Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
демографиялы дайы.doc
Скачиваний:
80
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
162.82 Кб
Скачать

3 Тұрғындардың жастық, жыныстық құрылымы

Жастық, жыныстық құрылымдардың әсері сезілді. 1999-2004 жылдары 60-тан асқандардың саны азая берді. Оған себеп 1938-1941 жылдары туғандар санының аздығы. Демографиялық құрылым әсері дегеніміз осы-соғыстың алдында және соғыс жылдары туу күрт төмендеп, өлу өсіп кеткен. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945 жылдар) нәрестелер шетінеуі мен балалар өлімі қаулаған кез болды.

Қарттарды қаржылық қамтамасыз ету ойдағыдай шешімін тапқанымен, олардың әлеуметтік-психологиялық талаптары толық шешіле қойған жоқ. Алпыстан асса да әлі тың, қартаймаған қарттарды қайтеміз деген заңды сауал туындауда. Пайғамбар жасына келсе де бойында қуатын сақтаған жігерлі кісілерді қоғамда пайдалану амалдарын іздеу керек сияқты.

Жастар қоғамымыздың үлкен әлеуметтік-демографиялық тобы. Ал осы жастарға қатысты физиологиялық проблемалардың бірі 18-25 жастағылардың гиперсексуалдықтан туындайтын мәселелері жайында айта бермейміз. Бұл жігіттердің әскерде қызмет атқаратын кезеңіне сәйкес келеді. Әскери өмірдегі кездесетін өз-өзінеқол жұмсау оқиғалары, әскерилердің бір-біріне кейде көрсететін әлімжеттік пен астамшылдығы тұмшаланған сексуалдық пен гиперсексуалдықтан туындайтын, (мәселелері жайында айта бер-) психологиялық-физиологиялық агрессия негізі нәпсіде екені анықталып отыр. Біздің айтарымыз, бұл мәселе кәсіби әскерге өткенге шешілетін болды.

2-кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы

барлығы

жастағылар

0-9

10-19

20-29

30-39

40-49

50-59

60-тан асқандар

Бәрі

100

17,8

20,0

16,0

15,4

12,7

7,3

10,8

Қазақтар

100

22,0

21,9

17,6

16,3

10,7

5,4

6,1

Орыстар

100

11,6

12,0

14,4

13,7

15,7

9,8

17,0

Украиндар

100

8,3

21,8

12,1

14,6

14,8

13,5

24,7

Өзбектер

100

25,6

22,9

16,9

15,1

9,3

5

6,3

Немістер

100

24,2

16,6

16,1

13,2

16,0

6

11,6

Татарлар

100

11,5

20,8

13,4

16,1

15,2

9,5

17,7

Ұйғырлар

100

20,5

11,3

17,1

17,0

11,1

6

7,5

Белорустар

100

8,4

18,9

11,5

16,7

13,3

12

23,8

Корейлер

100

12,4

21,5

15,3

12,7

18,4

10,1

12,2

Әзірбайжандар

100

22,5

21,5

15,6

18,9

11,0

4,3

6,2

Түріктер

100

22,6

22,3

15,8

16,8

11,0

3,6

7,9

Бала туу көрсеткішіне неке-отбасы қатынасы күшті әсер етеді. Статистика деректері некеге тұру санының азайып бара жатқанын айғақтайды. Мысалы, 1990 жылы неке қиюдың саны 164 мың болған болса, 2002 жылы - 99 мың болып, едәуір азайды.

Ажырасу саны да көп болып отыр. 2002 жылы оның саны 31200 болды. Ең көп ажырасу қалаларда тіркелген, бұл орайда ерлі-зайыптылардың екеуі де өсіп-өнетін жастағылар, мұның өзі бала туудың өсуіне теріс әсерін тигізуде.

Демографиялық жағдайға неке-отбасылық қатынас көп әсер етеді. Неғұрлым белсенді неке жасы қалада және ауылда - 20-24 жас қалаларда некеге тұру ауылға қарағанда 26 процентке жоғары. Қалада ажырасу да жоғары, әсіреме 25-29 жастағы, бірінші некеде тұрған адамдар жиі ажырасады, бұл туудың төмендеуіне әсер етеді. 1994 жылы ажырасудың көбі бір бала бар отбасында (ажырасудың жалпы санының 38,9 проценті); ортақ балалары бар отбасында (37,2 процент) болды және екі және одан көп балалары бар некенің 23,9 проценті бұзылды. Неке құру процесі төмендеп барады. 1991 жылы 166,1 мыңнан 1999 жылы 146,2 мыңға дейін төмендеді. 1996 жылы 100,6 мыңнан 1997 жылы 101,9 мыңға дейін төмендеді. Неке құру коэффиценті 9,8-ден 8,6-ға дейін; 6,4-тен 6,3-ке дейін азайып отырды. Неке құру процесі ауылға қарағанда 1,2 есе көп. Неке құру жасы жасарды. Бұл үрдіс қалаларда кеңінен орын алды. Ажырасу процесінің көрсеткіші төмендеді. 1 мың адамға шаққанда 1993 жылы 2,9 құрады. 1996 жылы 2,7 құрады. 1999 жылы 2,5; 2000 жылы 2,3-ды көрсетіп отыр.

Ажырасу кезеңі ерлер арасында 25-39 жасқа, әйелдер арасында 20-34 жасқа келеді. Ажырасудың 60% осы жастағылар бұл нағыз репродуктивтік жасқа түсіп, табиғи өсімді азайтып отырады. Ажырасу процесі қалада басымды болып келеді. Қазір Қазақстанда әр 3 некеге 1 ажырасу келеді.

Қазіргі заманғы қоғамның ерекшелігі ауылдық аудандарды қысқарту есебінен қалалардың өсу процесі ретіндегі урбанизация болды. Бұл процесті кезінде КСРО-да отандық социологтар терең зерттеді.

Қазір дамыған елдердің қалаларында халықтың 90 процентіне дейін тұрады. Мысалы, АҚШ-та аграрлық секторда халық тек 3-4 проценті ғана тұрады. Қазақстанда қалалық тұрғындар 57 процентті құрайды және урбанизация процесі жалғасуда. Қала халқы бұрынғыша ауылдан келгендер есебінен өсуде. Қалаға көшіп келгендердің негізі – ауыл жастары, олар туған ауылдарын ауылдағы жұмыссыздақтың салдарынан тастап кетуде. Дегенмен, қаланың өзі де ауыртпашылықты бастан кешіруде. Және кезінде сырттан келушілерді қабылдаған дәстүрлі тұрғын үй құрылысы қазіргі уақытта жоқтың қасы және келген жастардың тұрағынның болмауы - әлеуметтік экстремизм және қылмыстың өсу қаупін туғызады. Мамандар ауылдық жастардың бопсалыққа тартылу үрдісі туралы ескертеді.

Жұмыссыздықтардың жалпы саны 37%, ауыл тұрғындарының ішінде 30-50 жас аралығындағы адамдар, 16-30 жастар жұмыссыздықтың 34-7% құрайды. 1997-2001 жылдар аралығында қала тұрғыны 55% құрады, ал ауыл тұрғындары 45%. 2001 жылы халық санағы бойынша қала тұрғындары 56%, ауыл тұрғындары 44%, жастар жұмыс іздеп қалаға шоғырлана бастады. 1994-98 жылдар аралығында ауылдықтар саны 2522-ден 2042-ге дейін азайа түсті. 1999 жылы қала тұрғындарының арасында қазақтар 47%, ауылдардағы қазақ халқының үлес салмағы 60% болды. Белгілі демографтардың айтуынша 2000 жылы қазақ арасында 2-ші өркениеттік бет бұрыс басталды. 1934 жылы қазақ отырықшы этносқа айналсақ, 2000 жылы қазақ урбанизациялық деңгейге жетті. Қазақтардың саны мен сапасын дамыту деңгейінде көріну үшін әр отбасылықтардың әлеуметтік-экономикалық тұрмыстың әлеуметтік жағдайына жасалатын мемлекеттік қамқорлық барынша пәрменді айқын және нақты болуы тиіс. Себебі, кейбір көп балалы отбасыларда әлсіз балалар аурушыл болып өссе халықтың көркеюіне кері әсер етеді.