Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

тема_8_каз_Power_Point

.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
54.27 Кб
Скачать

2

Ф КГМУ 4/3-06/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Тақырыбы: «Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint . Пайдаланушы интерфейсі»

Мамандғы: 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Пән: ООDОO5 Inf 1105 ИНФОРМАТИКА

КУРС: І

Құрастырған: Ыдырыс Ж.Б.

Қарағанды, 2010

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

№ ____ Хаттама «____»______ 20__ж.

Кафедра меңгерушісі ________________ Койчубеков Б. К.

ТАҚЫРЫБЫ: Қолданбалы программамен жабдықтау. MS PowerPoint . Пайдаланушы интерфейсі.

МАҚСАТЫ: PowerPoint программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін таңдау

ОҚЫТУ МАҚСАТЫ

Тақырыпты оқу нәтижесінде студент:

  • PowerPoint программасын іске қосуды;

  • презентация құрудың тәсілдерін таңдауды;

  • Шаблондар көмегімен және бос презентация құруды;

  • Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық обьектілер енгізуді;

  • PowerPoint программасында слайдпен жұмыс істеу режимдерін білуді;

  • Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктерін білуі.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  • PowerPoint іске қосу.

  • PowerPoint программасының анықтамасы.

  • PowerPoint программасының мүмкіндіктері.

  • Автомазмұн шеберін іске қосу және оның қызметі.

  • Презентация деген не?

  • Бос презентацияның құрылуы.

  • Слайд деген не және оның қандай режимдері бар?

  • Слайдты көрсету режимі қандай әрекеттерді орындайды?

  • PowerPoint программасында жұмыс істеу режимінің батырмасы.

  • Слайд фонын өзгертудің қандай тәсілдері бар?

  • Слайдтың мәтіндік элементерін безендіру.

  • Анимациялық эффектілер деген не?

  • Презентацияны экранда көрсету.

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ:

Сұхбат.

Сабақ тақырыбы бойынша материалды талдау. Берілген тәжірибелік тапсырмаларды бірлесіп орындау. (1 Қосымша)

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. PowerPoint программасын пайдалану. Лабораториялық практикум.

  2. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р.М., Мадиярова Г.А. Оқу құралы. – Алматы : ЖТИ, 2004 – 40 б.

  3. Информатика: учебник для 10 – 11 классов общеобразовательной школы. Базовый курс / Н. Ермеков, Н. Стифутина, В. Криворучко, Л. Кафтункина. Алматы: Атамұра, 2003 – 432 с.

  4. Гельман В.Я. Медицинская информатика: практикум (2-е изд.). – СПб: Питер, 2002. – 480 с.

  5. 30 уроков по информатике. Экспериментальный учебник для старших классов общеобразовательных школ / Балафанов Е.К., Бурибаев Б., Даулеткулов А.Б. – Алматы: 1999 – 443с.: ил.

  6. Информатика. Базовый курс / Симонович В.Б. и др. – СПб: Пит2001- 640с.

БАҚЫЛАУ:

    1. Білімдердің бастапқы деңгейінің тест-бақылауы.

    2. Келесі сұрақтар бойынша сұрау:

  1. PowerPoint программасы не үшін керек?

  2. Слайд дегенді қалай түсінесің?

  3. Презентация дегеніміз не?

  4. Саймандар тақтасы не үшін қажет?

  5. Қандай батырманың көмегімен слайдты экранға шығаруға болады?

  6. Слайдтың фондық үлгісі деген не?

  7. Слайдтың мәтіндік элементтерін безендіру қалай орындалады?

  8. Анимация дегеніміз не?

  9. Анимациялық эффектілерді қосу әрекеті қалай орындалады?

  10. Слайдтағы элементтердің көріну ретін өзгерту әрекеті қалай орындалады?

    1. Тапсырмаларды орындау:

  1. PowerPoint программасын іске қосыңыз.

  2. Автомазмұн шебері көмегімен жеке хабарландырулар тақырыбында презентация құрыңыз.

  3. «Информатика» пәніне берілген ереже бойынша презентация құру.

  4. Презентацияға тақырып беру, жоспар құру және оған титулдық бет жасау.

  5. Жоспар бойынша берілген блоктарға слайдтар жасау.

  6. Оларды файл ретінде сақтау.

  7. Жасалынған слайдтарды безендіру.

  8. Осы тапсырманы оқытушыға экранда көрсету.

    1. Тест-бақылау.

    1. 1Қосымша

1. PowerPoint программасын іске қосу тапсырмалар тақтасында Іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, PowerPoint қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған бумасындағы PowerPoint жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

PowerPoint іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады.

Автомазмұн шебері ауыстырғышы таңдалса жаңа презентация белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп, сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.

Бос презентация ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және пайдалану элементтері таңдалмаған таза бос презентация құру мүмкіндігін береді.

Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталған презентацияны оқу мүмкіндігін береді.

2. Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру

Автомазмұн шебері көмегімен :

  • Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

  • Қызмет бабаы бойынша баяндамалар;

  • Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат;

  • Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын – ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft PowerPoint программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын басамыз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады.

3. Шаблон көмегімен және бос презентация құру

PowerPoint программасында бос презентация құру әрекеттін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын – ала безендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан соң көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да, құрылған презентацияны, алдын – ала безендіру элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түрінде алмастыруға болады.

4. Презентацияны шаблондар көмегімен құру

PowerPoint программасында безендіріліп, дайындалған презентациялар шаблон түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұқбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опцияны таңдағаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары , Презентациялар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезесінде Файл – Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұқбат терезесінің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шатр белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқанның көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын басамыз. Осы мезетте экранға Слайд құру сұқбат терезесі шығады. Бұл сұқбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз керек. Осы презентацияға байланысты мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.