Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
67
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Авторлық куәлік № 2341637

Өнертабыс бұрандалы түптік қозғалтқыштарға қарайды және мұгай, газ және барлау ұңғымаларын бұрғылауда қолданылуы мүмкін.

1 – суретте кіші өлшемді бұрандалы түптік қозғалтқыш көрсетілген.

Кіші өлшемді бұрандалы түптік қозғалтқыш құрамына резеңкеленген статор 1, қуысты ротор 2, құбырлы бұралу жолағы 3, білік 4, күшейтілген қатты құймалы цилиндрлік қоспалармен 6 жоғарғы құрсауы 5 және күшейтілген қатты құймалы цилиндрлік қоспалармен 8 төменгі құрсауы 7 бар екі жақты сырғымалы мойынтірек түріндегі тірек буыны кіреді

Тірек буынының қатты құймалы цилиндрлік қоспалар 6 және 8 құрасауы әр түрлі қаттылықта болады.

Төменгі құрсаудың 7 тозу мүмкіндігін барынша азайту мақсатында оның материалының қаттылығы жоғарғы құрсауға 5 қарағанда жоғары қарастырылған. Айырмашылығы 5-тен 10-ға дейінгі Роквелл бірлігі болып табылады. Мысалы, төменгі құрсаудың қаттылығы 55 HRC, жоғарғы – 45 HRC. Цилиндрлік қоспаны дайындауда қолданылуы мүмкін белгілі әдістердің бірі беріктігі жоғары титан қосылған кобальт-вольфрамды қосылыс ұнтақтарын жабыстыру.

Құбырлы бұралу жолағының төменгі бөлігінде арасында серіппе 11 орналасқан жоғарғы 9 және төменгі 10 екі дискі түрінде жасалған амортизаторлар 3 орнатылған. Есептік серіппе 11 қаттылығы Rқ, түп реакциясына Rт түпке қарама-қарсы бағытталып құрылған тау жынысын бұзуға жеткілікті жүктеме Gт бұрғылау сұйықтығы (қозғалтқыш жұмысына қуат тасымалдаушы) ағынынан құрылған және гидравликалық жүктемеге Gг байланысты. Қозғалтқыштың дірілін азайтуға серіппелі амортизатордың жұмысы үшін мынадай жағдайлар қажет: Rж>Rз-Gг.

Кіші өлшемді бұрандалы түптік қозғалтқыш төмендегідей жұмыс істейді.

Бұрғылау сұйықтығы резеңкеленген статор 1 мен қуысты роторда 2 қалыптасқан камераларға (қуысына) қысыммен кіреді. Ротор 2 және білікпен 4 қосылған құбырлы бұралу жолағы 3 камерада бұрғылау сұйықтығының қысымның төмендеуінен туындайтын айналу моменті арқылы айналысқа келеді. Ұңғыманы бұрғылау процесінде қашау шарошкасының деформацияланған түппен жылжуы салдарынан діріл пайда болады. Дірілді төмендету амортизатор серіппесі 11 арқылы жузеге асырылады. Тірек буыны қозғалтқыш білігіне әсер ететін остік жүктемені қабылдайды.

18