Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УЧЕБНИК ВК 1 КАЗ В МОН исправлен (1) 29.01.docx
Скачиваний:
487
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
5.95 Mб
Скачать

4 Стационардың жұмысын ұйымдастыру

ЕПМ стационардың келесі құрылымнан тұрады:

Емдеу-диагностикалық бөлім:

  • қабылдау бөлімі, мұнда изоляторболуы қажет (диагностикалықпалаталар);

  • мамандандырылған емдеу бөлімшелері(терапиялық, хирургиялық, неврологялық және т.б.);

  • ота жасалатын блок;

  • реанимация және шұғыл көмек көрсету бөлімшесі;

  • диагностикалық бөлімшелер: рентгенологиялық бөлімше (кабинет); отделения функциональды диагностика бөлімшелері; патологиялық-анатомиялық бөлімше;зертханалар және т.б.;

  • емдік дене шынықтыру және физиотерапия бөлімшелері,сәулемен емдеу бөлімшесі, гемодиализ және гемосорбция бөлімшелері және т.б.;

Әкімшілік-шаруашылық бөлім:

  • директордың және орынбасарларының кабинеті;

  • бухгалтерия;

  • дәріхана;

  • орталықтандырылған стерилизация жасайтын бөлім;

  • тағам тарататын бөлім, тамақ пісіру бөлімі;

  • кір жуу бөлімі;

  • от жағу бөлімі.

Көрсетілген әртүрлі бөлімшелердің болуы берілген аурухананың қызметінен, көлемінен, диагностикалық және емдеу міндеттерінің қалада (ауданда) орталықтандыру деңгейіне байланысты.

Аурухананың жер бөлігі үш аймаққа бөлінеді: ғимараттар, шаруашылық құрылымдар орналасқан аймақ және жасылдатылған қорғаныш займағы. Емдеуге арналған аймаққа және шаруашылық аймақтарына бөлек кіретін жолдар болу керек.

Қандай бір аурухана болмасын оларды директор басқарады, оны жоғарыда орналасқан денсаулық сақтау ұйымы бекітеді және жұмыстан босатуға құқылы немесе ұжымның жиналысында таңдап алуға болады. Директор аурухананы басқарғанда өзі құқылы, өзі және орынбасарларына жауапкершілік артылады: ұйымдастырылуына, емдеу-диагностикалық процесстің сапасына және деңгейіне қазіргі уақыттағы ғылыми және тәжірибе талаптарына сай, материалды -техникалық базаның жағдайына жауапты және санитарлық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуына, аурухананың медициналық қызметкерлерінің білімділігін жоғарылатыуын қамтамасыз етеді.

Науқастарды қабылдау қабылдау бөлімі арқылы жүргізіледі.

4.1 Қабылдау бөлімшесінің жұмыс шарттары

Қабылдау бөлімі - бұл осы берілген мекеменің – көрінісі, өйткені аурухананың жұмысының ұйымдастырылу деңгейі және мәдениеті туралы осы қабылдау бөлімінен білуге болады. Қабылдау бөлімі күту залынан, кезекші медбике кабинетінен, дәрігерге қаралуға арналған бөлмелерден, ем көрсетілетін кабинеттен (жара таңу бөлмесі немесе кіші оталау бөлмесі), оңаша бөлмелерден, кезекші дәрігер кабинетінен, санитарлық өңдеу бөлмесі, диагностикалық бөлмелерден, рентген кабинетінен, зертханадан тұрады.

Күту залы науқастар мен олардың туыстарына арналған. Бұл жерде орындықтардың жеткілікті саны болуы тиіс. Стендтерге бөлімшелердің жұмыс істеу тәртібі, пациенттерге табыстауға рұқсат етілетін тамақ өнімдерінің тізімі және т.б ілінеді.

Кезекші мейірбике кабинеті/тұрағы күту залының қасында орналасқан. Мейірбике келуші пациенттердің тіркеуін және қажетті құжаттарды рәсімдеуін, антропметриялық өлшеулерді, термометрияны өткізеді.

Аурухананың әлеуттілігіне байланысты қабылдау бөлімінде бір немесе бірнеше дәрігерге қаралуға арналған бөлмелер жұмыс атқарады. Ол жерде кезекші дәрігер пациенттерді бақылаумен, алдын ала диагноз қоюмен, бағыт берумен, науқасты қандай бөлімге бағыттауды шешумен айналысады. Стационарлық емделуді қажет етпейтін пациентке көмек көрсетіледі және тұрып жатқан мекен жайына байланысты емханаға жіберіледі. Аурудың түріне және науқастың жағдайына байланысты дәрігер тасымалдау түрін анықтайды.

Ем-шара кабинеті/кіші оталау бөлмесі жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған.

Санитарлық тазалықтан өткізу бөлмесінде келіп түсетін науқастар санитарлық өңдеуден өткізіледі: бастың шашты бөлігі- педикулезге, тері- іріңді бөртпенің барлығына, қол мен аяқ таз ауруына тексеріледі. Жағдайына байланысты науқасқа гигиеналық ванна душ немесе ең кірленген жерлердің ысушылық ұсынылады. Санитарлық тазалықтан өткізу бөлмесінде науқасты өңдеуден өткізуге арналған барлық құралдармен жабдықталу керек: жастықты тақтай төсек-кушетка, таза киім-кешекке арналған шкаф, кір киім кешекке арналған күбішелер, санитарлық өңдеуге арналған құралдармен жабдықталған шкаф немесе үстел. Санитарлық өңдеуге міндетті түрде қажет етілетін заттар: клеенка, сабын, жеке қолданылатын жуыну жөкелері, шаш кесуге арналған машинкалар, ұстара жабдықтары, қайшылар, ауа және су температурасын өлшеуге арналған термометрлер, ваннаны санитарлық өңдеуден өткізуге арналған жөкелер мен қылшақтар, шелектер, бөлмелерді жинауға арналған швабралар, сонымен қатар дезинфекциялық құралдардың жеткілікті саны.

Диагностикалық палаталарды науқастарды белгісіз диагнозымен инфекциялық ауыруы қауіпі бар кезінде бақылау және тексерулер жүргізу үшін қолданылады.

Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі қызметтері:

  1. науқастарды қабылдау және тіркеу;

  2. қарау, науқастарды біріншілік тексеруден өткізу және көрсеткіштері бойынша лабораториялық экспресс-диагностика жүргізу;

  3. науқастарды сұрыптау;

  4. шұғыл мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;

  5. санитарлық өңдеуден өткізу (толық немесе жартылай);

  6. медициналық құжаттарды толтыру;

  7. науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау.

Қабылдау бөлімінде кезекі мейірбике барлық түскен науқастарға біріншілік құжаттарды толтырады.

  • науқасты қабылдау және госпитализациядан бас тартқан науқастарды тіркеу журналы;

  • шұғыл түрде түскен және шығарылған науқастарды тіркеу журналы;

  • қате жолдамалар журналы

  • қабылдау бөлімі бойынша медикаменттерді тіркеу журналы;

  • кеңес беру журналы;

  • госпитализациядан бас тартқандарды тіреку журналы;

  • егу бөлмесін кварцтау уақытын тіркеу журналы;

  • шұғыл хабарламаларды тіркеу журналы;

  • инфекциялық ауруларды тіркеу журналы;

  • қортынды тазалау жүргізу журналы;

  • туберкулезге күдік туған науқастарды тіркеу журналы;

  • педикулез және қышымаға науқастарды қарау журналы;

  • алғаш рет онкологиялық аурулар анықталған науқастарды тіреку журналы.

Әрбір стационарға түскен науқасқа ауру тарихы (стационарлық науқастың картасы) және ауруханадағы алғашқы медициналық құжат болып табылатын статистикалық талон толтырылады. Қабылдау бөлімінде ауру тарихының алғашқы парағында науқас туралы келесі мәліметтер толтырылады: аты-жөні, туған жылы, үйінің мекен-жайы, жеке құжатының нөмірі немесе сериясы, жұмыс орны, қызметі, жұмыс және үй телефонының нөмірі (қажет болған жағдайда жақын туыстыраның телефон нөмірі), түскен кездегі тура уақыты, жолдама берген мекеменің диагнозы көрсетіледі.

Егер науқас ауыр жағдайда болса, оған алғашқыда медициналық көмек көрсетіледі, тек содан кейін ғана оны тіркейді. Егер науқас ес-түссіз халде болса оны әкелген адамдардан мәлімет жинайды. Ауру тарихынан басқа госпитализациялау журналына тіркейді. Егер ануқастың ес-түсі және қасында адамдар болмаса оның аты-жөнін «белгісіз» деп белгілеп полицияға хабарлайды. Егер науқастың жағдайы өте ауыр халде болса оны реанимациялық бөлімшеге тасымалдайды.

Науқасты тіркегеннен кейін дәрігердің қарауына тексеру бөлмесіне жіберіледі. Кезекші дәрігер пациентті қандай бөлімшеге жатқызатынан шешеді. Шұғыл жағдайларда (дене қызуының көтерілуі, қан қысымының жоғарлауы, тырысулар) дәрігер шұғыл түрде тағайындау жасайды. Егер диагнозы анықталмаса, болмаса дәрігер қосымша тексерулер жүргізе алады (жалпы қан анализі, рентгенография және т.б.) немесе арнайы маманның кеңесін алуға дәрігер шақыра алады.

Бөлімшедегі науқастарды орналастырғанда жағадан түскен науқастарды ауруынан жазылған пациенттердің немесе ауруы асқынған науқастардың палатасына жатқызбайды. Мүмкіндігінше палатаны бір мезгілді толтырып бір мезгілде босатуға тырысады.

Инфекциялық ауруға күдік туғанда пациентке санитарлы өңдеу жүргізгеннен кейін пациентті қабылдау бөлімінің диагностикалық палатасына немесе инфекциялық ауруханаға жолдайды. Стационарлық емді қажет етпейтін пациенттерге көмек көрсетіліп мекен-жайы бойынша тіркелген емханаға ем алуға жолдайды.

Паицентті дәрігер қарап және оның жағдайын бағалап болғаннан кейін мейірбике дәрігердің тағайындауын орындайды, қосымша тексерілулердің орындалуын қадағалайды және пациентті қабылдау және санитарлы-гигиеналық өңдеу бойынша іс-шараларды жүргізеді.

  • шашты педикулезге тексеру

  • теріні қарау – іріңді бөртпелердің болуын анықтау

  • сағырауқұлақ ауруларына қарау үшін қол-аяқтарын тексеру

  • гигиеналық ванна,себізгі немесе терінің былғанған аймақтарын тазалау

  • антропометриялық көрсеткішерді анықтау: бойын, дене салмағын

  • дене қызуын өлшеу–функциональды жағдайын анықтау үшін және АІИ алдын-алу үшін

  • медициналық құжаттарды толтыру:дене қызуын белгілеу, емді жүргізуге және т.б. пациенттің келісімін алу.

  • Бөлімше палатасына пациентті тасымалдау. Тасымалдау түрін пациенттің ауруына және жағдайына байланысты дәрігер анықтайды, тасымалдау түрін алғашқы парақта көрсетіледі: «жүре алады», «орындық-арбамен», «каталкамен».