Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_K_1241_sibi_1179_t_Bast_top.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
2.49 Mб
Скачать

* * * * * *

Металлургия саласының зерттелуі

Қазіргі кезде металлургия дегеніміз ғылыми-зерттеу мекемелерінде немесе өнеркәсіп саласында металдарды және олардың құймалары мен қосылыстарын өндіру деп түсінуге болады. Ерте кезден бастап-ақ адам баласы металл өндіруді меңгере білген.

Металлургия – өнеркәсіптің бір саласы ретінде кенді өндіріп, оны байыту, металдарды, оның құрамаларын, тұздарды, қышқылдарды шығарудан тұрады.

Ал, қысқаша айтқанда, металлургия өндірісінің міндеті - концентраттардан таза металдар алу. Осыған орай металлургия ғылыми пән ретінде кен шикізатынан металдар алудың әдістері мен сол процесс кезінде орын алатын теорияның негіздерін де қарастырады.

Еуропа елдеріндегі зауыттарда металлургия саласындағы бірінші зерттеулерді 1494-1555 жылдары жүргізген ғалым-металлург Агрикола (Бауэр) болған. Ресейде 1711-1765 жылдары орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов 1748 жылы өзінің химиялық реакциялардағы массаның сақталу заңын ашуына байланысты, металдарды өндіру тәсілдерін ғылыми жолмен шеше бастады. Сондықтан М.В.Ломоносов ғылыми металлургияның негізін қалаушы және бірінші рет орыс тілінде 1763 жылы металлургия туралы өзінің еңбегін жазған.

Ол өзінің еңбегінде металдардың ауамен тотығатындығын ғылыми негізде дәлелдеп, металлургия саласына даңғыл жолды ашып берді. Осындай зерттеулерге байланысты металлургия процестері кеңінен өріс алып, М.В.Ломоносов алғаш рет университетте физикалық химия пәнінен сабақ берді.

1748-1795 жылдары Н.П.Соколов бірінші рет балқытылған металдардың күкіртпен әрекеттесуін зерттеп, олардың өзіне тән әртүрлі қасиеттері бар екендігін дәлелдеген. Академик Г.И.Гесс 1802-1850 жылдарда химиялық реакциялардан бөлініп шыққан жылудың сақталуына байланысты термохимия мен термодинамика заңдарын ашты. Жалпы химия мен химиялық термодинамика негізі Гиббстің, Ванг-Гоффтың, Гельмгольцтің және Ле-Шательенің жұмыстарында кең өріс алып дамытылды.

1834 жылы М.Фарадей металдарды электролизбен өндіруге болатындығын дәлелдеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көп металдар осы тәсілмен өндіріледі. Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев 1869 жылы көптеген зерттеудің нәтижесінде элементтердің периодтық заңын ашты. Бұл сол кездегі дүниежүзіндегі химия саласындағы жетістіктердің бірі болып есептеледі. Д.И.Менделеевтің жасап берген элементтер системасы осы уақытқа дейін өзінің күшін жойған жоқ, қайта ары қарай дами түсуде.

Сөздік:

құйма – литье; сплав; отливка

құрама – комбинированный; соединенный; сборный

шикізат – сырье; сырое вещество

тәсіл – тактика; средство; прием; способ

тотығу – окисляться; окисление; почернеть; заржаветь

тотықтандыру – окислять

даңғыл жол – проторенный путь; проезжий тракт

өріс алу – распространиться

балқыту – литье; расплавить

күкірт – сера; спички

әрекеттесу – взаимодействие

жылу – теплеть; потеплеть; тепло; теплота

жетістік – достижение; успех; успешность

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Металлургияны қалай түсінесіздер? 2. Адам баласы қай уақыттан бастап металл өндіруді меңгерген? 3. Металлургия өнеркәсібінің саласы неден тұрады? 4. Металлургия өндірісінің міндеті не? 5. Металлургия ғылымы нені қарастырады? 6. Еуропа елдерінде металлургияны алғаш рет қай уақыттарда, кім зерттеді? 7. Ресейде металлургияның негізін ең бірінші қалаған кім? 8. Неге байланысты металлургия процестері кеңінен өріс алды? 9. Ломоносов өз еңбегінде қандай ғылыми дәлелдеме жасады? 10. Н.П.Соколов нені дәлелдеді? 11. Г.И.Гесс ашқан заңдарды қалай түсіндіресіздер? 12. М.Фарадейдің ғылыми дәлелдерін түсіндіріңіздер. 13. Д.И.Менделеев өзінің периодтық заңын ненің нәтижесінде ашты?

3-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мысты байыту, металлургия мамандығы, дүниежүзілік өндірісте, мыс кенінің түрлері, табиғи металдарды қолдану, Ресейдегі металлургияның дамуы, сирек кездесетін металдар, түсті металлургия, металдарды алу.

4-тапсырма. Көп нүктелердің орнына рай категориясының тиісті жұрнақтарын қосып жазып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Егер қалмақтарға ірі-ірі соққылар бер... , онда оларды кейін қайтарар еді. Осы шайқасты қазақ халқы жең..., онда Тәуке хан Төлені Ұлы жүздің бас биі етіп сайламақшы еді. Тәуке өзінің «Жеті жарлығын» (заңдарын) жаса... , онда оны жүзеге асыру үшін, көрші елдермен достық қарым-қатынас жасауға кірісер еді. Үш жүздің ұлы ханы деген атағы болма... , әр жүздің ханы өз бетімен, өз билігімен басқарады. Байтақ Отанды алып жатқан қазақ бір жерде ғана қырылған бол... , ол арнайы сөз болмас еді (шындыққа жанаспайды).

5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі етістіктерді тиісті формаға қойып жазыңыздар.

Қаралы 1723 жылға дейін қазақ хандығы Ұлы жүз жерінде орналасып (келу). 1722 жылы жоңғарлықтар жоралғы топ құрып үлкен шабуылға дайындала (бастау). 1727 жылы жоңғарлықтар қазақпен қайта (соғысу). Бұл соғыстың салдарынан наймандар батысқа (көшу). Найманның Садыр деген руы қатты қырғынға (ұшырау). Төле жаудың алдын бөгеп, шегіне (соғысу). Бұл соғысқа басқа батырлармен бірге Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлар (қатысу), олар жауға қатты соққы (беру).

6-тапсырма. Сөйлемдерден рай категориясында тұрған сөздерді тауып, астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Отбасының берекесі, ердің ырысы жақсы болса, ол әйелге байланысты деп, Төле би олардың бақытты болуларына жағдай жасап отырған. Шындықты танытып, әділдікке қол жеткізсе, ол Төле бидің әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана білгені. Төле би шабындыққа таласқан екі жігітті ертіп сыртқа шықса, бидің сөзін жерге тастамай, екеуі қол алысып, татуласып кетіпті. Халқының ынтымақ-бірлігін ойласа, қолынан келгеннің бәрін жасар еді.

7-тапсырма. Төмендегі сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын меңгеріңіздер.

С ұ х б а т

– Д.И.Менделеев кестесіндегі 107 химиялық элементтердің қаншасы

металдарға жатады?

  • Осы кездегі Д.И.Менделеев кестесіндегі 107 элементтердің 80-нен астамы металдарға жатады.

  • Оның қаншасы сирек кездесетін металдар тобына кіреді?

  • Оның ішіндегі 40-тан астамы сирек кездесетін металдар тобына жатады.

  • Металдар ненің қатарына жатады, ал қалыпты жағдайда олардың атомдарында қандай байланыс болады?

  • Металдар жай заттардың қатарына жатады, ал қалыпты жағдайда олардың атомдарында металдық байланыс болады.

  • Бұл байланыс олардың несін көрсетеді?

  • Бұл байланыс олардың физикалық және химиялық қасиеттерінің ұқсастығын көрсетеді.

8-тапсырма. Мәтінмен танысып, металдар туралы айтылғандарды есте сақтаңыздар. Мәтінге сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Металдарға жалпы тән қасиетке олардың токты және жылуды өткізгіштігі, металдық жарқылы, соғылғыштығы жатады. Атомдар мен иондар кристалда белгілі бір тәртіппен орналасып, металға тән металдық кристалды тор түзеді. Металлургия саласында көп компонентті металдар алынады, мысалы, металдар, олардың құймалары, металл керамикасы және композиттер.

Біздің елдің өндірістік структурасына сәйкес металдар мынадай топтарға бөлінеді: 1. Қара металдар. Бұл топқа: темір, марганец, ванадий, хром және осы металдардың қосылыстары жатады. 2. Түсті металдар. Бұл топтағы металдар олардың технологиясына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]