады (6.3 - кесте).

Антисептиктердің жіктелуі.

1.Шығу тегі бойынша:

- бейорганикалық заттектер

- биоорганикалық заттектер және олардың синтетикалық аналогтары

-органикалық қосылыстар (синтетикалық)

2.Химиялық құрылымы бойынша:

- галогендер

- органикалық және бейорганикалық қышқылдар

- альдегидтер

- спирттер

- ауыр металл тұздары

- бояғыштар

- Фенол

- 8-оксихинолондар

- сутегінің асқын тотығы және калий перманганаты

- 4-хинолондар

- нитрофуранды антисептиктер

- сульфаниламидты антисептиктер

- жоғарғы сатылы май қышқылдары

- антисептиктік ретінде қолданылатын антибиотиктер

3.Әсер ету нысанына қарай:

- бактерияларға қарсы

- вирустарға қарсы

- саңырауқұлақтарға қарсы

- паразиттерге қарсы

4.Әсер ету механизмі бойынша:

- құрылымын бұзатындар (деструктивтілер)

- тотықтырғыштар

- мембранаға шабуылдайтындар

- антиметаболиттіктер және антиферменттіктер

5.Әсер ету спектрі бойынша:

- әмбебаптар (универсал)

- кең спектрлілер

- спектрі шамалылар

- тар спектрлілер

6.Ақырғы тиімділігі бойынша:

- микробцидтілер

- микробстатиктіктер

- табиғи- микробстатиктіктер

- микроб популяциясының санын азайтатындар

7.Құрамы бойынша:

- монопрепараттар

- кешенділер (комплекстілер)

- көп компонентті дәрі-дәрмектер

8.Мақсаты бойынша:

- профилактикалық

- емдік

- емдік- профилактикалық

- бинарлылар (антисептик + химиятерапиялық дәрмектер)

- бинарлылар (антисептик + дезинфектант)

- кең мақсатта қолданылатындар

9.Аппликациялайтын (жағатын) орнына қарай:

- жарақаттық

- сүйектік

- пероральдық (ауыз арқылы)

- офтальмологиялық (көзге жағатындар)

- оториноларингологиялық (құлақ-мұрын-көмейге жағатындар)

- урологиялық (несеп-жыныс жолддарына жағатындар)

- стоматологиялық (ауыз қуысының шырышына жағатындар)

- ингаляциялық (тыныс алу жолдарына енгізетіндер)